6.4 Педагог-шебер
|
Іскерліктер мен дағдылар:
ұлттық білім беру жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес пәнаралық байланыстарды және оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін дербес құрастырады
білім алушылардың нақты өмірлік тәжірибесін пайдалана отырып, нысаналы тілді оқыту процесін дербес модельдейді (көптілді білім беру бағдарламаларына қатысатын педагогтер үшін)
білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін дербес жобалайды.
|
Іскерліктер мен дағдылар:
педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды;
білім алушылардың тұлғасына құрмет көрсетеді;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына бейілділігін көрсетеді;
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесіне олардың бірлігінде баулуды көрсетеді;
Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып, тәрбие үдерісін құрады;
кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы тұру қабілетін, экстремизмді көрсетеді;
мәдени хабардарлықты, тілдік құзыреттілікті дамытады
білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдеседі;
өзге мәдениетке, өзге өмір салтына толерантты қатынасты қалыптастырады
|
Іскерліктер мен дағдылар:
педагогикалық міндеттерді өз бетінше құрастырады;
қабілеттеріне сәйкес жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту бағдарламалары мен әдістемелерін дербес қолданады;
сабақтарға арналған негізгі және қосымша оқу-әдістемелік материалдарды өз бетінше әзірлейді;
өзіндік цифрлық білім беру ресурстарын дербес жасайды;
оқушылармен бірге жетістіктерді бағалау үшін табыстылық критерийлерін дербес әзірлейді;
пән мен тілді кіріктіре оқыту үшін қажетті материалдарды, білім беру ресурстарын, оның ішінде цифрлық және теңтүпнұсқалы мәтіндерді дербес әзірлейді және іріктейді (көптілді білім беру бағдарламаларына қатысатын педагогтер үшін)
|
Іскерліктер мен дағдылар:
мониторингтік зерттеулерді дербес жоспарлайды және жүргізеді;
педагогикалық міндеттерді шешу кезінде мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін дербес пайдаланады
әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттерін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді (көптілді білім беру бағдарламаларына қатысатын педагогтер үшін)
|
Іскерліктер мен дағдылар:
білім алушыларды қосымша білім беру жүйесіне өз бетінше тартады;
білім беру стейкхолдерлерін (түрлі шығармашылық бірлестіктерді, қауымдастықтарды және т. б.) біріктіретін инновациялық идеяларды дербес бастамашылық етеді;;
оқу-тәрбие процесіне кәсіби қоғамдастықтардың, құқық қорғау органдарының, медициналық, әлеуметтік қызметтердің, балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының, жастар бірлестіктерінің, қоғамдық және саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және т. б. өкілдерін дербес тартады.
|