\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев



бет101/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Нұғманұлы учебник

Жіктеу негізі

Реакцияның типі

1. Бастапқы заттар мен реакциядан

Қосылу, орынбасу,




шыққан заттардың саны

айрылу, алмасу

2. Жылу эффеқтісі

Экзотермиялық

3.

Реақцияның бағыты

Эндотермиялық

Қайтымды







Қайтымсыз

4.

Катализатордың қатысуы

Катализдік







Бейкатализдік

5.

Элемент атомдарынын тотығу

Тотығу-тотықсыздану




дэрежесінің ѳзгеруі

Алмасу

6.

Әреқеттесуші жүйенің бастапқы

Гомогенді




қүйі

Гетерогенді







Аллотропия

7.

Заттың сапалық қүрамының

Изомерлену




ѳзгермеуі

Иондық

8. Реакция механизм!

Радикалдық




Оқушылардың жеке химиялық реакцияларды жалпы жоспарға сэйкес сипаттап дағдыланғаны жѳн. Жалпы жоспардың мынадай болуы мүмкін: реакцияға кіріскен және шыққан заттардың қүрамы мен қасиеттері; реакцияның мэні; реақцияның химиялық теңдеуі; химиялық реакция басталу және жүру жағдайлары, реақцияның сыртқы белгілері; реакцияны жасау техникасы, реақцияның типі және түрі, реақцияның қолданылуы. Бүл жалпы жоспар химияны оқытудың эр түрлі теориялық кезеңдерінде ѳзгеріске үшырап отырады. Мәселен, реакцияның мэні атом-молекулалық, химиялық байланыс, электрондық және иондық теориялар тұрғысынан түсіндіріледі. Осыған орай реақцияның молекулалық, электрон баланс, толық иондық, қысқа иондық, электрон-иондық теңдеулері жазылады.



236



Химиялық реакция үгымының атом-молекулалық ілім /пүргысынан дамуы. Химиялық реакция туралы бастапқы үғым «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбында қалыптасатыны 11-тарауда айтылды. М ^ д а химиялық реакциялардың физикалық қүбылыстардан айырмасы, жүзеғе асу жағдайлары, сыртқы белгілері туралы, қосылу, айрылу жэне орын басу реакциялары жайында алғашқы қарапайым түсінік беріледі. Оқушылар реакцияның сандық сипаттамаларымен танысады.

Келесі оттегі, сутегі элементтерін және олардың химиялық қосылыстарын ѳткенде, бейорганикалық заттардың манызды кластары туралы білімді қорытындылағанда бүл түсінік кеңейіп одан эрі дамытылады.


Оттегі тақырыбында оқушылар бастапқы заттардың біреуі ретінде оттегінің жай заты қатысатын химиялық реакциялардың жүру жағдайларымен, мэні, энергетикасы және типтерімен танысады. Затгардың оттегімен қосылуы тотығу деп аталатыны, тотығу басталу үшін жылу берілетіні, басталганнан кейін жылу шығарылатыны, реакцияның жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер туралы алғашқы үғым алады. Ауамен салыстырғанда таза оттегінде реакцияның шапшаң жүретініне, кейбір айрылу реакцияларының жылдамдығына эсер ететін арнайы заттардың (катализаторлардың) қатысуымен жүзеге асатынына кѳздері жетеді.Оттегімен қосылу кезінде кѳп мѳлшерде жылу бѳлінетіндіктен жанатын заттардың кѳпшілігінің отын есебінде қолданылуымен жэне отын түрлерімен танысады. Отынның алынған массасынан қанша жылу бѳлінетінін есептейді. Оттегін алумен байланысты оқушылар айырылу реакцияларының нақтылы мысалдарын қарастырады. Ю.В. Ходаков жэне т.б. оқулығында оттегі алынуының - бір, Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман оқулығында бес мысалы талданады. Әдістемелік тиімділігі жағынан алғанда мектептен алынып қалған сынап (II) оксидінің, үш зат түзілетін перманганаттың айырылу реакцияларының теңдеулерін жазудың қажеті шамалы. Судың, сутегі асқын оксидінің, егер кѳрсетілетін болса гана Бертолле түзы айрылу реакцияларының теңдеулерін талқылау жеткілікті.


Сутегін жэне қышқылдарды ѳткенде оқушылар орынбасу реақциясы жонінде білімін нығайтып, алмасу реакциясы туралы жаңа үғым алады. Мүғалім бүл екі реакцияның үқсастығы мен айырмашылығына оқушылардың назарын аударады. Мүны маңызды



237

эдістемелік мәселенің бірі деп қарау керек, ѳйткені кіретін жэне түзілетін заттар санының бірдей болуына байланысты оқушылар орынбасу және алмасу реакцияларын шатастырып жүреді. Бүл тақырыпта металдардың акгивтік қатары жонінде берілетін үгымға сүйеніп, оқушылар металдар мен қышқылдар арасындағы реақциялардың жүру мүмкіндігін болжап үйренеді және болжауларын тэжірибелер арқылы тексереді. Сутегінің оттегінде жануын талқылағанда реақцияның жылу эффектісі үғымы дамытылады, қопарылыс және экологиялық таза отын жонінде алғашқы түсінік беріледі. Қышқылдардың химиялық қасиеттерін откенде реакция кезінде түсін ѳзгертетін заттар - индикаторлар қарастырылады. Мыс (II) оксиді мен сутегінің арасындағы орынбасу реакциясын кѳрнекі кѳрсеткенде тотығуға кері - тотықсыздану реакциясы түсіндіріледі. Бүл арада есте болатын нэрсе, тотыгу - бір тақырыпта, тотықсыздану - екінші тақырыпта, олардың анықтамалары зат деңгейінде беріледі. Бүдан оқушыларда тотығу мен тотықсызданудың эрқайсысы ѳз алдына жүре алатын дербес реакциялар деген үғым тумауын қадагалау керек.
«Су жэне ерітінділер, негіздер» тақырыбында алмасу реакцияларының аса маңызды бір түрі - бейтараптану реакциясы туралы үғым қалыптасады. Негіздер мен қышқылдардың, сілтілер мен қышқылдық оксидтердің арасындагы алмасу реакцияларының мысалдары қарастырылады. Бір-біріне қарама-қарсы реакциялар - судың анализ! мен синтез! талданады. Тэжірибе жүзінде заттың қүрамына кіретін элементтердің масса үлестерін есептеу арқылы химиялық формула табу әдісі кѳрсетіледі. Орынбасу жэне қосылу реакциялары жѳніндегі оқушылардың білімі толықтырылады, қосылу реакцияларының бір түрі гидраттану туралы жаңа үғым беріледі, бұл бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты түсінудің негізін құрайды.

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жѳніндегі білімді атом-молекулалық ілімнің тұрғысынан қорытқанда химиялық реакциялар туралы оқушылардың алдыңғы торт тақырыпта алган білімі бір жүйеге түсіріледі. Эр класқа тән жалпы реакциялардың жүру мүмкіндігін болжай алатын дәрежеге кѳтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар арсындағы химиялық реакциялардың молекулалық теңдеулерін сауатты жазуға үйренеді. Моль ұғымын



238

пайдаланып, реакциялардың химиялық жэне термохимиялық тендеулері бойынша есептеулер жүргізеді,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет