Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет24/113
Дата21.11.2022
өлшемі2.89 Mb.
#465332
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113
Симпиозум материалдары, тіл туралы мақалалар.

Ермекова Жанат
«Медициналық – техникалық колледж» ЖШС
БИ-ШЕШЕНДЕР МҰРАСЫНДАҒЫ 
АР – НАМЫС МӘСЕЛЕСІ, ОТАНШЫЛДЫҚ ТӘРБИЕ
In the article talked about education of present generation, to put in the example (personages) 
of heroes of Kazakh literature- to develop mental flairs, to fasten education of future generation. 
However, we can not forget a language, poetic art of ancestors. To bring up children and develop 
their knowledge of a language is the main purpose and idea of the article.
Әрбір Ұлы дала азаматы жеті атасын білетін, елінің басына күн туса, елін, жерін ақ білектің 
күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғайтын, «сегіз қырлы, бір сырлы» болған.
Халқымыздың басқа құндылықтары сияқты «патриоттық сана- сезімнің қалыптасуы» 
мен «отаншылдыққа тәрбиелеуді» халқымыздың фольклор секілді асыл мұрасынан да кез-
дестіруге болады. Фольклор – халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Фолькордың бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ 
ауыз әдебиетінің шешендік ерекшеліктердің көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. Бұл 
жанрды оқи отырып, қазақ деген халықтың тілінің, сөздік қорының жетілгенін байқаймыз. 
Сөз қадірі арқылы өз қадірін өлшеген қазақ елі өзін бүкіл табиғат әлемінің құрамдас бөлігі 
ретінде мойындап, ел арасындағы бірлік пен татулық-әлемдік үйлесімдек қызметін атқарған.
Отан, ел-жұрт алдындағы парыз бен борышты атқаруға мұрындық болатын халықтың 
рухани құндылықтарының бірі ар-намысы және тілдік қорының жетілгені. Осы турғыдан 
алғанда ар-намыс халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік – психологиялық ерекшелік 
болмысы және ол адамзаттың отаншылдық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Міне, осы ар-на-
мысқа негізделген, патриоттық сана-сезімнің тууына түрткі болатын жолдарды би-шешендер 
сұрасынан кездестіруге болады. Мәселен, ел намысын қорғауға арналған даулардың бірінде 
Қазбектің қалмақ қонтайшысына айтқаны:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,


| 29
Найзаға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпанғабасындырмаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Тіл мәселесіне келсек, өткір тілді өр мінезі қазақ халқы осындай дау шешкенде шешендік 
өнерді кеңінен қолдана білген. Таза және мөлдір әдеби тілін қазіргі ұрпаққада, мәңгілік тіл 
ретінде қалдыра білді.
Шешендік толғаулары жігітің елдің ар-намысын бәрінде биікке қойып, туғып желбіретіп 
қасық қаны қалғанша жауға қайыспай қарсы шығуға шақырады.
Май шайнаған билердің,
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның,
Елге мұқтаж күні бар,
- деп елден безу, Отанын сату – бұл ең ақырғы адамның ісі екенін, ондай сатқынның ба-
сына ертелі-кеш күн туса, туған жер топырағы өз қасиетін көрсететіні ескертеді.
Қорыта айтқанда елін, жерін қорғап қана қоймай тілінде қорғаштаған өр тұлғалы, отаны 
үшін отқа тіскен «Қазақ» дейтін ұлт тәрбиелейік ағайын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет