\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Валенттілік үғымының қалыптасуы және дамуы



бет95/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162
Нұғманұлы учебник

220

Валенттілік үғымының қалыптасуы және дамуы. Валенттілік ұгымы химия ғылымының дамуында маңызды роль атқарады, ал атом-молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент жэне еселік қатынас заңдарын түсінуғе жэрдемін тигізеді. Химиялық тектестіқтің мэнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық қүрылыс теориясы жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тиғізді.

Химия ғылымы тарихында валенттілік үғымы дамуының тѳрт кезеңі атап отіледі; 1) үғымның шығу жэне қалыптасу кезеңі (1850-1850), 2) қүрылымдық теория кезеңі (1861-1895); 3) координациялық теория жэне үлес валенттілік кезеңі; 4) электрондық теория кезеңі. Бүл кезеңцер химияны оқыту барысында белгілі дэрежеде қайталанады.


Валенттілік үғымы оқушыларға химиялық тілді саналы меңгеруге, химиялық реакциялардың нэтижесінде шығатын күрделі заттардың қүрамын болжай білуге комектеседі.


Валенттілік мектептегі химия курсында 1958 жылға дейін 7-сыныптағы «Сутегі. Су» тақырыбында оқытылып келді. Алдыңғы үш тақырыпта кездесетін химиялық формулаларды оқушылар жаттап алуға мэжбүр болды. Сондықтан валенттілік үғымын ертерек пайдалану үшін алдымен «Оттегі. Оксидтер», содан соң «Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбына ауыстырылды.

Валенттілікті бірден электрондық теория түрғысынан оқыту туралы үсыныстар жиі кездесіп жүрді, бүл мэселе Н.С.Ахметов, Л.М.Кузнецова оқулығында жүзеге асты.


Мектеп сарамандығында қолданылған жэне қазір пайдаланылатын химия бағдарламалары мен оқулықтарында алдымен валенттіліктің эмпирикалық түсінігі беріледі, содан соң электрондық табиғаты түсіндіріледі.


«Химиялық алғашқы үғымдар» тақырыбында валенттілікпен таныстыру үшін екі сабақ откізіледі. Бүған дейінгі сабақтарда оқушылар атом, химиялық элемент, химиялық элементтің таңбалары, қүрам түрақтылық заңы жэне химиялық формула үғымдарымен танысады. Осылардың ішінен жаңа материалды саналы түсінуге қажетті тірек білімді еске түсірген соң мүғалім оқушыларға


химиялық таңбалары таныс элементтердің сутегімен



221

қосылыстарының формулаларын тақтага жазып, сапалық және сандық құрамын анықтауға тапсырма береді:

HCI Н2О NHj СН4


Оқушылар хлор сутегінің бір атомын, оттегі екі атомын, азот үш атомын, коміртегі торт атомын қосып алганы жонінде қорытынды жасайды. Осы қорытындыға сүйеніп, валенттілікке бір элемент атомының басқа элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті деген анықтама беріледі. Валенттілік терминінің магынасы, химиялық формула бойынша элемент атомының валенттілігін анықтау ережесі түсіндіріледі. Валенция - латын сѳзі, қазақша күш деген магынаны білдіреді. Мүны нақтылай түсу үшін қарастырылған сутекті қосылыстардың шарстерженді модельдері корсетіледі.


Н Н

НС1 Н-О-Н H-N-H н-с-н

н


Эр стержень, формуладагы сызықша атомының валенттілігін белгілейді.
16-кесте. Кейбір элемент атомдарының қосылыстарындагы валенттілігі



Валенттілік

Металдар

Бейметалдар

шамасы







Бір валентті

Na, К, Ag, Си

H, Cl

Екі валентті

Mg, Са, Ва, Си, Hg, Ғе, Zn, Sn

o , s

Үш валентті

Pb, Al, Cr, Fe

N

Торт валентті




C, S, Si

Бес валентті




N ,P

Ллты валентті




S

Элементтің атом саны мен валенттілігінің кѳбейтіндісі валенттілік бірлігінің жалпы саны деп аталады. Қосылыстағы бір элемент валенттілік бірлігінің жалпы саны екінші элемент



222

валенттілігі бірлігінің жалпы санына тең болады, мысалы метандағы сутегінің тѳрт атомында 4-1=4 бірлік бар.

Элементтердің валенттілігін сутегі, оттегі немесе валенттілігі белгілі басқа элемент бойынша табады. Осыдан кейін химиялық формула бойынша валенттілік табуға жаттығулар орындалады. Анықтама ретінде пайдалану үшін келесі сабақтарда кездесетін химиялық элементтердің валенттіліктерін кесте түрінде береді. Кейбір элементтердің валенттіліктері тұрақты, басқаларының валенттіліктері ауыспалы болатынына назар аударылады.


Кестені пайдаланып, химиялық формулалар құруға жаттығулар жүргізіледі, формула құрудың алгоритмі түсіндіріледі:





1) химиялық таңбалар жазу

NaO

MgO

AlO






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет