4 Білім, дағды, ікерліктер мен құзіреттерге қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер білуге тиіс:
жай-күйі;
теориялық грамматиканың заңдары мен заңдылықтары, оның ұғымдық
аппараты жіне негізгі грамматикалық категориялары;
қазіргі заманғы ғылыми-теориялық көзқарастар;
Қазақстан ғалымдарының теориялық грамматиканың дамуына қосқан
үлесі;
грамматикалық талдау мен сипаттаудың негізгі әдістері, грамматикалық құбылыстарды сипаттауда қызметтік тәсілдің қалай қолданылатын;
оқытылатын тілдің грамматикалық мөлшерін;
Студенттер икемді болу қажет;
ғылыми және анықтамалық әдебиетті пайдалана білуге;
әр алуан теорияларды және сын көзімен түсіне білуге;
сөздерді өз бетімен морфологиялық тұрғыдан талдай білуге, фразалары мағыналық-құрылымдық тұрғыдан талдай білуге, сөйлемдерді оларды мүшелеудің негізгі төрт үлгісі негізінде талдай білуге, мәтінге грамматикалық талдау жасай білуге;
ғылыми терминологияны іскерлікпен пайдалана білуге;
әр алуан көзқарастардың қисындылығын немесе қисынсыздығын дәйекті түрде дәлелдей білуге;
оқыту барысында шетел тілі құбылыстарын игерудің қиындығын анықтау үшін оларды ана тілінің фактілерімен салыстыра білуге;
тілдің грамматикалық құбылыстарын өз бетімен зерттей, түсіндіре білуге, өз көзқарасын дәйектер арқылы дәлелдей білуге.
келесі практикалық машықтарды иемдену қажет:
- тілді меңгеру кезінде кездесетін қиындықты айқындау және ана тілін интерференциялық құбылыстан сақтау үшін оқылатын тіл мен ана тілінің дыбыстық қатарын талдай біле алуы;
- берілген материалды бақылағаннан кейін өзіндік қорытынды шығара алуы, оны талдап қорыта алуы;
- оқылатын тілдің фонетикалық қатарындағы ең маңызды және соған ғана тән құбылыстарын түсіндіре алуы;
- оқылатың тілдің мәселелерін ана тілі және басқа шетел тілі мәселелерімен салғастыра алуы;
- оқу барысында алған теориялық білімін дыбысты айтуды жетілдіру үшін, сонымен қатар орта және жоғары оқу орындарында басқа тілдерге үйрету барысында практика жүзінде пайдалануы.
Достарыңызбен бөлісу: |