Электролиттік диссоциациячану турячы білЫнің дамуы.
Оқушылардың жеке сабақтарда алған білімі тақырыпты тұтасынан қорытқанда дамиды. Ең алдымен теорияның ашылу тарихына, жетістігі мен кемшілігіне, даму кезеңдеріне назар аударылады. Электролиттік диссоциациялану теориясын 1887 жылы швед ғалымы С.А. Аррениус (1859-1927ж) ұсынды. Бірақ оны ғалымдар бірден мойындамады. Ол кезде заттардың қүрылысы туралы мэліметтер белгісіз болғандақтан атом мен ионның айырмашылығын білу қиынға түсті. Теория электролит ерітінділерінің айрықша қасиеттерін - электр ѳткізгіштігін, ауытқуларын дүрыс түсіндірді. Дегенмен С.Аррениус электролиттердің еру қүбылысын бір жақты, физикалық жағынан ғана, су еритін бѳлшектерін бір-бірінен ажыратады деп түсінді. Д.И. Менделеев ерудің гидрат теориясын үсынды. Еріген зат бѳлшектері еріткіш молекулаларымен химиялық эрекеттесіп, гидраттану эрекетінің жүретінің дэлелдеді. 1889-91 жылдары орыс ғалымы И.А.Каблуков иондардың гидраттанатыны туралы кѳзқарас енгізді. В.А.Кистяковский Д.И.Менделеевтің гидрат теориясы мен С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану ілімінің басын қосу идеясын үсынды. Мектеп бағдарламасында иондық теорияның соңғы нүсқасы баяндалады.
Иондық теория бсйорганиқалық қосылыстардың маңызды қластары жоніндегі білімді кеңейтті. Қышқылдарды, негіздерді, амфотерлі электролиттерді сан жағынан сипаттауға мүмкіндік
270
жасады. Амфолигтер әрі қышқылдарша, эрі негіздерше иондарға ыдырайтын электролиттер, мысалы:
Н^ + НгАЮз' *^+А1(0Н)з "^АКОНЬ^+ОН
Сілтіде - сутегі катиондары, қышқылда гидроксид аниондары байланысуынан алюминий гидроксиді екі жақты қасиет кѳрсетеді.
Электролиттік диссоциациялану теориясынан алған білім оттек топшасын, азот топшасын, кѳміртегі топшасын негізгі жэне қосымша топшалардың металдарын оқығанда пайдаланылады. Бұл материалдарды откенде «электролит», «бейэлектролит», «катион», «анион», «иондану», «диссоциациялану», «диссоциациялану дәрежесі», «мольдену» ұғымдары дамытылады, нақтылы мағынаға ие болады. Мәселен, кремний қышқылы суда иондарға ыдырамайды деуге болады, сондықтан ол қышқылдарға тэн жалпы қасиеттердің кепшілігін кѳрсетпейді (индикаторға эсері, металдармен жэне металл оксидтерімен әрекеттесуі).
Тағы бір назар аударатын мэселе, электролиттік диссоциациялану теориясы ұсынылғалы 100 жылдан асты. Одан бері қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін тереңірек түсіндіретін бірнеше теория жарық кѳрді. Солардың ішінде орта мектепте бүрын соңды қарастырылып келгені протолиттік теория мен электрондық теория. Мұғалімнің протолиттік теорияның қағидаларын, қолдану мүмкіндіктерін білгені жѳн. Бүл теорияның негізгі ұғымдары - протон, протолит, протолиттік реакция, протон тартқыштык, т.б.
Протон - сутегінің электрондық бүлты жоқ ионы. Ерітіндіде бос күйінде жүре алмайды, түзілісімен басқа бѳлшектердің қүрамына кіреді. Протон алмасу арқылы жүретін реакцияларды протолиттік реакциялар, оларға қатысатын затгарын протолиттер деп атайды. Қышқылдар дегеніміз - протонын беретін протолиттер, негіздер протонды қосып алатын протолиттер. Осы кѳзқарас тұрғысынан иондык реакцияларды тереңірек түсінуге болады.
Қышқылдық диссоциациялануы: HCI + Н2О ^Н зО ^+С Г
Негіздердің диссоциациялануы: МаОН+ Н20 '*=^ N3"^+ Н2О+ ОН'
3. Судың диссоциациялануы: Н2О+ Н2О НзО^+ ОН'
Достарыңызбен бөлісу: |