Тәжірибелік жұмыстарды орындамас бұрын студенттер еңбекті қорғау бойынша теориялық материалдар білімін бекітіп, қазіргі өлшеу техникас пайдалану дағдыларына үйренуі керек. 15 сағат көлеміндегі бес тәжірибелік жұмысты орындау көзделген. Қауіпсіздік техникасы мен өртті сөндіру техникасының көрмесіне экскурсияға аудиториялық сағаттардан тыс уақытта апару ұсынылады. Ұсынылып отырған тәжірибелік жұмыстардың тақырыптары мысалға келтірілген.
№1 жұмыс Оқу ғимараттарында жұмыс орнының микроклиматын
(метеорологиялық жағдайлары) зерттеу
Жұмыс мақсаты: ауа қозғалысының температурасын, ылғалдылығын, жылдамдығын өлшеу және бұл микроклимат параметрлерін санитарлық нормалар негізінде бағалау.
Приборлар мен бұйымдар: термограф, стационарлық немесе аспирациондық психрометр, анемометр, секундомер.
Жұмыстың орындалу реті -
Ауа қозғалысының температурасын, ылғалдылығын, жылдамдығын өлшеуге арналған приборларды оқу.
-
Гигроскопикалық матамен термометрлердің біреуін орап, ылғалдатып, аспирациондық психометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау.
Пипетканың көмегімен психометрді ылғалдатқан кезде, су гильза (қауыз) мен прибордың басына ақпауы үшін оны тігінен ұстау қажет.
Жауап бармей қалғанға дейін вентилятор механизмін кілтпен жүргізу немесе приборды электр желісіне қосып, психометрді жұмыс зонасына орналастыру (еденнен 1, 5 –2 метр биіктікте).
-
-ның абсолюттік ылғалдылығын төмендегі формула бойынша есептеу:
-
= ылғ – b (tқ - tылғ) 1
-
бұнда ылғ – Мпа ылғалды термометр температурасы негізіндегі қоюлатылған сулы булардың қысымы. Бұл шаманы «Түрлі температураларда қоюлатылған су булары мен тығыздығының қысымы» кестесі бойынша анықтайды; b – 2 тең психорометрикалық коэффицент: tқ – құрғақ термометр көрсеткіші, 3; атм – атмосфералық қысым, МПа; атм – орташа атмосфералық қысым, 0, 1МПа-ға тең.
4. формуласы бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау. Құрғақ термометр температурасы бойынша қ (МПа) қоюлатылған су буларының қысымын жоғарыда (2 пунктегідей) табу.
-
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын психометрикалық кесте бойынша немесе приборға қосымша келтірілетін, психометрикалық график бойынша анықтау.
-
Психометрикалық кесте немесе график бойынша есептелген және анықталған салыстырмалы ылғалдылық нәтижелерін салыстыру. Айырмашылық пайызы 5 пайыздан аспауы керек. Нәтижелерді санитарлық нормалармен салыстырып, қорытынды жасау.
-
Анемометрдің көмегімен ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу. Ол үшін циферблаттың стрелкаларының көрсеткіштерін жазып алып, приборды ауа ағымына орналастыру және бұл кезде доңғалақтың айналу өсі ауа ағымының бағытына параллельді болуы керек. Анемометрдің қанаттарынаприбордың инертциясын басып өтіп, максималды жылдамдықты алуына мүмкіндік беру қажет. Рычатканың кейін бұрылысымен стрелкаларды жағып, олардың қалыптарын белгілеу және уақытты да байқап қалу. Осылайша бірнеше рет қайталап, нәтижелерін санитарлық нормалармен салыстырып, қортынды жасау.
-
Есептелген және өлшенген бірліктердіңнәтижелерін зерттеу хаттамасына жазу.
2 – жұмыс
Оқу шеберханаларының, зертханалардың, кабинеттердің
жарықпен қамтамасыз етілуін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Табиғи және жасанды жарық кезіндегі оқу ғимараттарының жарықпен қамтамасыз етілуін анықтайтын приборлар мен әдістерді оқу.
Приборлар мен бұйымдар: Ю-116 (Ю-117) типті объективті люксметр, екі хронометр немесе секундтық стрелкасы бар сағат, үлкен шамдардың орналасуы көрсетілген оқу ғимаратының жоспары.
Жұмыстың орындалу реті -
Люксметрді қолдану ережелерімен танысу.
-
Хронометр бойынша уақыт моментін белгілеу және белгіленген уақыттан кейін ғимараттың ішкі және сыртқы жарықпен қамтамасыз етілуін өлшеу.
-
5 формуласы бойынша факт табиғи жарығының коэффицентін анықтау, бұнда Еі – ғимараттың ішінің жарықпен қамтамасыз етілуі, лк; Ес - ғимараттың сыртының жарықпен қамтамасыз етілуі, лк. Алынған мағынаны санитарлық нормалармен салыстыру.
-
Ғимараттардың ішіндегі жұмыс орнының Еіфакт жарықпен қамтамасыз етілуін люксметр көмегімен анықтау, жарық бүркегіштерін қолдана отырып.
-
6 формуласы бойынша Еіфакт есептік жарықпен қамтамасыз етілуінанықтау, бұнда - үлкен шамдар (светильник) саны; n – үлкен шамдардағы лампалар саны; Ф1 – бір лампаның жарығы, лм; u – қабырға мен төбенің бояуын пайдалану коэффиценті (орташа 0,35 – 0,5); - үлкен шамның түзеткіш коэффиценті (0,75 – 0,90 қабылдайды); S – жарықпен қамтамасыз етілетін ғимараттың көлемі, м.кв.; k – 1,3 қабылдайтын қор коэффиценті. Нақты және есептік жарықпен қамтамасыз ету мағынасын Етабл жасанды жарықпен қамтамасыз етілуін мағынасымен салыстыру.
-
Жалпы жарықты өшіріп, жергіліктіні жағу.
-
Өлшеу, есептеу және кестелік мәліметтерді зерттеу хаттамасына енгізу.
Есеп мазмұны
Орындалған жұмыс есебінде жұмыс мақсаты, приборлар мен ббұйымдар тізбегін көрсету қажет; люксметр жарық қабылдағыш және өлшегіш эскизін орындау, табиғи және жасанды жарықпен қамтамасыз ету коэффицентінің есебін келтіру; зерттеу хаттамасын кесте түрінде келтіру. Жұмыс орнында жарықпен қамтамасыз етілудің санитарлық нормаларының сақталуы жайлы қорытынды беру.
3-тапсырма Өртті сөндірудің алғашқы құралдарын оқу
Жұмыс мақсаты: қол отсөндіргіштерін қолдану және конструкцияларымен, мектеп пен басқа мекемелерге олардың қорының нормаларымен таныстыру.
Жұмыстың орындалу реті
1 Отсөндіргіш заттардың қасиеті мен олардың қолдану облыстарын оқу (кесте толтыру).
2 ОХП-10, ОУ-2, ОП-1 қол отсөндіргіштерінің іске қосылу принципі мен конструкцияларын оқу.
3.ОХП-10 отсөндіргішінің іске қосылуын көрсету.
4.Оқытушы тапсырған объект үшін «Құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережесін» қолдана отырып орт сөндірудің басқа құралдары мен отсөндіргіштер санын анықтау.
Өрт сөндіргіш заттардың қолданылу облыстары
Өрт сөндіргіш
заттар
|
Химиялық формула немесе құрам
|
Өрт сөндіргіш қасиеттері
|
Қай облыста қолдануға болмайды
|
Суыт
қыш
|
Оқшаулаушы
|
араластырушы
|
ингибарлаушы
|
1.Су
2.Құм
3.Киіз, брезент, асбест және т.б. жабындылар
4.Химиялық көпірік (ОХП-10 отсөндіргіші)
5.Көмірқышқыл (ОУ-2 отсөндіргіші)
6.Галондирленген көмірсутек
7.Жаңғыш емес газдар (азот, көмірқышқыл газ және т.б.)
8.Ұнтақ (ОП-1 отсөндіргіші)
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту. Өртсөндіргіш заттардың қолдану облысы:
А) ағаш, ағаштан жасалған заттар, маталар және т.б.;
Ә) жаңғыш сұйықтықтар (мазут, бояу, май);
Б) кернеу жағдайындағы немесе кернеу жағдайында болуы мүмкін электр құрылғылары;
В) құнды заттар (картиналар, құжаттар, оқулықтар т.б.);
Г) жаңғыш металлдар (а, К);
Ғ) адам киімдері;
Д) кино пленкалары;
Ж) тез жаңғыш сұйықтықтар (бензин, керосин т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |