\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Органикалық химия курсының мазмуны мен қурылымы



бет130/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162
Нұғманұлы учебник

Органикалық химия курсының мазмуны мен қурылымы. Орта мектепте оқылатын органикалық химия курсының мазмүны мен құрылымы үдайы жетілдіріліп келеді. Оның алғашқы тұрақты бағдарламасын, оқулыгын, оқыту әдістемесін В.Н. Верховский, Л.М.Сморгонский жазды. 1950 жылдардан бастап орта мектептегі органикалық химияның мазмүны мен әдістемесін жетілдіруде Л.А. Цветков кѳрнекті еңбек сіңіріп келеді.

Алғашқы бағдарламада оқу материалы қүрамы қарапайым қосылыстардан басталып, құрылысы және атқаратын қызметі күрделі қосылыстарга дейін орналастырылады. Кейінгі багдарламаларда осы негізгі әдістемелік негіз сақталып, оқу-тәрбиелік маңызы аз кейбір деректі материалдар қысқартылды, жаңа теориялық кѳзқарастармен толықтырылды. 1968 жылы жаңартылған бағдарламага органикалық заттардың электрондық және кеңістіктіқ қүрылысы туралы үғым, химиялық байланыстың табиғаты жѳніндегі соңғы кѳзқарастар, орынбасу жэне қосып алу реакцияларының механизмі, атомдардың ѳзара эсері туралы түсініктер енгізілді. 1988 жылдан бастап бағдаламаға пәнаралық үштастыруды, оқытудың ѳндіріспен жэне ѳмірмен байланысын күшейтетін ѳзгертулер жасалды. Бес мүшелі моносахарид пентоза, азоты бар гетероциклді қосылыстар, нуклеин қышқылдары туралы мэліметтер беріледі. Этил спиртінің орнына метил спиртін ѳндіру ѳтіледі. Синтездік үлкен молекулалы заттар жэне полимер материалдар курстың соңындағы жеке тақырыпта қарастырылады.





295

Органикалық химия курсының құрылымын анықтаганда іс жүзінде сыналған дидактикалық және эдістемелік үстанымдар жүзеге асырылады.

Органикалық заттардың оқылатын кластарын іріктегенде организмнің қүрамына кіретін жэне маңызды тіршілік процестерін жүзеге асыратын қосылыстарды таңдап алады. Оларга майлар, кѳмірсулар жэне ақуыздар жатады. Май карбон қышқылдары мен кѳп атомды спирттердің күрделі эфирлері, кѳмірсулар - альдегид, спирттер, ақуыздың кұрамына кѳмірсутек радикалдары, амин жэне карбоксил тобы кіреді. Демек, биологиялық активті майлар, кѳмірсулар жэне ақуыздар кластарын қарастыру үшін кѳмірсутектер, спирттер, альдегидтер мен карбон қышқылдары ѳтіледі.


Эр класть! сипаттау үшін кажетті заттардың саны мен оқылу реті гомологтық қатар бойынша теориялық жэне сарамандық талаптарға сай іріктеледі. Теориялық жағынан алғанда заттың құрылысы мен қасиеттері айқын білінетін және генетикалық байланысты ашуга мүмкіндік жасайтын болуы тиіс. Сарамандық талап кезінде заттың халық шаруашылыгындагы маңызы, қолайлылыгы ескеріледі. Гомологтық қатар жекеден жалпыға қарай немесе жалпыдан жекеге ауысу тэсілімен оқылады.


Осы талаптарға сәйкес гомологтық қатарларға жататын заттардың ішінен кѳмірсутектердің бірінші ѳкілдері - метан, этилен, ацетилен, дивинил, бензол толық қарастырылады. Спирттер, альдегидтер жэне карбон кышқылдары кластарында гомологтық қатардың екінші ѳкілдері этил спирті, сірке альдегиді жэне сірке қышқылы оқылады. Ор зат қүрамы, электроидық жэне кеңістік құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы жоспарымен сипатталады. Заттың құрылысы мен қасиеітерінің, қасиеттері мен қолданылуының арасындагы себеп-салдар байланысы ашылады.


Органикалық химия курсының теориялық негізі - А.М. Бутлеров жасаған органикалық заттардың құрылыс теориясы. Бұл теория бензолдың Кекуле ұсынган құрылыс формуласын, дивинил мен изопренге қосылу реакцияларының, изобутанның хлорлану реакциясының механизмін, т.б. жеке деректерді түсіндіре алмайды. 140 жылдан астам уақыттың ішінде бұл теория стереохимиялық жэне электрондық кѳзқарастармен толықтырылды. Сондықтан қазіргі құрылыс теориясы дәстүрлі теориядан, стереохимиялық теориядан жэне химиялық байланыстың электрондық табиғаты жѳніндегі





296

ілімнен тұрады. Үш теорияның негізі ықшамдалған, дидактикалық ѳнделген турде мектеп курсына кіреді.
Дэстүрлі қүрылыс теориясының идеялары; кѳміртегінің атомдары тізбек түзіп байланысады; атомдар молекулаға валенттіліктеріне сэйкес белгілі бір ретпен бірігеді; қосылыстың қасиеттері атомдардың байланысу ретіне жэне ѳзара эсеріне тэуелді атомдардың байланыс реті химиялық тэсілдермен анықталады, күрылысы құрылымдық формуламен кѳрсетіледі.

Стереохимиялық негіздері: кѳміртегі атомының тераэдр пішінді кеңістікте орналасуы; ковалентті байланыстардың бағытталуы; кѳміртегі тізбегінің иректі құрылысы; жай байланыс тѳңірегінде атомдардың еркің айңалысы; еселенген байланыстар тѳңірегінде атомдардың ерқін айнала алмайтыны транс-цис изомерлер, олардың қасиеттеріндегі айырмашылықтары, полимер молекулалардың ретсіз жэне стереоретті құрылысы, т.б.


Электрондық теорияның негіздері: кѳміртегі атомының қалыпты жэне қозған күйіндегі электрондық құрылысы, электрон бұлты, валенттік электрондар бұлтының багыттары: - sp^, - sp^, -sp гибридтену; ковалентті байланыстардың түзілуі - электрон бұлттарының эсерлесуі; сигма жэне ны-байланыстар, олардың беріктігі; бос радикалдар, электрондық эсердің түрлері.


Органикалық химия курсына оқушыларга политехникалық эзірлік беретін мағлұматтар енгізіледі. Органикалық заттарды алуға байланысты химиялық ѳндірістерден бағдарламаға сай келетін, халық шаруашылыгында маңызы зор, алдыңгы қатарлы технологиясы барлары таңдап алынады. Бұл талаптарга бұрын этил спиртін, қазір метил спиртін ѳндіру, бұрын сірке қышқылын ацетиленнен алу, қазір этиленнен ѳндіру сай келеді. Кѳптеген химиялық реакцияларды еткенде олардың ѳндірістегі маңызына назар аударылады, мысалы: майларды гидрогендеу, ацетиленді жэне этиленді гидраттау, қаныққан кѳмірсутекгерін гидрогендеу, парафинді тотықтырып, карбон қышқылдарын алу, эфирлену реакциясы арқылы күрделі эфирлер, майлар алу, майларды жэне кѳмірсуларды гидролиздеу, т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет