Химиялық заңдар мен теориялар жонінде биімді қорыту.
Ең алдымен атом қүрылысы туралы ілім түрғысынан химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі жэне периодтық заңы қарастырылады. Ол үшін атом қүрылысы туралы химия мен физикадан оқылган материалдар еске түсіріліп, атомның қүрамына кіретін кейбір элементар бѳлшектердің сандық керсеткіштері жинақталған кесте түрінде жазылады.
Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом қүрылысының арасындагы тэуелділіктің жэне периодты заңдылықтың физикалық мэні ашылады.
Д.И.Менделеев атомдық массаны элементтің ең түрақты қасиеті деп санап, оны элементтерді жіктеудің негізіне алды. Соның нэтижесінде периодты заңды «Жай заттардың қасиеттері, сондай-ақ олардың қосылыстарының формалары мен қасиеттері элементтердің атомдық массаларының шамасына периодты түрде тэуелді болады» деп тү.жырымдады. Сѳйтсе де, ол кейбір элементтерді атомдық массаларының осу ретін ескермей орналастырды (Аг жэне К, Те жэне I). Мүның себебі кейіннен ашылып, атомның ең түрақты корсеткіші ядро заряды екені анықгалды. Осыған орай периодтық заңға: «Химиялық элементтердің қасиеттері атом ядроларының зарядына периодты тэуелділікте болады» деген жаңа анықтама беріледі. Қорыту кезінде оқушылар осы соңғы анықтаманың түрғысынан химиялық элемент, изотоп, жай жэне күрделі зат үғымдарын нақтылап, бүрынғыдан горі дэлірек түсінеді.
Химиялық элемент - атомдардың бір түрі дейтін атом-молекулалық ілімнің түжырымынан оқушыларда атомдар саңы мен элементтер саны тең деген жаңсақ үғым қалуы мүмкін. Мүны болдырмау үшін химиялық элементтің ядро қүрылысы туралы білімге сүйеніп, бір элементтің ядро заряды бірдей, массалары эр түрлі бірнеше атомдары болатыны айтылады. Қазіргі кезде белгілі 109 химиялық элементтің мыңнан астам түрақты жэне радиоактивті изотопы бар. Элементтердің салыстырмалы атомдық массасы табиғи
328
изотоптары массаларының орташа саны болып табылады жэне бѳлшек санмен кѳрсетілуі мүмкін. Изотоптар туралы ұғым периодтық жүйедегі элементтердің орналасуының кейбір үйлеспеушіліктерін түсіндіреді және бір заттың молекулалық массалары эр түрлі болуы ьщтимал деген түсінікке экеледі. Мәселен, сутегі элементінің үш, оттегі элементінің де үш изотопы бар. Осыған орай олар түзетін химиялық қосылыс - судың ең жеңіл молекуласының массасы 18-ге, ең ауыр молеқуласының массасы 24-қе тең, бүл екі аралықта ондаған эр түрлі массасы бар су молекулалары қездеседі. Мұның ѳзі оқушылардың зат туралы білімінің шегін қеңейтеді. «Физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайтын» эмпирикалық түсінік «зат дегеніміз ѳзіндік массасы, физикалық және химиялық қасиеттері бар элементар бѳлшектердеи тұратын материяның нақтылы бір түрі» делінетін философиялық ұгым деңгейіне қѳтеріледі. Жалпы химияда элеқтронмен байланысты кѳзқарасты тереңдетуге жэне қорытуға айрықша назар аударылады. Ѳйткені периодтылықтың мэні, валенттіліктің, химиялық байланыстың, молекуладағы атомдардың ѳзара эсерінің табиғаты, тотығу-тотықсыздану процестері, заттардың қасиеттері мен молекула құрылысы арасындағы тәуелділіқ электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.
24-кесте. Химияда жиі кездесетін элементар бѳлшектер
Бѳлшектің
|
Массасы
|
Заряды
|
Таңбасы
|
Саны
|
аты
|
1,0078
|
|
Р, Н+
|
Реттік нѳмірге (z) тең
|
Протон
|
+1
|
Нейтрон
|
1,0090
|
0
|
п
|
А - Z-ке тең
|
Электрон
|
0,00054
|
-1
|
ё
|
Протон санына тең
|
Оқушылардың «электрон бұлты», «орбиталь», «энергетикалық деңгейлер», s - , р-, d -электрондар және соларға сэйкес деңгейшелер туралы ұғымдары нақтыланады, жаңадан /-электрондар және /-деңгейшесінің толуы, осыған орай лантаноидтар мен актиноидтар жѳнінде ұғым беріледі. Актиноидтар мен лантаноидтарда сырттан санағанда үшінші деңгейдің /деңгейш есі 14 электронмен толады. Сыртқы екі деңгейдегі электрон сандары бірдей бол ғандықтан бұл
329
элементтердің химиялық қасиеттері ѳте ұқсас болып келеді, оларды химиялық жағынан бір-бірінен ажырату қиын.
Электрондық теория түрғысынан атомдардың валенттік мүмкіндігі талданады. Валенттіліктің эмпирикалык түсінігіне едэуір ѳзгеріс енгізіліп, кейбір элементтердің периодтық жүйедегі заңдылықтан ауытқуларының себебі түсіндіріледі. Азот, оттек жэне фтор периодтық жүйедегі орнына сәйкес валенттілік кѳрсетпейді. Мүны түсіндіру үшін атомның қалыпты жэне қозған күйі, бос орбитальдар, бѳліске түспеген электрон жүптары жэне олардың химиялық байланыстар түзуге қатысуы туралы үғым беріледі. Азотты жэне фосфорды, оттегін жэне күкіртті, фторды жэне хлорды мысалға алып, атомдардың валенттілік мүмкіндіктері талқыланады. Стехиометриялық, координациялық жэне химиялық байланыстың саны бойынша анықталатын валенттіліктер болатыны нақтыланады. Қорытындылау нэтижесінде эр элемент атомының ѳзіне тэн электрондық қүрылымы болатыны, соған сәйкес валенттілік кѳрсетіп, химиялық байланыстар түзетіні оқушыларға белгілі болды. Оқушылардың тағы бір түйіндейтіні эр түрлі химиялық байланыстарды түзуге электрон бүлттары және орбитальдары қатысады, олардың езара эсерлесуінің кеңістіктегі сипатына қарай сигма жэне пм-байланыстар түзіледі. Бүл айтылғандар органикалық химияның негізін шолып қайталағанда электрон тығыздығының таралуы туралы кѳзқарастармен толықтырылады. Мүғалімнің есінде үстайтыны электрондық теория кең үғым, оған «Атом және молекула қүрылысының теориялары», «Химиялық байланыс теориясы», «Валенттілік теориясы», «Заттың қатты күйінің теориясы» кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |