Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет45/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылыс өндірісінде еңбек шығындарын жоспарлау.
Еңбек шығындарын өндірістік жоспарлау үшін құрылыста ортақ 
атауы БНжБ (Бірыңғай нормалар жəне бағалар) болып табылатын жинақ 
қолданылады. Бұл, былайша айтқанда, өндірістік нормативтік база ескі 
КСРО жоспарлы экономикасы кезінде жасалған. Бұл фактіден шығатыны, 
еркін нарықтық бағаларға бет бұрған кезде онда көрсетілген бағалардың 
маңыздылығы толығымен жойылды, алайда, жинақтарда көрсетілген еңбек 
шығынын анықтайтын уақыт нормаларының тəжірибелік құндылығы 
сақталып қалды.
Кейбір жұмыстарды орындауға қажетті еңбек шығындары 
жұмысты орындау уақытын сəйкес орындаушылар санына көбейтіндісі, 
яғни, 
айтылады. Уақыт нормасы , анығырақ, еңбек шығынының 
нормасы жұмыстардың физикалық көлемінің бірлігіне (м
3
, м
2
, м, т, жəне 
т.б.) жатқызылатын еңбек шығыны арқылы анықталады, яғни, 
/ . 
Мысалы, ғимаратты жылыту жүйесінің жинақталуы үшін əрбірінің 
секция саны 7-ге дейін 160 шойын радиаторын ілме жұмыстарымен ( ) 
байланыстыеңбек шығынын есептеу қажет. БНжБ бойынша (жинақ Е9, 
шығарылым 1 «Ғимараттардың санитарлы-техникалық жабдықталуы») 
атауы «Радиаторларды жəне радиаторлық блоктарды ілу» жұмысты іздеп 
табамыз. Бұл жұмыс үшін кесте 3 бойынша 1 радиаторлық блокқа ілу 
уақытының нормасын анықтаймыз 
0.2 адам сағ./радиатор. Ортақ еңбек 
шығыны 
160 ∗ 0,2
32 адам сағ./радиатор немесе 32/8 4 адам 
күн.
БНжБ сипатталған жұмыстар құрамы аспаптарды кронштейндерге 
ілу жəне оларды деңгейі жəне тіктеуіші бойынша орналастыруда жатыр.
Ұсынылған БНжБ буын құрамы екі жұмысшыны құрайды: 4 жəне 3 
разрядты сантехник-слесарьлар. Егер ұсынылған буын құрамын орындауға 
алса, онда берілген жұмыстың орындалу уақытын есептеуге болады: q/r = 
2 күн. 


85 
Сипатталған мысал күнтізбелік жоспарға кіретін жұмыстарды 
сандық жəне сапалық сипаттау үшін БНжБ мүмкіндіктерін жинақтауға 
мүмкіндік береді. БНжБ бойынша əрбір жұмыс үшін келесідей 
сипаттамаларды анықтауға болады: 
 жұмыс құрамы; 
 жұмысшылар буынының біліктілік жəне сандық құрамы; 
 жұмыстың физикалық көлеміне жұмыс сыйымдылықтың 
нормалары; 
 еңбек шығыны нормаларын қолданатын кейбір ерекше 
жағдайларды анықтайтын ескертулер. 
Қазіргі уақытта БНжБ нормативті базасының еңбек шығынын 
анықтайтын бөлігі де ескірді. Сондықтан, еңбекті техникалық нормалау 
жабдықтарының көмегімен жаңа заманауи база жасау қажет.
Техникалық нормалаудың негізгі əдістерінің бірі еңбек үдерісін 
суретке түсіру болып табылады. Бұл əдіс бірдей тапсырма алған жəне 
қалыпты 
еңбек 
шарттарымен 
қамтамасыз 
етілген 
жұмысты 
орындаушыларды қайталап таныстырмалы іріктеме жасау арқылы жүзеге 
асырылады.
Жаңа еңбек нормативтерін жасаудың басқа əдісі кешенді үдеріс 
немесе сəйкес қарапайым үдерістердің нормаларынан шығатын уақыт 
нормасын есептеуді қарастыратын калькуляциялық əдіс болып табылады.
Күнтізбелік жоспарлаудың тапсырма қоюының негізгі түрлері. 
Күнтізбелік жоспарлаудың тапсырмаларының негізгі түрлерін 
жасауға негіз жинақталған еңбек шығындары , қорлар жəне барлық 
кешенді жұмыстың жалпы ұзақтығы арасындағы байланыс болып 
табылады.
Егер құрылыс ұзақтығы нормаларымен анықталатын немесе 
директивті түрде берілетін жұмыстардың жалпы ұзақтығы жəне 
жалпыланған еңбек шығындары белгілі болса, онда күнтізбелік 
жоспарлаудың тапсырмасы еңбек жəне көлік қорларыныңжалпыланған 
санын анықтауға бағытталады, яғни, 
,
.Осындай тапсырмалар 
қорлық тапсырма деген атауға ие, ал олардың шешімдері еңбек, 
материалды-техникалық жəне қаржы қорларын қолданудың сандық 
шектеулерін, сонымен қатар, сəйкес мерзімдік шектеулерді де ескеруі 
тиісті. 
Күнтізбелік жоспарлаудың басқа тапсырма түрі берілген қорларда 
жəне жалпыланған еңбек шығындарында құрылыстың жалпы ұзақтығын 
анықтауға бағытталған 
,
.
Мезгілдік тапсырмалар уақыт бойынша жұмыстардың екі жақты 
жасалуын қамтамасыз етеді, алайда, сонымен қатар, қорларға шектеу, баға 
жəне жеке мезгілдік шектеулер де есепке алынады.
Күнтізбелік жоспарлаудың тағы бір тапсырма түрі берілген ұзақтық 
ішінде кейбір жалпыланған қор арқылы орындауға болатын жұмыстардың 


86 
жалпыланған еңбек сыйымдылығын анықтауға бағытталған 
,
. Егер 
жұмыстардың еңбек сыйымдылығы мен сəйкес физикалық көлемі 
арасындағы қызметтік байланысты қарастыратын болсақ, онда күнтізбелік 
жоспарлаудың бұл тапсырма түрі берілген ұзақтық ішінде жалпыланған 
қормен орындалған жұмыстар көлемін анықтауға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет