Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Жобаға салынатын инвестицияны негіздеу



Pdf көрінісі
бет23/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Жобаға салынатын инвестицияны негіздеу. 
Жобаға салынатын инвестицияны негіздеуден бұрын тапсырыс 
беруші-инвестор атқарушы биліктің жергілікті органдарында қарастыру 
нəтижесінде оң нəтижеге ие болатындай ниеттері жайлы деларация 
жасайды. 
Инвестицияны негіздеу, əдетте, қажет болған жағдайда, сəйкес 
қызметке құқы бар жобалық жəне жобалық-құрлыстық мекемелерді тарту 
арқылы тапсырыс берушімен жасалады.
Инвестицияны 
негіздеу 
нəтижелері 
құрылысқа 
салынатын 
инвестицияның 
коммерциялық 
жəне 
əлеуметтік 
мақсаттылығы, 
техникалық мүмкіндіктері, қызметтік қажеттілігі жайлы шешім 
қабылдауда негіз болып табылады.
Инвестицияны негіздеу мемлекеттік сарапталуға тиіс, атқарушы 
билік органдарымен оң шешім қабылданған жағдайда жылжымайтын 
нысанның орналасуына қажетті жер телімін таңдауға жəне жобалық іздену 
жұмыстарын жүргізуге арналған акт жасалады. 
Инвестицияны негіздеудің келесі құрамы анықталған: 
 бастапқы мəліметтер; 
 кəсіпорынның 
қуаттылығы 
жəне 
оның 
өнімдерінің 
номенклатурасы; 
 кəсіпорынның қормен қамтамасыз етілуі; 
 кəсіпорынның орналасу аймағы; 
 негізгі құрылыс шешімдері; 
 қоршаған ортаға əсерін бағалау; 
 кадрлар жəне əлеуметтік даму; 
 инвестиция тиімділігі; 
 шығымдар мен ұсыыстар. 
ИҚЖ экономикалық тиімділігін бағалаудың нормативті 
өлшемдері. 
Экономикалық тиімділікті бағалау инвестициондық жобаның ең 
тиімді нұсқасын табу мақсатында жүргізіледі. Ол ИҚЖ жүзеге асырудың 
барлық деңгейлерінде тапсырыс берушінің де инвестордың да 
(инвесторлардың) мүддесінде жүргізіледі. Тиімділік жалпы, коммерциялық 
жəне бюджеттік деп ажыратылады. «Инвестициялық жобалардың 
экономикалық тиімділігін бағалау жəне қаржыландыру үшін таңдап алу 
əдістемелік нұсқауларда» бағалаудың негізгі (нормативті) көрсеткіштер 
жүйесі анықталады. 


41 
Таза табыс ТТ (ағылш.Net Value – NV) келесі формула арқылы Т
жыл, есептік кезеңі үшін жинақталған тиімділік (қаржы ағынының 
қалдығы) арқылы анықталады: 
, 
(2.1) 
мұндағы, Т – ИҚЖ өмірлік циклінің ұзақтығы; – қаржы ағынын 
бекіту кезеңінің реттілік индексі; 
– қаржы ағының түсімі; – қаржы 
ағынының кетімі; 
- кезеңіндегі қаржы ағынының қалдығы. 
ИҚЖ тиімді деп есептеледі, егер таза табыс оң нəтижеге тең болса.
Мысал. ИҚЖ өмірлік циклі құрылысқа дейінгі кезеңнен (ұзақтығы 1 
жыл), құрылыс кезеңінен (ұзақтығы 2 жыл) жəне пайдалану кезеңінен 
(ұзақтығы 5 жыл) тұрады, содан кейін құрылған бизнесті бағалап, оны 
басқа меншік иесіне сату жоспарланған. Сонымен, жобаның өмірлік циклі 
8 жылды құрайды.
Жоспарланған қаржы ағынының мəліметтері шартты бірліктерде 
кесте 2.1-де жəне сурет 2.1-де көрсетілген. 
Жай өтелу мерзімі T
OK
(ағылш. Pay Back Period – PBP) ағынның 
интегралды қалдығы оң болған мезеттегі уақыт сəті мен жобаның 
басталуының уақыт моменті арасындағы ұзақтығымен анықталады.
ИҚЖ тиімді деп есептеледі, егер жай өтелу мерзімі жобаның өмірлік 
циклі уақытынан кем болса. Көрсетілген мысалда жай өтелу мерзімі 4,67 
жылды құрайды, ал жобаның таза табысы 340 шартты бірлікті (ш.б.) 
құрайды.
Бұл көрсеткіштердің ерекшелігі капиталға табыс фактісінің 
есептелмеуі болып табылады, осыдан шығатыны, болашақтағы ақша 
қазіргі ақшадан арзанырақ. Осылайша, бір уақыт моментінде əр түрлі 
табыс пен шығынды келтіру, яғни, қаржы ағынын дисконттау қажет.
Дисконтты таза табыс ДТТ (ағылш.Net Present Value – NPV) келесі 
формула арқылы есептеледі: 
Р
1
Е
, 
(2.2) 
Берілген формулаға нақты инвестордың мүддесінде есептік немесе 
басқа да негіздеуді талап ететін дисконт нормасы Е кіреді.
Дисконт нормасын негізеудің бірі танымал экономист Ирвин Фишер 
жасаған есептеу сызбасына негізделеді.
Есептеу логикасы келесіге алып келеді. Тапсырыс беруші-инвестор 
өзінің инвестициялық қызметін атқару үшін жобаға альтернативті 
қолданылуы оған 
Е
к
көлемінде тəуекелсіз табыс алып келетін қаржы 


42 
құралдарын салады. Бұл табысты еуро нарықта Лондондық банкаралық 
депозиттер нарығында (London Interbank Offered Rate (LIBOR)) сатушының 
мөлшерлемесіне байланыстырылған қарыз пайызы қабылдана алатын 
тəуекелсіз мөлшерлеме ретінде анықтайды. 2006 жылдың басында LIBOR ≈ 
4,1% құрады.
Инфляцияның І жылдық қарқынын есепке ала отырып, тапсырыс 
беруші-инвестордың жыл соңындағы инвестициялық табысы І + 1 есе 
кемиді. Сондықтан, тапсырыс беруші-инвестор R көлемінде капиталға 
табыс табатын дисконт нормасы Е анықтауы қажет. 
Кесте 2.1 Жобаның өмірлік циклі бойында қаржы құралдарын бөлу 
 
Көрсеткіштер 
Уақыт мезеттері t, жылдар 
1 2 3 4 5 6 7 8 
Инвестиционды 
шығындар
10 40 20 0 0 0 0 0 
Қаржы ағының 
түсімі
0 0 0 30 60 75 80 
165 
Период қалдығы 
(нəтиже) 
-10 -40 -20 30 60 75 80 165 
E= 30% болғандағы 
экономикалық 
тиімділік 
көрсеткіштері 
NV = 340 
ш.б. 
PBP = 4,67 
жыл 
NPV = 45,1 
ш.б. 
IRR = 55% 
Бұл өлшем тəуекелге сыйақы ретінде түсіндірілуі мүмкін. Дисконт 
нормасын есептеу келесі формула арқылы жүргізіледі: 
1
1
1

Сурет 2.1. Қаржы ағынын бөлу гистограммасы 


43 
Тапсырыс беруші-инвестор жобасын қаржыландыру тəуекелі үшін 
жылдық 16% көлемінде сыйақы алғысы келеді. 2006 бюджеттік жылына 
анықталған инфляция қарқыны жылдық І = 9% құрайды. Онда, дисконт 
нормасы жылдық Е= 30,4% құрайды. Кейбір есептеулерде көрсетілген 
формуланың ықшамдалған түрін түрін қолданады, ол: 
. І

Ықшамдау мəні нақты формуладан инфляция қарқынын тəуекелге 
сыйақыға көбейтуді (IR) алып тастауға əкеледі, себебі басқа 
қосындылармен салыстырғанда бұл көбейтіндінің мəні кем. Ықшамдалған 
формуламен есептелген дисконт нормасы жылдық 29,1% тең болады, ал 
бұл жағдайда пайда болған қателік 4% құрайды. Жалпы жағдайда, 
дисконттау əр түрлі уақытта салынатын жəне алынатын қаржы 
құралдарының арасында сандық сəйкестік орнатуға мүмкіндік береді. 
ИҚЖ тиімді деп есептеледі, егер дисконтты таза табыс оң мəнге ие болса 
жəне де, əр уақытта келесі теңсіздік бар болса: ТТ > ДТТ. E= 30%
болғандағы жəне жыл басындағы кіріс жəне шығысты есепке ала отырып 
дисконтты таза табысты есептеу ДТТ = 45,1 ш.б. екенін көрсетті. Айта 
кеткен жөн, берілген мысалда 5,9 жылға тең дисконтталған өтелу мерзімі 
де осылай анықталады. Табыстылықтың ішкі нормасы ТІН (ағылш.Internal 
Rate of Return – IRR) NPV= 0 болатын дисконттың мəнімен анықталады, 
яғни, келесі теңдеудің шешімінің түбірі болып табылады: 
1
0. 
(2.3) 
Бұл көрсеткіш арқылы дисконт нормасының одан жоғары болса, ДТТ 
мəні теріс болатын шекаралық мəні орнатылады, осыдан шығатыны E > 
IRR болған жағдайда ИҚЖ тиімсіз болып табылады.
Берілген мысал үшін табыстылықтың ішкі нормасы 55% құрайды. 
Дисконтталған табыс индексі ДТИ (ағылш.Index Prezent Value – IPV) 
келесі формула бойынша NPV-дің дисконтталған инвестицияға қатынасы 
арқылы есептеледі: 
Р

Е

Е
, 
(2.4) 
Берілген көрсеткіш ИҚЖ салыстырмалы дисконтталған табысын 
анықтайды жəне де ол оң мəнге ие болуға тиісті. Көрсетілген мысал үшін 
дисконтталған табыс индексі 1,9 құрайды.


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет