№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



жүктеу 4.63 Mb.
бет6/24
Дата22.02.2016
өлшемі4.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24



Өңіраралық ынтымақтастықтағы өңірдегі мәселелер


- белгілі бір тауар түріне дистрибьюторлардың болуы (жосықсыз бәсеке). Тауар нарығында үлкен өндірістік компаниялардың, көбінесе шет елдің дистрибьюторлары (өкілдері) болуына байланысты жергілікті тауар өндірушілер олармен бәсекеге түсе алмайды, өйткені, сұранысқа ие кейбір тауарлардың бағасын олар демпингілейді.
Туризм

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Облыста 2010 жылы - 1111, 2013 жылы - 1209 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан. Облыс аймағында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Домалақ Ана кесенесі, сонымен қатар, ежелгі қаланың орны «Отырар», «Сауран» және көптеген басқа да тарихи нысандар орналасқан. Өңіріміз этнографиялық, тарихи-археологиялық нысандармен қамтылған және әлемдік туристік нарықта сұранысқа ие табиғи демалыс аймақтарына Ақсу-Жабағлы, Сайрам-су, Өгем, Қырыққыз, Біркөлік шатқалдарын жатқызуға болады. Жыл сайын облыстық, республикалық маңызы бар жолдар ағымдық және күрделі жөндеуден өткізілуде, мұның өзі туризмді дамытуға үлкен үлес қосады.


Туризм саласының 2009-2014 жылдарға арналған көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Туристік ұйымдардың саны

25

31

52

89

114

156

Қонақ үй (бірлік)

62

63

71

99

104

114

Театр (бірлік)


8

8

8

8

8

8

Театрға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)

116

122

115

124

118

116

Кинотеатр (бірлік)


2

2

2

2

2

2

Мұражай (бірлік)


12

12

13

13

24

24

Мұражайға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)

86

88

87

91

92

91

Кітапхана (бірлік)


431

435

432

434

432

432

Кітапханаға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)

220

212

208

207

201

198

Клуб (бірлік)


287

266

267

271

268

264

Демалыс саябағы мен жануарлар саябағы (бірлік)

8

12

13

13

13

11

Қонақ үйлермен көрсетілген қызмет көлемі (млн.тг.)

403,5

453,6

800,5

1030,9

1398,2

1399,2

Қонақ үйлермен қызмет көрсетілген туристер саны (адам)

83055

92648

80990

101877

117785

133306

Резидент емес (адам)

7211

7700

7160

8012

14638

10750

Бір реттік сыйымдылық төсек-орындар

2181

2347

2323

4167

4224

5389

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі ( млн.тг.)

356,9

518,1

681,3

1085,6

1398,2

15398,5

Облыста туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалынуда:

- мінәжат ету туризмі;

- экологиялық туризм;

- емдеу-сауықтыру туризмі;

- балық, аң аулау туризмі.

Облыс өзінің туристік мүмкіндігін халықаралық туристік іс-шараларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз етуде.

«Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» Веб-сайтының ақпараттары тұрақты жаңартылып отырады. «Оңтүстік Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты бейне таспасы шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік өнімге маркетинг жүргізу мен өткізуді ұйымдастыру мақсатында «Оңтүстік Қазақстан» атты деректі фильмі, сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық сәулет өнері» атты фильм дайындалып түсірілді. Фильмді электронды нұсқада қолданушыларға ағылшын және орыс тілдерінде 500 данасы шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 стандартты жарнамалық-ақпараттық буклеттер дайындалды: «Орта ғасыр сәулет өнері», «Тау-экологиялық туризм», «Шымкент», «Этникалық туризм».

Сонымен қатар, ОҚО әкімдігінің арнайы жүргізген сараптамасы бойынша, 2014 жылдың қорытындысымен туристердің, экскурсанттардың қызмет кґрсету орындарына, мұражайларға, кесенелерге келушілер саны: ішкі туризм - 530398 адамды, сыртқы туризм - 20956 адамды, соның ішінде ТМД елдерінен - 10971 адамды құрады.

Сондай-ақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы туристік саладан түскен жиынтық табыс көлемі 6 798 812,0 мың тг. құрап 2012 жылмен салыстырғанда (6 346 900,0 мың тг.) 8 %-ға өсіп отыр.

Туризмнің әлеуетті салалары анықталып отыр, яғни, Түркістан қаласы және Отырар ауданындарын орталық ете отырып тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш ауданын орталық ете отырып емдік-сауықтыру, Төлеби ауданын орталық ете отырып экологиялық туризм және тау-шаңғы және жағажай туризмін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде – «Қасқасу» және «Шардара».



1. Төлеби ауданында тау-шаңғы курортын дамыту мақсатында «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің құрылысын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылы «Қазақстан Республикасы туристік индустриясының әлеуетті салаларын дамыту бойынша 2011-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» аясында «Қасқасу» IРК инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына» республикалық бюджеттен 103,5 млн. тг. жобалық-сметалық құжаттар (ЖСҚ) әзірленді. Жобаның жалпы құны – 2 899,745 млн. тг.

2013 жылы «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 200,0 млн. тг. және облыстық бюджеттен 100,0 млн. тг. қаржы бөлінді.

2014 жылы «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 200,0 млн. тг. және облыстық бюджеттен 2014 жылы 100,0 млн. тг., ал 2015 жылы 150,0 млн.тг. қаржы бөлінді.

2. Сарыағаш ауданында минералды және термальді су көздерін қолдану арқылы емдік-сауықтыру туризімін дамыту мақсатында жаңа курорт аумағын салу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2014 жылы облыстық бюджеттен 27,0 млн. тг қаржы бөлініп егжей-текжей жоспары әзірленуде.

Облыс әкімдігімен «Сарыағаш» жаңа курортты қалашығында минералды және термальді суларды 2020 жылға дейін дамыту бойынша шебер-жоспар әзірлеу үшін «IPK International» неміс консалтингтік компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

3. Шардара су қоймасы аумағында жағажай туризмін дамыту мақсатында 255,0 га жер учаскесі анықталып, ол жер учаскелері орман қорының балансында болғандықтан, қазіргі таңда елді мекен санатына ауыстыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы облыстық бюджеттен 16,2 млн. тг. қаржы бөлініп Шардара су қоймасы жағажайының жоспары әзірленуде. Қазіргі таңда, әлеуетті инвесторлар анықталып отыр.



4. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында Түркістан қ., Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында 4 жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 84 номерлі «Holiday Inn» халықаралық брендтік қонақ үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын туристік нысандарға алып баратын жолдардың құрылысы және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, соңғы үш жылда Сауран қалашығы, Үкаш ата және Гауһар ана кесенелеріне кіре беріс жолдар салынды, сондай-ақ, «Ақ бура» туристік кешеніне баратын жолдың құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

2014 жылы Сайрам ауданы Ақсу ауылында жолбойында қызмет көрсету орталығы «Алматы motel» нысаны салынды.

Бұдан бөлек, қалған 3 ауданда инвесторларға жер телімдері бөлініп, эскиздік жобасы әзірленді.

2010-2013 жылдары облысымызда 45 туристік нысандар құрылды, оның ішінде «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны - 6,8 млрд. теңге құрайтын 28 нысан жүзеге асырылды.

2010-2014 жылдары облысымызда 49 туристік нысандар құрылды, оның ішінде «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны - 6,8 млрд. теңге құрайтын 27 нысан жүзеге асырылды.

Төлеби ауданында бірқатар демалыс аймақтары салынды: «Алтын дан», «Тау самалы», «Eco village Kaskasu», «Науытсай- Керегетас», және Сарыағаш ауданында «Aray de luxe», «Kazakhstan KZ» шипажайлары және т.б..

Төлеби ауданында «Изуми» 50 орындық (жоба құны 148,0 млн. тг.)және «Тау самалы» емдік-сауықтыру орталығы 200 орындық (жоба құны 1 104,0 млн тг.) демалыс аймақ құрылыстары жеке инвестициялардың есебінен жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2014 жылы 180 орынды бес жұлдызды «Rixoss Shymkent» қонақ үйін іске қосылып, бұл жоба «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Жобаның жалпы құны 9 150,0 млн. тг.

Сондай-ақ, мінәжат ету туризмін дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласында «Саяхатшыларға қызмет көрсету орталығы», «Халық қолөнері шеберлері орталығы» және «Тарихи-мәдени этнографиялық мұражайы» іске қосылды.

Туризм саласындағы маңызды бағыттардың бірі туристік имиджді қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді алға жылжыту.

Облыс делегациясы жыл сайын халықаралық туристік көрмелер мен форумдарға қатысуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер, туристік карта, туристік жол сілтегіштер) әзірленіп шығарылды.

2014 жылы ОҚО туристік тартымдылығы туралы 5 минуттық және 45 секундтық бейне роликтер мен 26 минуттық фильм әзірленді. Бүгінгі күні Еуропа, Азия және Африка елдеріне арналған CNN телеарнасында 45 секундтық ролик, «Хабар», «Қазақстан», «Бірінші арна Еуразия» телеарналарында 26 минуттық фильм трансляцияланды.

Сонымен қатар, Еуропа және ТМД елдеріне арналған National Geographic телеарнасында 5 минуттық роликті трансляциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығы мен туристік нысандары бойынша «Travel talk», «FVW Daily», «FVW Magazines», «BIZ», «Central open Asia» халықаралық журналдарында 120 000 тиражды жарияланым шығарылды.

Кіру және ішкі туризмін дамыту мақсатында облыс көлменіде бірнеше ірі туристік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:



  • «Бард әндері» халықаралық фестивалі;

  • «Сарқылмас саяхат» республикалық жәрмеңкесі;

  • шет елдік туристік ұйым БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастырылып өткізілді.

  • бірқатар этникалық, және балалар туризмін дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

2014 жылы қазан айында халықаралық туристік-инвестициялық форум өткізу жоспарлануда.

2009-2014 жылдар аралығында туризм дамуының

көрсеткіштерінің динамикасы

Атауы


өлшемі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.


Келу туризмі

мың адам

7,5

7,3

7,1

8,0

14,7

10,7

Ішкі туризм

мың адам

83,0

81,0

73,8

93,7

103,1

105,0

Туристік іс-шаралар саны

саны


16

15

15

15

11

10


Туризм саласындағы негізгі проблемалары: Көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептері:

- жалпы экономикалық жағдайға байланысты туристер санының кемуі;

- туристік нысанның инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы;

- жоғары дәрежелі экскурсоводтардың, әсіресе шет ел тілін меңгерген (ағылшын, италян) туризм нұсқаушысының жоқтығы.


Агро-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыста мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

2003-2008 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Осы жылдарда мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты жағдайында, өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Егер 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 72%-ын өсімдік шаруашылығы, сәйкесінше 28 %-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған болса. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын қолдауының және облыс әкімдігі тарапынан атқырылған жұмыстардың арқасында 2008 жылдан бастап бұл қатынас теңеліп, 2012 жылы мал шаруашылығының өнімінің үлесі ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 45 %, өсімдік шаруашылығының үлесі 55,0 % құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 259,2 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 51,3 млрд.тг ұлғайды. Нақты көлем индексі 108,5 % құрап, Республикада бірінші орынға шықты.

Ал 2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 37,8 млрд.тг ұлғайып 297,0 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 104,1 % құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге немесе 159,1 млрд.тг. артты (2009 ж. 137,9 млрд.тг., 2010 ж. 163,8 млрд.тг., 2011 ж. 207,9 млрд.тг., 2012 ж. 259,2 млрд.тг., 2013 ж. 297,0 млрд.тг.).

2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 27,6 млрд.тг ұлғайып 322,24 млрд.тг. жетті. Нақты көлем индексі 101,5% құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 116,7 млрд.тг. артты.





Көрсеткіштердің атауы


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі (млрд.тг.)


137,9

163,8

207,9

259,2

297,0

322,24

Нақты көлем индексі (%)


106,6

106

111

108,5

104,0

101,5


Облыстың ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4485,1 мың. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылып, су шаруашылығы нысандарының істен шығуына және басқа да себептерге байланысты 2009 жылы 641,0 га дейін төмендеген. 2009 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық, облыстық бюджеттен 14,0 млрд теңге қаржы бөлініп, су шаруашылығы объектілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп 2009 – 2012 ж.ж аралығында 104,0 мың суармалы жер қосымша айналымға қосылды. Нәтежиесінде 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптары 742,2 мың га орналыстырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі орташа есеппен 20 % артты. Оның ішінде бақшадан 1100,0 мың тонна (148 %), мақтадан 380 мың тонна (113 %), картоптан 242,0 мың тонна (114 %), көкөніс 750 мың тонна 103 %), жүгері 94 мың тонна (110 %), майлы дақылдардан 73 мың тонна (101 %), жеміс-жидектен 78 мың тонна (143 %), жүзімнен 51,0 мың тонна (132 %) өнім жиналды.

Облыс бойынша гектар түсімділігі 2011 жылмен салыстырғанда жүгеріден 3,6 цн/га, көкөніс, бақшадан 14,0 цн/га, картоптан 10,4 цн/га,мақта 4,4 цн/га, жеміс-жидектен 5,4 цн/га артты.

Сонымен қатар облыста 292,0 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен қосымша ұлғайту бойынша облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. Іс-шара бойынша 40,0 мың га, 2014 жылы - 62,0 мың га іске қосылды (2012 ж 21,2 мың га, 2013 ж 18,6 мың га, 2014 ж. 22,0 мың га).

2013 жылы егіс көлемі өткен жылдан 32,0 мың га артып, 774,3 мың га жетті (2012 ж 742,2 мың га). Облыста соңғы жылдары егістікті қажеттілікке қарай әртараптандыруға көңіл бөлініп, облыстың ерекшелігіне сай мал шаруашылығын дамыту мақсатында, мал азықтық дақылдардың көлемін арттыруға басымдылық берілуде. Нәтижесінде, 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 8,1 мың га артып, 782,4 мың га жетті (2012 ж. 774,3 мың га). Оның ішінде жүгері 13,0 мың га (2014 ж. – 38,0 мың га, 2013 ж. 25,0 мың га), арпа 16,0 мың га (2014 ж. – 43,2 мың га, 2013 ж. 27,1 мың га), жоңышқа 7,0 мың га жалпы барлығы 36,0 мың га артты, тиісінше мақтаның егіс көлемі 10,5 мың га (2014 ж. – 127,5 мың га, 2013 ж. 138,0 мың га), майлы дақылдар 13,0 мың га-ға (2014 ж. – 93,0 мың га, 2013 ж. 106,4 мың га) кеміді. Көкөніс, бақша, картоп өнімдерінен 2,3 млн.тонна өнім жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 210 мың тоннаға артты (2013 ж. 2,1 млн.тн.). 2015 жылы егіс алқаптарын 813,6 мың га жеткізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі дәнді дақылдардан 471,4 мың тонна (2012 ж. %-бен 166,8%), бақшадан 1100,0 мың тонна (100,2 %), мақтадан 396,7 мың тонна (104,5 %), картоптан 238,4 мың тонна (98,6 %), көкөніс 756,2 мың тонна (100,9 %), жүгері 99,7 мың тонна (106,1%), майлы дақылдардан 94,3 мың тонна (129,8%) өнім жиналды. Облыс бойынша гектар түсімділігі 2012 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардан 6,2 цн/га, жүгеріден – 1,3 цн/га, бақшадан – 1,4 цн/га, картоптан – 2,0 цн/га, мақтадан – 2,5 цн/га, майлы дақылдардан 2,7 цн/га артты.


Көрсеткіштердің атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тамшылатып суғару әдісін ендіру, мың га

1,0

2,1

7,2

14,8

20,8

26,8

34,0

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет