№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



жүктеу 4.63 Mb.
бет11/24
Дата22.02.2016
өлшемі4.63 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде), %-бен 2014 жылдың жоспары 99,5%, 2014 жылдың орындалуы 98,3%. Ауытқуы(-1,2)п.п. құрады.

- Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ-де жалғызілікті қарттардың қарттық жасқа толып қайтыс болуына байланысты;

- Көксәйек тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған МӘМ-де емделушілердің ата-аналарының өтініші бойынша мекемеден алып кетуі және ата-аналардың мекемеге орналастыруға өтініштердің азаюына байланысты;

- Арнайы кәсіптік колледжінде білім алатын мүгедектердің денсаулықтары нашарлауына байланысты, колледжден шығып кету себептерімен көрсетілген нәтижеге қол жеткізе алмады.

2014 жылдың қорытындысымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 525,0 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 45,1 % болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы №150 қаулысымен іс-жоспары бекітіліп, тиісті шаралар көрілуде. 2015 жылдың соңына дейін олардың саны жыл сайын орта есеппен 48,0 мың адамға кеміп, 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

Жалпы, облысқа 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына 9533,9 млн.теңге бөлінді, жылдың қорытындысы бойынша 9390,5 млн. теңгесі (98,5 %) игерілді.

Жұмыссыздар Шымкент және Түркістан қалаларында (тиісінше 32,4 % және 9,6 %), Сарыағаш ауданында (6,5 %) көп.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың 1 қазанына облыстың экономикалық белсенді халқынан 0,1 % құрады. Жасырын жұмыссыздықтың ең үлкен көлемі Шымкент қаласында (1,1 %).

Номиналды жалақының 2007 жылғымен салыстырғандағы өсімі облыстың барлық өңірлерінде байқалады, алайда ол Созақ ауданында ерекше болды (2,6 есе).

Жалдамалы еңбекке ақы төлеудің жоғары деңгейі Шымкент қаласында – 50861 теңге және Арыс қаласында 51637 теңге сақталады. Орта жалақының төменгі мөлшері Ордабасы ауданында 34993 теңге , (облыстық деңгейдің 72 %), Қазығұрт ауданында 36483 теңге (75%), Бәйдібек ауданында – 36188 теңге (74%) қалыптасты.

Еңбек рыногының тапшы қызметкерлері болып табылатындар: билік органдарының және басқармалардың басшылары; энергетика, экология, ауылшаруашылығы ғылымы мен денсаулық сақтау салаларының жоғарғы білікті мамандары, орта техникалық және агротехникалық білім берудің оқытушылары мен шеберлері, техникалық және құрылыс мамандықтарының жұмысшылары.

2013 жылы облыста экономикалық белсенді халық саны 1256,2 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 1188,6 мың адамды, жұмыссыздар 67,6 мың адамды құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 553,4 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 46,6 % тең болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы № 150 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде, 2013 жылдың 1 маусымындағы формальды секторда істеп жүрген 241,3 мың азаматтың саны 2014 жылдың 1 тамызына 520,0 мыңға жетті.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 2014 жылғы жоспар 45,7% болған. 2014 жылдың 4-ші тоқсаны бойынша бұл көрсеткіш 46,8 % құраған. Жыл қорытындысымен статистика органдарының мәліметіне сейкес 45,1 % құрап жоспар орындалды. Мұндағы 0,6 %-ға төмендеуі өздігінше жұмыспен қамтылғандардың жалдамалы қызметкерлердің құрамына өтуімен түсіндіріледі. 2015 жылдың 1 қаңтарына 538,8 мың азаматтар формальды секторда істеп жүр. 2015 жылдың соңына дейін олардың саны жыл сайын орта есеппен 48,0 мың адамға кеміп, 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 2011-2013 ж.ж. аралығындағы мәліметіне сәйкес:


  • экономиканылық белсенді халық саны 4,7 %-ға көбейді (1198,3 мың адамнан – 1255,2 мың адамға - 57,0 мың адамға дейін)

  • жұмыспен қамтылғандар саны 56,0 мың адамға көбейді (1129,8 мың адамнан – 1185,7 мың адамға дейін)

  • жұмыссыз халық саны 1,1 мың адамға көбейді (68,4 мың адамнан – 69,5 мың адамға дейін)

  • жұмыссыздық деңгейі 0,2 %-ға төмендеді (5,7 %- дан - 5,5 %-ға дейін), Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы басқа облыстарымен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында - 5,6 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық саны 787,5 мың адамды құрап отыр. Ал ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Ақтөбе облысында - 4,9 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық – 434,1 мың адамды құрап отыр.

  • жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 1,9 %-ға төмендеді (5,3%- дан 3,4%-ға дейін).

  • әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 1,0%-ға көбейді (6,4 %-дан 7,4 %-ға дейін).

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 16 282,6 млн. теңгенің 16 203,8 млн.теңгесі игерілді (99,5 %).

Бағдарламаны іске асыруда 34415 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: 413 жоба іске асырылды. 8553,919 млн.теңгенің 8507,3 млн.теңге (жылдық соманың 99,5 %) игерілді. 3075 жұмыс орындары ашылды, 1827 Бағдарлама қатысушысы жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыты бойынша: 2013 жылға 3046,6 млн.теңге бөлінді.

2663 адам кәсіпкерліктің негіздеріне оқуға жіберілді (46,6 млн.теңге жұмсалды). 1348 адамға шағын несие берілді (3098,9 млн.теңгені құрады). 1692 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Үшінші бағыты бойынша: 10103 адам тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

Кәсіби оқумен 10426 адам қамтылды (оның ішінде 7447 адам 2010-2012 жылдардан өтпелі контингент). 4783 адам оқуды аяқтады, 4756 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (99,4 пайыз).

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 984 кәсіпорында 7334 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 6995 адам (95,4 пайыз) тұрақты жұмысқа орналасты. Орташа жалақы 49,4 мың теңге. 1151,0 млн.теңге толығымен игерілді.

Жастар практикасын ұйымдастыру. Жастар практикасын ұйымдастыруға 1651 жұмыс берушілерге 8886 адам жолданды. 917,3 млн.теңге толығымен игерілді. 4960 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Үшінші бағыттың шеңберінде Шымкент қаласында 480 пәтерден тұратын алты көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталды (құрылысқа 2011-2012 ж.ж. бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2655,1 млн.тг. құрады).

324 отбасы (987 отбасы мүшелері) Бағдарлама қатысушылары қоныс аударды. Еңбекке қабілетті жастағылары 419 адамның ішінде 196 –сы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның іске асырылу нәтижесінде облыста жұмыссыздықтың деңгейі 5,5%, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға төмендеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 2011-2014ж.ж. аралығындағы мәліметіне сәйкес:



  • экономикалық белсенді халық саны 2,6%-ға көбейді (1198,3 мың адамнан – 1229,8 мың адамға- 31,5 мың адамға дейін)

  • жұмыспен қамтылғандар саны 33,4 мың адамға көбейді (1129,8 мың адамнан – 1163,2 мың адамға дейін)

  • жұмыссыз халық саны 1,8 мың адамға азайды (68,4 мың адамнан – 66,6 мың адамға дейін)

  • жұмыссыздық деңгейі 0,3%-ға төмендеді (5,7 %- дан - 5,4%-ға дейін), Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы басқа облыстарымен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында - 5,5 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық саны 809,2 мың адамды құрап отыр. Ал ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Шығыс Қазақстан облысында - 4,8%, соның негізінде экономикалық белсенді халық – 740,9 мың адамды құрап отыр.

  • жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 2,6 %-ға төмендеді (5,3%- дан 2,7%-ға дейін).

  • әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеді (6,4%-дан 6,0%-ға дейін).

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 15,1 млрд. теңгенің 14,9 млрд. теңгесі игерілді (98,9 %).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарына келген 56002 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді. Оның ішінде:



  • өздігінен жұмыспен қамтылғандардың саны 32 559 адам (338,4%);

  • жұмыссыздар – 23 230 адам (185,7%),

  • аз қамтамасыз етілгендер – 16 172 адам (206,3%).

1. Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

Бұл бағытты іске асыру үшін жалпы 2014 жылы 9,3 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,4 млрд.теңгесі бөлінді.

Облыста 681 жобалар бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланған.

2014 жылы 677 жобалар бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмысын аяқтады. Нәтижесінде 4 447 жұмыс орындары ашылып, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен Бағдарламаның 2 478 қатысушысы жұмыспен қамтылды.

2. Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 2014 жылға 3 140,498 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: 3 120,0 млн. теңгесі шағын несиелендіру жұмыстарына; 20,498 млн.теңгесі кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған.

2014 жылы 1481 азаматқа 3 977,0 млн.теңге шағын несие (оның ішінде «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры есебінен 719,5 млн.теңге және «Ырыс» микроқаржы ұйымы есебінен 137,5 млн.теңге) берілді. Орташа көлемі 2,7 млн. теңгені құрайды. Қосымша 2 047 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды.

3. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».



1. Кәсіптік бағдарлау. 2014 жылғы 27 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде пилоттық кезеңде жүзеге асырылатын кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру басталды.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына 191,8 млн.теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға сәйкес жыл соңына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар санатындағы 21 005 азаматты кәсіби бағдарлаудан өткізу көзделген.

Кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыруға қаралған қаржы толығымен игеріліп, 21 030 азамат кәсіптік бағдарлаудан өткізілді. Оның ішінде 11 237 өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 9 793 жұмыссыздар, 8 391 табысы аз адамдар. Кәсіптік бағдардан өткен бағдарламаға қатысушылар қатарынан 2 799 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 783 адам кәсіптік даярлауға жолданды.

2. Тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама аясында 18891 қатысушыға тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

3. Кәсіби оқыту. 2014 жылы 3951 адам оқуды аяқтап, оның 3144 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды (79,6 %).

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 2014 жылы 604 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, 3841 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жоспардың 140,4 % құрайды (2736 адам). Мерзімінен кейін аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны 3 744 адам (97,5%). Орташа жалақы 51,4 мың теңгені құрады.

5. Жастар практикасын ұйымдастыру. 2014 жылы Жастар практикасын ұйымдастыруға 1066 жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасалды, оларға сәйкес 3541 адам жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың 168,6% құрайды (2100 адам). Жолданғандардың ішінде жұмыстарын аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 2 383 адам (67,3%) болды.

6. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-ші бағытының аясында салынған көп қабатты үйлерге 2012-2013 жылдары 324 отбасы (987 отбасы мүшелері) Бағдарлама қатысушылары немесе (Шымкент қаласының «Нұрсат» шағын ауданында) қоныс аударды. Жалпы 2014 жылдың 1 шілдесіне 480 отбасы (1533 отбасы мүшелері) қоныстанды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде:


  • облыста жұмыссыздықтың деңгейі жыл сайын 0,1% төмендеп, 2014 жылдың 1 қазанына 5,3%-ды құрады;

  • Күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі 2011 жылдағы 10,4 % 2014 жылдың 3 тоқсанына 6,9% дейін төмендеді;

  • 4 жылда аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы табыстары 12,7 % артты;

  • атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген бюджет қаржысы 250,0 млн.теңгеден астам үнемделді.


Халықтың тұрмыстық деңгейі

2007-2009 жылдары аралығында тұрғындардың жанбасына шаққандағы орташа табысының артуы тұтас облыс бойынша да және оның барлық әкімшілік аумақтарында байқалды. 2009 жылы бір тұрғынға шаққанда ақшалай табыстың жоғары деңгейі Шымкент қаласында (23239 теңге), Арыс қаласында (18202 теңге), Созақ ауданында (36353 теңге) тіркелді. Ал табыстың төменгі деңгейі Қазығұрт ауданының (13955 теңге), Сарыағаш ауданының (13949 теңге) тұрғындарына тиесілі, бұл аумақтардағы табыстың мөлшері облыстық орта көрсеткішке салыстырмалы қатынасы тиісінше 79 % құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы орташа айлық номиналды жалақы - 48551 теңгені, ал ең төмен күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері тұрғындардың жанбасына шаққанда - 11184 теңгені құрады, демек жалақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 58,5 %, бұл 1 тұрғынды ғана емес, оған қоса оның асырауындағыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Президентінің 2006-2008 жылдардағы Жолдауларына сәйкес халықтың өздігінше кедейлік жағдайынан шығуға мүмкіндіктері жоқ аса мұқтаж санаттарына атаулы көмек көрсетуге басым көңіл бөлінді. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен аз қамтамасыз етілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау іске асырылды. Осы мақсаттарға 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 49,9 % артты. Нәтижесінде 48,6 мың адам 359,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 18,8 мың отбасыға 484,9 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2008 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген отбасыларды қамту тиісінше 35,8 % және 96,9 % өсті. 2013 жылы 4,3 мың адам 35,0 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 6,4 мың отбасыға 149,5 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген алушылардың саны тиісінше 62 % және 14,7 % төмендеді.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 44,0 % артты. Нәтижесінде 53,2 мың адам 500,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 58,3 мың отбасыға 416,7 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2011 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген отбасыларды қамту тиісінше 28,4 % және 110,2 % өсті.

2013 жылы 7,7 мың адам 90,7 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 7,8 мың отбасыға 149,1 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген алушылардың саны тиісінше төмендеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 2009 жылы 8,1 % өсті және айына 3427 теңгені құраса, 2013 жылы жан басына шаққандағы жиынтық табысы 5,1 % өсті және 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда айына 4997 теңгені құрады. Әлеуметтік саясаттың тағы бір басымдығы – ана мен баланы қорғау. 2006 жылы балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі ендірілді, оған басқа жәрдемақылармен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосылды (1 айлық есептік көрсеткіш). 2009 жылы 18 жасқа дейінгі 216,5 мың балаға 2475,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 662,5 млн. теңге – республиканың бюджеттен нысаналы трансферт, оның өзі 2008 жылмен салыстырғанда 37,6 % артық. 2008 жылмен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 22,4 % артты.

2013 жылы 18 жасқа дейінгі 259,5 мың балаға 2191,9 млн теңге балалар жәрдемақысы төленді. Бұл 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 11,3 % артты.

2014 жылы 18 жасқа дейінгі 252,7 мың балаға 3607,8 млн теңге балалар жәрдемақысы төленді. Бұл 2011 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 13,1 % және 15,9 % артты. Жыл сайынғы балалар жәрдемақысын алушылар санының өсуі тууылу көрсеткішінің өсуіне байланысты.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2009 жылы - 27 отбасыға 11,3 га жер телімдері берілді, 188 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 520 үй малын сатып алды, 2013 жылы 6 отбасыға 0,8 га жер телімі берілді, 10 отбасы демеуші есебінен және жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 13 үй малын сатып алды.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2011 жылы - 130 отбасыға 24,8 га жер телімдері берілді, 172 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 366 үй малын сатып алды, 2013 жылы 1 отбасыға 0,5 га жер телімі берілді, 10 отбасы демеуші есебінен және жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 14 үй малын сатып алды.

2014 жылы 5044 адам 67,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмегі, 6620 отбасыға 157,2 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі төленді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 2014 жылы 1,9 % өсіп, айына 4847 теңгені құрады.

2014 жылы 18 жасқа дейінгі 276,8 мың балаға 4224,8 млн теңгенің балалар жәрдемақысы төленді.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2014 жылы - 6 отбасыға 0,8 га жер телімдері берілді, 6 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 6 бас үй малын сатып алса, 7 отбасыға демеушілер есебінен 10 бас мал алып берілді.

Әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша қолдаулар көрсетілуде. 13 әлеуметтік дүкен арқылы 3000 азаматқа, 81 сауда нүктесі арқылы 1627 азаматқа бағасы арзандатылған азық – түлік берілді, 9 әлеуметтік дәріханадан 138 адам арзандатылған дәрі – дәрмек сатып алды, 6239 азаматқа негізгі азық –түлік түрлерінің қымбаттауына байланысты 9861,5 мың теңге өтемақы төленді.

Сонымен бірге, 2008 жылмен салыстырғанда бірде – бір жұмыс істеушісі жоқ отбасылар үлесінің азайғанына қарамай, 2009 жылы аталған отбасылардың жоғарғы деңгейі әлі де сақталып отыр, олар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 40,3 пайызын немесе 3800 отбасын құрады. Бұның өзінде, көп уақыт бойы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 2667 отбасын немесе 28,3 пайызды құрады.

Адамның даму жағдайының жақсаруына ардагерлерге, мүгедектерге және басқа азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де жатады.

2013 жылы облысымызда 39,6 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, оның ішінде 1492 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай–ақ 113 мыңнан астам көпбалалы аналар (2008 жылғыдан 5,47 пайызға артық) және 80 жастан асқан 603 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Облыста 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа номиналды айлық жалақы – 78380 теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда (74964 теңге) 4,6 % өсті және ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшерінен (17342 тенге) 4,5 есе жоғары болып, бұл 1 тұрғынды ғана емес, оған қоса оның асырауындағыларды да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2014 жылы облысымызда 36 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, (бұл 2011 жылдан 3 мың адамға кеміген) оның ішінде 584 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай –ақ 156 мыңнан астам көпбалалы аналар (2011 жылғыдан 6,8 пайызға артық) және 80 жастан асқан 547 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Оңалту және медициналық - әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда 2009 жылы 2 мыңнан астам адам, 2014 жылы 2984 адам мемлекет қамқорлығына алынған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында облыста аудандық, қалалық әкімдіктерде әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілерін паспорттау жүргізуге арналған жұмыс топтары құрылды.

Нәтижесінде 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға паспорттау жүргізіліп, оның 3316-сы бейімдеу керектігі анықталды. 2014 жылы 1148-і бейімдеуден өтті. 2015 жылы 398 нысан бейімдеуден өту жоспарлануда.

2015 жылдың 1 мамырына облысымызда 29 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, оның ішінде 427 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай –ақ 152 мыңнан астам көпбалалы аналар және 80 жастан асқан 530 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі білім беруге теңдей қолжетімділік қамтамасыз етілген. 2010 жылдың 1 қыркүйегіне мектепке дейінгі 345 мекемеде мектепке дейінгі жастағы 34278 бала тәрбиеленуде, облыста мектепке дейінгі мекемелер мен балаларды қамту 21,4 % құрады. Қазіргі кезде (1 тамыздағы жағдаймен) мектепке дейінгі 1323 мекемеде (2013 жылы – 1256 мектепке дейінгі мекеме) 1-6 жастағы 137666 бала тәрбиеленуде (2013 жылы – 132983 бала). Оның ішінде 3-6 жастағы бала-124100 «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жастағы балаларды қамту 68,5%-ды құрайды.

2014 жылы мектепке дейінгі 1416 мекемеде мектепке дейінгі жастағы 152515 бала тәрбиеленуде, облыста мектепке дейінгі мекемелер мен балаларды қамту 76,8% құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9,6%-ға артық.

Мектеп алдындағы дайындықпен балаларды қамту 2009 жылы 76 % құрап, 2013 жылы 56,8 % құраса, 2014 жылы 100 % құрады, 2015 жылы 100 % жеткізу жоспарлануда.

Мектеп алдындағы дайындықпен балаларды қамту 2013 жылы білім беру мекемелерінде 2012 жылмен салыстырғанда 23,5% кеміген, 68,5% құрады. Демографиялық болжауға сүйенсек оқушылар санының өсуінде тұрақты тенденция байқалады. Егер 2002 жылы ОҚО жыл сайын 46 мың бала туылса, 2009 жылдары жылына 72 мың бала, 2011 жылы 77319 бала, 2012 жылы 77601 бала, 2013 жылы 78233 бала дүниеге келді. Бала туудың өсуі бала бақшаларда орын жетпеуіне әкеліп соғады. 2014 жылы 190797 бала үйде тәрбиеленуде.

Жалпы, облыс бойынша 65 мыңнан астам бала, 2014 жылы 88559 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алуға кезекте тұр, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 10392-ге көп.



Мектепке дейінгі білім беру саласындағы туындаған осы жағдай жағымсыз құбылыстарды жеңу жүйесінің қажеттілігін, түбегейлі ұйымдастырушылық, құрлымдық өзгерістерді, жоғары дамыған елдердің озық тәжірбиелерімен республикамыздың заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына сай мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және білім беру мазмұнын жаңартуды қажет етеді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 12372 педагогтар еңбек етуде, олардың 17,2 % жоғары және бірінші санатты ұстаздар. 2014 жылы мектепке дейінгі білім беру саласында 15093 педагогтар еңбек етуде, олардың 17,8 % жоғары және бірінші санатты ұстаздар.



Орта білім

Орта білім саласында төмен материалдықтехникалық, оқу-әдістемелік базамен байланысты, сонымен қатар оқытудың әдістері мен мазмұнын жаңарту қажеттілігіне байланысты мәселелер орын алуда.

2010 жылдың 1 қыркүйегіне облыста 1021, 2014 жылы 1022 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істеуде, ол жерде 524,5 мың, 2014 жылы 576,918 мыңға жақын оқушы оқуда, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 5 мектепке және 33,4 мың оқушыға артық. Мектептердің жалпы санынан 2011 жылы - 48,6%, 2014 жылы - 61,2% (2011 жылы - 53,9%) типтік ғимараттарда, 2010 жылы - 51,3%, 2014 жылы.- 38,7%,2015 жылы 1 қаңтарға 35,5% - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан (2011 жылы - 46%), 2010 жылы - 62, 2014 жылы - 48, 2015 жылы 1 қаңтарға 46 мектеп апаттық жағдайда ( 2011 жылы - 62).

2010 жылы - 17 мектеп, 2014 жылы - 28 мектеп (2013 жылы - 37) 3 аусымда оқиды. Білім саласының негізгі проблемасы - апатты және ыңғайланған саман мектептерді жою. Мектептердің негізінен өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары салынғанын есепке алсақ, бүгінгі күні бұл мектептер толығымен ескірген, жыл сайын апатты мектептер саны өсуде, жылына орташа есеппен апатты мектептер саны 10-15 бірлікке көбеюде.

Жаңа модификациялы физика кабинеттерімен 54,7 %, биология кабинеттерімен 31%, ЕМК – 57,9 % негізгі және орта мектептердің тек қамтылған.

Әрбір 5 мектеп мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Мектеп асханасының жабдықтары мен құралдарының тозуы 80 % құрайды. 47,5 % мектептердің спортзалы жоқ.

Мемлекеттен қаржыландырылатын арнайы автобустармен оқушыларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.

Осының барлығы орта білімнің 12 жылдық моделін енгізу мерзімін кейінгі қалдырудың себебі болды.

Білім жүйесінің бір көрінісі шағын жинақты мектептердің бар болуы, олар мектептердің жалпы санынан 26,8%, 2014 жылы - 16,1 % құрайды (2009 жылы - 28,2 %, 2013 жылы - 17,1 %).

2009 жылы екі аусымдағы оқушы орындарының жеткіліксіздігі 41005 оқушы орнын құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 40000 орынға аз.

Бүгінгі күні ұстаз еңбегінің материалдық және моральдық ынталандыру жүйесі және заманауи заңнамалық база және ұстаздардың әлеуметтік статусын жоғарлатуға жағдай жасалмаған.

Жоғары және бірінші санатты жоғары білікті педагог қызметкерлердің саны 2009 жылы ұстаздардың жалпы санының 41,4 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 54,0 % көп. Жыл сайын жас мамандардың жұмысқа қабылдануы 0,1 % ғана құрайды.

Гендерлік қайшылық, мамандықтың феминизациясы байқалуда (мұғалімдердің 76,1 % - әйелдер). Жалақының төмендігі (ел бойынша орташа айлықтың 60 % көлемінде), ұстаз мамандығының беделсіздігі жоғары білікті кадрлардың жұмыстан кетуіне ықпал етуде. 2000 жылдан бері білім саласы қызметкерлерінің айлығы 400 % өскеніне қарамай, оның деңгейі еліміздегі ең төмен жалақылардың бірі болып табылуда.

Балалар және мектеп қоғамдық ұйымдарының қызметі жолға қойылмаған. Балаларды қосымша біліммен қамту тек 4,2%, 2014 жылы - 9,3 % (2013 жылы -7,5%) құрайды.

Оқушыларды спорт секцияларымен қамту 2010 жылы - 15,5%, 2013 жылы - 38,5 % 2014 жылы - 39% құрайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан білім бағдарламаларымен қамтылған балалар үлесі облыс бойынша 2010 жылы - 13,5%, 2013 жылы - 10,4 %, 2014 жылы - 14 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға - 18% құрайды.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесі 2010 жылы - 8 %, 2011 жылы - 10 %, 2012 жылы - 12 %, 2013 жылы - 14,8 % , 2014 жылы - 28 % , 2015 жылға - 30 % құрайды.

ОҚО орта білім беру мектептерінде оқитындар саны 2003-2009 жылдар аралығында 4,7% кеміген. Жекелеген аудандарда: Кентау қаласында, сонымен қатар Бәйдібек, Отырар, Созақ, Түлкібас және Шардара аудандарында оқушылар санының кемуі 13 %-дан 16 % дейін. Оқушылар санының аз ғана өсуі тек Сайрам, Ордабасы аудандарында және Түркістан қаласында 1,4 %-дан 2,9 %-дейін тіркелген. Сыныптардың толықтырылуы норма бойынша 32 оқушы кезінде 22,4-тен 21,7 оқушыға кеміген, педагог қызметкерлер саны 3439 бірлікке, немесе 2,9 % көбейген.

Облыста бір тұрғынға білім беру шығынының ең төменгі деңгейі бола тұра, біліктілік санаты бар педагог қызметкерлер үлесі бойынша ОҚО республикадағы 14 облыс арасында 6 орында тұр.

2009 жылы ОҚО барлық аудандарындағы бір мұғалім жүктемесінің орташа деңгейі 18,4 сағатты құрады. Жүктеменің ең төмен деңгейі Отырар, Сайрам, Сарыағаш және Созақ аудандарында тіркелген.

Қазіргі кезде Интернет желісіне облыстағы барлық мектептер қосылған. Мектептер 100 % сымтетікпен қамтылған. Кең көлемді Интернет қолданатын мектептер саны – 978 (2013 жылы-93 %). Мектептердегі мультимедиялық-лингофонды кабинеттер саны 671 жинақты құрайды. Интерактивті тақталары бар мектептер саны 592 (2013 жылы - 380), интерактивті тақталар саны -1390.

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет