Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет47/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Барлығы:




























Модуль бойынша оқытуға берілетін жалпы сағат саны



















«Жұмыс оқу бағдарламасының мазмұны» бөлімі кесте түрінде ресімделеді (6-кесте):
- 1 - бағанда тармақтың реттік нөмірі көрсетіледі.;
- 2 - бағанда оқыту нәтижелері көрсетіледі. Оқыту нәтижелерін анықтау және сипаттау бойынша ұсынымдар 4-қосымшада көрсетілген;
- 3 - бағанда бағалау критерийлері көрсетіледі. Бағалау критерийлерін анықтау және сипаттау бойынша ұсынымдар 4-қосымшада көрсетілген;
- 4-8 - бағандарда оқыту уақытының жалпы көлемі, сондай-ақ оқу жұмыс жоспарының деректері негізінде оқу қызметінің түрлері мен нысандары бойынша сағаттардың бөлінуі көрсетіледі;
- 9 - бағанда сабақтың түрі (теориялық, практикалық, зертханалық-практикалық және т.б.) көрсетіледі;
- 10 - бағанда бағалау тапсырмалары (тест, бақылау тапсырмалары, ЗПС қорғау, жұмыс пен жобаны қорғау, практика бойынша есеп және т.б.) көрсетіледі.
Кесте 6. Оқу жұмыс бағдарламасы мазмұнының үлгісі





Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

Барлық кредит/сағат саны

Оның ішінде

Сабақ түрі

Бағалау тапсырмалары

Теориялық

Зертханалық тәжірибелік

Өндірістік оқыту және/немесе практика

Жеке*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




...

...

...

...

..

..

...

...

...




  • Жеке сабақ сағаттарын қарастыратын оқыту, ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды оқыту кезінде және "Өнер" бейіні бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарымен толтырылады

Бағалау тапсырмалары бағалаудың әрбір критерийіне айқындалады. Бұл жағдайда бағалау критерийі, сабақтың түрі және бағалау тапсырмасы мазмұны жағынан да, форматы бойынша да бір-бірімен келісілуі керек.
Тақырып 1.8 Жұмыс оқу жоспарын әзірлеу
Оқу жұмыс жоспары-үлгілік оқу жоспары негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің (модульдердің) тізбесі мен көлемін, білім алушылардың оқуын, білімі мен іскерлігін бақылауды ұйымдастырудың дәйектілігін, қарқындылығы мен негізгі нысандарын регламенттейтін, білім беру ұйымының басшысы бекітетін құжат.
Оқу жұмыс жоспарын әзірлеу 6 кезеңнен тұрады:

Сурет 4. Жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезеңдері (қадамдары)

Алдымен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (оқыту нәтижелері) анықталады (1-3 кезеңдер), содан кейін оқу жұмыс жоспары жасалады (4-6 кезеңдер).



  1. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтау.

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар оқыту нәтижелеріне бағдарланған, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС), кәсіптік стандарттар (бар болса) және басқа да салалық құжаттар негізінде айқындалады.


Оқыту нәтижелері нақты бір біліктілік бойынша практикалық қызметті жүзеге асыру үшін жалпы білім беру, базалық және кәсіби білім мен дағдыларды қолдануға бағытталуы керек екенін ескеру қажет.
МЖМБС-ға сәйкес білім беру ұйымдары білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын ықпалдастыра оқытуды жүргізе алады. Мысалы, жалпы орта білім базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 180 кредитке (шартты түрде 3 жыл) екі жұмысшы біліктілігін (кондитер-ресімдеуші және аспаз) және орта буын маманын (технолог) игеруге болады.
Бірнеше біліктілікті игеру модульдердің бірыңғай базасы және қайталанатын ақпаратты алып тастау есебінен жүргізіледі. Біліктілікті таңдау үшін өңірдегі кадрлардың қажеттілігін зерделеу қажет.
Мамандықтар мен біліктіліктердің атауы техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының қолданыстағы Сыныптауышына сәйкес келуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет