№ шешімімен бекітілген



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі214 Kb.
#131235
  1   2   3



III сайланған Алматы қаласы

мәслихатының XXVII сессиясының

2006 жылғы 21 желтоқсандағы

№ ___ шешімімен бекітілген



«Алматы қаласының электронды әкімдігі»

2007-2009 жылдарға арналған
қалалық мақсаткерлік
БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы қаласы



Алматы 2006 жыл

Мазмұны

I. Бағдарламаның төлқұжаты.......................................................................................3

Кіріспе............................................................................................................................5

ІІ. Алматы қаласындағы ақпараттаудың заманғы жағдайының талдауы...............8

1.Ұйымдық құрылым..............................................................................................8

2. Алматы қаласы әкімдігінде пайдаланылатын ақпараттық ресурстар мен

жүйелер....................................................................................................................8

3. Алматы қаласындағы мемлекеттік басқару органдарын ақпараттандыру

мәселесі..................................................................................................................12

ІІІ. Бағдарламаның Стратегиясы, Мақсаттары мен Міндеттері............................13

ІV. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары..........................................14

V. Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелері......................................................15

1. Бағдарламаны жүзеге асыруды ұйымдастырушылық қолдау......................15

1. Қаладағы ақпараттандыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз

етуді жетілдіру.................................................................................................15

2. Бағдарламаны жүзеге асыруға уәкілетті бөлімшені құру .......................17

3. Электронды ақпаратпен алмасудың регламенттері мен әдістерін

әзірлеуге қатысу...............................................................................................17

4. Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған жалпы жүйелік құжаттарды

әзірлеу...............................................................................................................18

5. Мемлекеттік басқару органдары мен қала тұрғындарының арасында

жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды насихаттайтын

шараларды ұйымдастыру және өткізу...........................................................18

6. Бағдарламаның орындалу барысын бақылау

2. Е-әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын

Қалыптастыру........................................................................................................19

1. Е-әкімдіктің коммуникациялық ортасы.....................................................19

2. Қала әкімдігінің Web-порталы....................................................................19

3. Аймақтық куәландырушы орталық ...........................................................20

4. Аймақтық ақпараттық жүйелер..................................................................20

5. Ведомстволық автоматтандырылған жүйелер..........................................21

6. Электронды қызметтерге ақы төлеу кезіндегі банк жүйесімен өзара

әрекет етуге арналған төлемдік шлюз............................................................21

7. Азаматтарды ID-карточкалары арқылы тану құралдары.........................21

3. Электронды қызметтерді қалыптастыру мен дамыту...................................22

4. Алматы қаласы әкімдігінің тиісті ақпараттық жүйелерін дамыту мен

жаңғырту................................................................................................................22

5. Ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру...........23

6. Ақпараттық ресурстарды және е-әкімдік жүйесін қорғауды қамтамасыз

ету...........................................................................................................................24

VІ. Бағдарламаны жүзеге асыру және ұйымдастырушылық қолдау механизмдері (әдістері)......................................................................................................................24

VІI. Бағдарламаны қаржыландыру...........................................................................25

VІII. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер...................................26

ІХ. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары..........................27



І. Бағдарламаның төлқұжаты


Бағдарламаның атауы:

2007-2009 жылдарға арналған «Алматы қаласының

электронды әкімдігі»




Әзірлеу үшін негіздер:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құрастырудың Мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құрастырудың Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асырудың Шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 317 бұйрығымен бекітілген «Электрондық әкімдіктер» құрудың үлгілік бағдарламасы




Бағдарламаны_әзірлеуші_:___Алматы_қаласы_әкімінің_аппараты__Бағдарламаның_негізгі'>Бағдарламаны әзірлеуші:


Алматы қаласы әкімінің аппараты

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту. Азаматтар мен ұйымдарға жоғары сапалы және жедел электрондық қызметті беру Қала басшылығының басқару шешімін жедел қабылдауды қамтамасыз ету үшін әкімдіктің ақпараттық жүйесін дамыту. Ақпараттық теңсіздікті жою. Қаланың мемлекеттік басқару органы пайдаланатын ақпараттың қорғалуын арттыру


Бағдарламаның

негізгі міндеттері:

Алматы қаласы мемлекеттік басқару органының бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Азаматтар мен ұйымдарға берілетін электрондық қызметті жинақтау және дамыту Ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Қызмет атқарып жатқан Алматы қаласы әкімдігінің ақпараттық жүйесін шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін және оны е-үкіметпен инфрақұрылым ұялы жиынтықтарымен интеграциялауды дамыту және жаңғырту Ақпараттық ресурстар мен е-әкімдік жүйесін

қорғауды қамтамасыз ету




Қаржыландыру көздері:

Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және басқа қаражаттар


Бағдарламаны

жүзеге асырудағы

күтілетін соңғы

нәтижелер


Тұрғындарға электрондық қызмет пен бизнес-құрылымдарды дамытуды қамтамасыз етудің ұялы ақпараттық инфрақұрылымы Мемлекеттік басқару органына берілетін электрондық қызметті жүзеге асырушы Алматы қаласы әкімдігінің порталы және Алматы қаласы аудан әкімдерінің порталы.

Тұрғындарды компьютерлік білгірлігін оқытатын компьютерлік сыныптар және азаматтардың ақпараттық ресурстарға қоғамдық ортақ тіректері Алматы қаласы әкімдігінің Қазақстан Республикасы «электрондық үкімет» ұялы жиынтықтарының Ақпараттық инфрақұрылымының интеграциясы Алматы қаласы әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымы мен ақпараттық ресурстарының қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету Алматы қаласы әкімдігінің басқару шешімін жедел қабылдайтын жетілдірілген ішкі ақпараттық жүйе.




Орындалу мерзімі


2007-2009 жылдар


Кіріспе
Осы қалалық « 2007-2009 жылдарға арналған Алматы қаласының электрондық әкімдігі» мақсатты бағдарламасын (бұдан әрі Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы «№ 1286 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құрастырудың Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асырудың Шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау үшін әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қазандағы № 1471 Жарлығымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құрастырудың Мемлекеттік бағдарламасына сай келеді.

Осы Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаның негізгі ережелерін ескереді және мемлекеттік басқару органдарының Алматы қаласында ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту және жаппай пайдалануда іс қимылдарын ұйымдастыру мен үйлестіруге бағытталған.

Бағдарламада мынадай түсініктер, терминдер мен қысқартылған мағыналар пайдаланылады:




АКТ

-

ақпараттық коммуникациялық технология;

ақпараттық

жүйе



-

ақпараттық үдерісті жүзеге асыру үшін бағытталған ақпараттық технология, ақпараттық жүйе жиынтығы оларды бағдарламалық қамтамасыз ету;

өңірлік ақпараттық жүйе


-

өңірлік міндеттерді шешу үшін белгіленген географиялық өңірде әзірленген және айдаланылатын ақпараттық жүйе;


Ведомстволық ақпараттық жүйе


-

белгіленген мемлекеттік органда әзірленген және пайдаланылатын және осы мемлекеттік органның міндетін шешетін ақпараттық жүйе


ақпараттық

ресурс



-

ақпаратты пайдаланушыларға қызығушылық тудыратын тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктірген ақпараттық жүйедегі ұсталатын электрондық жүйелен- дірілген ақпарат (ақпараттық көрсеткіш ұясы);


Ақпараттық теңсіздік


-

білім деңгейінің әртірлілігі мен ақпарат алуға шектеулік тұрғындардың әртүрлі тобының АКТ пайдалану жөніндегітең емес мүмкіншіліктер;


е-үкімет электрондық

үкімет



-

мемлекеттік органдардың қызмет жолы, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық-коммуникация технологиясын кеңінен қолданып мейлінше қызмет көрсетуге бағыт бұрған.


е-әкімдік,

электрондық

әкімдік


-

азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен жүйелерге танысуына мүмкіндік беретін сондай-ақ өңірлік деңгейде электрондық қызмет көрсететін ақпараттық технология негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызмет жолдары

мемлекеттік

қызмет



-

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәкес мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсеткен қызметі және әкімшілік ресімделуге бағытталған қызметі


ақпараттық

телекоммуникациялық

жүйе


-

ақпараттық ресурстармен беруге көзделген көрсеткіштерді беру жүйесі, оған кіру компьютерлік және басқа техникалық құралдар арқылы жүзеге асырылады;


е-қызмет,

электрондық

қызмет


-

ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені пайдаланып жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; е-қызмет түрлері: ақпараттық, интерактивтік, транзакциондық;


ақпараттық

е-қызметі




-

жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру үшін ақпараттық қызметті пайдаланушы-ларға олардың сұранымы немесе тараптар келісуі бойын-ша ақпараттық ресурстарды беру;


интерактивтік

қызмет



-

пайдаланушыларға ақпараттық қызметті олардың сұранымы немесе екі жақты ақпарат алмасуды талап ететін тараптар келісі бойынша ақпараттық ресурстарды беру;


транзакциондық

қызмет



-

пайдаланушыларға төлемді қызмет бойынша ақпараттық ресурстарды беру:


е-қызмет жеткізуші


-

мемлекеттік органдар, ұйымдар және өзге шаруашылық субъектілері, ИКТ құралы арқылы қызмет көрсету;


е-қызмет тұтынушылар


-

азаматтар, мемлекеттік органдар, ұйымдар және өзге шаруашылық субъектілер;


е-қызмет регламенті


-

әкімшілік және өзге үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған одан кейінгі қызмет жиынтығы, ең соңғы нәтиже е-қызмет көрсетушінің мақсатына жетуі;


е-банкинг

-

Интернет арқылы ұйымдармен банкілік есеп шоттарды басқару.


ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;


ҚОҚМ

-

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;


ҚМ

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;


ӘМ

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;


ОСК

-

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы;

«Алматы қаласының АЖО» КМК

-

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Ақпараттық жүйе орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;


ААЖ

-

автоматтандырылған ақпараттық жүйе;


ИААЖ

-

интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;


АБК

-

аппараттық-бағдарламалық кешен;


КМ

-

кешенді міндет;


КҰ

-

көрсеткіштер ұясы;

ЭҚКАЖ- «Lotns-Notes»

-

электорндық құжат айналымының корпоративті ақпарат тық желісі.


ІІ. Алматы қаласындағы ақпараттаудың заманғы жағдайының талдауы
1. Ұйымдық құрылым
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымымен белгіленген.Мемлекеттік бағыныстағы қала әкімдігінің қызметі мен міндеті Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабымен реттеледі.

Алматы қаласы 6 ауданмен өкілденеді (Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу, Жетісу, Түрксіб). Тұрғындардың жалпы құрамы 1 млн. 250 мың адам құрайды.

Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы әкімінің аппаратынын, 22 департаменттер мен басқармалардан, сондай-ақ аудан әкімдерінің 6 аппараттарынан тұрады. Бұған қоса, Алматы қаласының әкімі Алматы қаласының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
2. Алматы қаласы әкімдігінде пайдаланылатын ақпараттық

ресурстар мен жүйелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 желтоқсандағы № 1384 «Мемлекеттік мекемелердің ақпараттау үдерісін үйлестіру туралы» қаулысын орындау жолында Алматы қаласы әкімінің 2001 жылғы 22 ақпандағы № 102 «Алматы қаласының Бірыңғай Ақпараттық Кеңістікті құрастыру және дамыту тұжырымдамасы» шешімі әзірленіп, бекітілді. 2002-2006 жылдары аралығында Тұжырымдаманы жүзеге асыру жұмыстарын жүргізілген.

Алматы қаласында Бірыңғай ақпараттық кеңістік құрастыру жөніндегі жүргізілген жұмыстар Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құрастыру Мемлекеттік бағдарламасына талабына жауап береді.

Қаланың бірыңғай ақпараттық жүйесін құрудың негізгі міндеті локалді («егеменді» ақпараттық жүйені интеграциялау болып табылады жалпы ақпараттық-логикалық бағдарламалық-техникалық, ақпаратты өңдеу және алмасудағы телекоммуникациялық орта болып табылады. Бұның өзі баролық көрсеткіштерді бір физикалық компонент ретінде беруді ұсынбайды (мәселен, бір серверде). Интеграция ақпараттық жүйе мен ресурстарды бірыңғай методология бойынша идеологиялық құрастыруды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласында қаланың ақпараттық инфрақұрылымы құрастырылған негізгі ақпарат түрлерінің көздері нақты белгіленген, мынадай негізгі компоненттер жүзеге асырылған:

1) көрсеткіштерді беретін коммуникациялық орта;

2) ведомстволық жүйелер мен ведомствоаралық ақпараттық өзара іс қимылының интеграциясын қамтамсыз ететін Бірыңғай Ақпараттық Жүйе (БАЖ);

3) электрондық құжат айналымы жүйесі;

4) Алматы қаласының геоақпараттық жүйесі;

5) регионалдық және ведомстволық автоматтандырылған жүйе;

6) қала әкімдігінің Web-сайты;

7) ақпараттық қауіпсіздік саясаты.

1. Алматы қаласының коммуникациялық ортасы өзіне мемлекеттік мекемелердің жекелеген локалды желілерін қосады, олар өзара және қала әкімдігімен бөлектенген және коммутириланған байланыс арналары арқылы байланысады. Сандық арналар қаладағы ведомстволар м ен әкімдік арасында әкімдіктің корпоративтік желісін құрайды, оның өткізу мүмкіндігі 128 кбит/с.

Қала әкімдігінің ғимаратында локалді желі құрылған, әкімдіктің барлық қызметкерлері арасын осы желі жалғастырады. Бағдарламалық-аппараттық платформа ретінде бағдарламалық деңгейде Unix және Windows операциялық жүйелер ұсынылады, аппараттық деңгейде - Intel және Sun-Sparc процессоры ұсынылады.

Корпоративті және локалдық желілердің негізгі міндеттері көрсеткіштерді тоқтаусыз және қорғалу негізінде беру, ақпарат тасқынын жеке және логистикалық бөлектеп ішкі (INTRANET) және сыртқы (INTERNET) арқылы беру.

Мемлекеттік органдарда пайдаланылатын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын негізгі техникалық құралдар - дербес компьютерлер Ceieron, Pentium, соның ішінде файл-сервер, сервер қосымшалар және архиварлық көрсеткіштер құралдары. Автоматтандырылған телефон станциясы бар (АТС).

Интернет желісіне біріктірілген немесе бөлектенген желілер бойынша жүзеге асырылады, электрондық пошта пайдаланылады.

2. Әкімдіктің біріктірілген желісі негізінде және қаладағы көрсеткіштер ұясы негізінде Бірыңғай ақпараттық желісі енгізілген (БАЖ), мынадай интеграциялық ведомстволық желіні қамтамасыз етеді:

- Көші-қон полициясы басқармасы;

- Жол полициясы басқармасы;

- Салық комитеті;

- Жер ресурстары басқармасы;

- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті;

- «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК және басқалар.

Жүйе көрсеткіштерді ведомствоаралық алмасуын ұйымдастырады және Интернет арқылы іздестіру қызметін жүзеге асырады.

Орталық сервер ЕИС-шлюз-қала әкімдігінде орналасқан.. Әрбір қатысушы ведомство үшін сервер ұйымдастырылған-көрсеткіштер ұясы, ол ведомствоның «аумағында» орналасқан және тәуліктік режимде жұмыс істейді. Сервер-көзде көрсеткіштер ұясының жинақтағышы орналасқан. ақпарат белгіленген регламент бойынша өздігінен жаңарып отырады. Ақпарат белгіленген регламент бойынша автоматты режимде жүзеге асырылады. Әрбір көрсеткіш ұясында каталогтық сұраныммен жүзеге асырылады. Осы каталогтық сұраныммен Алматы қаласы әкімдігінің сервер-шлюзінде тіркелген пайдаланушылар пайдалана алады.

3. Алматы қаласы әкімдігінің электрондық құжат айналымының біріктірілген ақпараттық жүйесі (ЭҚКАЖ) іс құжаттарын жүргізу автоматты түрде орындауға және мемлекеттік органның шешімін қабылдауға қолдау көрсетеді. Жүйе орталық сервер арқылы қамтамасыз етіледі, әкімдіктегі электрондық құжат айналымы, сондай-ақ құжаттардың айналымы мен сақталуын қамтамасыз етеді. Дәл қазір электрондық құжат айналымының біріктірілген жүйесі Алматы қаласы әкімі аппаратында құрылымдық бөлімшелер, алшақ мемлекеттік органдармен және 6 аудан әкімдері аппараттарымен қызмет көрсетеді.

4. Алматы қаласының Геоақпараттық жүйесі құрылған (ГАЖ), бірыңғай электрондық модел негізінде нысандардың көрнекі аумақтық тіркелім құралы болып табылады. Қала әкімдігінде Алматы қаласының электрондық картасы орнатылған, ол алыстатылған - Көші-қон полициясы басқармасы, Жер ресурстары басқармасы, «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК байланыстырылған. Жүйе қаланың жалпы жоспарын көруге мүмкіндік береді, қаланың әкімшілік аудандарын , көшелерді, үйлерді, жер телімдерін, өзендерді, темір жолдарды қоса. Тұрғын үйлердің сипаттамасы, жылжымайтын мүлік иелері және жер телімдері иелері, осы таңдалған жерде тұратын адамдар саны жайлы мәлімет ала алады. Алматы қаласының электрондық картасы 20 негізгі геоақпараттық қабаттарды құрайды.

5. Әзірленген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ететін аймақтық және ведомстволық автоматтандырылған жүйелер ілестіру және дамуында тұр:

1) «Тұрғындар» ААЖ

2) «Сайлаушылардың электрондық тізімі» ААЖ

3) «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау» ААЖ

4) «Әкім аппаратының кадр ресурстарын басқару» ААЖ

5) «Кәсіпорындар мониторингі» және басқалар ААЖ

1) 1999 жылдан бастап Алматы қаласында «Тұрғындар» Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйе қызмет көрсетеді, азаматтардың тұрған жерлеріндегі тіркелімі жайлы мәлімет береді және қаланың ЕАЖ көрсеткіштер ұясын негізін қалайды. Жүйе мекен жайлық, төлқұжаттық, көші-қон, іздестіру ақпараттық сеттік компьютерлік мәліметтерді береді.

2) Қазақстан Республикасында электрондық дауыс беру жүйесін енгізуге байланысты «Сайлаушылардың электрондық тізімі» ААЖ әзірленіп пайдалануға берілді, ол «Тұрғындар» ААЖ ақпарат негізінде сайлаушылардың тізімін жүргізуге мүмкіндік береді, азаматтарды сайлау учаскелері бойынша бөледі. Қаланың электрондық картасында қосымша қабат құрылған - сайлау учаскелерінің геоақпараттық қабаттары.

3) «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау» автоматтандырылған жүйесі құрылыс-монтаж, жер және басқа жұмыстардың жер асты құрылғыларын тарту және қайта жабдықтау, жеке тұрған нысандарды бұзу, ғимараттар құрылысы мен жөндеу жұмыстары, жол, тұрақ және аумақтарды көріктендіру, жарнамалық қондырғыларды орнатудың заңдылықтары мен сапасына бақылау жасаудың тиімділігін арттыруға құралған.

4) Құрамның автоматты басқару жүйесі кадр ресурстарын басқаруды автоматтандырылған үдерісті ұсынады, электрондық құжат айналымы жүйесінің интеграциясын білдіреді. Алматы қаласы әкімі аппаратының және оның құрылымдарының кадрлар бойынша орталықтандырылған ұялы көрсеткіші құрылған.

5) «Кәсіпорындар мониторингі» автоматтандырылған жүйесі экономика саласын конъюктуралық, маркетингтік зерттеу мақсатында оның бәсекелестігін анықтау, қаланың тұрақты индустриалды-инновациялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жүйе кәсіпорындардың, Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті мамандарының есептер мен анкеталық көрсеткіштерді автоматты өңдеуге арналған, ақпараттарды орталық көрсеткіштер аясында жинақтау және оның негізінде қажетті есептерді беру.

6. Электрондық қызмет көрсету үшін 2005 жылы Алматы қаласы әкімдігінің Web –сайты құрылған. Сайт қоғамды ақпараттаудың заман талабына сай құралы болып табылғандықтан әкімдіктің қызметі жайлы азаматтарды және мекемелерді біздің қаламыздың және Қазақстанның, сондай-ақ шет елдердегі жедел және шындық түрінде ақпараттау болып табылады. Әкімдіктің Web –сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және жаңарту күнделікті жүзеге асырылады. Сайттың негізгі беттері: әкімдіктің құрылымы, қаланың даму бағдарламасы, қала тарихы, бизнес-бюллетень, тендер және аукциондар туралы ақпарат, әкімнің өкімі, саясат, экономика, көлік және коммуникация, жер қатынастары, мәдениет және басқалар. Қала Әкімдігінің Web –сайтында әкімге сұрақ айдары бар, сондай-ақ сайлаушылар тізімінің интерактивтік тексерулері орналастырылған.

ЭҚКАЖ және әкімдіктің Web –сайтында дәл қазір «Электрондық қабылдау» ұйымдастырылған, ол әкімдіктің басшылығымен электрондық құжат айналымымен тікелей байланыстарады. Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің алты аудандарында Алматы қаласы әкімдігінің ақпаратына жол ашық, оның негізгі мақсаты Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына әкімдік сайтының жедел ақпаратын беру болып табылады.

7. Алматы қаласының аппаратында ақпараттық қауіпсіздік саясаты әзірленген және жүзеге асырылады. Әкім аппаратының желісінде қорғаныш қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Қосымша негізінде - бұл лицензияланған антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету, жұмыс станциялары мен серверлерінде орнатылған. Көрсеткіштер ұясы деңгейінде және жедел қауіпсіз жүйесінде қауіпсіздік саясын қамтамасыз етеді және бөлектенген автоматтандырылған қағидаларға жауап береді. Авторизация және көрсеткіштерді бөлектеу үшін жеке электрондық кілті E-Token орнатылған. Сеттік жүйе деңгейінде орталық орынды өзгенің мәліметке кіруіне тосқауыл қойатын сет аралық экран алады.

8. Ақпараттық жүйе мен мемлекеттік органдардың Алматы қаласы бойынша көрсеткіштер ұясы 1 қосымшада берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет