&&& Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады. Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей естиді. Бұзылуды анықтаңыз.
# Шынайы галлюцинация
# Рефлекторлы галлюцинация
# Психосенсорлық бұзылулар
# Парейдолиялық иллюзия
&&& Науқас С. 22 жаста, 10 шілде етеккердің болмауына,таңғы уақытта жүрек айнуы мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккір 10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110:70 мм.с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде; жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған,ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз:
# Жүктілік 8 апта, босану мерзімі 17 ақпан
# Жүктілік 5 апта, босану мерзімі 7 ақпан
# Жүктілік 12 апта, босану мерзімі 27 ақпан
# Жүктілік 14 апта, босану мерзімі 7 ақпан
&&& Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен. Әйел қозулы, айқайлайды, кимідерін шешіп жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған дауысын есітеді.Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады. Болжам диагноз:
# Босануден кейінгі психоз
# Шизофрения
# Депрессия
# Невростения
&&& Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет, өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән.
# Бронх демікпесі
# Жедел бронхит
# Созылмалы бронхит
# Пневмония
&&& Өз істерінің мәнін түсінбейтін және олармен басқара алмайтын психикалық бұзылысы бар адамның сотпен анықталады:
# Әлеуметтік қауіптілігінің дәрежесі
# Әрекеттілігі
# Құқық қабілеттілігі
# Ақыл – есі дұрыстылығы
Достарыңызбен бөлісу: |