Қ. Жұмалиев зерттеулеріндегі көркем шығармалардың тілі Дайындаған: Парух Арайлы



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#453979
1   2   3
стилистика

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

(Абай)


Теңеу (сравнение). Жазушы бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды. Теңеудің өзіне тән ерекшелігі – белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге елестету.

Теңеулердің көпшілігі зат есімге, есімше, етістікке жалғанған -тай (-тей), -дай (-дей), -ша (-ше) және -дайын (-дейін) жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалдар:

Оның сөзі көкте жанған жұлдыздай.

Оның сөзі – желден жедел найзағай,

Оның сөзі күндей күліп, жарқырап,

Сақталады жүрегімде ол ұдай.

(Жамбыл)

Желектей желпіп желінді,

Желқомдай жырттым жеріңді,

Түбіттей түтіп бұлтыңды.

Таспадай тілдім толқынды,

Бағынбай кеннен нең қалды?

(Тайыр)

Теңеудің ішінде болымсыз теңеу дейтін болады. Бұнда бір затты екінші затқа теңегенде болымсыз мағына шығарады, мысалы: «Ол онша әдемі жігіт емес. Дегенмен бір көруге сиықсыз адам сықылды да емес. Денесі томардай жуан да емес. Тал шыбықтай жіңішке де емес», т.б.

Гималай-көктің күндігі,

Гималай-жердің түндігі.

(Ілияс)

Мен мен едім, мен едім.

Исатайдың барында,

Екі тарлан бөрі едім.

(Махамбет)

Мен киіктің лағы ем,

Сен жаралы жолбарыс ең.

(Абай)


Сен бұзау терісі шөніксің,

Мен өгіз терісі талыспын.

(Бұхар)

Сенсің- жан ляззаты,

Сенсің-жан шәрбаты.

Дем алысы-үскірк, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымастірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(Абай)


Қоңыр қаз балапанын жайып жүрген,

Біріне-бірі неге сыбырлайды?

Күн жадырап, жайылып өз-өзінен

Не жақсылық жұмысты ырымдайды?

Өсімдік жел тынғанда иіп басын

Қалайша себебі жоқ қыбырлайды?

(Сәбит)

Көк темірді киініп

Шықты батыр жекеге.

(Батырлар жырынан)

Үстіне масаты мен киіп құлпы.

(Кенжебай ақын)

Көзінен мөлдір жасы мөлт-мөлт тамып,

Буланып қырау басқан жер тыңдады.

Одан басқа мал баққан, отын жаққан

Қақ сауыс, қара, жыртық жең тыңдады.

(Сәбит)

Жау жоғары, біз төмен

Жау кншімнен қорғалад.

Жау жоласа жорғалап,

Күл болған жау күл болад.

(Жамбыл)

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып

Қу тілмен қулық сауған заң құрсын.

(Абай)

Тиеді ер пайдасы сасқан жерде,

Етегін ер жаңылып басқан жерде.

Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,

Табым десе, қозады аруағым,

Түпсіз қара тұнықта суды кешсем,

Тап қолыма медеу қып ұстар талым.

Көзсіз көрдей басыма күндер туса,

Табым қолда жарық қып ұстар шамым.

Менің табым – еңбекші, еңбек ері,

Онсыз менде көрген күн – бұлдыр сағым.

Желі толған сары түйе,

Ағажан, кімге тапсырдың?

Қора толған ақты қой,

Ай көке, кімге тапсырдың?

Тоғай толған мың жылқы,

Күн көке, кімге тапсырдың?

Тоқсанда әкең Тоқтарбай,

Алпыста шешең Аналық,

Бірге туған мен зарлық,

Ай көке, кімге тапсырдың?

Балалық өлді, білдің бе?

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті көрдің бе?

Кәрілікке көндің бе?

Кім біледі сен кәпір

Баяндыдан сөндің бе?

Баянсызға төндің бе?

Әлде айналып, кім білер,

Боталы түйе секілді

Қорадан шықпай өлдің бе?

Өмір шіркін, алдадың, мен алдандым,

Алдады өмір, себеп не? Мен таң қалдым!

Жеміс піспей ауызға түспейтінін

Білдім, білдім, түсіндім, енді аңғардым.

Қош бол, жер, - көкті көзбен көрген ана!

Құмақта, тентегім жат! - де де, ана:

Панасыз ем, жалғыз ем, өзіңе аян,

"Жоғалғыр жоғалды ғой " деме, ана!

(С. Мұқанов "Сұлушаш")





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет