301
багытталып, сутегі атомдарымен байланыс түзуі баяндалады. Түзілген сигма байланыстары бүрыштарының мѳлшері, бірдейлігі, беріктігі, аз полюстенетіні айтылады. Метанның гомологтарын қарастырганда модельдер жасалатын зертханалық жұмыс ѳткізіліп, ирек тізбек түзілетініне оқушылардың назары аударылады.
Қанықпаган кѳмірсутектерінен этиленнің жэне ацетиленнің химиялық, электрондық жэне кеңістік қүрылысы толық қарастырылады. Жану енімдерінің сандық кѳрсеткіштері немесе қүрамына кіретін элементтерінің массалық үлесі бойынша этиленнің химиялық формуласы табылады, ондагы кѳміртегі атомының валенттілігі жонінде жорамал жасалады. Жорамалды талқылау барысында кѳміртегі атомдарының арасында қос байланыс бары анықталып, қүрылым және электрондық формулалары жазылады. Модельдер және оқулықтагы суреттерді пайдаланып, sp^-гибридтену және оның нэтижесінде үшбүрыштың тѳбелеріне бағытталған бүрышы 120° сиг.ма байланыстар түзілетіні, гибридтенбеген бүлттардан сигма байланыс жазықтыгына гғерпендикуляр пи-байланыс пайда болатыны түсіндіріледі. Кеміртегі атомдарының арасындагы сигма және пм-байланыстың энергиялары салыстырылып, түрақтылығы жэне оның этиленнің қасиеттеріне тигізетін әсері женінде қорытынды жасалады.
Ацетилен молекуласында гибридтенуге бір - s жэне бір - р - бүлты қатысып, 5р-гибридтену жүзеге асады, сызыкты пішіндегі молекула түзіледі. Гибридтенбеген екі р-бүлттарының бір-біріне перпендикуляр екі пи-байланыстар пайда болады. Кѳміртегі атомдарының арасында үш байланыс түзілуінен олардың үзындығы едэуір қысқарады. Ацетиленнің электрондық жэне кеңістік қүрылысы модельдер арқылы кѳрсетіледі.
Аромат кѳмірсутегі - бензолдың химиялық жэне электрондық қүрылысы туралы тарихи материалдарды келтіре отырып, мәселелік эдіспен талқылынады. Ең алдымен бензолдың тарихи қалыптасқан қүрылым формуласымен электрондық қүрылысының арасындагы үйлеспеушілік ашылады. Бензол молекуласындағы қос байланыстар бір байланысқа қарағанда қысқа болуы керек еді, бірақ тэжірибе жүзінде бензолдагы алты байланыстың үзындығы бірдей (0,140 нм) екені жэне бір жазықта орналасқаны анықталған. Мүның мэнісі - sp гибридтену жэне молекулаға ортақ алты электронды пи-байланысының түзілуі.
302
Оттегі бар органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы тэжірибе жүзінде (этил спирті) немесе дедуктивті эдіспен (альдегидтер) анықталады, электрондық жэне кеністік құрылысы кѳмірсутектерімен салыстырып түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |