Энергия ток көзiнен тұтынушы құрылғыларға (электр шамына, двигательге және т.б.) ток өткiзгiш сымдар арқылы жеткiзiледi. Өткiзгiштер тiзбектей және параллель қосылуы мүмкiн.
Өткiзгiштер тiзбектей қосу: Барлық өткiзгiштер тiзбекке бiрiнен кейiн бiрi тiзiлiп қосылады (5.2 сурет).
Өткiзгiштер тiзбектей қосылғанда:
а) барлық өткiзгiштердегi ток күшi бiрдей
, (5.5)
б) тiзбектегi кернеу бөлiктер кернеулерiнiң қосындысына тең
, (5.6)
в) өткiзгiштердегi кернеу олардың кедергiлерiне тура пропорционал
, (5.7)
г) тiзбектей қосылған n өткiзгiштердiң толық кедергiсi бөлiктердiң кедергiлерiнiң қосындысына тең:
. (5.8)
Өткiзгiштер параллель қосу (5.3 сурет).
Өткiзгiштер параллель қосылғанда:
а) тарамдалмаған бөлiктегi ток күшi тарамдалған бөлiктердегi ток күштерiнiң қосындысына тең
, (5.9)
б) параллель қосылған тiзбек бөлiктерiндегi кернеулер бiрдей
, (5.10)
в) тарамдалған тiзбектiң бөлiктерiндегi ток күштерi олардың кедергiлерiне керi пропорционал
. (5.11)
Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Ұзындығы l және көлденең қимасының ауданы S болатын өткiзгiштiң кедергiсi мынаған тең (5.4 сурет):
, (5.12)
мұндағы ρ -өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Меншiктi кедергiнiң сандық мәнi берiлген материaлдан жасалған ұзындығы 1 метр және көлденең қимасының ауданы 1 м2 болатын цилиндiрлiк өткiзгiштiң кедергiсiне тең.
Достарыңызбен бөлісу: |