— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


— 181 — дейін. Негізгі қарыз пен сыйақы үстемесін өтеу бой- ынша жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін. «Бірлік»



Pdf көрінісі
бет77/88
Дата13.11.2022
өлшемі4.82 Mb.
#464719
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88
????БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ

 — 181 —
дейін. Негізгі қарыз пен сыйақы үстемесін өтеу бой-
ынша жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін.
«Бірлік» 
«Бірлік» бағдарламасы – сүт қабылдау орында-
рын құру және дамытуға бағытталған. Бағдарлама 
бойынша сүт қабылдау бекеттері үшін құрал-жаб-
дықтарды, сүт тасымалдайтын көлік сатып алуға, 
айналымдық капиталды толықтыруға болады. Қарыз 
сомасы – бекеттің қуаттылығына қарай 4-7 млн. тең-
ге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі - 4,5 жылға 
дейін. Жеңілдетілген мерзім – 1 жылға дейін.
«Ынтымақ»
«Ынтымақ» бағдарламасы – ет, сүт, жеміс-
көкөніс өнімдері бойынша ауылшаруашылық коопе-
ративтерін құру және дамытуға арналған. Қаржы ко-
оперативке қажетті техника мен құрал-жабдықтарды 
сатып алуға бағытталады. Қарыз сомасы – 50 млн. 
теңге, сыйақы үстемесі – 7%, несиелеу мерзімі – 7 
жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 9 айға дейін.
Кепілдіктерге қойылатын талаптарды жеңілде-
ту үшін барлық бағдарламалар бойынша ерекше та-
лаптар қарастырылған. Қатысушы кепілдік ретінде 
сатып алынатын техниканы қоя алады, оның 30 пай-
ызын жабатын басқа мүлікті қосымша ұсына алады. 
Бұл механизм лизингке ұқсайды, тек аванстық төлем 
30 пайыз болады. 
«Игілік» 
«Игілік» бағдарламасы – мал мен құс басын 
көбейтуге арналған. Қарыз сомасы - 3-6 млн теңге
сыйақы үстемесі – 6%, несиелеу мерзімі – 3-4,5 жылға 


 — 182 —
дейін. Негізгі борыш пен сыйақы үстемесін өтеу 
бойынша жеңілдетілген мерзім – 1 жылға дейін.
 «Кәсіпкер» бағдарламасы
«Кәсіпкер» бағдарламасы – ауылды жерлерде 
ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін 
қаржыландыруға бағытталған. Қарыз сомасы – 3-6 
млн теңге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі – 
4,5 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет