\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Тақырыпты оқып, үйренудің эдістемелік тәсілдері



бет87/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   162
Нұғманұлы учебник

Тақырыпты оқып, үйренудің эдістемелік тәсілдері. Қазіргі кезде периодтық заң және атом қүрылысы туралы оқу материальш қарастырудың үш тэсілі қалыптасты.
Бірінші тәсіл химия ғылымының даму жолына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсіндіретін атом қүрылысы туралы мэліметтер анықталды. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын тэжірибелік білімге сүйеніп қорытты, бірақ ішкі мәнісін түсіндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа

деректермен толысатынына кэміл сенді. Сондықтан Д.И.Менделеевтің данышпандыгын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін корсету үшін алдымен периодтық заң жэне периодтық жүйе толық отілді. Содан соң атом қүрылысы қарастырылып, периодтық заң жэне периодтық жүйе электрондық теория түрғысынан қайтадан оқытылды.


Екінші тәсіл - біріншіге керісінше жүзеге асырылады. Алдымен атом қүрылысы туралы оқу материалы отіледі. Соның түрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылады.


Үшінші тәсіл бойынша периодтық заң мен атом қүрылысы бір мезгілде отіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тэсілге негізделген. Периодтық заң жэне атом қүрылысы туралы негізгі мэліметтер 8-сыныпта қарастырылады да 11-сыныптағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.


Оқушылар периодтық заңға дейін химияның алғашқы үғымдарымен танысады. Екі химиялық элементті (оттегін және сутегін), олар түзетін жай жэне күрделі заттарды оқып үйренеді.



196


Бейорганикалық қосылыстардьщ маңызды кластары - оксидтер, қышқылдар, негіздер жэне тұздар жѳнінде едэуір толық ұғым алады. Заттарды жіктеудің негіздерімен танысады. Бұларға қосымша кейбір элементтердің табиғи топтары туралы алғашқы түсініктер, элементтердің қасиеттері салыстырмалы атомдық массалардың ар-туына қарай ѳзғеретіні жѳнінде білім алады. Осының бэрі периодтық заңды саналы қабылдауға негіз болады.

Сонымен, периодтық заң жэне периодтық жүйе туралы материалды ойдағыдай игеру шарттарына мыналар жатады;





        1. Атом, элемент, салыстырмалы атомдық масса, жай жэне күрделі зат, заттардың физикалық жэне химиялық қасиеттері, амфотерлік ұғымдарын жетік білу.

      1. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жѳніндегі білімді тиімді пайдалану.

      2. Тарихи негізді орынды жүзеге асыру.




      1. Оқытудың диалектиқалық сипатын қамтамасыз ету, қайшылық-тарға, оларды шешу жолдарына кѳңіл аудару.




      1. Түйінді мэселелерді оқытуды жүзеге асыру. Периодтық заңның қалай ашылғанына, оны пайдалана білу жақтарына назар аудару.




      1. Оқушылардың ѳздігінен істейтін жұмыстарын жиі жэне тиімді ұйымдастыру: қосымша эдебиеттерді оқуға ұсыну; элементтерге қарточкалар әзірлеу жэне олармен жұмыс; кестелер жэне сызбанұсқалар сызу; тэжірибелер жасау, т.б.




    1. Зерттеу эдістерін жиі қолдану; периодтық заңдылықты қорытып шығару; оқылмаған элементтер мен қосылыстардың қасиеттерін болжау.

Тақырыпты оқып үйренудің жиі қолданылатын жоспары: 1. Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы эрекеттер. 2. Асыл газдардың, сілтілік металдардың жэне галогендердің табиғи топтары.





  1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, элементтің реттік нѳмірі жэне ядро заряды. 4. Атом ядроларының құрамы. Изотоптар. 5. Атомдардың электрондық конфигурациясы. 6. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі жэне оның құрылымы. 7. Периодтық заңның маңызы. Д.И.Менделеевтің ѳмірі мен еңбектері. 8. Қайталау жэне қорыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет