| 85
Қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқытуда халықаралық стандартқа, фонетико-
интонациялық, лексико-семантикалық және грамматикалық деңгейдегі оқу материалдарына
сүйене отырып, сонымен қатар когнитивті-коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда
мо-
дульдік технологияны, проблемдік оқыту, ситуациялық-рөлдік ойындар және т. б. әдістерді
қолдану, оқытудың техникалық құралдарын, аудио және компьютерлік бағдарламаларды
пайдалану
арқылы төмендегі бөлімдердің тиімділігін дәлелдеу көзделеді:
• Ұсынылып отырған жалпы әмбебап-семантикалық ұғымдарға, мәселен, тіршілік,
болмыс, болу, кеңістік, уақыт, қимыл-қозғалыс, процесс, сан-мөлшер, т. б. негізделген
қазақ тілінің лексикалық қорын көбейту;
• Қазақ тілін оқыту үрдісінде қолданылатын этномәдени оқу материалдарын жүйелі
түрде түсіндіру;
• Көптілді және мультимәдени тұлғаны қалыптастыру үрдісін белсенділендіру;
• Азаматтық пен патриотизмге және ұлттық салт-дәстүрімізге қатысты өмірлік құнды-
лықтардың
позитивті өзгеруіне ықпал ету;
• Оқулық пен басқа да көркем мәтінді оқуда мәнерлеп оқу іскерлігін қалыптастыру;
• Көптілді біліктіліктің жоғары когнитивті-коммуникативтік
деңгейіне қол жеткізу;
• Ұсынылған оқу материалының лексикалық және грамматикалық қорын меңгеру;
• Дыбыстау-интонациялық деңгейде мүмкін болатын интерференцияны жою.
Оқушылардың жаңа сабақты тыңдау мен есту сияқты қабылдау жолдарымен қатар си-
пап сезу, моторика сияқты жолдары арқылы өткізілген сабақ адамның есте сақтау қабілетін
дамытады (восприятие пятью каналами).
Сабақта қолдануға тиімді сабақтардың тәсілдердің бірі – релаксация сабақтары.
Тұтас ойлау қабілетін қалыптастыруда, тіл үйретуде жалпы жаратылыс заңдылықтарына
сүйену, тыңдаушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру
өте маңызды. Ол үшін адамның
денсаулығын сақтандыра отырып, білім беру
технологиясының (Н. В. Маслова. «Ноосфералық
білім беру») релаксация әдісін қолдану тиімді деп санаймыз.
86 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР
Достарыңызбен бөлісу: