$$$ 1 Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы ақшаның нақты бағалылығы немесе сатып алу қабілеттілігі мен баға деңгейінің арасындағы байланысты суреттейді?



жүктеу 127.25 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі127.25 Kb.
$$$ 1 Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы ақшаның нақты бағалылығы немесе сатып алу қабілеттілігі мен баға деңгейінің арасындағы байланысты суреттейді?

Ақшаның сатып алу қабілеттілігі:

A) және баға деңгейі түра, бірақ пропорциональді емес тәуелділікте болады;

B) және баға деңгейі экономикалық құлдырау кезенінде түра тәуелділікте болады, ал инфляциялық өрлеу кезенінде кері тәуелділікте болады;

C) және баға деңгейі кері тәуелділікте болады;

D) баға деңгейімен байланысты емес;

E) және баға деңгейі түра және пропорциональді емес тәуелділікте болады.



$$$ 2 «Есептеу мөлшерлемесі» термині:

A) орталық банктің, коммерциялық банктерге, олардың беретін несиелерінің көлемін төмендету мақсатында жасайтын қысымының деңгейін білдіреді;

B) орталық банк үшін, ол мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды жүргізгенде баға деңгейінің төмендеуін білдіреді;

C) орталық банктің ақша массасының және ЖҰӨ көлемінің өсуіне ықпалының деңгейін білдіреді;

D) коммерциялық банктерге берілетін қарыз бойынша мөлшерлеме пайызын білдіреді;

E) коммерциялық банктер беретін несие бойынша мөлшерлеме пайызың білдіреді.



$$$ 3 Ашық жүргізілетін антиинфляциялық фискалдық саясат келесі жағдайды шамалайды:

A) салықтардың өсуі мен мемлекеттік шығындардың әлдеқайда жоғары деңгейін;

B) мемлекеттік шығындардың да, салықтық түсімдердің де тұрақты деңгейін;

C) салық салу деңгейінің жоғарлауы мен мемлекеттік шығындардың қысқаруын;

D) салықтардың төмендеуі мен мемлекеттік шығындардың әлдеқайда жоғары деңгейін;

E) салықтық түсімдердің де, мемлекеттік шығындардың да қысқаруын.



$$$ 4 Мемлекеттік қарыз, мемлекеттің салық төлеушілердің алдындағы міндеттемесі ретінде көрініс береді. Бұл келесі жағдайға байланысты:

A) ресми мәліметтер мемлекеттік қарыздың көлемін азайтады;

B) тек проценттік төлемдер ғана экономикалық ауыртпалық ретінде болады;

C) мемлекеттік қарыз ммемлекеттік активтерінің сомасына тең;

D) мемлеттік облигациялардың негізгі массасы елдің азаматтары мен ұлттық фирмаларға тиесілі;

E) азамамттар тринсферттік төлемдері алушылар болып табылады.



$$$ 5 Егер үкімет нақты ТҰӨ деңгейін көтеруді шамаласа, онда ол:

A) бюджет тапшылығының деңгейін төмендетеді

B) тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуын төмендетеді

C) трансферттік төлемдерді азайтады

D) салықтарды төмендетеді

E) A) және D) жауаптары дұрыс.



$$$ 6 ЖҰӨ элементтерінің келесі қайсысының шамасына мөлшерлеме пайызының деңгейіндегі өзгерістер ең үлкен әсер етеді?

A) инвестицияларға;

B) тұтынушылардың шығынына;

C) мемлекеттік шығындарға;

D) импортқа

E) экспортқа



$$$ 7 Табыс пен өндірістің қалаулы тепе-теңдік деңгейіне жету үшін мемлекеттік шығындар және салықтармен манипуляция жасау келесі саясатқа қатысты:

A) несиелік саясатқа

B) кейнстік тұтыну функциясына негізделген саясатқа

C) инфляциялық үзілуге (үзіліске бағытталған саясатқа)

D) кейнстік фискалдық саясатқа

E) дефляциялық үзілуге (үзіліске) бағытталған саясатқа



$$$ 8 Жалпы сұраным қисығы қандай шамалардың арасындағы қатынасты білдіреді?

A) баға деңгейі мен тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған жалпы шығындардың

B) баға деңгейі мен тұтынылған ЖҰӨ

C) нақты кескіндегі ЖҰӨ өндірілген және тұтынылған көлемдерінің

D) сатушыларды қанағаттандыратын баға деңгейі мен сатып алушылар мойындайтын баға деңгейінің

E) өндірілген нақты кескіндегі ЖҰӨ мен баға деңгейінің



$$$ 9 Төменде келтірілген бес комбинацияның қайсысы Орталық банк қалыпты жағдайларда қолданатын ақша саясатының құралдары болып табылады?

A) «Үгіттеу» және заңмен орнатылған міндетті резервтердің нормасын өзгерту;

B) ашық нарықтағы операциялар және есептеу мөлшерлемесінің өзгеруі;

C) есептеу мөлшерлемесінің саясаты, сатып алудағы заңмен бекітілген маржаға бақылау және «үгіттеу»;

D) есептеу мөлшерлемесінің саясаты және заңмен орнатылған міндетті резервтердің нормасын өзгерту;

E) ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтердің нормасын өзгерту және тұтыну мен ипотекалық кредиттерге іріктеме бақылау жасау.



$$$ 10 Жалпы ұсыным қисығындағы аралық бөлік:

A) теріс көлбеуге ие

B) оң көлбеуге ие

C) ирек қисық түрінде көрсетілген

D) тік түзу түрінде көрсетілген

E) көлденең түзу түрінде көрсетілген.



$$$ 11 Тұтынуға шекті бейімділік және сақтауға шекті бейімділіктің арасындағы байланыс:

A) олардың қосындысы бірге тең екендігінен көрініс береді;

B) олардың арасындағы қатынас тұтынуға орташа бейімділікті сипаттайтынан көрініс береді;

C) олар онда тең болатың қисықтағы нүкте, табыс деңгейінің шегіне сай келуінен көрініс береді;;

D) олардың қосындысы қолда бар табысқа тең екендігінен, оның тұтынуға және сақтауға жұмсалатынын көрініс береді

E) олардың қосы нольге тең екендігінен көрініс береді.



$$$ 12 Жуық арада қайтадан жұмысқа орналасатынына үміттенетін адам:

A) жұмыспен қамтылғандардың қатарына жатады

B) жұмыс күшінің құрамында есепке алынбайды

C) жұмыспен толық қамтылмаған ретінде қарастырылады

D) жұмыссыздардың қатарына жатады

E) жұмыс табудан үмітін үзген ретінде қарастырылады.



$$$ 13 Егер баға деңгейі өссе, ал өндіріс көлемі төмендесе, онда мұның себебі:

A) жалпы сұраным қисығының оңға қарай жылжуы

B) жалпы сұраным қисығының солға қарай жылжуы

C) жалпы ұсыным қисығының оңға қарай жылжуы

D) жалпы ұсыным қисығының солға қарай жылжуы

E) A) және D) жауаптары дұрыс.



$$$ 14 Мына агрегаттық шамалардың қайсысы, шығындар сомасы бойынша есептелген ЖҰӨ енбейді:

A) жалпы инвестициялар

B) С+I+G (С-тұтынушылардың шығындары, I- инвестициялар, G-мемлекеттік шығындар)

C) тауарлар мен қызметтерді мемлекттің сатып алуы

D) табыс және жалақы

E) тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.



$$$ 15 Егер импорттық тауарларға баға өссе, онда мұның ең мүмкін себебі:

A) жалпы ұсынымның төмендеуі

B) жалпы сұранымның өсуі

C) жалпы ұсынымның өсуі

D) жалпы сұранымның төмендеуі

E) жалпы сұраным және жалпы ұсынымның төмендеуі.



$$$ 16 Ұлттық табыс пен ұлттық өнімді есептегенде;

A) тұтынушылардың шығындары мен жеке қорларды қосуға болмайды

B) корпорациялардың табыстары мен несие үшін кәсіпкерлер төлейтін проценттік

төлемдерді қосуға болмайды

C) таза инвестициялар мен тұтынушылардың шығындарын қосуға болмайды

D) тұтынушылардың шығындары мен жалпы инвестицияларды қосуға болмайды

E) үкіметтік сатып алуды, табыс және жалақыны қосуға болмайды.

$$$ 17 ЖҰӨ 500 млрд. доллар 600 млрд. долл. дейін, ал ЖҰӨ дефляторы 1,25 –тен 1,50 дейін өсті деп шамалайық. Мұндай шарттарда нақты ЖҰӨ көлемі;

A) өзгермейді

B) шамалы ғана ұлғаяды

C) 1,2 есе ұлғаяды

D) берілген мәліметтер бойынша есептеу мүмкін емес

E) азаяды



$$$ 18 Жалақы;

A) ЖҰӨ шығындар тасқыны әдісі бойынша есептегенде ескеріледі

B) ЖҰӨ табыстар тасқыны әдісі бойынша есептегенде ескеріледі

C) ТҰӨ шығындар тасқыны әдісі бойынша есептегенде ескеріледі

D) мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін таза субсидияларды есептегенде ескеріледі

E) таза экспортты есептегенде ескеріледі



$$$ 19 Рецессия кезеңінде ең көбірек;

A) жалақының деңгейі қысқарады

B) тұтынушылардың дәрі сатып алуға жұмсалатын шығындары қысқарады

C) тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы қысқарады

D) кәсіпкерлік табыстың шамасы қысқарады

Е) А) және В) жауаптары дұрыс



$$$ 20 Экономикалық цикл;

A) тек сыртқы факторлардың әрекетімен байланысты

B) тек ішкі факторлардың әрекетімен байланысты

C) негізінен жалпы сұранымның динамикасына әсер ететін факторлармен байланысты

D) негізінен ұсынымның динамикасына әсер ететін факторлармен байланысты

E) тек кездейсоқ саяси факторлармен байланысты.



$$$ 21 Экономикалық цикл туралы әңгіме болғанда келесі тұжырымдар әрқашан әділ ме?

A) белсенділіктің жоғарғы нүктесі-бұл жандану кезеңі

B) құлдырау –бұл депрессия кезеңі

C) тұтынушылардың шығындары жалпы шығындардың ең тұрақсыз бөлігі

D) жоғарыдағы тұжырымдардың бәрі дұрыс емес

E) А) және В) жауаптары дұрыс.



$$$ 22 Жалпы инвестициялардың көлемінің төмендеу тенденциясы келесі кезеңде пайда болады.

A) сатудың өсу қарқыны жоғарылағанда

B) сатудың өсу деңгейі тұрақты болғанда

C) сатудың өсу қарқыны төмендегенде

D) экономика өрлеу кезеңінде болғанда

E) экономикалық белсенділік шыңына жеткен кезеңде.



$$$ 23 Ұсынылған тәсілдердің қайсысы экономикалық конъюнктураға болжамдық бағалау жасау үшін қолданылады?

A) негізгі индикаторлар

B) макроэкономикалық модельдер мен конъюнктураға шолу жасау

C) эконометрикалық модельдер

D) А), В) және С) жауаптары дұрыс

E) А) және В) жауаптары дұрыс



$$$ 24 Аталған оқиғалардың қайсысы экономикалық құлдырау кезеңіне сәйкес емес?

A) ұзақ мерзімде жұмыс істейтін құрал-жабдықтарға жұмсалатын инвестициялардың төмендеуі

B) акция бағамдарының төмендеуі, еңбекке деген ең төмен сұраным

C) салықтық түсімдердің азаюы

D) корпорациялардың табыстарының төмендеуі

E) жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы көлеменің төмендеуі.



$$$ 25 Импорттық баж бен квотаның арасындғаы айырмашылық мынада, тек қана баж :

A) халықаралық сауданың қысқаруына алып келеді

B) бағаның өсуіне алып келеді

C) мемлекеттік бюджетке табыс әкеледі

D) мемлекетте тұрмыс деңгейінің төмендеуіне мүмкіншілік жасайды

E) мемлекетте тұрмыс деңгейіне тұрақтануына мүмкіншілік жасайды.



$$$ 26 Міндетті резервтер нормасы:

A) ең алдымен ақша массасын шектеуші құрал ретінде еңгізіледі

B) салымдарды қайтарып алудан қорғайтын құрал ретінде еңгізіледі

C) халықтың қажеттіліктерін өтеуге арналған тиісті ақша массасының орташа шамасын құрайды

D) қазіргі уақытта қолданылмайды

E) ақша массасына әсер етпейді.



$$$ 27 Жалпы ақша массасы, егер коммерциялық банктер:

A) орталық банктегі өздерінің салымдарының бір бөлігін қайтарып алса, онда әрбір рет өседі

B) халыққа пайдалануға беретін несие көлемін ұлғайтса, онда әрбір рет өседі

C) ағымдағы есепшоттар бойынша өздерінің міндеттерін, салымдар бойынша қолма-қол немесе қолма-қол емес ақша төлемін төлей отырып азайтса, онда әрбір рет өседі

D) орталық банктегі өздерінің салымдарын көбейтсе, онда әрбір рет өседі

E) ағымдағы есепшоттар бойынша өздерінің міндеттерін, салым бойынша халықтан қолма-қол немесе қолма-қол емес ақша алу арқылы ұлғайтса, онда әрбір рет өседі.



$$$ 28 Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің оның табиғи деңгейінен екі процент жоғары болуы, ЖҰӨ іс жүзіндегі көлемінің нақты көлемінен қанша процент кем болуы мүмкін екенін білдіреді?

A) 2 %


B) 3 %

C) 4 %


D) 5 %

E) 5 % әлдеқайда көп



$$$ 29 Талап еткенге дейінгі жаңа салымдардың максимальді көлемі мен банк жүйесі туындататын ақша массасының шамасын -- D, артық резеревтер көлемін -- Е, ақша мультипликаторын -- m әріпімен белгілейік. Келесі теңдіктердің қайсысы дұрыс?

A) М=E:D

B) D=m:E

C) D=E--1

D) D=E*m

E) D=E--m



$$$ 30 Келесі ұғымдардың қайсысы іскерлік циклдің фазаларына жатпайды?

A) инфляция

B) өрлеу

C) құлдырау

D) рецессия

E) жандану.



$$$ 31 Экономикалық циклдың барысына ең күшті әсер ететін:

A) тауарлы-материалдық қорлардың өсуіне жұмсалған таза инвестициялардың динамикасы

B) ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар өндірісіне бағытталған таза инвестицилардың динамикасы

C) тұтынушылық шығындардың динамикасы

D) мемлекеттік шығындардың динамикасы

E) С) және D) жауаптары дұрыс.



$$$ 32 Салыстырмалы артықшылықтар қағидасын ең алғашқы тұжырымдаған:

A) Давид Рикардо

B) Адам Смит

C) Пол Самуэльсон

D) Томас Мальтус

E) Альфред Маршалл



$$$ 33 Протекционизмді қолдаушылардың пайымдауынша баж, квоталар және басқа сауда кедергілері:

A) демпингтің алдын алу үшін қажет

B) ішкі жұмыспен қамтылуды көтеру үшін қажет

C) жас салаларды шетелдік бәсекелестіктен қорғау үшін қажет

D) мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету үшін қажет

E) А), В), С) және D) жауаптары дұрыс.



$$$ 34 Егер номиналді табыс 8 % көтерілсе, ал баға деңгейі 10 % өссе, онда нақты табыс:

A) 2 % төмендейді

B) 18 % ұлғаяды

C) 2 % ұлғаяды

D) 18 % төмендейді

E) өзгеріссіз қалды



$$$ 35 Баға индексі ... үшін қолданылады:

A) осы және өткен жылдағы өндірістік құрылымдағы айырмашылықты бағалау

B) әртүрлі екі мемлекеттегі баға деңгейлеріндегі айырмашылықты бағалау

C) екі әртүрлі уақыт кезеңіндегі «тауар қоржынының» нарықтық құнындағы айырмашылықты бағалау

D) көтерме және бөлшек сауда бағаларының деңгейіндегі айырманы бағалау

E) әртүрлі екі мемлекеттегі көтерме сауда бағаларының деңгейіндегі айырмашылықты бағалау



$$$ 36 Келесі сауда кедергілерінің қай түрі еркін сауда үшін елеулі кедергі болып табылмайды:

A) импортқа салынатын баж

B) экспорт және импорт үшін лицензиялар

C) импорттық квота

D) экспортты «өз еркімен» шектеу

E) алдыңғы жауаптардың бәрі дұрыс емес.



$$$ 37 Дж. М. Кейнстің «Жалпы теориясында» келесі жағдай болады деп шамаланады:

A) бағалар мен жалақы тұрақты

B) жалпы ұсыным қисығы горизонтальді линия түрінде болады

C) мемлекеттік шығындардың деңгейінің өзгеруі ЖҰӨ көлеміне әсер ете алады

D) салықтық саясаттағы өзгерістер ЖҰӨ көлеміне әсер ете алады

E) A), B), C) және D) жауаптары дұрыс.



$$$ 38 Көптеген банктердің бірі болып табылатын Х, банкінде шамасы 10000 долл. болатын депозит бар. Міндетті резервтер нормасы 25 % көлемінде бекітілген. Осы депозит беруге мүмкіндік туындататын қарыздың сомасы ең кем дегенде:

A) 30000 долл

B) 7500 долл.

C) 10000 долл.

D). 30000 долл. артық

E) белгісіз шама.



$$$ 39 Жеткіліксіз жалпы сұраным;

A) жұмыссыздықтың фрикциондық түрінің өсуіне алып келеді

B) жұмыссыздықтың циклдік түрінің өсуіне алып келеді

C) жұмыссыздықтың құрылымдық түрінің өсуіне алып келеді

D) жұмыссыздықтың бүркеме түрінің өсуіне алып келеді

E) жұмыссыздықтың маусымдық түріне алып келеді.



$$$ 40 Дж. М. Кейнстің пікірінше :

A) нарықтық жүйеде, өзі қысқа мерзімде жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті механизмдер бар

B) жұмыссыздықтың төмендеуіне жағдай жасау үшін үкімет мемлекеттік сатып алу және салықтарды қолдануы қажет

C) жеке меншікті жою қажет

D) экономика орталықтандырылған жоспарлаудың негізінде дамуы керек

E) мемлекет экономикаға араласпауы керек.



$$$ 41 Экономикадағы құлдырауға байланысты жұмысынан айырылған адам жұмыссыздықпен қамтылғандардың келесі санатына енеді:

A) фрикциондық түріне

B) құрылымдық түріне

C) перманенттік түріне

D) циклдік түріне

E) маусымдық түріне.



$$$ 42 Күтілмеген (болжанбаған) инфляциядан ең аз зардап шегетіндер:

A) номиналді табыстары ұлғаятын, бірақ баға деңгейінің жоғарылауынан баяу өсетіндер

B) тұрақты (тіркелген) номиналді табыс алатындар

C) ақшалай сақталымдары барлар

D) баға төмен болған кезде қарыздар болғандар

E) тек А) және D) жауаптары дұрыс.



$$$ 43 Егер міндетті резервтердің нормасы 100 % құраса, онда ақша мультипликаторының шамасы:

A) 0 -ге тең

B) 1-ге тең

C) 10 -ге тең

D) 100 -ге тең

E) 0,1-ге тең



$$$ 44 Жеке табыс-бұл:

A) салықтарды төлегеннен кейін, жеке шығындар үшін арналған барлық табыс

B) берілген жыл бойында үй шаруашылықтары алған табыс

C) бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің құны

D) осы елдегі белгілі орындардағы жеке көздерде жиналған ақшаның сомасы

E) ЖҰӨ минус амортизация



$$$ 45 Оған сәйкес қолда бар табыстың шамасының өзгеруіне байланысты тутынушылық шығындар да өзгереді, бірақ аздау дәрежеде дейтін идея:

A) кейнстік инвестициялар теориясының маңызды құрамдас бөлігі;

B) кейнстік тутыну теориясының маңызды құрамдас бөлігі;

C) классикалық макроэкономикалық теорияның маңызды құрамдас бөлігі;

D) ақшаның саңдық теориясының маңызды құрамдас бөлігі;

E) кейнстік жұмыспен қамтылу теориясының маңызды құрамдас бөлігі



$$$ 46 Капиталды тұтынғанда төленетін төлем-бұл:

A) таза инвестициялар

B) тұтыну тауарларын сатып алу үшін қолдануға болмайтын қорлар

C) амортизация

D) таза шетелдік инвестициялар

E) жанама тәсілмен жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған қаражаттар



$$$ 47 Аталған агрегаттық шамалардың қайсысы ұлттық табыстың көлемін анықтағанда қолданылмайды?

A) корпорациялардың табысы

B) мемлекеттік трансферттік төлемдер

C) несиге алынған капитал үшін кәсіпкерлер төлейтін процент

D) жалақы мен табыс

E) ренталық табыс.



$$$ 48 Үкіметтің шығындар мен салық салу саласындағы саясаты қалай деп аталады?

A) ақшаның сандық теориясына негізделген саясат

B) фискалдық (салықтық-бюджеттік)саясат

C) монетарлық (ақша-несие) саясат

D) бизнес (іскерлік) цикл

E) табыстарды бөлу саясаты.



$$$ 49 Экономиканың жағдайы жалпы ұсыным қисығының кейнстік бөлігіне сәйкес болған кезде, жалпы сұранымның өсуі:

A) бағаның төмендеуіне және ЖҰӨ нақты кескіндегі көлемінің өсуіне алып келеді і

B) ЖҰӨ нақты кескіндегі көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ баға деңгейіне әсер етпейді

C) бағаның көтерілуіне және ЖҰӨ нақты кескіндегі көлемінің қысқаруына алып келеді

D) баға деңгейінің де, ЖҰӨ нақты кескіндегі көлемінің де жоғарылауына алып келеді

E) бағаның жоғарылауына алып келеді, бірақ ЖҰӨ нақты кескіндегі динамикасына әсер етпейд



$$$ 50 Экономикада әрқайсысы жылына 3000 сағат жұмыс істейтің 50 жұмысшы жұмыспен қамтылған деп шамалайық. Еңбек өнімділігі сағатына 8 долларды құрайды. өндірілген өнімнің жалпы көлемі:

A) 150000 долл. болады;

B) 750000 долл. болады;

C) 1000000 долл. болады;



D) 1200000 долл. болады;

E) 1400000 долл. болады;


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет