№ басылым орнына



жүктеу 1.41 Mb.
бет1/7
Дата03.07.2016
өлшемі1.41 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

042-18-22 1.8/03-2015

басылым орнына

Страница из






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі ОӘБ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-22.1.8/03-2015

«Аңшаруашылығы» пәнінің оқу әдістемелік құжаттар жиынтығы

№ басылым

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (ПОӘК)


«АҢШАРУАШЫЛЫҒЫ»
080300 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»

мамандықтарына арналған


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ

Семей


2015
Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Студенттердің өзіндік жұмыстары

1. Глоссарий

Бөкен Жыртқыштар Сирены

Борсық Ескекаяқтылар Тақтұяқтылар

Бегемот (су сиыры) Киттәрізділер Күзен

Барибал Кашалоты Нутрия

Бурозубки Кит Оленевые

Вилорогие Сары күзен Оцелот

Жұпар тышқан Куньи Мозолоногие

Гризли (американың

аса ірі сұр аю ) Куницы Жұптұяқтылар

Ақ тышқан Марал Перевязка

Кеміргіштер Медоед Пищуха (шақылдақ)

Дельфин Трубкозубые Сілеусін

Жайра Ақкіс Россомаха

Даманы Хоботовые Суыр

Ехидны Хорек Сфинкс

Зебры (жолат) Тюлени Киік

Қоянтәрізділер Фанек Қорқау қасқыр



2. Дәрістер
1 - тақырып. «Аңшаруашылығы» пәнінің мақсаты және қысқаша сипаттамасы
Аңшаруашылығы пәні қазіргі кездегі аңдардын түрлілігін қарастырып, сырқы түрін сипаттайды, олардың туыстық байланыстарын қарастыра отырып, осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отряд, класс, тип деп жүйесін құрастырады. Филогенетика жануарлар әлімінің эволоюциялық жолдарын және оларды анықтайтын факторларды қарастырады. Зоогеография жер бетіндегі жануарлардың таралуын зерттейді және фаунаның әртүрлі аудандардағы тарихи заңдылықтарының құрылуын анықтайды. Палеонтология жануарлардың жойылған түрлерін және жойылған фауналары мен флораны т.б. қарастырады. Зоологияда жануарлардың әртүрлі топтарын қарастыратын тармақтарды ажыратады: териология сүтқоректілерді, орнитология құстарды, герпетология - амфибиялар мен рептилияларды, ихтиология- балықтар мен домалақ ауыздыларды қарастырады.

«Жануарлар систематикасының» мақсаты – жануарлар әлемі, оның дамуы, негізгі ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру болып табылады.

Жануарлар систематикасында мынадай жалпыбиологиялық ғылымдар жиі қолданыды: морфология, анотомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы және ішкі макро-микроскопиялық құрылысын), физиология және биохимия (оның функционалдық қасиетін), эмбриология (жеке даму заңдылықтарын, ішкі және сыртқы даму факторларын), генетика

( өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен және басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), және этология (жануарлардың мінез-құлқы). Табиғат жағдайының әр түрлілігі, яғни адам баласының қабылдауына қиын болғандықтан жер бетінде әр түрлі жануарлар әлемінің таралуына себеп болды, қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүт қоректілер түрі 692 (қосмекенілер немесе амфибиялар 13, бауырмер жорғалаушылар немесе рептилилер, құстар 473 аң немесе сут қоректілер) және 140 түрлі балық бар, мұндай жануарлардың көп түрлілігі және бір келкілігі Қазақстанда таралғандай, ешқай мемлекетте таралмаған. Республикамызда мекендейтін осы сут қоректілердің 155 түрінің көбінің шаруашылық маңызы бар. Жүн өндірісінде жануарлардың 72 түрі, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендерді аулау ерекше қымбат тері береді. Жануарлардың басқа түрлерінің белгісі мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп жане 100 мыңдап миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспиліқ итбалық т.б.).

Жүн өндірісі «еркін» шет елдік волютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздердің бірі болып табылады. Сондықтан, Жүн өндірісін тегіннен (жұмсақ алтын деп атамаған). Жергілікті фаунаның көптеген жануарларының (барс, гепард, арқар, марал, және т.б.) мемлекет ішіндегі зооэкспорт және зоосауда да маңызы зор.

Қазақстанның жануарларға бай фаунасы үй жануарларының жаңа түрімен тұқымын шығаруда ірі және бағалы генооронд болып табылады. Өткен жүз жылдықта оңтүстік Алтайда жас қанат алу мақсатында маралдарды өсіру, мал шаруашылығында жаңа марал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Сүт қоректілердің 3 отряды (насеком қоректілер, жарқанаттар жане жыртқыштар) ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір пайдасын тигізеді. Олар зиянды кемірушілермен насекомдардың белгілі бір санын жойды. Кейбір сүт қоректілердің ішкі органдары (мүшелері) дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, экспорттайды, маралдың жыныс мүшелерін және құйрығын, маралдың қатпаған мүйізін – панта, киік, аюдың, барыстың, саршұнақтың майын. Қазақстанда марал пантасы және киіктің мүйізі жылына белгілі бір мөлшерде экспортталады.

Республикамыздың халық шаруашылығына көп пайдасы бар дегенмен, кейбір түрлері экономикалық шығынға ұшыратады. Ауыл шаруашылығына көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман) және қасқыр зиянын тигізеді.

Саршұнақтар – жайылымды құртатын маңызды зиянкестер. Ең аз 1 га – ға 30 – 40 кіші саршұнақ, азықтық қордың жартысын құртады. Кемірушілер орман шаруашылығына экономикалық шығын әкеледі, егіс қорғайтын орман жолактарына, бақтарға және жүзімдіктерге кемірушілер (су егеуқұйрығы, ондатор, саршұнақ) өздерінің індерін темір жол шосе т.б. бойына салып, оларды бұзады.

Сүт қоректілерге, әсіресе адамдар мен үй жануарларына үлкен кері әсерін тигізетін және таралатын инффекциялық аурулар және глистті инфазиялар бар сонымен бактериялық аурулардан сүт қоректіледі жабайы немесе үй жануарлары болсын ортақ түрлері: паройлар, коллнибалнеллаз, пябереллаз, листерреллез, сібір жарасы, ббруцеллез, туляремия туберкулез, жане т.б. ал вирустардан – оба.

Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)

Сұрақтар:


  1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?

  2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады?


2 - тақырып. Коянтәрізділер отряды. Пишуха (шақылдақ), қоян тәрізділер (Leporidae) тұқымдасы.

Қоян тәрізділер отрядының сипаттамасы. Систематикасы.

Систематикасы (жүйеленуі): Коян тәрізділер отряды Lagomorpha. Пишуха (шақылдақтар), қоян тарізділер тұқымдасында 10 тұқымдас (45) бар. Оларды 3 негізге топқа қосуға болады. 1) нағыз қояндар 20 түр аралығында 2) үй қояндары 15 түр аралығында 3) қатты жүнді немесе бұрынғы қояндар 10 түр аралығында. Қоян тәрізділердің кемірушілерден ерекшелігі олардың жоғарғы жағындағы жұп күрек тістерінің болуы.

Сипаттамасы: тұқымдас өзіне отрядтың ірі өкілдерін қосады, дене ұзындығы 30 - 69 см құрайды. Кемірушілердің жоғарғы иегінде бір емес жұп күрек тістерінің бар болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сол және он жақ тістер қатарының арасында жіңішке көпір тәріздес сүйегі бар.

Қоян тәрізділерде жыртқыш тістері жоқ және күрек тістері өз тістерінен кең диастемамен бөлінген. Құлақтары ұзын, бас сүйегіне жабысқан, бұлар көздерінен алшақ артқа қайырылған, алдыңғы аяқтары қысқа болып келеді. Барлықтарымен жүреді ал артқы аяқтары керісінше ұзын, табаны жерге тиеді. Аяғының табны қалың түкпен қапталған, олар ешқашан жалаңаш болмайды. Сау тістері ашық және әр уақытта өсуде болады. Жүні жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес. Тұқымдасқа денесінің мөлшері орташа. Денесінің ұзындығы 44 – 47 см. Жүні жұмсақ және қалың. Құлақтары ұзын бас сүйегіне жабысып, артқа қарай қайырылған. Орманда жас қояндарды көбінесе балапан күйінде табады. Салмағы 90 -130 грамм болып туады. Олар өте тез өседі және 9-10 кун өткен соң шөп жей бастайды. Ақ қоянның табиғи жағдайда өмір сүру ұзақтығы 8-9 жыл. Ақ қоянның саны жылда өзгермелі болды.

Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ. Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашууы жүреді б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қортылады.

Пищуха (шақылдақ) тұқымдасында 20 түрі бар делінеді. Тұқымдасқа ұсақ (дене мөлшеі 25 см көп емес) қоян тәрізділер жатады. Үлкен құлақты, жирен түсті, дала, тибеттік, непал және қара ерінді пищуха деп ажыратылады. Құлақтары қысқа және сәйкесінше жалпақ. Терісі жұқа қоянға қарағанда мықты емес. Жүні бір түсті, жазда бурыл, сары я қошқыл түсті, қыста сұр түсті болады. Қыс мезгілінде ұйқыға кетпейді. Буаз болу уақыты 25-30 тәулік 2-6 дан туады.


Шақылдақтардың суреті




Жүнді және жапондық ағаш кеміретін қояндардың суреті

Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн.

Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес.

Таралуы: Антрактида мен Мадагаскарда басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.

Мекен ету аймығы әр түрлі. Орманнан орман далаға, дейін таралады. Жазда және қыста қоян қалың бұта және құрап сынып түскен ағаш бұтақтарының астында түнейді. Ақ қоянның қоректенүі жыл мезгіліне байланысты әр түрлі. Жазда әр түрлі шөптесін өсімдіктерді, бұршақты, саңырау құлақтарды қалайды. Қыста негізі азығы ретінде ұсақ бұташаларды, жаңғақтарды және т.б. жеп қоректенеді.



Көбеюі және өсіп дамуы: Түрдің көп бөлігінің аналығы жылына бірнеше ұрпақ әкелді. Балаларының саны 2 ден 8 - ге дейін тіпті 15 көжекке дейін құбылып өзгереді. Інде тұратындарының балалары жалаңаш және соқыр, әлсіз болып туады. Ал жақсы тұрағы жоқтары көреген, денесі түкті тіптен туа сала қозғалысқа бейім болып туады. Буаз болу мерзімі 26 – 55 күнге дейін. Жыныстық жетілуі 10 аптадан 2 жасқы дейін. Қояндардың жаулары көптеген жыртқыш құстар және сүт қоректілер.

Халық шаруашылығындағы маңызы. Қоян жүні фетр өндірісінде (қоян жүнінің және мех қалдықтарынан басылған мата дайындау өндірісі) шикі зат, сирек жүн тауары ретінде қолданысқа ие.

Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)

Сұрақтар:

1) Системетикасы

2) Таралған мекені

3) Қоян тәрізділер отрядына сипаттама беріңдер?

4) Көбею мен өсіп дамуы қалай жүреді?
3 - тақырып. Кеміргіштер отряды. Ақ қояндар тұқымдасы. (Sciuridae)

Кемірушілер отрядына қысқаша сипаттама:



Системетикасы (жүйеленуі): кемірушілер тұқымдасы – 35, туыс 355 және түр 1597 сүтқоретілер отрядын құрайды. Отряд сыртқы белгілірі әр түрлі, ұсақ және орташа мөлшердегі көптеген сүтқоректілерді қарастырады. Отрядқа келесі тұқымдастар кіреді: ақ қояндар, құндыз, жайра, шиншилла, су тышқан, қосаяқ, көртышқандар, тышқандар, атжалман тәрізділер,

Сипаттамасы: бас суйегінің беткі жағы ми бөлігінен қысқа. Көздері суйек доғасы жоқ ашық, есту аппараты қатты қампиған. Төменгі жағы тез қимылдайды (өсімдік тектес азықты жеп, шайнауға бейімделген). Шайнау бұлшық еттері дамыған. Тістері: күрек және азу тіске дифференцияланған, жыртқыш тістері жоқ. Азу тістері күрек тістерінен алшақ орналасқан ірі азу тістері үшкірленбеген. Шайнауға арналған тістер өткір емес төмпешік, ал кейбірінде жазық болып келеді. Бұл тістер үнемі өсіп және шайнау кезінде қайралып отырады. Мидың үлкен бөлігі үлкен емес, миы тегіс, жатыры 2 бөлікті, жыныс мүшесінде сүйек бар кейде кездеспейді. Түкті қабаты әр түрлі, кейбір түрлерінде ине тәрізді түрге ауысады ұштары 5 салалы, сирек 4 салалы, және 3 салалы болады. Күрек тістері жақсы жетілген және жануарлардың даму кезінде үнемі өсіп отырады; қоректенгенде өздері қайралып отырады. Көбінің асқазаны жай түрлі, ішегі сәйкесінше ұзын және соқыр ішегі жақсы дамыған.

Таралуы. Кемірушілер әр түрлі ландшафтыда өмір сүреді. Олар қилы өмір жағдайына бейімделген. Жабайы сүтқоректілердің ішіндегі кемірушілер ғана адам баласының мекенінде бірге жүреді. Олар қазіргі заманғы құрылыстарда және қалаларда жүре береді. Бұлардың қозғалу қабілеті де әр түрлі: жүгіретіндер, секіретіндер, өрмелегіштер. Кейбіреулері тіпті жоспарлап ұшады. Өсімдікпен қоректенеді. Экваторға дейін полярлы және жазықтан қарлы таулы жерге дейін таралған. Кемірушілердің таралуы өсімдік жамылғысымен байланысты, олардың қорғаныштық және азықтық маңызы бар. Әр түрлі температуралық режимдерді жақсы көтереді және соған байланысты жүнінің жыл мезгіліне қарай өзгереді. Кейбір кеміргіштер жайсыз уақытта азық жинаса, кейбірі ұйқыға кетеді. Кеміргіштердің кейбір топтары (мысалы тышқандары) кеуде алды аутотомиясы бар. Жауымен құйрығынан ұстаған жануардың терісі құйрық құйрық омыртқасынан сырғып түседі. Жаланаш қалған құйрық ұшы құрап түсіп қалады, кей түрлерінде шектеулі регенерация байқалады.

Көбеюі және өсіп дамуы: кеміргіштерге кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, жоғары көбею тән. Олардың көбі жылына бірнеше ұрпақ береді, жас балалары ерте уақытта жыныстық жетіледі, буаз болу мерзімі ұзақ емес. Көп түрдің саны құбылмалы болып келеді, қолайлы жағдайда саны көбейеді, ал қолайсыз кездерде минимумға дейін төмендейді. өмір сүру кезені көп уақытта ұзақ емес.

Халық шаруашылығындағы маңызы.

Адамдар үшін кемірушілердін маңызы зор және әр түрлі. Олардың кері әсері, азық – түлікті бұзуда, мәдени және табиғи маңызы бар өсімдіктерді құртуда. Олар ін қазудың арқасында топырақтың жел эрозиясына ұшырауын қамтамасыз етеді, егіске шабындықпен жайылымжерлеріне кері әсерін тигізеді. Сүт қоертілердің ішіндегі адаммен жануарға ауру тсыйтын және жұқтырытын кемірушілер. Олар бит масат.б. омыртқасыздардың негізгі қоректену көзі болып табылады. Кемірушілердің індері трансмиссиялық ауруларды тасыған буын аяқтылырдың көбею орны блып табылады. Кемірушілер арасында жүн өндірісінде және спорттың аншылық нысанасы болатындар да бар.



Аққояндар тұқымдасы — SCIUR1DAE

Систематикасы: аққояндар тұқымдасы. Кіші тұқымдастардан тұрады, нағыз тиіндер, суырлар, ала тышқан, саршұнақ Қазақстанда осылардың барлығы кездеседі.

Сипаттамасы: кемірушілер негізінен орташа және ірі мөлшерлі болып келеді, дене ұзындығы 60см, салмағы 8 кг ге дейін. Ұсақ түрлері тропиктермен суптропиктерде мекендейді. Ағаш және жартылай ағаш кемірушілердің денесі мүсінді, мойны анық көрінеді, құйрығы ұзын, қалың жүнді, аяқтары әсіресе артқысы ұзын, ұзыншақ жінішке бармағында ұшталған тырнағы бар. Үйде тұратын жануарлардың мойны көрінбейді, құйрығы сәйкесінше қысқа, сәл үлпілдек. Аяғы қысқа, бармағында сәл бүгілген тырнағы бар. Бірінші түрлердің алдыңғы аяқтарының бармақтары жетілмеген, ал екіншісінікі кейде тіптен болмайды. Түкті жамылғысы өзгермелі, ағаш кемірушілердікі қалың, жұмсақ және үлпілдек. Жүн түсі сұр, кейде қара және жирен түсті. Суырлар еуразия және солтүстік Америкада санаулы таралған. Олардың жеке өкілдері Тундра және суптропиктерде кездеседі. Азияттық ұзын құйрықты саршұнақ Америкалық ұзын құйрықты саршұнаққа жақын. Қазіргі кезде Азияттық ұзын құйрықты саршұнақтардың келесі түрлері белгілі; олардың ақырғы екеуі Қазақстанда кездеседі:

Байқал сыртындағы ұзын құйрықты саршұнақ; 2) нерчиндік ұзын құйрықты саршұнақ; 3) якуттық ұзын құйрықты саршұнақ; 4) амурлық ұзын құйрықты саршұнақ; 5) алты айлық ұзын құйрықты саршұнақ; 6) моңғол ұзын құйрықты саршұнағы.



Сипаттамасы: арқасындағы жүннін түсі бұрыл қызғылт, басының жоғарғы жағы жирендеу келеді. Ұсақ ашық түсті жолақтар басының жоғарғы жағында байқалады. Саршұнақтардың Қазақстандық түрлерінде мезгілді жүнінің диморфизия көрінеді. Қыста жоғарғы жағы ашық сұр, көрнекі, ал төменгі жағы сарғыштау. Жазда арқасы жирендеу реңі бар қара. Түкті жамылғысы жұмсақ және үлпілдек, 12-15мм.

Таралуы: азияттық ұзын сар шұнақ Тянь Шаньның солтүстік бөлігінде және онт. Сібірден Амурға дейін, Монғолия, солт. және солт. Шығыс Қытайға дейін. Қазақыстанда, Жонғар Алтауды сонымен қатар онт. және онт. Батыс алтайда таралған.

Көбеюі мен өсіп дамуы: балалары әлсіз болып туады. 4 қүндіктердің7 г. салмағы бар. 3 – 4 аптада өседі, 30 күнде бұталарға шығады, 40 күндіктері азығын өзі табады, бірақ 2 айға дейін аналық сүтімен қоректенеді.

Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)

Сұрақтар:

1) Отрядқа сипаттама беріңіздер?

2) Систематикасын атаңыз?

3) Халық шаруашылығында маңызы қандай?

4) Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді
4 - тақырып. Тышқан тәрізділер тұқымдасы

Тышқандар туысы (Murinae), атжалман тұқымдасы (Cricetidae).

Кемірушілер отрядының қысқаша сипаттамасы:

Тышқан тәрізділер тұқымдасы.

Систематикасы (жүйеленуі). Тұқымдас мөлшері, келбеті, өмір сүрүлеріне қарай әр түрлі жануарларды біріктіреді. Мөлшері бірден ұсақ тышқандарға дейін бар. Дене ұзындығы 5 – 48 см. Көбінің құйрығы денесінің ұзындығынан асады. Шайнайтын тістері дөнестеу келеді.

Өрмелеуіш тышқандар (Dendromurigae). Сипаттамасы. Жанбас сүйегі 6 -10 см. Құйрғы 7 -12 см. Өрмелеу кезінде құйрығымен жіңішке бұталарды және шөптердің сабақтарын орап алады. Алдынғы аяқтарын ұшталған тырнақты 3 ұзын бармақтары бар.

Таралуы: барлық жерде. Саванналарда, ормандарада, бұталы жерлерде тұрады.

Көбеюі және өсіп дамуы. Жылда әр түрлі уақытта көбейеді. Аралығы 305 балаға дейін туады. Тышқандар. 100 туысқа біріккен 400 тышқан түрінің, 300-ге дейі тышқандарға жатады. Африқалық шөптесін, бұлақтар маңындағылар, жолақты, ала, мысырлы, азияттық, сары тамақты, таулы және қара түрлері ажыратылады.

Сипатамасы. Ұсақтауларының көлемі 5- 6 см, орташасы 35-50 см. Аралығында құбылады. Салмағы 7-8 грамм 3 кг- ға дейін. Құйрығы сирек түкті қабыршақпен қапталған.

Таралуы. Барлық жерде кездеседі. Көбеюі мен өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 25 тәулікке созылады. Аналық 3-4 бала туады.



Африкандық тышқан Дала тышқаны




Акациев көртышқаны Қосаяқ



Кішкентай тышқан Ондатр


Бамбук егеуқұйрық тұқымдасы.

Сипаттамасы: денесі көлемді, басы домалақ, көздерік кішкентай, құлақ қалқаны жетілмеген жүні әр түрлі құрылымды.

Таралуы. Африка, Үндістан, Қытай және т.б. жерлерде.

Көбеюі және өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 21 тәулік, аналық 3-5 бала туады.

Көртышқандар тұқымдасы.



Сипаттамасы жер астында өмір сүруге бейім. Дене мөлшері орташа, ұзындығы 20-30 см. Құйрығы сыртқа шықпайды. Құлақ қалқаны жоқ. Басы үлкен. Жүні ұзын емес, бірақ қалың. Аяғы қысқа, білегі мен табаны жалпақ. Топырақ қазудағы басты мүшесі аяғы емес күрек тістері.

Таралуы: Африка, Азия, Таяу Шығыс елдерінде Песчанковые сыртқы келбеті жағынан көртышқандарға немесе тышқандарға ұқсайды. 102 түрі белгілі, олар 13 топқа топтастырылған. Ергежейлі, қызыл құйрықты т.б. түрлерін ажыратады.

Дене ұзындығы 10 см дейін, құйрығы 12 см-дей, ұшында сыпыртқы басы сияқтысы бар. Жалпы сарғыш-сұр, жирендеу түсті. Табаны жүнмен қапталған.

Әдебиетер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)

Сұрақтар:

1. Тышқан тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер

2. Жүйеленуін атаңыздар

3. Халықшаруашылығындағы маңызы қандай?

4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?


5 - тақырып. Жыртқыштар отряды (CARNIVORA).

Иттер тұқымдасы (CANIDA). Қасқыр және қорқау түрі.

Жыртқыштар отрядына сипаттама. Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау түрі.

Бұл тұқымдастың өкілдерінің дене көлемі орташа, аяқтары ұзын, саусақтарымен басып тез қозғалатын ұзын тұмсықты, әдетте құйрығы ұзын жүнбесті болып келеді. Алдыңғы аяғы 5 бармақты, артқысы 4 бармақты тырнақтары моқал. Жыртқыш тістер мен шошақ тістері жақсы дамыған. Иттер тұқымдасының өкілдері көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Систематикалық ерекшелігі бойынша үлкен орын алады, олар аюлар тұқымдасы мен жанаттар тұқымдасына жақын. Иттер тұқымдасы Антарктикадан басқа барлық жерге таралған. Қазақстанда 2 түрі-қасқыр және қорқау қасқыр таралған. Отрядқа жануарларды азық көзі ретінде пайдалануға бейімделген сүтқоректілер жатады. Көлемі орташа, бірақ ірі түрлері де кездеседі (жолбарыс, ақ аю). Дене көлемі кіші жыртқыштарға ақ күзен, ақ кістерді жатқызуға болады. Көпшіл жыртқыштар құрлық жануарлары болғанмен, жартылай суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Бас сүйегі әр түрлі пішінде: кейбір түрлерінде бет әлпеті алдыға созылыңқы болса, енді біреулерінде қысқа бірақ ми сауыты дамыған. Үлкен ми сыңарларында иірімдер айқын байқалады. Төрт тіс типтері де түбірімен дамыған, күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы дамыған, ұзын және өткір. Үстіңгі жақтың соңғы жалған азу тістері мен бірінші азу тістері айқын байқалып жақсы формада дамыған. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табанды, жартылай табанды және төрт немесе бес болып келетін бармақты жақсы дамыған сүйек болып келеді. Бұғанасы кейбіреулерінде рудимент түрінде болады немесе мүлде болмайды. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысындай немесе одан да ұзын), сирек қысқарақ болады. Денесі түктермен қапталған. Аталық бездері құрсақ бөлімінде орналасқан. Жатыры екі ұшты. Жыныстық диморфизм көпшілігінде әлсіз дамыған, немесе тіпті болмайды. Сезім мүшелерінің жақсы дамығаны есту мен иіс сезу мүшелері өру мүшесі. Көптеген жыртқыштар жылына бір ұрпақ әкелсе, кейбір түрлері екі жылда бір бала туады. Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың арасында бағалы терілі аңдар да (бұлғын), спорттық және кәсіптік аңшылық объектілері де кездеседі. Бір түрлері малшаруашылығына зиян тигізіп, әр түрлі ауру таратушылар болса, енді біреулері ауылшаруашылығына зиянды кемірушілердің санын реттеуші болып табылады. ТМД да 6, Қазақстанда 5 тұқымдас мекен етеді.



Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus

Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда жануардың 4 түр тармағы кездеседі: сібірлік орман қасқыры (C. aliaicus), дала қасқыры (C. catpe-stris)- батыс және орталық Қазақстанда, шөлді жердің қасқыры (C. desertorum)- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жазық бөлігінде тибеттік қасқыр (C.chanco). Сипаттамасы: сымбатты, күшті, үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, ірі овчаркаға ұқсайды. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.

Сібірлік қасқыр-ең ірі және бассүйегі көлемді келеді. Дала қасқыры дене пішіні жағынан сібірлік қасқыр мен шөл қасқырдың арасында, ал шөл қасқыры-ең кішісі: Ересек аналықтардың салмағы 25-28, аталықтарының салмағы 28-38 кг шамасында. Басүйегі кішкентай, ростралды бөлігінде сәл созылыңқы келеді. Көбінің түсі ашық сұр түсті болады, кейбіреулерінде қылшықтарының ұшы қара түсті болып келеді. Желке тұсында және құлағының сыртқы бөлігінде жирен түске ауысады. Жүні басқа түр тармаққа қарағанда қатты және азырақ сәнді болады. Тибеттік қасқыр, дала қасқыры сияқты, сібірлік және шөлді қасқыр арасында орташа көлемді болып келеді. Арқасы тегіс, желке тұсы жоғары, артқы бөлігі жалпақтау және төмен орналасқан. Кеудесі үлкен, ауыр, күшті жақтары үлкен, мұрны ұзын, кең маңдайлы. Көздері алшақ орналасқан, үлкен емес, сәл қиқарлау келеді. Құлақтары үлкен емес, үшбұрыш пішінді, ұштары үшкірлеу келеді, алға қарай бағытталған, аралары алшақ.




  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет