Қ.Қ. Қайырбекова, Ф. К. Копобаев, А. А. Көшкінбаев Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы


Иықтың ортаңғы үштен бөлігіне ампутация жасау



бет3/6
Дата03.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#173687
1   2   3   4   5   6

Иықтың ортаңғы үштен бөлігіне ампутация жасау


Терінің жиырылуы бүгілетін бетінде 3 см, ал жазылатын бетінде 1 см-ге тең. Осы деңгейде иық артериясын, аа. profunda brachii, collateralis ulnaris superior-ді байлайды және ортаңғы, шынтақ, кәрі жілік, тері-бұлшық ет жүйкелерін және nn. cutaneiantibrachii medialis және lateralis-терді жоғарырақтан кеседі.

Иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне ампутация жасау


Тренделенбургты әдісі бойынша немесе Кепплер бойынша жгут салады немесе қан ақпас үшін, ірі тамыр бағаналарын байлап тастайды. Иықтың жоғарғы үштен бір бөлгінде кесінділі Фарабеф әдісімен, алдыңғы-сыртқы үлкен кесіндісін кесіп ампутация жасайды. Тілікті sulcus deltoideopectoralis бойымен м. pectoralis majoris-тің төменгі жиегіне дейін /оның бекітілген жерінен кеседі/ жүргізеді. Осы кезде иық артериясы мен венасын байлау керек. Сосын жартылай шеңберлі тілікпен м. deltoidei-нің алдыңғы, төменгі және артқы бойымен тіледі. Бұлшық етті сүйектен бөліп алып, барлық тері-бұлшық ет кесіндісін жоғары қайырады. Бұл кезде m. deltoideus-ті жүйкелендіретін n. axillaris-ті бүтін сақтау керек. Толық және жартылай mm. latissimi dorsi мен teretis majoris-тің сіңірлерін ішкі-сыртқы жағынан тіліп, көлденең тілікпен алдыңғы-сыртқы жартылай шеңбердің жоғарғы нүктесімен қосады.

Келесі кезеңдерде жұмсақ ұлпаларды сүйекке дейін, сүйек қабығын кесіп, осы сыдырып, сүйекті кеседі. Бұдан кейін жараны тазалап, теріге және бұлшық еттерге тігіс салып, дренаж қояды.


Иық белдеуін қолмен бірге алып тастау

Бұл операция кезінде қолды жауырын мен бұғананың жартысымен қосып алып тастайды. Көрсеткіштері қатерлі ісік /саркома/ болып табылады. Операция көп зақым келтіреді. Асқынулары қанның көп ағуы, шок, ауа эмболиясы. Ісік кезінде негізгі тамырлармен бірге қосымша көптеген тамырлар болады.



Берже әдісі. Науқасты арқасымен, иығын үстелдің жиегіне қойып жатқызады, жауырын астына жастықша қояды. Тілікті бұғананың кеуделік жиегәнен екі елі сыртқары басталып және бұғана бойымен, оның акромиалды соңына дейін кеседі. Одан распатормен бүйрек қабығын сыдырады. Оның ішкі және ортаңғы бөліктерінің арасынан Жигли арасымен аралайды. Ілмекпен араланған ұшының сыртқы ұшын ұстап, бұғананы сыртқа қайырып және ортаңғы-сыртқы 3/1 бөлігінен аралайды. M. subclavius және fascis coracoclaviocostalis-ті кеседі. V және a. subclaviae a. transversa colli және transversa scapulae-ларды лигатурамен байлайды, сосын кеседі. Бірінші тіліктің ортасынан екінші тілікті үлкен бұлшық етінің сыртқы жиегінен сыртқары төмен қарай жүргізеді, осы жерден қолтық асты ойысына көлденең арқаның жалпақ бұлшық етінің төменгі жиегінен mm. pectoralis major minor-ді кеседі. Иық өрімінің жүйкелерін іздеп тауып кеседі. Кеуденің бүйір қабырғасының ұлпаларын ажыратып, а. thoracalis lateralis-тің іздеп тауып кеседі. Жауырынның төменгі бұрышын босату үшін m. latissimi dorsi-дің төменгі жиегін кеседі. Науқасты бүйірінен аударып артқы-жоғарғы кесіндіні кеседі. Бұл үшін кесіндіні бұғананың акромиальды шетінен бастап, жауырынның омыртқа шетімен немесе оның сыртымен, тканьге байланысты жауырынның үстімен, төменгі бұрышына келеді. Spinnae scapulae-нің үстіндегі теріні ажыратып m. trapesius-ті кесіп, а. transversa scapulae-нің тармақтарын іздеп тауып кеседі. Одан әрі жауырынның жоғарғы және ішкі жағындағы барлық бұлшық еттерді кесіп және жауырынды қолдан бөліп алып тастайды. Сызықты тігісті қиғаш жоғарыдан төменге бағыттайды.
Аяқтың топографиялық анатомияссы

Аяқ келесі аймақтарға бөлінеді:

1. Regio glutae,

2. Regio femoralis (anterior, posterior)

3. Regio genu (anterior, posterior)

4. Regio cruris (anterior, posterior)

5. Тізе-аяқ басы аймағының буыны,

6. Regio pedis dorsalis

7. Regio pedis planioris
Бөксе аймағы

Шекарасы: жоғарыдан-crista iliaca, төменнен қатпары-plica nasium, s. glutea, ішкі жағынан-сегізкөз және құйымшақ, сыртқы жағынан-spina iliaca anterior superior-ден m. tensoris fasciae latae-ның алдыңғы жиегіне жүргізілген сызық

Бөксе аймағының сүйектік ннеігізіне жамбас сүйектері және байламдары, сан /ортан/ сүйегі және жамбас-сан қуысы кіреді.

Қабаттары:



  1. Бөксе аймағының терісі қалың және онда көптеген бездер болады. Дәнекер ұлпаны бөлгіштер астында жатқан шандырлармен байланыстырады.

  2. Тері асты клетчаткасы қалың, оның ортасынан өтетін fascia superficialis клетчатканы екі қабатқа бөледі, беткі және терең. Терең шандыр белдің клетчаткасына және бөксе аймағының жоғарғы бөлімінде massa adiposa lumboglutealis деп аталады. Клетчаткада жіңішке веналар, бөксе артериялары және беткі жүйкелер орналасқан. Nn. Clunium superiores, medii және interiores

  3. Меншікті шандыр fascia gluta (aponeurosis sacroiliaca)- тығыз жапырақша, сіңірлі талшықтардан тұрады. Ол үстінгі жағынан белдің меншікті шандырына /fascia lumbodorsalis/, ал төменнен-саннң жалпақ шандрына – fascia lata-ға өтеді. Үлкен бөксе бұлшық етіне қынап түзеді, оның беткі жапырақшасын –бұлшық еттің артқы бетін, ал терең жапырақшасы алдыңғы бетін жауып футляр түзеді. m. glutei maxini-дан проксимальды жоғарғы жиегінде екі жапырақша қосылып, бір жапырақшаға айналады, crista lilaca-ға бекітіледі.

  4. Бұлшық еттер. Үш қабатқа бөлінеді: беткі, ортаңғы, терең. Беткі қабаты үлкен бөксе бұлшық етінен тұрады, оның астында trochater major аймағында шырышты қалта –bursa trochanterica орналасады. Ортаңғы қабаты m. glutaneus medius, m. pirformis, m. obturator internus, mm. gemelli et m. guadratus femoris құрайды. Терең қабаты екі бұлшық еттен: жоғарыда-m. gluteus minimis және төменде – m. obturator externus-тен құралған. Үлкен ұршықпен m. glutei minimi-дің сіңірінің арасында bursa trochanterica орналасқан. M. gluteus maximus астында дәнекер ұлпалы кеңістік орналасқан. Кеңістікте жатқан клетчатка foramen supra және infraperforme арқылы жамбас клетчаткасымен, кіші отрықшы сүйектің тесігі арқылы санның артында жатқан бұлшық ет аралық кеңістікпен байланысады. Ортаңғы бөксе бұлшық еті астында жабық кеңістік бар, ол борпылдақ дәнекер ұлпамен толтырылған. Егер осы кеңістікке ірің толса, көп уақыт осында қалып қояды.

  5. Тамырлар және жүйкелер. Жамбас қуысынан for. supraperiforme арқылы a. glutea superior және n. gluteus superior шығады. Жамбас қуысына v. glutea superior және vasa lumphatica енеді. Осында nodi lumphatici енеді. Осында nodi lumphatici glutei superioris орналасқан. Жамбас қуысынан for. Infrapiriforme арқылы a. glutea interior, a. pudenda interna, n. ischiadicus, n. cutaneus n. gluteus және n. pudendus шығады. Жамбас қуысынан for. Infrapiriforme арқылы a. glutea inferior, a. pudenda interna, n. ishiadicus, n. cutaneus, n. gluteus және n. pudendus шығады. Жамбасқа v. glutea inf. және vasa lymphstica енеді. Тесіктің өзінде nodi lymphstici glutei interiores a. glutea superior жатады /a. hypogastricae тармағы/ бөксе аймағында өзінің соңғы тармақтарын береді. Майда веналардан v. glutea superior /біреу немесе екеу/ түзіледі. N. gluteus superior артериядан біршама төмен бөксе ауданына енеді, m. gluteus medius және minimis-ті жүйкелемейді. А. gluteus interior-тің астында а. м. gluteus max. отырықшы жүйкеден төмен жатады. Оның сыртында a. pudenda interna өтеді. А. ishiacolica, a. glutea in-дің тармағы, ол отырықшы жүйкемен бірге жүреді. Оның соңғы тармақтары а.а. femoralis-тің тармақтарымен анастомоз жасайды /а. circumflexa femoris lateralis aa. perforantes a. profunda femoria/. V. glutea inferior өзінің тармақтарымен m. gluteus maximus-тің астында жатады. Олардың өзектері for. Infrapiriformis-тің аймағында жатады. N. ischiadicus сегізкөз өрімінен шығады, ал бөксе аймағында m. gluteus maximus-тің астында жатады. Үлкен бөксе бұлшық етінің төменгі жиегінде fascia lata-ның астында жатады. v. gluteus inf. Отырықшы сүйек жүйесімен бірге өтеді және үлкен бөксе бұлшық етін жүйкелендіреді. N. gluaneus femoris отырықшы жүйкесінің ішкі жағында жатады. Үлкен бөксе бұлшық етінің төменгі жиегінде nn. clunium inferiores деген тармақ береді. А. pudenda және аттас веналар, жүйкелер spina ischiadicum minus fossa ischiorectalis арқылы f. ischiadicum minus-ға кетеді.


Сан аймағы

Бұл аймақта санның алдыңғы және артқы бөлігіне бөлінеді.



Санның алдыңғы аймағы.

Шекарасы: Жоғарыдан-шап қатпары plica inguinalis, шап байламына сәйкес келеді, сыртқы-spina iliaca anterior superior-ден epicondylus lateralisfemoris-ке жүргізілетін сызық, ішкі жағынан-симфизден epicondylus medialis femoris-ке жүргізілген сызық, төменгі – тізе ұршығынан екі елі жоғары жүргізілген сызық болып табылады. Бұл аймақ келесі бөліктерге бөлінеді: скарповский үш бұрышы, сан өзегі, regio abturatorica, гунтеров өзегінің аймағы.



Скарпов үшбұрышы

Шекарасы: Жоғарыдан –шап байламы, сыртқы жағынан-n. sartotius, ішкі жағынан-m. adductor liongus пен шектелген. Үш бұрыштың биіктігі - /lig. Inguinale-ден m. sartorii-дің mm. adductor liongus пен қиылысқан жеріне дейін/ 15 см тең.



Қабаттары:

  1. Терісі жұқа қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы екі жапырақшадан тұратын fascia superficialis-пен бірге, тері асты клетчаткасы жақсы жетілген, онда беткі тамырлар, жүйкелер және лимфа түйіндері жатады.

  3. Тамырлар және жүйкелер. А. pudenda externa /екеуі/ ерлерде ұманы және әйелдерде үлкен жыныс еріндерін қоректендіреді. А. epigastrica superficialis кейде екеу, ол жоғарыға кіндікке қарай көтеріледі. А. circumflexa ilium superficialis, spina iliaca anteriot superior қарай өтеді. А. femoris-тен шыққан барлық аталған артериялар for. оvalis аймағында аттас веналармен бірге /жиі екеу/ v. femoralis-ке немесе v. saphena magna келіп құяды. Соңғысы /біреу, кейде екеі/ санның ішкі – алдыңғы бетімен беткі шандырдың екі жапырақшасының арасымен клетчатканың ішімен өтіп, v. femoralis-ке келіп құйылады. Пупартов байламының жамылғысы n. lumboinginalis-тің /plexus lumbalis-тең/ тармақтарымен жүйкелендіреді. Сыртқы беті n. cutanei femoris lateralis аймағындағы тері асты клетчаткасына кіретін, одан біршама төмен және оның алдына таман spina iliaca ant. sup. тармақтары қоректендіреді. M. sartorii бағытына сәйкес келетін сызықпен nn. femoralis –пен nn. cutanei anterior шығады.

  4. Лимфалық түйіндер. Бірінші топ пупартов байламына қатар жатады және құрсақтың алдыңғы қабырғасынан, гениталийден, шат аймағынан, бөксе және бел аймағынан лимфаларды қабылдайды. Екінші топ nodi lymphatici subingui a. femoralis-тің жолымен орналасқан және аяқтан лимфаларды қабылдайды. Көптеген лимфалық веналармен бірге жүреді.

  5. Санның меншікті шандыры – fascia lata-тығыз жапырақша, онда көптеген сіңірлі талшықтар жатады. Шандыр санның барлық бұлшық еттерін жауып және сүйектің шығып тұрған жеріне бекітіледі. Скарповский үш бұрышы аймағында шандыр екі жапырақшаға ажырайды: беткі /lamina superficialis fascia late/ және терең /lamina profunda fascia latae/. Бұл аймақтың бұлшық еттерін оқығанда жапырақшалардың сан тамырларына қатынасын және жолдарын білуге болады.

  6. Бұлшық еттер. Бұл жерде екі топ бұлшық еттері бар: беткі және терең. Беткі бұлшық еттер 4 топтан тұрады: m. tensor fascia latae, msartorius, m. adductor longus және m. gracilis. Скраповский үш бұрышының түбін терең бұлшық еттер – m. illiopsoas және m. pectineus құрайды. Бұл екі бұлшық еттің арасында үш бұрыш тәрізді ойыс-fossa iliopectinea пайда болады. Оның ұшы ортан жіліктің кіші ұршығына сәйкес келеді. M. sartorii fascia lata-тің ішкі жиегінде екі жапырақшаға бөлінеді. Терең жапырақшасы – lamina profnnda fasciae lata сан тамырларының астында жатады. m. illiopsoas және m. pectineus-ті жауып, сосын ішкі жағынан алып келуші бұлшық еттерге өтеді. Беткі жапырақшасы - lamina superficialis fasciae lataе м. sartorii-тің ішкі жиегінің ішінен сан тамырларының алдымен өтіп және оның астында processus falicifrprmis ойысы бар, оның жоғарғы және төменгі мүйізшесі /coriusuperius, cornu inferioris/ бар. Жоғарғы мүйізшесі сан тамырларының үстінде пупартов байламына бекітіледі немесе жоғарыға өтіп m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Төменгі мүйізшесі де тамырлардың алдында жатып, m. pectineus-тің үстінде терең жапырақшамен байланысады. Processus falciformis foramen немесе fossa criorosa-ті шектейді және ол ойыс жұқа жарғақпен жабылған – Lig. iliopectineum. Көптеген тесіктерден беткі артериялар, веналар және лимфалық тамырлар өтеді. Сондықтан скарповский үш бұрышында беткі және терең жапырақшалардың арасында сан тамырлары өтетін кеңістік пайда болады.

  7. Лакуна және оның құрылымдары. Пупартов байламының астындағы кеңістікті Lig. iliopectineum екі тесікке бөледі: сыртқысы – lacuna mussulorum және ішкісі- lacuna vesorum. lacuna mussulorum алдыңғы жағынан пупартов байламымен, артынан және сыртынан мықын сүйегі, ішінен Lig. iliopectineum-мен шектелген. Ол арқылы санға /fasciae lata-нің терең жапырақшасының астымен/ m. iliopsoas және n. femoralis шығады. lacuna vоsorum сыртынан Lig. iliopectium, ішінен Lig. lacunare алдынан-пупартов байламымен және артынан-куперов байламымен /Lig. visorum gooperii/ шектеледі. Ол дәнекер тканьді созғыш сүйек қабығымен тығыз байланысып жатады. Тамырлар лакуна арқылы санға /fosciae lata-нің беткі жапрақшасының астымен/ a. femoralis шығады және жамбасқа v. femoralis және лимфалық тамырлар кіреді. Сан тамырлары меншікті дәнекер ұлпалы қынаппен vagine vosorum femoralium қоршаған оның сыртқы жағында lacunae vosorum, ал ішкі жағында артерия сосын вена жатады. lacunae vosorum-ның ішкі жағында сан өзегінің ішкі тесігі Розенмюллеров лимфатикалық түйіндермен толтырылған.

Тамырлар мен жүйкелердің топографиясы. А. femoralis скарповский үш бұрышы аймағында пупартов байламының ортасынан оның ұшына қарай жүргізілетін сызыққа сәйкес келеді. А. fеmoralis-тен көптеген беткі артериялар шығады. А. profunda femoris-тің негізгі бағанасынан пупартов байламының 3-5 см төмен а. fеmoralis шығады және а. circumflexa femoris lateralis және a. circumflexa femoris medialis тармақтарын береді. v. femoralis жұқа қабырғалы тамыр, ол скарповский үш бұрышының жоғарғы бөлігінде артерияның ішкі жағында жатады, оның ұшына таман сан артериясының астына өтіп кетеді.

Trigonum scerge-де v. femoralis беткі артериялармен бірге жүретін веналар және v. scaphena келіп құйылады. Бұл веналар for. Ovalis аймағында lamina cribrosa арқылы өтеді. Сан веналарының клапандары v. saphenae-ның құятын жерінен жоғары немесе вена құйылатын жерде жатады.

Венамен бірге клетчаткада терең лимфалық тамырлар өтеді, олар аяқтың терең қабаттарынан лимфаны қабылдайды, сонымен қатар венаның ішкі жағында терең лимфа түйіндері /nodi lymphatia subinguinalis profunda/ олардың ең ірісі nodus lymphaticus rosenmulleris closuent N. femoralis деп аталады. Скраповский үш бұрышының терең түйіндерінен лимфа жамбас түйіндеріне ағады. Trigoni scrpae бел өрімінің /І-IV/ алдыңғы түбіршектерінен шығады. Trigoni scrpae аймағында жүйке а. fencorolis-тен сыртқары орналасқан және соңғысынан шандырдың терең жапырақшасымен бөлінген. Пупартов байламының астында жүйке бұлшық ет және тері жүйкелеріне бөлінеді.
Сан өзегі

Ішкі тесігі /сақинасы/ алдыңғы жағынан-пупартов байламымен, артынан lig. cooperi, ішкі жағынан – Lig. lacunare және сыртынан сан венасын жауып тұратын шандыр қынабымен шектелген. Сан өзегінің ішкі тесігін борпылдақ клетчаткалар және розенмюллер лимфалық түйіндері толтырылып жатады. Құрсақ қуысын жағынан /ішкі тесігі жағынан/ іш пердесінде кішкене ойыс пайда болады, оны fovea femoralis деп атайды. Transversalis осы тесік аймағында жұқа, серпімді перде /septum femorale/ түзеді, онда скарпов үш бұрышынан тері лимфалық түйіндері жамбасқа өтетін көптеген тесіктер бар. Сан өзегінің сыртқы тесігі /annulus femoralis exter. Foramen ovale/ болып табылады. Осы тесік арқылы сан терісі астына сан жарығынан шығуы мүмкін. Сан өзегінің қабырғалары: алдыңғысы – fasciae latae-ның беткі жапырақшасы /оның мүйізшесі – cornu guperi/ артқысы - fasciae latae-ның терең жапырақшасы /m. pectineus-ні жауып тұрады/, ішкісі – сан венасы және оны жауып тұратын қынап /vagina vasorum/. Сан өзегінің ұзындығы 1-ден 2-3 см-ге дейін болады, ол cornu superius-дің беткі жапырақшасының fasciae latae-ға бекітіледі. Егер жоғарғы мүйізше пупартов байламына және Lig. lacunare бекітілсе онда өзек қысқа, ал егер жоғарғы мүйізше m. pectineus-ның терең жапырақшасына fasciae latae-ның үстінен бекітсе – онда өзек біршама ұзын болады. Сан өзегінің құрылымдары: өзек борпылдақ клетчаткамен, терең лимфалық түйіндермен және лимфалық тамырлармен толтырылған. Сан жарығында жарық қапшығы және оның құрылымдары жатады /шажырқай, ішек ілмектері/. Сан жарығының жалпы, негізгі белгілері пупартов байламы астынан шығу болып табылады, ал шап жарығы байламынан жоғары шығады. Қысылған сан жарығына операция жасағанда, қысатын ішкі сақинаны кескенде, сыртқы жағынан сан венасы, алдынан пупартов байламы және оның үстінде а. epigastrica inferior жататынын ескеру керек. Сондықтан сақинаның ішкі жағын – Lig. lacunare-ны кесуге болады, бұл жерде а. hypogastrica-дан шығатын а. obturatoria 28,5 процент жағдайда а. epigastrica inferior ден шығатынын ескеру керек. Бұл жағдайда сан өзегінің ішкі тесігін мына тамырлар қоршайды. v. femoralis сыртынан, а. epigastricaе алдынан және а. abturatoriea-ішкі жағынан. Тамырлардың бұл қатынасын – corono mortis деп атайды. Бұрынғы кезде қысылып қалған сақинаны аспаптың көмегімен /герниотома/ кескенде, тамырды кесіп кетіп, одан көп қан кетіп адамдар өлетін болған.


Жапқыш өзек

Өзектің және оның құрылымдарының топографиясын білу үшін regionis femoris anterioris-тің жоғарғы бөлігінің алдыңғы –ішкі бөлігінің топографиясына қарау керек. Бұл жердің терісі қозғалғыш, тері асты клетчаткасы ерлерде жақсы жетілген. Тері асты клетчаткасының ішінен fascia superficialis өтеді. Ол екі жапырақшадан тұрады, оның арасында а. және v. pudendae externae жатады /жиі ол екеу болады/. Клетчатканы беткі шандырмен бірге алғанда скарповский үш бұрышының ішкі бөлінген – for. ovale, v. saphena magna-ны және алып кетуші бұлшық ет топтарын, оны жауып тұрған санның жалпақ шандырын көреді. Fascia lata-ның астында m. pectineus, одан да ішкері біршама артында – m. gracilis жатады. Санның барлық алып келуші бұлшық еттері Linea aspera femoris-ке бекітіледі. Canalis obturatorii-дің сыртқы тесігін көру үшін, mm. pectineus- ті, adductor longus-ті кесіп, мм. аdductor brevis-пен adductor magnus-ті ашу керек. Соңғы бұлшық еттерді m. gracilis-пен бірге ішкі жағына ығыстыру керек.

Жапқыш өзекті – жоғарыдан suleus abturatorius /жүлге/-пен ол шат сүйегінің көлденең бөлігінің төменгі бетінен ішке қарай қиғаш бағытталған, төменнен-me,brana obturatoria және жапқыш бұлшық еттермен шектелген.

Бүйір қабырғасы – шат сүйегінің жапқыш жүлгесінің жиегіне бекітілетін /жоғарғы жағына екі жапырақшаға бөлінетін/ жапқыш мембраналардан құралған. Сонымен қатар жапырақшалар жапқыш бұлшық еттерге бекітілген. Canalis abturatorii-дің ұзындығы 2 см-ге тең. Өзектің бағытын шап өзегіне ұқсас қиғаш болады.

Ішккі тесігі – membranae obturatoriae-ның сыртқы жоғарғы бөлігінде орналасқан және оның талшықтарымен құралған, сонымен қатар өзектің құрамына fascia abturatoriae-да кіреді.

Сыртқы тесігі - m. pectineus- тің астында мембрананың жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оны көру үшін, айдаршық тәрізді бұлшық етті кесіп, оны ығыстыру керек. Осы кезде ғана тесікті саусақпен сипап, шығатын тамырларды және жүйкелерді көруге болады.


Жапқыш өзектің құрылымдары

N. obturatorius plexus lumbalis-тен /өзектің сыртқы тесігінде екі тармаққа бөлінеді/ ramus posterior. /алдыңғысы ұзын алып келуші бұлшық етпен және айдаршық тәрізді бұлшық еттің алдымен және қысқа алып келуші бұлшық еттің артымен өтіп, осы бұлшық еттердің және m. gracilis-ті жүйкелендіреді. Артқы тармағы қысқа алып келуші m. adductor magnus бұлшық еттің артында abturatoria –нің үстінде жатады. А. ricae-ның тармағы /28,5 процент шамасында а. epigastricae inferior-ден шығады/, онымен бірге v. abturatoria жүреді. Жапқыш өзекте артерия екі тармаққа –алдыңғы және артқы бөлінеді.


Өзектегі тамыр-жүйке шоғыры элементтерінің топографиясы

Сыртқы жоғарғы жағында n. obturatorius a. obturatora және төменінде V. obturatora жатады. Жапқыш жарығы кезінде өзекте жарық қапшығы және оның құрылымдары жатады.



Гунтеров өзегі аймағы

Гунтеров өзегі санның алдыңғы аймағының төменгі бөлігінде орналасқан.

Қабаттары:


  1. Тері, ішкі жағында жұқа және қозғалғыш, ал сыртқы жағында керсінше.

  2. Тері асты клетчаткасы ішкі жағында қалыңдау. Әйелдерде ерлерге қарағанда клетчатка жақсы дамыған. Беткі шандыр екі жапырақшадан құралған. Терең жапырақшасы санның меншікті шандырында жатады және оның жұқа май қабатымен ажыратылады. Санның алдыңғы ішкі бетінде беткі шандырдың жапырақшаларының арасында magna өтеді. Кейде бағананың көбейгендігі байқалады, бұл кезде санның тері асты клетчаткасында бай, көптеген ілмектермен тор байқалады, оның тармақтары тері асты веналарының бағаналарына құйылады.

  3. Fascia lata тығыз дәнекер тканьді жапырақша, сіңірлі талшықтармен сыртқы жағынан бекітілген. M. tensoris fasciae lata және жартылай m. glutei maximi сіңірлері санның жалпақ шандырымен байланысады. Соның әсерінен ұзынша сіңір мен созылғыш түзіледі . Созылғыш tibiae-ның сыртқы айдаршығына бекітіледі. Fascia lata өсінділер береді. Septum intermissulare laterale санның бүккіш бұлшық еттерін M. vatus lateralis-тен ажыратып тұрады және ол lineae asperae femoris-тің сыртқы ерніне бекітіледі. Septum intermissulare mediale m. vastus medials-ті алып келуші бұлшық еттерден ажыратып тұрады және ол lineae asperae-ның ішкі ерніне бекітіледі. Septum intermissulale posterius-әлсіз алып келуші бұлшық еттерді санды бүгетін бұлшық еттерден бөліп тұрады. Сөйтіп, санда үш бұлшық етті арна түзіледі: алдыңғы жазғыш еттер арнасы алдыңғы-ішкі, алып келуші бұлшық еттер арнасы және артқы-бүккіш бұлшық еттер арнасы. Сонымен қатар Fascia lataе-ның алдында жапырақшалардың арасында тігінші бұлшық етте жатады.

  4. Бұлшық еттер. Беткі және терең қабатқа бөлінеді. Беткі бұлшық еттерге m. sartorius және m. tensor fasciae latae жатады. Терең қабатқа санның төрт басты бұлшық еті /m. rectus femoris, m. vastus medialis, m. vastus lateralis және vastus intermesiali жатады/. Төрт басты бұлшық еттің сіңірлері бірігіп, мықты бір сіңір құрайды. Ол patella-ны орап және tuberositas tibiae-ға бекітіледі. Санның ортаңғы бөлігінде ұзын алып келуші бұлшық ет арасында, оның ішкі жағында және m. vastus medialis-тің басында, сыртқы жағында sulcus femoris anterior жатады, ол fassae iliopectineae-ның жалғасы. Жүлге алдыңғы жағынан тігінші бұлшық етінің қынабының артқы қабырғасымен жабылған. Осыдан келіп бұлшық етті өзек пайда болады. Оның ішінде сан тамырлары өтеді. Бұл өзек соңғы жағынан сан-тақым асты немесе гунтеров өзегіне жалғасады.


Canlis hunteri (canalis femoropopliteus)

M. adductor magnus-тан сіңірдің жалпақ жағы linae asperae-ның ішкі ерніне келіп бекітіледі, ұзыннан epicondylus medialis femoris-ке m. vastus medialis-ке қиғаш және көлденең кететін сіңірлі талшықтармен тығыз апоневрозды тартылады. Бұл жапырақша Lamina vastoadductoria ол аталған бұлшық етпен бірге үш қырлы фиброзды-бұлшық етті өзек – canalis hynteri-ді түзеді. Оның қабырғалары: алдынан lamina vastoadductoria артынан-m. vastus medialis m. adductor magnus. Өзектің алдыңғы қабырғасын тігінші бұлшық ет жауып тұрады. Гунтеров өзегінде үш тесік бар: І, жоғарғы –ол арқылы тамыр, жүйке шоғыры енеді, 2. төменгі - /hiatus adductorius/-ол арқылы сан тамырлары санның артқы бетіне шығады, 3. алдыңғы – одан n. saphenus және a. articulationis genu suprema шығады. Егер үлкен алып келуші бұлшық еттің сіңірін ығыстырса, бұл тесік жақсы көрінеді. Гунтеров өзегінің ұзындығы шамамен – 5-6 см, оның ортаңғы бөлігі 12-15 см, tuberculum adductorium –нен жоғары орналасқан Гунтеров өзегінде артерияның алдында n. saphenus артында – v. femoris жатады.


Санның артқы аймағы

Шекаралары: Жоғарыдан–бөксе қатпары, төменнен-тізе ұршығынан екі елі жоғары жүргізілген көлденең сызықпен, ішінен симфизді ішкі сан айдаршығымен /m. gracilis/ байланыстыратын ұзынша сызықпен, сыртынан – spina iliaca anterior superior-ден сыртқы айдаршыққа жүргізілген сызықпен шектелген.

Қабаттары:



  1. Терісі жұқа, қозғалғыш, едәуір шаштармен жабылған.

  2. Тері асты клетчаткасы семіз адамдарда жақсы жетілген, қалыңдығы соңғы жағына таман қалыңдайды.

  3. Беткі шандыр тері асты клетчаткасының ішінде жатады.

  4. Fascia lata бір қабатты, тығыз. Ішкі жағынан septum intermusculare posterius шығады, ол алып келуші бұлшық ет арнасын, бүккіш бұлшық ет арнасынан бөліп тұрады.

  5. Бұлшық етті қабатты екі топ, ішкі жағынан – mm. semitendinosus, semimembranosus және сыртынан m. biceps femoris құрайды. Санның жоғарғы және ортаңғы бөлігіндегі бұлшық еттер бір-біріне жабысып жатады. Төменгі бөлігінде аталған бұлшық еттердің сіңірлері әр жаққа кетеді: ішкі жаққа-жартылай сіңірлі бұлшық еттің және жартылай жарғақты бұлшық еттің сіңірі, сыртқы жаққа-екі басты бұлшық еттің сіңірі кетеді. Бүккіш бұлшық еттің сіңірлерінің бас жағында қиғаш кететін үлкен бөксе бұлшық еті жауып тұрады. Санның бүккіш бұлшық еттердің арасында борпылдақ дәнекер тканьді және клетчатка жатады. Ол жоғарыдан бөксе аймағының клетчаткасымен төменнен тақым асты ойысының клетчаткасымен, тесік арқылы үлкен алып келуші бұлшық ет санның алдыңғы аймағының клетчаткалық кеңістігімен байланысады.

  6. N. ischiaducus. Санның артқы аймағының жоғарғы бөлігінде екі басты бұлшық еттің ұзын басының сыртқы жағында жатады. M. gluteus maximus –тен төмен жүйке санның жалпақ шандырының астында борпылдақ клетчаткада жатады. Осы жерде оны табу оңайға түседі. Отырықшы жүйкесі соңғы жағында m. bicipitis femoris-тің ұзын басының астында, сосын mm. semitenionosus пен m. biceps femoris-тің сыртқы жағына өтеді. Тақым асты ойысының жоғарғы бұрышында n. ischiadicus екіге, n. tibialis және n. peroneus communis-ке бөлінеді. Кейде жүйкенің бөлінуі жоғарыда for. Infrapiriformis деңгейінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет