Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет56/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ж. Т. Дәулетбекова
п. ғ. д., профессор
Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕР ЖАСАУДЫҢ 
ТАЛАПТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
In the article the innovative new directions and its opportunities are discussed. Today, the 
formation of a multilingual person is important to note the dominant role of the Kazakh language
especially in the system of continuous education of the Republic of Kazakhstan. The main trend will 
be based on the principle that new innovations should not be contrary to the development of the 
country’s national traditions and foundations.
Жаһандану жағдайында ұлттың тәуелсіздігі мен рухани құндылықтарын сақтаудың 
тетігі – тіл. Тіл адамзаттың табиғи болмысымен бірге жаратылған күрделі құбылыс болған-
дықтан, әр ұлттың дүниені қабылдау, тану, талдау, бейнелеу көрсеткіші болып саналады. 
Әр ұлттың өз рухани болмысы, өмір сүру салты, жан дүниесі, тарихы мен тегі тіл арқылы 
жалғасын табады. Осы қасиеттер тілдің ұлт тағдырындағы орнын айқындайды. Сондықтан 
тілді таныту мен меңгертудің заманға сай жетілдірілуі ұлт тағдырының шешілуіне, ұрпақтың 
рухани салауатты болуына кепілдік береді.
Бәсекелестік өмір салтына енген бүгінгі ғаламдану үдерісінде «Мәңгілік елдің мәңгілік 
тілін» сақтау мен «Ұлы Далаға» иелік ету мәселесінің шешімі жас буынның өз тіліне деген 
қатынасына тікелей тәуелді. Сондықтан көптілді меңгерген тұлға қалыптастыруда қазақ 
тілінің доминанттық рөлін күшейту талабы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру 
жүйесінде бұл пәннің оқытылуында инновациялық серпілістер жасауды қажет етіп отыр. 


64 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
Өкінішке орай, қазіргі таңда инновациялық серпіліс жасау ұғымын басқаша түсіну етек 
алып тұр. Бүгінгі өркениетті елдердің білім саласын дамытудағы басты тенденциясы – ин-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет