Қ ұрастырушы: а ш.ғ. к.,профессор Б. А



бет2/3
Дата29.06.2016
өлшемі304.5 Kb.
#166643
1   2   3

Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын сұрақпен танысу және А. В. Николаев әдісі бойынша топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау?

2 Құрғақ топырақтың бөлшектері дегеніміз не?

3 Гигроскопиялық ылғалдың шамасын қалай есептеп анықтауға болады?



Әдебиет

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 507 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 477 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 606 б.



Зертханалық жұмыс №5 Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау

Жұмыстың мақсаты - Топырақтың су көтергіштік қабілетін сұрақпен танысу және топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау.

Көрнекті оқу құралдары- гранулометриялық құрамы және структуралылығы әртүрлі 4-5 топырақ үлгілері (саңылауы 1-3мм елеуіштен өткізілсе де болады), биіктігі 50-60см, диаметрі 3см шыны түтіктер, оларды бекітетін штативтер, түтіктер астына қоятын темір қорапша немесе басқа ыдыс, жіп, сүзгі қағаз, дәке, сызғыш, сағат.

Тапсырма – Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Топырақтың су көтергіштігі немесе капиллярлылығы деп оның капилляр (жіңішке қылтүтіктер) арқылы суды төменгі қабаттардан жоғары қабаттарга көтеру қабілетін атайды. Топырақтағы судың капиллярлық қозғалысының әсері үлкен. Осы арқылы су төменгі қабаттардан көтеріліп, өсімдіктер тамырларының сору күшімен сабақтасады. Су физикалық буланып пайдасыз шығындалады және минералданған ыза судан миграцияланып топырақтың беткі қабатында зиянды тұздар жиналады да, сорлану процесі жүреді. Топырақтағы судың капилляр қуыстар арқалы қозғалысы екі көрсеткішпен сипатталады: судың қозғалу жылдамдығы және биікке көтерлуі. Бұл көрсеткіштер капиллярлардың кеңдігіне, осы себепті, топырақтың гранулометриялық құрамына, структурасына байланысты болады. Саз топырақтарда капиллярлар тар (жіңішке) болғандықтан су жәй, бірақ үлкен биіктікке (5м және онан да көп), ал құм топырақтарда капилляр кең болғандықтан су тез және аз биіктікке (0,5-0,7м) көтеріледі. Структуралы топырақтармен салыстырғанда структурасыз топырақтарда су капилляр қуыстар арқылы көп көтеріліп, ауаға пайдасыз буланып кетіп отырады. Тығыздалған, баттасқан топырақтарда бос қопсыған топырақтарға қарағанда судың капиллярлық көтерілуі күшті жүреді. Топырақ капиллярларындағы су орналасу сипатына қарай аспалы және шіреу суларына бөлінеді. Аспалы капилляр су жер бетіне түскен атмосфералық қалдықтардан, суғарудан, кейін пайда болады. Су топырақтың беткі қабатындағы капилляр түтіктерді толтырып, капиллярлық және ылғалдау күштерімен жоғары қарай тартырып, тұрады, масса күшіне бағынбайды, ыза сумен қосылмайды. Топырақ бетінен су капилляр түтіктер арқылы буланғанда капиллярлардағы қалдық су топырақ бетімен ыза су аралығында ілінген сияқты болып қалады.

Капиллярлық шіреу суы төменгі су өткізбейтін немесе жартылай өткізетін қабаттардың үстінде жиналған ыза судың әсерінен болады. Жер бетіне жақын (3-4м) ыза судан капиллярлар арқылы көтерілген су топырақтың беткі қабаттарына дейін жетеді. Сазды жыныстарда шіреу суы 4-5 метрге дейін көтеріледі. Бұл су тараған топырақ қабатын (ыза су бетінен бастап жоғары қарай ылғалданған қабаттарға дейінгі шегін) капиллярлық жиек (кайма) дейді.

Тапсырманы орындау

1) шыны тутіктердің кендеу ұшын сүзгі қағазбен және дәкемен жауып, жіппен байлау. Судың шыны түтіктердегі топырақ бойымен көтерілуін дұрыс бақылау үшін жіп байлауынан жоғары тұрған қағазды, дәкені қайшымен қиып тастау;

2) әртүтікті бір түрлі топырақпен салған сайын жұмсақ затқа ұрып тығыздай отырып толтыру және оларды штативтерге бекіту;

3) темір қорапшаға немесе түтіктердің астына қойылған ыдысқа түтіктердің ұшы бататындай етіп су құю. Тәжірибенің басталу уақытын белгілеу;

4) судың түтіктердегі топырақ бойымен көтерілуін (ыдыс ішіндегі судың бетінен) белгіленген уақыттарда (1.5.6 кестені қара) өлшеп отыру;

5) тәжірибенің нәтижесін 1.5.6 кестеге түсіру



1.5.6 кесте – Топырақтың су көтергіштігі

Топырақтың әртүрлілік тері

Төм-гі минуттарда судың көтерілу биіктігі, см

24 сағ

5

10

15

20

20

30

40

50

60-120

Саз































Сазды































Құмайт































Құм































Таза (жуылған) кұм































Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың су көтергіштігі дегеніміз не?

2 Топырақтағы судың капилляр қуыстар арқалы қозғалысы неше көрсеткішпен сипатталады?

3 Топырақ капиллярларындағы су орналасу сипатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Әдебиет

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру тсхнологиясы.- Алматы, 2005- 505 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 37 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 77 б.



Зертханалық жұмыс №6 Н. А. Качинский әдісі бойынша топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау

Жұмыстың мақсаты - Топырақтың су өткізгіштік қабілетін сұрақпен танысу және Н. А. Качинский әдісі бойынша топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау.

Көрнекті оқу құралдары- саңылауы 2мм елеуіштен өткізілген гранулометриялық құрамы және структурасы әртүрлі 4-5 топырақ үлгілері, биіктігі 25-30см, диаметрі 3-4см шыны түтіктер, стакандар, түтіктерді бекітетін штативтер, дәке, картон, сағат.

Тапсырма – Топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Топырақтың су өткізгіштігі деп оның суды сіңіріп, жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа өткізу қабілетін атайды. Бұл процесс топырақтың суды сіңіруінен және сумен қанықпаған қабаттарға сүзіп (фильтрациялап) өткізуінен тұрады. Суды өткізу жылдамдығына қарай топырақтар мына топтарға бөленеді:

1) суды өткізгіштігі жақсы топырақтар – алғашқы біріші сағатта суды өткізу қалындығы 15см және онан да көп;

суды өткізгіштігі орташа топырақтар – 15-5см аралығанда;

3) суды өткізгіштігі нашар топырақтар – 5 см-ден кем.

Топырақтың су өткізгіштігі оның гранулометриялық құрамына, структурасына, ылғалдылықтың дәрежесіне, қарашіріктік заттардың мөлшеріне байланысты болады. Құм және құмайт топырақтар сазды және саз топырақтардан гөрі суды өткізгіш келеді. Структуралы топырақтар структурасыз топырақтарға қарағанда суды жақсы өткізеді. Топырақтар ылғалмен қаныққан сайын суды өткізгіштігін бірте-бірте кемітеді.



Тапсырманы орындау

1) 4-5 шыны түтіктер алып, түбін дәкемен, жіппен байлау және түтіктердің әрқайсысына бір түрлі топырақтан биіктігін 20см етіп, 2-3см сайын жұмсақ затқа, дәптерге, кітапқа аздап ұра отырып тығыздап топырақ салу;

2) топырақты судың ойып кетуінен сақтау үшін түтіктер ішіндегі топырақтың бетіне тесіктері бар картон дөңгелектерін салу және түттіктерді штативтерге бекітіп, астына стакандар қою;

3) уақытты белгілеп түтіктер ішіне биіктігі 5см етіп су құю және осы биіктікті сақтап тұру үшін су құюды қайталап отыру;

4) түтіктегі 20см топырақ қабатынан түгелдей (мұнымен қоса алғашқы бірінші сағатта судың әртүрлі топырақтар қабатынан) өту жылдамдығын белгілеу. Бұл сол топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші (коэффициенті) болады (жұмыс басындағы су өткізгіштігі жөнінде 3 топ топырақтарды қара);

5) уақыт жетсе сүзілу коэффициентін анықтау. Мұнда түтіктің төменгі ұшынан бірінші тамшының шығуы сүзілудің басталуы деп есептеледі;

6) әрбір 10 минут сайын бір түрлі топырақтаң сүзілген судың (фильтраттың) мөлшерін анықтау. Анықтауды алдыңғы 10 минутте сүзілген судың стакандағы мөлшері соңғы сүзілген судың мөлшерімен бірдей болғанға (тұрақтанғанға) дейін жүргізеді, жұмыс кезінде қолданылған судың температурасын да белгілеп қояды;

Топырақтардың су өткізгіштігі (құм, құмайт, сазды, саз әрқайсысына – кестені жеке толтыру керек)



Уақыт

Топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші

Алғашқы 1 сағатта су өткен топырақ қалыңдағы, мм

10 мин сайын сүзуде соңғы сүзілген су мөлшері

Кt (орташа 1 сағатта мм/мин)

түтікке алғашқы су құю

бірінші тамшының шығуы

судың топырақ бойымен жүруі






















7) мына формула арқылы сүзілу коэффициентін есептейді

Кt=

Q  10

S  T


, (22)

мұндағы Кt – жұмыс кезіндегі температурада сүзілу коэффициенті, мм/мин;

Q – белгілі уақыт аралығында (10 мин) өткен судың мөл- шері, см3;

S – түтіктің кесіндісінің ауданы, см2;

T – уақыт, минут;

10 – текше сантиметрді мм су қабатына ауыстыру коэффициенті.

Есептеу 100С температураға мына формула бойынша жүргізіледі



К10=

____Кt___

0.7  0.03 t0



, (23)

мұндағы К10 – 10 0С температурада сүзілу коэффициенті;

Кt – тәжірибе кезіндегі температурада сүзілу коэффициенттер;

0,7 және 0,03 эмпирикалық коэффициенттер;

t0 – су өткізгіштікті анықтауға қолданылған судың температурасы.

Табылған нәтижелерді 17-кесте жазу.

Шыққан қорытындыларды ордината (тік) осіне К10 шамасын, абсцисса осіне Е уақытты салып, график сызу.



Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың су өткізгіштігі дегеніміз не?

2 Суды өткізу жылдамдығына қарай қандай топырақтарға бөлінеді?

3 Топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау?



Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005-47 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002-66 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 207 б



Зертханалық жұмыс №7 Әр түрлі агрофоннан кейін топырақтың арам шөптер тұқымдарымен ластануын анықтау

Жұмыстың мақсаты - Әр түрлі агрофоннан кейін топырақтың арам шөптер тұқымдарымен ластануын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары: Саңылауы 3мм елеуіштен өткізілген гранулометриялық құрамы әртүрлі 3-4 топырақ үлгілері, ұзындығы 25-30см, диаметрі 3-4см бір ұшы аздап кеңейтілген шыны түтіктер, биіктігі 30-40см ванна, техникалық таразылар (гирлерімен), сүзгі қағаз, дәке, сүлгі, жіп (шпагат), қайшылар, күрек.

Тапсырма – Әр түрлі агрофоннан кейін топырақтың арам шөптер тұқымдарымен ластануын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Егістегі арам шөптердің түрлерін және жалпы санын білмей тұрып оларды жою үшін агротехникалық және басқа шараларды тиімді түрде асыру мүмкін емес. Сондықтан танаптардағы арам шөптерді есепке алу керек.

Вегетация кезінде арам шөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, сандық, таразылық-өлшемдік әдістері бар.

Солардың ішінде шаруашылық жағдайында жүргізілуі ең оңайы, әрі кең тараған түрі академик А. И. Мальцев ұсынған көзбен мөлшерлеу әдісі. Бұл әдіс бойынша танаптардағы арам шөптер деңгейі 4 балдық жүйемен бағаланады.

Танапты қиқаш бағытта жүріп өткенде арам шөптер бірен-саран болса, онда бұл 1 бал, ал олар танаптағы барлық өсімдіктердіңтөрттен бірінен артық болмаса – 2 балл болып есептеледі. Арам шөптер көп, бірақ мәдени өсімдіктердің санына жақын болғанда 3 бал, егер олар мәдени өсімдіктерден басым болса, онда 4 баллға тең болады.

Осы жүргізілген есептің деректері бойынша танаптың арам шөптермен ластану картасы жасалынады. Осы картаны пайдаланып арам шөптерді жою үшін агротехникалық, химиялық биологиялық, интегриялық шаралар белгіленіп, олар іс жүзіне асырылады.

Ал арам шөптерді есепке алудың таразылық-өлшемдік және басқа тәсілдері ғылыми-зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданылады.

Бақылау сұрақтары

1 Жалпы арам шөптер дегеніміз не?

2 Арам шөптер тұқымдарымен ластануын қалай анықтауға болады?

3 Арам шөптерді биологиялық және интегриялық әдістермен қалай жояды?



Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 30 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 57 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 177 б.



Зертханалық жұмыс №8 Ауыспалы егістің нобайларын құрастыру принциптері

Жұмыстың мақсаты - Ауыспалы егістің нобайларын құрастыру принциптері анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары: Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Ауыспалы егістің нобайларын анықтау

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе, оның өнімі төмендей беретінін адамдар ерте заманна-ақ білген. Көне заманда өмір сүрген Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде астық дақылдары мен бұршақ дақылдары жылсайын орыгдарын алмастырып егу керек екенін, ал орындарын ауыспай бір жерге еге берсе бұлардың өнімі кемитіні айтылады. Табиғат жөніндегі ғылым дамыған сайын оқымыстылар бұл процестің себептері жөніндегі өз болжауларын айта бастады. Мысалы швейцар ботанигі Декандоль мынадай пікір айтқан. Өсімдіктер топырақтан сумен қоректік заттар сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне зиянды заттарды тамыры арқылы өсіп тұрған жерге бөліп шығарады. Келесі жылы сол жерге қайта себілген кезде ол өзі бөліп шығарғанзиянды заттарынан зардап шегеді, оның өнімі төмендейді.

Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кеуіне мынадай жағдайлардың себеп болатынын ғылымдәлелдеп отыр.

Бірінші себеп, химиялық тұрғыдан - өсмідіктердің қоректенуіне қатысты себептер. Әр түрлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әр түрлі мөлшерде сіңіреді, бидай, арпа сияқты мақсатты дақылдар азот пен фосфорды көбірек, калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс картоп сияқты дақылдар керсінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді.

Екінші физикалық тұрғыдағы себеп – топырақтың физикалқы қасиетіне байланысты себептер. Танапқа мақсатық, әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен.

Биологиялық себептер. Дақылдарды қоршаған әртүрлі тірі организимдерге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауруға шалдығуы жиілейді және арам шөптер де жылдан жылға көбейе түседі.

Арам шөптерде ауыспалы егіссіз жылдам көбейтіп кетеді. Мысалы жаздық дақылдар үнемі қайталап егілген жерде жаздық арам шөптерге жақсы жағдай туып, олардың саны өсе береді. Ал сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қара бидай егілсе, жаздық арам шөптерге күр азаяды, себебі күздік дақылдар сентябрь айында егіледі, олар қысқа дейін тамырланып түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп жаздық арам шөптерден бұрын жетіліп, оларды өздерінің көлеңкесінде қалдырады. Көлеңкеде қалған арам шөптер жөнді өсіпжетіледі алмай, көбінесе өліп қалады.

Бақылау сұрақтары

1 Көне заманда өмір сүрген Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде не айтылған?

2 Декандоль мынадай пікірін көрсет?

3 Ауыспалы егістің нобайларын анықтау?



Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ.Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 87 б.

2 Мұқашева Ж.Н. Жалпы жер тану:Оқу құралы.-Алматы:Ғаза• ун-тi, 2002- 55 б.

3 Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақүлов, Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 66 б.



Зертханалық жұмыс №9 Алғы егістерге қысқаша сипаттама

Жұмыстың мақсаты - Алғы егістерге қысқаша сипаттаманы анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, схема, шаруашылық кітап, макет.

Тапсырма – Алғы егістерге қысқаша сипаттаманы анықтау

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды-көпті згеріп отырады. Осы себепті дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл күшті әсер етеді.



Таза пар. Таза пар дегеніміз арам шөптерді құрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молайту үшін қалдырылған ешқандай дақыл себілмеген, жаз бойы әртүрлі құралдармен өңделіп тұратын бос танап.

Тза пар қара және ерте пар болып екіге бөлінеді. Праға қалдырған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, оңдай пар қара пар деп аталады.

Парға қалдырылған жер көктемнен бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Оған көбіне жаздық бидай егіледі.

Отамалы дақылдар. Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, мақта және басқалар) егілген танаптарда жаз бойы арам шөптермен күрес жүргізіледі. Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі. Сол себептен отамалы дақылдар астық тәріздес өсімдіктер үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі.

Көп жылдық шөптер. Көп жылдық шөптер топрақтағы органикалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Көп жылдық шөптер барлық дақылдарға дерлік жақсы, өте жақсы алғы дақыл болып саналады. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады, арам шөптер мен ауру тудыратын микроптардың санын азайтады.

Дәнді мақсаты дақылдар. Мсасқты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішіндегі нашары-тары. Тары бастапқы кезде өте жай өседі де, өсіп дамуы жайында арам шөптерден кейін қалып қояды. Тарыдан кейін танаптарда арам шөптер көп болады.

Жаздық дақылдардың онша айтарылқтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар. Олар топрақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады.



Бақылау сұрақтары

1 Алғы дақыл дегеніміз не?

2 Таза пар нені айтамыз?

3 Алғы егістерге қысқаша сипаттаманы анықтау?



Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005-567 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 102 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 72 б.



Зертханалық жұмыс №10 Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыру

Жұмыстың мақсаты - Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Орман дала аймағы үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет