3.11 Әртүрлі жұмыс түрлерінде метрологиялық қамтамсыз етудің негіздері
Метрологиялық қамтамасыз етудің төрт негізі бар: ғылыми, нормативті, техникалық және ұйымдастырушылық (3.3-сұлба).
Метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі туралы жоғарыда айтылған, сондықтан қалған үш негізді қарастырайық.
3.11.1 Метрологиялық қамтамсыз етудің нормативті негіздері
Қазақстанда метрологиялық қызмет конституциялық нормаға сәйкес негізделеді, ол стандарттардың, эталондардың, метрлік жүйелердің және уақытты есептеудің мемлекеттің қарамағында екенін көрсетеді және физикалық шамалардың бірліктерін , эталондарын және оларға байланысты өзге де метрологиялық негіздерді анықтау сияқты заңнамалық метрологияның негізгі сұрақтарына орталықтандырылған басшылықты бекітеді.
Конституциялық норманы қамтамасыз ету шеңберінде «Өлшемнің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» заңдар қабылданды.
7 маусым 2000 жылғы «Өлшемнің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» заңға сәйкес елде Мемлекеттік метрологиялық қызметтің органдары ұйымдастырылды, олардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында, облыстарында және аймақтарында мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуына бағытталған. Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер өлшем сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау үшін метрологиялық қызметерді құру қажет.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау өзіне техникалық құралдарды жасау мен тиімді қолдану бойынша және экономикалық іс-әрекеттердің көптеген түрлеріне таралатын метрологиялық ережелер мен нормаларды ұстану бойынша жұмыстарды қосады. өлшеу құралдары мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау шеңберінде олардың типтерін ары қарай бекітумен бірге міндетті сынаққа алынады.
«Техникалық реттеу туралы» заң қолдану үшін міндетті стандарттаудың құқықты негіздерін анықтайды және стандарттау бойынша әзірлемелер мен әртүрлі нормативті құжаттарды қолдану жолымен тұтынушылар мен мемлекеттің мемлекеттік мүдделерін қорғау шарасын анықтайды.
3.11.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негіздері.
-
Өлшеу құралдарының түрін бекіту және тіркеу.
Өлшеу құралдарының түрін бекіту мемлекеттік метрологиялық бақылаудың түрі болып табылады және сериялық шығарылымға жарамды Өлшеу системасы( орыс транскрипциясында - СИ) өлшеу құралының түрін мойындау мақсатымен жүргізіледі.
Метрологиялық қамтамасыз ету
негіздер
Ғылыми
Нормативті
Техникалық
Ұйымдастырушылық
Метрология
Өлшем біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Жүйелер:
-
Физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
-
Физикалық шама бірліктерінің өлшемдерін эталондардан жұмыс өлшеу құралдарына беру;
-
Жұмыс өлшеу құралдарының әзірленуі, өндіріске қойылуы және шығарылымы;
-
Өлшеу құралдарының мемлекеттік сынақтары;
-
Өлшеу құралдарының мемлекет тексерілуі және мөлшерленуі;
-
Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері;
-
Заттар мен материалдардың физикалық тұрақтылықтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтері.
Метрологиялық қызметтер:
Мемлекеттік
Ведомстволық
3.3-сұлба – Метрологиялық қамтамсыз етудің негіздері
СИ түріндегі сынақты жүгізу тәртібі мен бекіту:
-
түрді бекіту сынағы;
-
түрдің мемлекеттік тіркелуін бекіту туралы және түрді бекіту туралы сертификатты беру шешімін қабылдау;
-
бекітілген түрге СИ бақылауда бекітілген түрге сәйкестігін сынаққа алу;
-
шет елдердің құзырлы ұйымдарымен жүргізілген түрді бекіту немесе СИ түрін сынау нәтижелерін мойындау;
-
өлшеу техникасының тұтынушыларына апаратын қызмет көрсету.
Сынақты жүргізу тәртібі және түрді бекіту туралы шешім міндетті сынақ қорытындылары бойынша Қазақстанның Мемстандартымен қабылданады.
Түрлерін бекіту үшін СИ сынақтарын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО) және өзге де арнайы СИ мемлекеттік сынақ орталықтары (СИ МСО) жүргізеді, олар өлшеу құралдарының Мемлекеттік тізілімінде аккредиттеледі және тіркеледі. Сынақ кезінде СИ техникалық құжаттамалар мен техникалық сипаттардың техникалық міндеттерге, техникалық шарттарға және өлшеу құралын тексеру әдістерінен тұратын оларға таралатын нормативті және қолдану құжаттарына сәйкестігін тексереді. Сынақтың оң нәтижелері кезінде Қазақстанның Мемстандарты СИ түрін бекітеді және түрді бекіту туралы сертификат береді. Түрді бекіту сертификаты берілген өлшеу құралдарын Мемлекеттік тізілімде тіркейді.
Сынақ алдында СИ сынақтарының бағдарламасы әзірленеді, ол метрологиялық сипатты және тексеру тәртібін анықтайды.
СИ сынағына ұсынылады:
-
өлшеу құралының үлгісі (үлгілер);
-
СИ МСО - мемлекеттік стандарттау органы бекітілген түрді сынау бағдарламасы;
-
әзірлеуші-ұйым жетекшісімен қол қойылған олардың әзірлемесі қарастырылған жағдайдағы техникалық шарттар;
-
қолдану құжаттары және Қазақстанға әкелінетін өлшеу құралдары үшін жеткізілетін өлшеу құралына қосымша ретінде жасаушы-фирманың ұсынатын мемлекеттік тілде және орыс тіліндегі құжаттамалар жинағы;
-
қолдану құжаттамасындағы «Тексеру әдісі» бөлімінің болмаған жағдайын тексеру бойынша нормативті құжат.
Сынақты келесі жағдайларда жүргізеді:
-
шығарылатын немесе импортталатын өлшеу құралының сапасының төмендеуі туралы тұтынушылардан алынатын ақпараттардың болуы;
-
нормаланған метрологиялық сипатына әсер ететін СИ құрылымына немесе жасау технологиясына өзгерістерді енгізу;
-
типті бекіту туралы сертификаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуы.
Бекітілен түрді СИ сәйкестігіне сынау үшін келесі құжаттарды ұсынады:
-
түрді бекіту туралы сертификат көшірмесі;
-
түрді бекіту үшін СИ сынақтар актісінің көшірмесі және бекітілген түрге СИ сәйкестігінің соңғы сынақтар актісі, егер де олар жүргізілсе;
-
техникалық шарттар;
-
қолдану құжаттары.
Түрді бекіту туралы және оны алып тастау туралы ақпарат ҚР МСТ ресми басылымдарында жарияланады.
3.11.3 Өлшеу құралдарын тексеру
Өлшеу құралдарын тексеру бұл СИ сәйкестігінің көрсетілген міндетті талаптарға жарамдылығын және расталуын анықтау мақсатында Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарымен немесе өзге де уәкіл органдармен және ұйымдармен орындалатын операциялар жиынтығы. Өлшеу құралдарының тексерілуін олардың шығарылуы кезінде немесе жөңделуден кейін елге әкелу кезінде және пайдалану процесінде орындайды.
Тексеруге жататын өлшеу құралдарының топтарының тізімін ҚР МСТ бекітеді. СИ тексеру құқығы заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтеріне ұсынылады, ал оларды тексеру жұмысы Мемлекеттік метрологиялық қызметтің органдарымен бақыланады. Тексеруді тексерушілер ретінде аттестатталған жеке тұлғалар атқарады. Өлшеу құралдарының қолдануға жарамды екенін растау немесе оларды қолдануға жарамсыздығын мойындау тексеру нәтижесі болып табылады. Бірінші жағдайда СИ және (немесе) оның техикалық құжаттамасына тексеру таңбасының бедері салынады және (немесе) тексеру туралы Куәлік беріледі. Екінші жағдайда тексеру таңбасының бедері және (немесе) тексеру туралы Куәлік өз күшін жояды және жарамсыздық туралы Куәлік беріледі. Тексеру таңбасы — бұл өлшеу құралына салынатын және оның қолданысқа жарамдылығын мойындайтын көрсетілген пішініндегі белгі.
Өлшеу құралдарын алғашқы, кезеңдік, кезектен тыс, инспекциялы, сонымен қатар сараптау тексерісіне алады.
Алғашқы тексеру СИ шығарылымы кезінде немесе жөңдеуден кейін, сонымен бірге оларды Қазақстанға әкелу кезінде жүргізеді. Мұндай тексеруге өлшеу құралының әрбір данасы алынады.
Кезеңдік тексеруге белгілі бір уақыт аралығы арқылы пайдалануға немесе сақталуға тұрған СИ жатады. Кезеңдік тексеруден өлшеу құралының әрбір данасы өту керек. Ұзақ мерзімді сақталуда тұрған СИ ғана тексеруден өтпейді. Бірінші аралық тексеру интервалын түрді бекіту кезінде анықтайды, ал одан кейінгілерді қабыл алмау статистикасының және экономикалық көрсеткіштердің негізінде анықтайды.
Кезектен тыс тексеруді СИ қолдану және (немесе) сақтау кезінде келесі жағдайларда оны кезеңдік тексеру мерзіміне дейін жүргізеді:
-
тексеру таңбасының белгісі зақымданағанда немесе тексеру туралы Куәлік жоғалса;
-
ұзақ уақыт сақтаудан кейін (кезеңдік тексеру мерзімінен көп уақыт) СИ қолданысқа енгізу;
-
белгілі немесе жобаланатын СИ соққы әсерінен немесе оның қанағаттандырылмайтын жұмысынан қайта түзетуді жүргізу;
-
кезеңдік тексерулер арасындағы мерзімнің жартысына тең, мерзімінің аяқталуына қарай жүзеге асырылмаған өлшеу құралдарын тұтынушыларға жіберу;
-
кезеңдік тексерулер арасындағы мерзімнің жартысына тең, мерзімінің аяқталуына қарай СИ құраушылар ретінде қолдану;
-
Инспекциялы тексеруді мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде СИ қолданысқа жарамды екенін анықтау үшін жүргізеді. Инспекциялы тексеруді тексеру әдісіне көрсетілген толық емес көлемде жүргізуге болады. Инспекциялы тексеру нәтижелері актіде көрсетіледі.
Сараптау тексеруді метрологиялық сипаттар, өлшеу құралдарының түзетілгендігі және олардың қолданысқа жарамдылығы бойынша қаулы сұрақтар туындағанда жүргізеді.
Тексеру кезінде негізгі метрологиялық сипат болып табылатыны өлшеу құралдарынан және одан да дәл жұмыс эталонынан келесі тәсілдермен алынған көрсеткіштерді салыстыру негізінде бар қателік:
-
аспаптың көмегі арқылы одан да дәл өлшеммен салыстыру (қарсы қою немесе алмастыру әдістерімен). Бұл тексеру әдістері үшін ортақ болып табылатыны салыстырылатын шамалар өлшемдерінің түрлілігі туралы белгіні әзірлеу. Егер де бұл белгі үлгілі өлшемді таңдау жолымен нөлге келтірілсе, онда нөлдік өлшеу әдісі жүзеге асырылады;
-
қайта өлшенетін өлшем шамасын өлшеуде эталонды құралмен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру жиі ретте градуирлеу деп аталады және мұнда межелікке жұмыс эталонының көрсеткіштеріне сәйкес келетін белгілерді салады немесе шаманың нақтыланған мәндерін анықтайды;
-
ең дәл өлшеммен жиыннан алынған тек бір ғана өлшемді немесе көп мәнді өлшемді межеліктің тек бір ғана белгісімен салыстыру мөлшерлеу деп аталады, ал өзге өлшемдердің нақты өлшемдері салыстыру аспаптарында әртүрлі үйлесуі кезінде оларды өзара салыстыру жолымен және өлшеу нәтижелерін одан ары өңдеу кезінде анықталынады.
Компаратор — бұл өлшенетін шаманы эталонмен салыстыруға арналған өлшеу аспабы, мысалы теңиықты таразылар мен электрөлшеуіш потенциометрлер. Бір ғана шаманы өлшеу аспаптардың көрсеткіштерін салыстыру мүмкіншілігі болмағанда компаратор қажеттілігі туындайды. Кез келген СИ компаратор бола алады, егер де ол тексеру және эталонды өлшеу аспабының белгілеріне бірдей жауап қайтарса.
Өлшеу аспаптарын тексеру төмендегідей жүргізіледі:
-
өлшенетін шаманы разрядқа немесе дәлдік класына сәйкес жұмыс эталондарымен қайта өлшенетін шамамен салыстыру әдісі арқылы. Өлшем шығарылымында шама мәндері тең сәйкестіктермен таңдалады, жиі ретте аспап межеліктерінің цифрланған белгілерімен. Өлшем нәтижесімен және оған сәйкес эталон өлшемі арасындағы ең үлкен айырмашылығы аспаптың негізгі қателігі;
-
бір уақытта сол бір ғана шаманы өлшеу кезінде тексеру және эталонды аспаптардың көрсеткіштерін салыстыру әдісімен. Олардың көрсеткіштерінің айырмашылығы тексерілетін СИ абсолютті қателігіне тең.
Тексерудің өзге де әдістері бар.
Рауалы эталонды қателіктермен тексеру өлшеу құралдары арасындағы тиімді қатынасты таңдау тексерудің маңызы болып табылады. Тексеру кезінде үлгілі СИ көрсеткіштеріне түзетулер енгізілгенде бұл қатынас 1:3 деп алынады. Егер де түзетулер енгізілмесе, эталонды өлшеу құралдары 1:5 қатынасынан таңдалады.
Разрядты эталондар мен СИ жұмыс түріндегі мемлекеттік эталонның метрологиялық бағыныштылығын анықтайтын өлшемнің өлшем бірліктерін эталоннан СИ жұмыс түріне дұрыс беру үшін тексеру сұлбаларын құрайды. Мемлекеттік тексеру сұлбалары СИ барлығына таралады.
Оқшауланған тексеру сұлбалары метрологиялық ведомство органдарына, оларға бағынышты кәсіпорындармен нақты кәсіпорындарға арналған. Барлық оқшауланған сұлбалар мемлекеттік тексеру сұлбаларымен анықталған бағыныштылық талаптарына сәйкес болуы керек.
Өлшеу құралдарын өндірістен жасап шығаратын немесе жөңдейтін, қолдану үшін әкелетін заңды және жеке тұлғалар СИ міндетті түрде тексеруге ұсыну қажет. Тексеру кестесін СИ иелері арқылы көрсетілген мерзімге сай құрайды.
-
3.11.4 Өлшеу құралдарын мөлшерлеу
Өлшеу құралдарының метрологиялық түзетулерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бақылау міндетті болып табылмайтын қызмет саласында мөлшерлеу қолданылады.
Өлшеу құралдарын мөлшерлеу (мөлшерлеу жұмыстары) – бұл метрологиялық сипаттардың нақты мәндерін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын СИ қолдануға жарамдылығын анықтау мен растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын салалардағы өлшем біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет субъектілерімен мөлшерлеу жұмыстарының жиынтығы бұл мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу үшін құралған Қазақстандық мөлшерлеу жүйесі (ҚМЖ). Мөлшерлеу жұмыстары ұйымдастыруға және жүргізуге қойылған арнайы көрсетілген талаптар негізінде әрекет етеді. Қазақстандық мөлшерлеу жүйесі өлшеу құралының ведомстволық тексерудің және метрологиялық аттестаттаудың орнын ауыстырады.
Мөлшерлеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар көрсетілген ережелерге сәйкес мөлшерлеу кезінде қолданылатын эталондар, қондырғылар және өзге де өлшеу құралдары мөлшерлеу құралдарына ие болулары қажет. Олар бірлік өлшемдерін мемлекеттік эталоннан мөлшерленетін өлшеу құралдарына беруді қамтамасыз ету қажет.
ҚМЖ қызметінің негізгі бағыттары:
-
мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу құқығына ие болу үшін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеуден өткізетін органдарды тіркеу;
-
мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу құқығына ие болу үшін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу;
-
өлшеу құралдарын мөлшерлеу;
-
мөлшерлеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптарға аккредиттелген метрологиялық қызметтерді қадағалау үшін инспекциялы бақылау.
Қазақстандық мөлшерлеу жүйесінің шеңберіндегі мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу құқығына ие болу үшін заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет орындарын аккредиттеуді сәйкес аккредиттеуші органдар жүргізеді, олардың басты міндеттері:
-
өз мамандандырылуына сәйкес метрологиялық қызмет орындарын аккредиттеу және инспекциялы бақылауды жүргізу;
-
мемлекеттік немесе халықаралық эталондардан аккредиттелген метрологиялық қызметтерге өлшем бірліктерін беру;
-
қарастырылып отырған маманданудың мөлшерлеу қызметі бойынша нормативті құжаттардың қорын әзірлеу, қалыптастыру (жинақтау) және жаңғырту;
-
СИ мөлшерлеу құқығына ие болу үшін метрологиялық қызмет орындарына аккредиттеу аттестатын рәсімдеу және беру, аккредиттелген метрологиялық қызмет орындарының ҚМЖ тізіліміне енгізу үшін материалдарды ұсыну;
-
мөлшерлеу немесе мөлшерлеу белгілері туралы шет ел сертификаттарын мойындау жайында шешімді қабылдау және қабылданған шешім туралы мүдделі заңды тұлғаларға жеткізу;
-
СИ мөлшерлеу туралы сертификаттарды аккредиттеуші органдар атынан берілген іс-әрекетті болдырмау немесе тоқтату;
-
аккредиттелген метрологиялық қызмет орындарының тізімін жасау және аккредиттеу шешімдері туралы ақпаратты жариялау үшін дайындық жүргізу;
-
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру;
-
СИ мөлшерлеу бойынша нормативті құжаттарды метрологиялық сараптаудан өткізу;
-
СИ мөлшерлеу нәтижелерін мөлшерлеу және рәсімдеу. Заңды тұлғалардың аккредителген метрологиялық қызмет орындары ҚМЖ негізі болып табылады, олар атқаруға қойылатын талаптарды орындауға міндетті және мөлшерлеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету керек, аккредиттеу талаптарына сай болуы қажет, аккредиттеу аумағына кіретін аумақтарда ғана мөлшерлеуді жүргізулері керек, сонымен бірге өз эталондарын көрсетілген мерзімдерге сай тексерулері қажет.
Мөлшерлеу жұмыстарын жүргізетін метрологиялық қызмет орындарында келесі шарттар болуы қажет:
-
көрсетілген ережелерге сәйкес мөлшерлеу кезінде қолданылатын тексерілген және сәйкестендірілген мөлшерлеу құралдары;
-
мөлшерлеу жұмыстарының ұйымдастырылуын және жүргізілуін регламенттейтін құжаттар. Оларға аккредиттеу аясына жататын құжаттар, өлшеу және мөлшерлеу құралдарының құжаттамалары, мөлшерлеуге, мөлшерлеу рәсімдеріне және оның мәліметтерін пайдалануға қажетті нормативті құжаттар жатады;
-
кәсіби дайындалған және білікті қызметкерлер;
-
нормативті талаптарды қанағаттандыратын бөлме.
Мөлшерлеу нәтижелері СИ салынатын мөлшерлеу белгісімен немесе мөлшерлеу туралы куәлікпен, сонымен қатар қолдану құжаттарындағы жазбамен куәландырады.
Мөлшерлеу жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар арнайы «Мөлшерлеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындау бойынша басшылық» құжатында көрсетіледі. Ол келесі негізгі бөлімдерді айқындайды: сапа аясындағы саясат, қызмет көрсету аясы, мөлшерлеу құралдары және құжаттама, қызметкерлер мен бөлмелер.
СИ мөлшерлеуі тексеру кезіндегі әдістермен жүргізіледі.
3.12 Өлшеу құралдарын және сынақ жабдықтарын аттестаттау
Метрологиялық аттестаттау — бұл аттестатталатын өлшеу құралының метрологиялық мұқият зерттелуінің негізінде қолдану үшін өлшеу құралдарын жарамды деп мойындау.
Мемлекеттік сынаққа алынбайтын немесе түрдің Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарымен бекітілуіне жатпайтын, сонымен қатар шет елден әкелінетін немесе шығарылатын бірлік данасындағы тәжірибелік үлгілер, өлшеу аспаптары немесе партиясы өлшеу жүйелері және олардың желілерінде алынады.
Аттестаттаудың негізгі міндеттері болып табыладындар:
-
метрологиялық сипаттарды және олардың нормативті құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау;
-
тексеру кезінде бақылауға алынатын метрологиялық сипаттардың тізімін анықтау;
-
тексеру кезінде бақылауға жататын метрологиялық сипаттардың тізімі.
Метрологиялық аттестаттау арнайы әзірленген және бекітілген бағдарлама бойынша мемлекеттік органдармен немесе ведомстволық метрологиялық қызмет орындарымен жүргізіледі. Оң нәтижелер анықталған формадағы метрологиялық аттестаттау туралы Куәлік беріледі, онда оның анықталған метрологиялық сипаттарын көрсетеді. Сынақ шарттарын рауалы ауытқулар шегінде қайта өлшеу мүмкіндігін растау және аттестатталатын жабдықты оның тағайындауымен сәйкес қолдануға жарамдылығын анықтау сынақ жабдықтарын аттестаттаудағы негізгі мақсат болып табылады. Аттестаттау тексеру сияқты алғашқы, кезеңдік немесе қайталанатын түрлерде болады.
Алғашқы аттестаттау жобалау құжаттамаларын сараптаудан, сынақ жабдығының техникалық сипаттарын экспериментті түрде анықтауда және оның қолданысқа жарамдылығын растаудан тұрады.
Алғашқы аттестаттау процесінде келесілер анықталынады:
-
сыртқы әсер ету факторларын немесе нақты өлшем түрлерін сынау әдістерінің құжаттарында көрсетілген сынау объектілерінің қызмет жасау режімдерін қайта өндіру мүмкіндігі;
-
нормаланған мәндерден сынақ шарттарының параметрлерінің ауытқуы;
-
қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы ортаға зиянды әсердің болмауы;
-
кезеңдік аттестаттау кезінде тексерілетін жабдықтар сипаттарының тізімі, сонымен қатар оны қолдану әдістері, құралдары және кезеңділігі. Кезеңдік аттестаттауды сынақ әдістеріне оның сипаттарын нормативті құжаттардың және қолдану құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау үшін қажет көлемде сынақ жабдықтарын пайдалану процесінде жүргізеді.
3.13 Метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негізі
Мемлекеттік метрологиялық қызмет
Метрологиялық қызмет — бұл өлшем сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет субъектілерінің және жұмыс түрлерінің жиынтығы.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) салааралық деңгейде елдегі өлшемнің метрологиялық түрде қамтамасыз етілуіне жауап береді және мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. ММҚ құрамына мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары кіреді, олар мемлекеттік эталондарды жасауға, сақтау мен қолдануға және бекітілген өзгеріс түрінде өлшемнің біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттарды әзірлеуде заңнамаға сәйкес жауапкершілкке ие. ММҚ басшылығын Қазақстанның Мемстандарты жүзеге асырады.
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО) Қазақстанның Мемлекеттік стандартына қарасты кәсіпорындардан және ұйымдардан немесе олардың құрылымдық бөлімшелер сандарынан құрылады. Олар шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану жұмыстарын атқарады, сонымен қатар өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттар әзірлемесін жүргізеді. Оларда жоғары білікті ғылыми кадрлар жұмыс атқарады, нақты кәсіпорындарға немесе ұйымға МҒМО мәртебесін беру меншік нысанын және ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгертпейді, ол тек олардың мемлекеттік көмектің ерекше түрін ұсынатын объектілер санатына жатқызылатынын білдіреді.
Мемлекеттік метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
-
мемлекеттік эталондардың шама бірліктерін жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;
-
метрология аясында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымды жұмыстарды орындау, ондағы өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету үшін бірегей тәжірибелік-экспериментті қондырғыларды, межеліктерді және бастапқы өлшемдерді жасау;
-
шама бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан бастапқыға беру;
-
өлшеу құралдарын мемлекеттік сынақтардан өткізу;
-
мамандандырылуға сәйкес өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша ғылыми, нормативті, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздердің қызметтерін әзірлеу және жетілдіру;
-
мемлекеттік эталондарды өзге елдердің ұлттық эталондарымен сәйкестендіруге, халықаралық нормаларды және ережелерді әзірлеуге және т.б. қатысу.
3.14 Өнімдерді сынақтан өткізу
Өнімдердің сапасын растау үшін сынақтар жүргізу
Объектінің және (немесе) әсердің іс-қимылын және үлгісін жасау кезінде сынақтан өтетін объекті қасиеттерінің мөлшерлік және (немесе) сапалы сипаттамаларын экспериментті түрде анықтау сынақ деп аталады. Объекті қасиеттерінің сипаттарын экспериментті түрде анықтау өлшеу, бағалау және бақылау жолымен жүргізілуі мүмкін.
Сынақ объектісі оның өндірісіндегі өнім немесе процесс. Өім түріне және сынақтың жүргізілу мақсатына қарай жеке бұйым да, партия да сынақ объектісі бола алады. Өнімді сынау процесі кезінде және оның өндірісінің аяқталуы, сонымен қатар оны пайдалану кезінде жүзеге асырылады. Кез келген объектінің сапасын анықтау мақсатында сынақтың мәні бірдей, сондықтан сынақ процесінің жалпы ережелерін қарастыруға болады. «Сынау» түсінігі жүргізетін сынақты сынау объектісінің көтере алуы немесе көтере алмауы кезінде қандай да бір әсерін болжайды. Сондықтан кез келген сынақты жүргізу кезінде іс-жүзіндегі тапсырмалардың немесе оларға жақын пайдаланудың үлгі шарттарының болуы маңызды.
Сынақ кезінде объектіге әсер ететін факторлардың және (немесе) іс-қимыл жасау режімдерінің жиынтығымен сынау шарттарын түсінеді.
Нақты объектілерді сынау кезіндегі норматитвті құжаттар сынақты жүргізу тәртібін анықтайды.
Нақты алынған өлшем нәтижелері сынақ нәтижесі бола алмайды, оның орнына «жарамды» немесе «жарамсыз», «сәйкес» немесе «сәйкес емес» деген жауаптар сынақ нәтижесі бола алады. Осылайша сынақтың мақсаты сынақтың берілген атаулы шарттарындағы параметрдің (сипаттың) нақты мәнін бағалау.
Сынақ нәтижесі метрологиялық тұрғыдан оның шүбәсіздігінің берілген дәрежесімен сипатталуы керек, себебі сынақ шарттары әрқашанда шүбәсіз және іс-жүзіндегіден өзгеше болады. Бұл метрологияның негізгі қағидаларын құрайды:
-
анықталатын шаманың шынайы мәні бар және ол тұрақты;
-
анықталатын шаманың шынайы мәнін табу мүмкін емес;
-
өлшем нәтижесі өлшенетін шамамен математиканың ықтималдық тәуелділігі арқылы байланысты.
Сондықтан сынақты метрологиялық түрде қамтамасыз ету келесі регламенттеуші операцияларды қосады:
-
сынақ нәтижелерінің шүбәсіздік көрсеткіштеріне қойылатын талаптардың міндеттері;
-
сынақ әдістемелерін әзірлеу кезінде өлшемдерді жобалау;
-
сынақ нәтижелерінің шүбәсіздігінің берілген көрсеткіштерін есепке ала отырып, өлшеу құралдарын және сынақ жабдықтарын таңдау;
-
сынақ нәтижелерін статистикалық түрде өңдеу және олардың нәтижелерінің шүбәсіздігін бағалау;
-
сынақ нәтижелерінің шүбәсіздігінің көрсеткіштерін ұйымдастыру және бақылануын жүргізу, жекелей алғанда сынақты басқа жерлерде (зертханааралық сәйкестендірулер) ұйымдастыру және жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |