кейін ғана ол қорытындылау мен жалпылауға қарай көтеріле алады; Оқыту процесі жүйелі түрде жекеден тұтастыққа қарай құрылуы қажет; Оқытудың негізі – көрнекілік. Оны қолданбай дұрыс елестетуді, ойлау мен сөйлеуді дамытуға болмайды; «Сөзшеңдерді ғана қалыптастыруға қабілетті» вербализммен күресу қажет. И.Ф. Гербарт (1776-1841) – «Педагогикадан лекция очеркі» және т.б.: - И.Ф. Гербарт (1776-1841) – «Педагогикадан лекция очеркі» және т.б.:
- Балалардағы «жабайы пасықтықты» басу керек, ол үшін оларды жазалау және олардың мінез-құлқын бақылай отырып, қылықтарын ерекше журналға (кондуит) жазып отыру қажет.
- адамның бұрынғы тәжірибелері туралы елестердің жаңа әсерлермен бірігуі қабылдаудың дұрыстығын және беріктігін және жаңаны меңгеруді анықтайды;
- тәрбиенің мақсаты – ізгілік пен жақсылық, өмір сүріп отырған қоғамдық қатынастарға икемделе алатын адамдарды тәрбиелеу, қалыптасқан тәртіпті сыйлай білетін, соған бағына білетін адамдарды тәрбиелеу;
- тәрбие процесінің үш саласы: басқару, оқыту және адамгершілік тәрбиесі;
- оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясы: баланың жан-дүниесінде бар елестерді өзгерте отырып, баланың мінез-құлқына, жан-жақты қызығушылықтың дамуына әсер етуге болады;
- адамгершілікке тәрбиелеу идеясы: ішкі еркіндік, кемеліне жету, ізгілік, құқық, әділеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |