Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университтеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы «Ғылыми зерттеу негіздері»



бет3/18
Дата31.01.2024
өлшемі2.93 Mb.
#490343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ГЗН адист нускаулык (1)

Қорытынды бақылау
Қорытынды бағалау курстық жұмысты қорғау форматында өтеді. Курстық жұмысты қорғау университеттің академиялық адалдық саясатына сай және емтихандар өткізу ережелеріне сай өтеді.
Курстық жұмысты қорғау ауызша өткізіледі. Білім алушының курстық жұмысты талапқа сай рәсімделуі тексеріледі. Курстық жұмыс турнитенге салынып, антиплагиаттан (55%) өткізіледі. 90-100% аралығында антиплагиаттан өтпеген жағдайда, қайта тексерістен өтуге 1 рет мүмкіндік беріледі. 1% көлемде ерекшелік артық антиплагиаттық мөлшер көрсетілген жағдайда, ескертулер жасалып, балл көлемі төмендетіледі.
Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу, зерттеу әдістері, күтілетін нәтиже және талқылау, қорытынды бөлімдері қаралады.
Максималды балл 100 баллмен бағаланады.
1-қосымша
Бағалау шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Модульдер бойынша ағымдық бағалау критерийлері

Баға

Критерий

10 б

20 б

30 б

40 б

50 б

60 б

А

Білім алушы ғылыми зерттеу негіздерін біледі, әдістерін анықтай алады, теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізе алады. Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады, курстық жұмысты талапқа сай рәсімдейді. Курстық жұмыс турнитеннен антиплагиатқа тексеруден сәйкестік 10%-дан артық емес; Курстық жұмыстың нәтижесін мақала түрінде жариялайды. Курстық жұмысты қорғауда шығармашылық қабілетін танытады.

10

19-20

29-30

38-40

48-50

58-60

А-

Курстық жұмысты қорғауда өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Әдеби шолуға кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады, курстық жұмысты талапқа сай рәсімдейді. Курстық жұмыс турнитеннен антиплагиатқа тексеруден сәйкестік 20%-дан артық емес;

9

18

27-28

36-37

45-47

54-57

В+

Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде курстық жұмыс жазуда елеулі қателердің болмауы; курстық жұмысты қорғауда баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады, курстық жұмысты талапқа сай рәсімдейді. Курстық жұмыс турнитеннен антиплагиатқа тексеруден сәйкестік 40%-дан артық емес;

8

17

26

34-35

43-44

51-53

В

Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; курстық жұмыс жазуда негізгі ережелерді біледі; Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады. Курстық жұмыс турнитеннен антиплагиатқа тексеруден сәйкестік 40%-дан артық емес;

7

16

24-25

32-33

40-42

48-50

В-

Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады. Курстық жұмыс турнитеннен антиплагиатқа тексеруден сәйкестік 55%-дан артық емес;

6

15

23

31-32

38-39

45-47

С+

Курстық жұмысты қорғауда жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады. 65-75% артық емес.

5

14

21-22

28-30

35-37

42-44

С

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазады.

4

13

20

26-27

33-34

39-41

С-

Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады. Оқытушының жетекшілігімен берілген тақырып бойынша курстық жұмыс жазуда елеулі қателер жібереді. 90% дейін болған жағдайда

3

12

18-19

24-25

30-32

36-38

D+

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.

2

11

17

22-23

28-29

33-35

D-

Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.

1

10

15-16

20-21

25-27

30-32



Қанағаттанарлық бағалауды қайтадан өткізу мүмкіндігі

0

5-9

8-14

10-19

13-24

15-29

F

Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.

0

0-5

0-7

0-9

0-12

0-14





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет