— 144 —
жатпайды;
Егер сізде жұмысшы жоқ болса,
бұл жолдар
толтырылмайды.
4) 910.00.004 жолында салық кезеңі үшін бір
қызметкерге орташа айлық еңбекақысы көрсетіледі;
5) 910.00.005 жолында: 910.00.001 х 3% форму-
ласы бойынша айқындалатын, салықтардың сомасы
көрсетіледі;
6) 910.00.006 жолында 910.00.005 (табыстан
есептелген салықтардың сомасы х 910.00.003
(қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 1,5%
(түзету пайызы) формуласы бойынша айқындалатын
Салық кодексінің 687-бабының 2-тармағына
сәйкес
салықтардың түзетілген сомасы көрсетіледі.
Бұл жол егер салық кезеңінің қорытындысы
бойынша бір қызметкердің орташа айлық
есептік көрсеткіш Салық кодексінің 687-
бабы 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкерлерде
кемінде 23 еселенген,
заңды тұлғаларда кемінде
29 еселенген мөлшерін құраған жағдайда
толтырылады;
Мысалы:
2019 жылдың 2 – жарты жылдығы бойынша та-
быс 2 000 000 тенге
Салық сомасы 60 000 тенге (2 000 000 х 3%)
1 жұмысшының айлығы 70 000 тенге (23
АЕК-тен
көп)
Жалпы 3 жұмысшысы бар 70 000 теңгеден
айлық алатын
1,5% х 3 жұмысшы = 4,5%
Түзету сомасы 2 700 тенге ( 60 000 х 4,5%) , яғни
салықты 2700 теңгеге азайтуға құқылысыз.