\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев



бет92/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162
Нұғманұлы учебник

208

Химиялық байланыс жэне зат құрылымы теориялары


/пұргысынан оқушылардың периодтық заң туралы білімін қорыту. Периодтық заң химиялық элементтердің, олардан түзілетін жай жэне күрделі заттар қасиеттерінің ѳзгеру заңдылықтарын түсіндіреді. Әдетте, атом құрылысы, молекула құрылысы, зат құрылысы ұғымдарының арасына айқьш шек қойылмай жалпылама айтылатындықтан, бұл саладағы оқушылардың білімі кѳмескі болып келеді. Элемент атомының қасиетін сол күйінде қосылысына апарып таңады. Мэселен, галоғенсутек қышқылдардың қайсысы күшті деген сұраққа оқушылар, кѳбінесе, фторсутек қышқылының күші басым деген жауап қайтарады. Мұның мэнісін анықтай келгенде фтор ең активті галоген, сондықтан оның қышқылы да күшті деп теріс түсіндіреді, молекулаларының арасында химиялық байланыс барын ескермейді. Қосылыстағы атомның қасиетін жеке күйіндегі атомның қасиетіне сайдырады.

Атом химиялық бѳлінбейтін бѳлшек, оның химиялық реакциялар кезінде сақталатыны жѳніндегі түсінік химияның алғашқы тақырыбында қалыптасады. Осыдан оқушыда химиялық эрекеттесуде атом ѳзгермейді деген ұғым тумауы керек. Атом ѳзгереді, бірақ ол ѳзгеріс атомның ядросын қамтымайды, электрондар арқылы жүзеге асады. Электрондар атомдарды біріктіретін химиялық байланыстар түзеді, соның нэтижесінде молекула немесе молекуласыз құрылысты қосылыстар түзіледі.


Химиялық байланыстарды түзуге атомдардың қай электрондары қатысады? Мұны молекулалық орбитальдар жэне валенттік байланыс теориялары тусіндіреді. Молекулалық орбитальдар теориясы бойынша химиялық байланыстарды түзуге атомның энергетикалық деңгейлеріндегі барлық электрондар қатысады, атомдық орбитальдардан молекулалық орбитальдар пайда болады. Бұл теория мектеп курсында қарастырылмайды. Орта мектепте оқылатын валенттік байланыс теориясы химиялық байланыстарды түзуге атомның сыртқы деңгейлерінде орналасқан валенттік электрондары гана қатысады деп есептейді. Байланыс түзген атомның қасиеттері бос күйіндегі атомнан басқаша болып келеді, ѳйткені электрон бұлттарының пішіні, кеңістікте орналасуы, тығыздығы, т.б. ѳзғереді.


Молекула жэне кристалл атомдардың жай жиынтығы емес, жаңа Қасиетке ие болған тузілістер. Олар атомдарда электрондар алмасуы немесе ортақтасуы арқылы пайда болады. Молекула немесе





209

кристалдар тұзілгенде энергия бѳлінеді, оны қосылыстың түзілу жылуы деп атайды. Қосылысты қайтадан атомдарға ыдырату үшін түзілу жылуындай энергия жүмсалады, ол байланыс энергиясы делінеді.

Айтылғандар түрғысынан молекуланың, жай және күрделі заттар қасиеттерінің ѳзгеру заңдылықтары қарастырылады.


Екінші период элементтері түзетін молекулалардың байланыс энергиясы кДж/моль деп беріледі.


Берилий жэне неон молекула түзбейді. Бу күйінде литий, бор, коміртегі молекулалары атомдарының арасында - бір, оттегінде - екі, фторда бір байланысы болады. Соған сэйкес байланыс энергиясы азотқа дейін артады да, оттегінен бастап кемиді. Байланыс энергиясының шамасы үлкен молекулалары түрақты: химиялық реакцияларға баяу кіріседі.


Молекуланың қасиетіне атомдағы бос энергетикалық деңгейшелер эсерін тигізеді. Периодтық жүйедегі заңдылықтарға қарағанда фтор молекуласындағы байланыс энергиясы хлор молекуласындағьщан үлкен жэне қыздыруға түракты деп күтуге болар еді, бірақіс жүзінде басқаша, фтор молекуласындағы байланыс энергиясы 159 кДж/моль, хлорда - 243 кДж/моль. Бүл хлор атомында бос түрған р-орбитальдар болуымен түсіндіріледі. Сынар элект­ рондар түзілетін бір ковалентті байланыстан басқа р-орбитальдар арқылы екі қосымша байланыс түзіліп, хлор молекуласы түрақтаиады, байланыс энергиясы артады.


Алтыншы және бесінші негізгі топтардың элементтерін мысалға алып жай заттарының физикалық қасиеттері қүрылымына жэне молекулалық мас-саларына тәуелді екені түсіндіріледі.


Бүл мэліметтерден атомның ядро заряды ѳскенде радиусының артатыны, соған сәйкес жай заттарының агрегаттық күйінің газдан қаттыга дейін ѳзгеретіні кѳрінеді. Бүл ѳзгеріс галогендерде баяу, оттек топшасының элементтерінде секірмелі жүзеге асады. Мүның мэнісі атом радиустарының артуына байланысты молекуланың электрон бүлттары сиреп, ығысуға бейім келеді де, ол полюстенеді, молекулалар арасында тартылыс күші пайда болады. Галогендерде молекуланың мѳлшері үлкейгенде олар түзетін молекулалық кристалл торларының түрақтылығы артады, сондықтан иод - қатты, бром сүйық күйде кездеседі. Оттек топшасының элементтерінде



210

оттегі мен күкіртте молекулалық тор, селен мен теллурда атомдық тор, полонийда металдық кристалдық торы бар, физикалық касиеттері де соларга сэйкес ѳзгереді. Сонымен, затгың агрегаттық күйіоның қүрылымына тэуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет