§ 14. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу



Дата04.12.2023
өлшемі58.49 Kb.
#485436
5 -сынып Абылкасымова $14


§ 14. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Әрбір кұрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазуға болады.
Мысалы, 78=2*3*13. Бұл жағдайда 78 саны жай көбейткіштерге жіктелген дейді, ал 78 = 2*3* 13 теңдігін 78 санының жай көбейт-кіштерге жіктелуі деп атайды.
Натурал санды жай көбейткіштерге жіктеу оны жай сандардың көбейтіндісі түрінде беру болып табылады.
Натурал санның жай көбейткіштерге жіктелуінде бірнеше бірдей көбейткіштер болуы мүмкін.
Мысалы, 504=2*2*2*3*3*7. Мұндай жағдайда бірдей көбейткіптердін көбейтіндісі дәрежемен алмастырылады. Сонда 504 санынын жіктелуі түрінде жазылады.
Бұл теңдікте 2; 3 пен 7 сандары 504 санынын белгіштері болатыны айкын. Сондыктан жай көбейткіштерді табу үшін бөлінгіштік белгілері, сонымен қатар жай сандар кестесі колданылады.
Мысалы, 546 санын жай көбейткіштерге жіктейік. Санның жазылуы бойынша ол 2 санына бөлінеді. 546 санын 2 санына бөліп, 273 санын аламыз. 273 санының цифрларынын қосындысының мәні 12-ге тен. демек, 273 саны 3 санына бөлінеді. Бұл нәтижені былай жазамыз:

Тік сызык (жоғарыдан төменге карай) сызып, оның сол жағына 546 саны, аоң жағына 546 санына бөлінетін ен кіші жай сан, яғни 2 саны жазылады
Содан кейін 546 санын 2 санына бөліп, шыккан бөліндінің мәні 273 санын 546 санының астына жазамыз. Ал он жағына 273 саны бөлінетін ең кіші жай сан, яғни 3 саны жазылады. Талкылауды жалғастырып, 273 : 3 бөліндісінің мәні 91 санын сызыктың сол жағындағы 273 санының астына жазамыз:

91 саны 7-ге бөлінеді. Сондыктан мына жазуды аламыз:

Жай сандардын кестесінен, 13 жай сан екенін көреміз. Сондыктан



Сонымен, 546=2*3*7*13. Санды жай көбейткіштерге жіктеп жазу үлгісін көрсетейік. Мысалы, 2205 санын жай көбейткіштерге былай жіктеп жазады:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет