Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰту-дың Республикалық студенттер олимпиадасын өткізу жөніндегі ақпараттық хаты



Дата13.06.2016
өлшемі37.05 Kb.
#131245
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Республикалық студенттер олимпиадасын өткізу жөніндегі ақпараттық хаты
2010 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген пәндік олимпиада өткізу кестесі бойынша 2012 жылдың 26-27 наурызында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жеке тәртіпте Республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңін өткізеді.

Қатысушылардың іссапар шығындары (жолақысы, тұруына (2 және 3 орынға тәулігіне 6000 теңге) және тамақтануына) студентті жіберген ЖОО есебінен төленеді. ҚазҰТУ-дың «Самғау» қонақ үйінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 117, Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы, тел.: 2-923890. Қонақ үйден алдын ала орын алып қою мақсатында ақпараттық хатты алғаннан кейін тез арада команда құрамының саны туралы мәлімет беруіңізді өтінеміз.

ЖОО-дан пәндік олимпиадаға әрбір мамандық бойынша 3 студентке дейін қатыса алады. Студенттерде өздерімен бірге жеке куәлік, сынақ кітапшасы мен студенттік билет болуы тиіс.

Республикалық олимпиадаға әрбір базалық мамандықтарға сәйкес конкурстық пәндер ұсынылады. Ол пәндер МЖМББС мамандықтарының міндетті компоненттеріне кіреді. Республикалық олимпиада үшін белгіленген бағыттағы барлық пәндер бойынша теориялық және практикалық бөлімдерден тұратын тапсырмалар әзірленеді:


05В070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау»:

1) Кристаллография, минерология;

2) Құрылымдық геология;

3) Іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері.


05В07080 – «Мұнай-газ ісі»:

1) Мұнай-газ ісі негіздері;

2) Жалпы және мұнай геологиясы;

3) Термодинамика және жылутехникасы.


05В07220 – «Полиграфия»:

1) Полиграфиялық өндіріс негіздері;

2) Полиграфиялық материалдар;

3) Стандарттау, сертификаттау және метрология.


05В07100 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»:

1) Материалтану;

2) Құрылымдық материалдар технологиясы.

3) Материалдарды механикалық және физиқалық қасиеттері.


05В07110 – «Геодезия және картография»:

1) Геодезия;

2) Фотограмметрия;

3) Картография.


05В07020 – «Автоматтау және басқару»:

1) Автоматты реттеудің сызықтық жүйе теориясы;

2) Автоматтық басқарудың сызықтық емес жүйе теориясы;

3) Элементтер және автоматтық құрылғы;

4) Басқару жүйесіндегі микропроцессорлық кешендер;

5) Ақпараттардың қолданбалы теориясы.


05В07040 – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»:

1) Компьютерлік желілер;

2) Есептеу жүйесі мен желілерін ұйымдастыру;

3) Объекті-бағытталған программалау.


* Олимпиадаға қатысушылардың осы пәндер бойынша дағдысы мен білімі болуы, СИ++, JAVA тиісті программалау тілін игеруі қажет.
05В070300 – «Ақпараттық жүйелер»:

1) Алгоритмдеу және программалау тілі;

2) Деректер базасы жүйелері;

3) Компьютерлік желілер.


05В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»:

  1. Жалпы химиялық технология;

  2. Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары;

  3. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

Өткізілетін уақыты және аудиториясы көрсетілген Олимпиада өткізу бағдарламасын қатысушылар ҚазҰТУ-ға келген кезде алады.

Олимпиадаға қатысуға өтінімді өз ЖОО ректорыңыздың тегі, аты-жөнінің көрсетілуімен, ҚазҰТУ-дың электрондық мекен-жайына 2011 жылдың 19 наурызына дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Электрондық почта: Nur.8181@mail.ru


Өтінім үлгісі:
Өтінім
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да Республикалық олимпиаданың ІІ турына қатысуға.
ЖОО-ның толық атауы, ресми мекен-жайы, телефоны және факсы;

ЖОО оқытушы-жетекшісінің тегі, аты-жөні, марапаттаулары (грамота, медаль, орден, т.б.).

Қатысатын студенттің тегі, аты-жөні, мамандық атауы

Қатысушы студенттің курсы, байланыс телефоны.


Олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысу үшін студенттерді ұсынғанда жоғары оқу орны базалық ЖОО-ға келесі құжаттарды жібереді:

- олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаты немесе хаттамамен ресімделетін ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімі.


Олимпиаданың қолданыс тілдері: қазақ, орыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет