Қ азақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі


Аталған препараттардың жануарға уытты әсері



бет6/8
Дата07.12.2022
өлшемі69.56 Kb.
#466710
1   2   3   4   5   6   7   8
микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын заттар

1.4.Аталған препараттардың жануарға уытты әсері

Кез келген дәрілік препаратты қолданғанда оның қай жануарға қанша мөлшерде қолдану керектігін білу өте маңызды. Артық мөлшерде қолдану жануарға уытты әсер етуі мүмкін. Егер уытты әсер етсе оған қарсы антидотты дер кезінде қолдану керек. Сол секілді микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын заттарды да дозасынан асырып қолдансақ, жануарға уытты әсер етеді.


Мысалы, формальдегидтің жануарға уыттылығын қарастырып көрелік. Жануардың улануы кезінде, уыттық әсер еткеннен еріндегі кілегейлі қабықтар тез арада қабынады, жануарлар ентігіп әлсірейді(кейде қозу, сіресу пайда болады).Антидот ретінде ішке белок беріледі; сіңіп үлгермеген альдегидті тұтқырлау үшін қарынды көмірдің сулы ерітіндісімен жуады; негізгі уға қарсы зат ретінде аммоний ацетатының ерітіндісін береді.
Наганинді вена қан тамырына хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісі ретінде жылқыларға 1%, ал түйелерге 2% концентрациясын егеді. Егер бұл мөлшерден көп мөлшерде қолдану эритроциттер мен лейкоциттердің ыдырауына бүйректің қабынуына, дерматитке және көздік жүйкенің қабынуына әкеп соқтырады. Сол себепті мөлшерін дәрілік заттың берілу ережесі бойынша қолдану керек [14].
Хеноподий майы - препаратын дұрыс мөлшерлемегенде жануарларға уытты әсер етуі мүмкін. Ол ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабықтарын қатты тітіркендіреді. Сол себепті алғашқыда құсу пайда болып, соңы гастрит және энтериттерге ұласуы мүмкін. Ішектер арқылы организмге оңай сіңіп, резорбтивті әсер ете бастайды. Оның мұндай әсерінен орталық жүйке жүйесі әлсірейді, тыныс алуы нашарлап, жүрек жұмысы баяулайды. Препараттағы әсер ететін заттың біраз мөлшері бауырда залалсызданады, ал енді біраз бөлігі өкпе және бүйректер арқылы сыртқа шығарылады. Кейде улану өліммен аяқталуы да мүмкін. Иттер мен мысықтарда клиникалық сіресулер жиі байқалады, ал қояндар алғашқыда әлсіреп, соңынан қозады. Мөлшері: жылқыларға 4,0-12,0г, 1 айға дейінгі күшіктерге 0,03 г.
Фенотиазин -препаратының таза түрі жануарлар үшін уыттылығы онша емес, ал нашар тазаланған препараттың 10, 15 есе жоғары мөлшерін көтере береді, ал арық, көтерем жылқылар оның емдік мөлшерінің өзіне сезімтал келеді.Улану баяу дамиды, уланған жануарлар қатты әлсірейді, ішектерде атония пайда болады, қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы нашарлайды. Гемоглобулин мен эритроциттердің мөлшері азаяды.Кейде улану жіті түрде өтеді.
Төртхлорлы көміртек препаратының уытты мөлшерінде жүрек жұмысы баяулайды, қан қысы төмендейді. Орталық жүйке жүйесіне хлороформ тәрізді әлсіретіп әсер етеді. Препараттың резорбтивті әсерінен жануарлардың жағдайы жалпы әлсірейді, діріл пайда бола бастайды, жүрек жұмысы мен тыныс алуы нашарлайды.
Кейбір жылқылар препараттың 500,0г мөлшерін оңай көтеретін болса, ал енді біреулері 90,0г мөлшерінен-ақ өлімге душар болады.
Стрептоцит-препаратының уыттылығы онша емес, бірақ оны жоғары дозаларында ұзақ уақыт берсе, бүйректерде оның ерігіштігі қиын қосылыстары пайда болады да, соның салдарынан бүйрек және несеп жолдарының жұмысы бүліне бастайды.
Антибиотиктер жалпы алып қарасақ уытты емес, бірақ оларды ұзақ уақыт қолдана беру қосалқы әсердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жануарлардың кейбір антибиотиктерге жоғары сезімталдығы пайда болады. Мысалы, пенициллиннің әсерінен бөртпе пайда болады және дене қызуы көтеріле бастайды. Стрептомицин кейде орталық жүйке жүйесіне зиянды әсер етеді.
Кейбір ауруларда антибиотиктердің қосалқы әсері жиі білінеді.Мысалы, ішектердің моторлы қызметі әлсірегенде тетрациклиннің әсерінен күйіс қайыратын малдарда ұзаққа созылатын атония пайда болатын болса, ал бауыр қабынған кезде-майлы инфильтрация құбылысын жиі аңғарамыз. Антибиотиктерге төзімді микробтардың пайда болатынын ескерген жөн.
Хлорофос жануарлар үшін уыттылығы өте жоғары. Қолдану ережелері толық сақталмағанда жануарлар мен бірге адамдардың да улануы мүмкін.
ФОҚ -тарды дұрыс қолданбағанда немесе мөлшерін шектен тыс асырып жібергенде жануарларға уытты әсер етеді. Уытты әсер етуі холинэстераза ферментін бейтараптап, соның әсерінен ацетилхолиннің көп мөлшерде жинақталуына негізделген. Соның салдарынан холинергиялық инвервация күшейеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, ондағы тыныс алу орталығы әлсірейді, жүрек жұмысы баяулайды. Уланудың ең негізгі белгілеріне миоз, сілекей ағу, тыныс алудың нашарлауы, бронхылардың спазмасы, цианоз, сфинктерлердің босаңсуы, іш өту және т.б. жатады. Уланудың ауыр сатысында, алғашқыда бұлшық еттердің кейбір топтары, ал соңынан дененің барлық бұлшық еті құрысып-тырысады. Клиникалық құрысып-тырысулар, тоникалық құрысып-тырысуларға алмасады да, ол өз кезегінде коллапсқа алмасып, соңы өліммен аяқталады [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет