№ бжә динамикалық қадағалау тобы


ЖПД, педиатрдың босану жасындағы әйелдерді жыл сайын зерттеп-қарауының № 1 алгоритмі



бет2/5
Дата12.03.2024
өлшемі0.68 Mb.
#495127
1   2   3   4   5
ФЕРтильді жас

ЖПД, педиатрдың босану жасындағы әйелдерді жыл сайын зерттеп-қарауының № 1 алгоритмі


1) Анамнез жинау.
2) Нақты тексеріп-қарау, оның ішінде сүт безі, қалқанша безі саласын.
3) Екі қолданда артериалдық қысымды өлшеу.
4) Дене салмағы индексін анықтау.
5) Жалпы қан және несеп анализі, қантқа қан анализі.
6) Электрокардиограмма.
7) Флюорография (немесе айғақтар бойынша рентгенография).
8) Биохимиялық қан анализі (айғақтар бойынша).
9) Басқа қосымша зерттеп-қараулар және айғақтар бойынша арнаулы мамандардың консультациясы.

Акушер-гинеколог дәрігердің босану жасындағы әйелдерді жылсайын зерттеп-қарауының № 2 алгоритмі


1) Анамнез жинау.
2) Нақты тексеріп-қарау, оның ішінде сүт безі.
3) Гинекологиялық тексеріп-қарау.
4) Онкоцитологияға жұғын анализі.
5) Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ (айғақтар бойынша).
6) Терапевтің тексеріп- қарауына жолдама.
7) Басқа қосымша зерттеп-қараулар және айғақтар бойынша арнаулы мамандардың консультациясы.
8) Айғақтар бойынша ЖЖБИ зерттеп-қарау.
9) Ақпараттанған келісімнен соң RW, АИТВ зерттеп-қарау.

Жатыр мойны обыры скринингі

  • Жатыр мойны обыры – әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі, ол барлық ісіктердің 5%-дан астамын құрайды және 5-ші орында. Ол 40-60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі, бірақ соңғы жылдары жасару үрдісі байқалады және 20-30 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.
  • Жатыр мойны обыры бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігінің деректері бойынша, әлемде жыл сайын 500 мыңнан астам осы қатерлі ісікті жаңа жағдайлары тіркеледі және жыл сайын одан 300 мыңнан астам әйел көз жұмады.
  • Жатыр мойны обырының белгілері әр түрлі және әр әйел оның ерте белгілерін бөлінділердің пайда болуынан білуі керек, олар әдетте сулы, қоңырлау түсті, жағымсыз иісті болады. Етеккір циклімен байланысты емес қан кетулер, жанаспалы қан кетулер, жыныстық қатынас кезінде ауырсыну. Мұндай белгілер ісік үлкен мөлшерге дейін өсіп, біртіндеп ыдырай бастағанда пайда болады.
  • Кеш байқалатын белгілер: іштің төменгі бөлігінің тартылуы, бел мен сегіз көз, тік ішек аймағында пайда болатын ауырсыну, жиі зәр шығару.
  • Емханаға әр түрлі себептермен барған әрбір әйел жатыр мойнынан жағынды алынатын және жатыр мойны обырын ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі бар әйелдерді қарау кабинетінде тексеруден өтуі керек екенін есте ұстаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет