\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев



бет59/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162
Нұғманұлы учебник

Сабақта окушылардың белсенділігін арттыру. Химия

сабақтары баяндаудың хабарлама, кѳрнекті корсету, безендіру эдістерімен ѳткізілгенде, зертханалық жэне сарамандық тэжірибелер нақтылы нұсқаулар бойынша жасалғанда, химиялық есептер бірыңғай жаттанды тэсілмен шығарылғанда, жаттығулар білімді қайта жаңғырту мақсатымен жүргізілгенде оқушылардың еліктеу - қайталау таным эрекеті жүзеге асады.


Эксперимент есептерін шығарғанда, қойылган мэселені шешу жолдарын іздегенде оқушының дербестігі артып, іздеу, таным эрекеті





138

жүзеге асады. Мэселені ѳзі қойып, оны шешудің жаңа жолын ойластыру, оқушының танымы зертеу сипатына ие болады. Бүл-оқушы корсетуі ықтимал белсенділіктің ең жоғары сатысы.

Еліктеу -қайталау, іздеу жэне зерттеу сабақ үстінде оқушылар жүзеге асыратын таным эрекетінің үш әрекетінің үш деңгейі. Осылардың соңғы екеуін қамтамасыз ету үшін хабарлама баяндаудың орнына мәселелік дэріс, эвристикалық эңгімелесу, зертеу сипаты бар зертханалық және сарамандық жүмыстар жүргізіледі.


Түйінді мәселелік эдістерді қолданудың негізі - мәселелік жагдай тудыру. Химияны оқыту барысында мәселелік жагдай тудырудың мынадай түрлерін атап отуге болады: заттар мен қүбылыстардың байланысы туралы оқушылар жорамал жасайды жэне тэжірибе жүзінде тексереді; тэжірибеде байқалған қүбылысты оздеріне белгілі теориялар түрғысынан оқушылар түсіндіре алмайды, сан есептерінде жасырын немесе артық мэліметтер беріледі; эксперимент есептерінің мазмүнын жэне шығару тэсілдерін талдағанда сондай - ақ жүзеге асырғанда қайшылықтарға кездеседі жэне т.б. Бүл жағдайлардың кейбіреулерін мына мысалдар нақтылай түседі.


1-мысал. 9 - сыньшта элокролиз қүбылысын түсіндіру үшін екі тэжірибе корнекі корсетіледі. Бірінші тәжірибені корсеткенде мыс (II) хлоридінің иондарға ыдырау теңдеуі жазылады, иондардың қозғалу бағыты, катодта жэне анодта жүзеге асатын тотьи-у-тотыксыздану процестері түсіндіріледі, электрондық баланс теңдеуі талқыланады. Нэтижесінде катодта - мыс, анодта хлор болінетіні жонінде қорытынды жасалады.

Екінші тәжірибені - калий иодидінің электролизін корсетуден бүрын оқушыларға мэселе үсынылады. Калий иодидінің электролизі кезінде катодта және анодта қандай заттар болінеді? Оқушылар аналогия бойынша, осының алдында жасалған тэжірибеге сүйеніп, катодта - калий, анодта - иод болінетіні туралы жорамал жасайды. Тэжірибе кезінде катодта газ копіршіктері болінеді, металл ионының зарядсызданғаны байқалмайды, тэжірибе жорамалға қайшы келеді. Бүл қайшылықты түсіндіру үшін мүғалім ерітіндідегі иондардың зарядсыздану реті туралы жаңа теориялық үғым береді. Сызбанүсқаны пайдаланып, ерітіндіде бірнеше катион жүретін болса, олар металдар кернеуінің электрохимиялық қатарына кері бағытта зарядсызданатынын түсіндіреді. Корсетілген тәжірибедегі тотығу-



139

тотықсыздану әрекетін нақтылы түсіндіру үшін калий иодидінің жэне судың иондарға ыдырау теңдеулерін жазады. Катодқа калий жэне сутегі иондары келетінін, алдымен сутегі иондарының зарядсызданатынын атап ѳтеді, тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазып, сутегінің бос күйінде бѳлініп шығатынын корсетеді, ал калий ерітіндіде ион күйінде қалып қоятыны айтылады.

2-мысал. Ацетиленің химиялық қасиеттерін откенде қосып - алу реакциясының активтілігін этиленмен салыстырып, жорамал жасауға тапсырма береді. Оқушылар ацетиленде үш байланыс болатынын ескертіп, қосылу реакциясы этиленге қарағанда оңай жүреді деғен жорамал жасайды. Тэжірибе жорамалға қайшы келеді, этиленмен салыстырғанда бром ацетиленге баяу қосылады. Мүның мэнісін мүғалім ацетиленнің электрондық қүрылысы арқылы түсіндіреді.


Бүл екі мысалда мәселелік жағдай; мэселе бүрынғы жэне жорамал- тэжірибе, қайшылық - жаңа теориялық козқарас сызбанүсқасына сәйкес жүзеге асты. Оқушылар жаңа білімді дайын күйінде, қайшылықты түсіну арқылы ой жүмсап қабылдады.


Оқушылардың белсенділігін арттырудың тағы бір жолы - олардың оздігінен істейтін жүмыстарын тиімді үйымдастыру. Оқушылардың оздігіннен істейтін жүмыстары - мүғалім тікелей қатыспайтын, ^тапсырма беру арқылы орындалатын жүмыстар. Ѳздігінеен істейтін жүмыстардың түрлері коп: оқулықпен, анықтамамен жэне басқа кітаптармен жүмыс: сызбанүсқалар, модельдер жэне тістілер сызу және дайын күйінде берілген қүралдармен жүмыс, жатығулар орындау жэне есептер шығару; бақылау жэне тексеру жүмыстарын орындау; зертханалық және сарамандық тэжірибе жасау, олардың жазба есебін беру; топсеруен материалдарын оңдеу және т.б.


Оздігінен істелетін жүмыстың мэні таным процесінің сипаты арқылы озгешеленеді, оның қүрылымы үш бѳліктен түрады: 1) жүмыстың мақсатын, танымдық міндетін түсіну; 2) Орындайтын тэсілдерін және қүралдарын таңдап алу; 3) жүмысты орындау кезіндегі бақылауды жүзеге асыру.


Оқушылардың оздігінен істейтін жүмыстары эр сабақта, арнайы сабақта, жеке тақырыптар жэне курс бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Осыған орай химияның жеке курстарын откенде оқушылардың оздігінен істейтін жүмыстарының жүйесі анықталған. Олар жаңа материалды қабылдауға дайындау кезінде оқушылардың





140

ѳздігінен істейтін жұмыстары, жаңа материалды оқып үйрену кезіндегі ѳздігінен істейтін жұмыстар, білімді жэне білікті жетілдіру кезінде ѳздігінен істейтін жұмыстар деп жіктеледі. Бұлардың

эрқайсысында орындалатын ѳздігінін істейтін жұмыстар түрлері,


мазмұны, оқушының таным эрекетінің сипаты арқылы ерекшеленеді. Жаңа материалды қажетті білім іздестіру сипаты бар жазбаша бақылау жұмысын орындату, оқулық бойынша сызбанұсқа сыздыру жэне т.б. оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын жүргізу арқылы еске түсіріледі. Мысалы, «Сутегінің металл оксидтерімен эрекетесуін» ѳтуге дайындайтын қысқа мерзімді бақылау жұмысында оқушылардың білім мен біліктері еске түсіріледі: 1) орынбасу реакциясы; 2) оксидтердің құрамы; 3) формуласына қарап оксидті тану; 4) сутегінің оттегімен тотыгу реакциясы жэне оның ѳнімі; 5) жай жэне күрделі заттарды ажырытып тану; 6) “химиялық элемент” жэне «жай зат» ұғымдарының айырмасын білу; 7) химиялық теңдеу құру. Бұл білім мен біліктер сутегінің мыс (II) оксидімен эрекеттесуін


түсіну үшін пайдаланылады.


Әдетс жаңа материалды мұғалімнің ѳзі түсіндіреді, оқушылар тыңдап, қажеттілерін жазып алады. Аса кең таралған осы эдістен ғѳрі оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жаңа білім беру тиімді екенін дэлелдейді. Ол үшін жаңадан оқылатын материалдың бұрын ѳтілген материалдармен қанша байланысы барын ескереді, мұндай байланыстар саны неғұрлым кѳп болса, ѳздігінен істейтін жұмыс соғұрлым жақсы нэтиже береді.


Байланыс саны тым аз болса, ѳздігінен жұмыс ѳткізудің қажеті шамалы. Берілетін тапсырманың түрлері мен мазмұны оқылатын материалдың сипатына байланысты. Химия курсының теориялық тақырыптарын оқып үйренуге берілетін ѳздігінен істейтін жұмыстың


тапсырмалары заттардың қасиеггерімен танысқандағы тапсырмалардан басқаша болып келеді.


“Периодтық заң жэне Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементердің периодтық жүйесі. Атом құрылысы” теориялық тақырыбы бойынша оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарының мақсатары: бейоріаникалық қосылыстарының маңызды кластары ѳкілдерінің қасиеттері құрамына кіретін элементердің табиғатына


тэуелді екенін анықтау; амфотерлі оксидтер қасиеттерінің ерекшелігін корсету жэне осы ұғым туралы білімді бекіту, амфотер оксидтер мен гидроксидтер жонінде білімді бір жүйеге түсіру;



141


инертті газдар, сілтілік металдар, галогендердің табиғи топтары

туралы жаңа білім беру жэне оны бекіту, элементердің салыстырмалы атомдық массасы мен қасиерттерінің арасындағы тэуелділікті ашу; ядро қүрамындағы протандар мен нейтрондар санын анықтау, химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі заңдылықтарды анықтау; кіші период элементтері атомдардың электрондық қүрылысы жонінде білімді бекіту жэне сызбанүсқа түрде бейнелеуге үйрету, кіші жэне үлкен периодтардың үқсастығы мен айырмашылығы білу; бір топта жэне топшада орналасқан химиялық элементтердің үқсастығы мен айырмашылығын білу, элементтің периодтық жүйесіндегі орны мен атомдық қүрылысы арасындағы тэуелділікті білу; периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементті сипаттай білу; “изотоп” жэне “элемент” үғымдарын шектеу, периодтық жүйені игеру, формула бойынша есептер шығару, пайдалана білу; заңның ғылыми маңызын ашу.


Осы мақсаттарғ^ сәйкес үйымдастырылған жаппай, топтық жэне жеке оздігінен істейтін жүмыстар периодтық заңды, периодтық жүйені жэне атом қүрылысын терең игеруге жэрдемдеседі.


Оқушылардың алған білімін жэне білігін жетілдіру үшін


үйымдастыратын оздігінен істейтін жүмыстарда оқушылардың дара


ерекшеліктері ескерілетін қиындығы эр түрлі (салаланган)


тапсырмалар беріледі.


Химия сабақтарында оқушылардың оздігінен істейтін жүмысы





  1. оқыту эдісі ретінде қолданылады. Ол озінен басқа әдістермен тиімді үштастырылса, сабақтың дидактикалық мақсаттарына жетуіне, мазмүнын толық меңгеруге жэрдемдеседі.

Үй тапсырмаларын орындағанда оқушылардың оздігінен істейтін жүмысы оқу жүмысын үйымдастыру формаларына жатады. Мүғалімнің бақылауынсыз орындалатындығынан оның түрлері, мазмүны сабақтағыдан гѳрі ѳзғеше болып келеді, тексерілуі сыныптағы оздігінен істелетін жүмыспен үштастырылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет