Ландшафтық дизайн туралы жалпы мәліметтер
Әрбір үй иесі маңайын жөнге келтіргісі келеді. Біразы проффесионалдардың, ландшафттық дизайнерлердің көмегіне жүгінсе, кейбірі өз бетінше өз қожалығын жұмақ бұрышына айналдырғысы келеді. Осы жағдайларға байланысты ландшафтық дизайнерлердің құпия шеберлігін ашамыз.
Табиғаттың жүздеген жылдар бойы ЕРІКСІЗ заңдылықтары мен ережелеріне ландшафтық дизайнерлер бағынады.
Өзімізге белгілі табиғи ландшафт 5 элементтен тұрады – жер, су, ауа, өсімдік және зоофауна. Бірақта табиғи ландшафтЫҢ бастапқы жаратылған күйінде жер бетінде сақталып қалғаны өте аз, адам аяғы баспаған және өз коррективін табиғи ортасына енгізбеген жер кемде кем.
Адам әрекеттерінің табиғатқа кері әсерін түзетуге ландшафтық дизайн көмекке келеді. Ол дегеніміз - әдемілік пен үйлесімділікті бірлестіретін өнер.
Ландшафтық дизайнның негізгі қағидалары: композиция, КЕҢІСТІК (перспектива), ландшафтың колористикасы
Үй маңының участогын ұйымдастыру үшін архитектураның кеңістік құру заңдылығы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен ландшафтық архитектураны ойлаған кеңістікке немесе ашық жерге орналастыру.
Ландшафтық дизайн қазіргі саябақ құрылысы өнерімен, көркем өнермен тығыз байланысты. Көптеген суретшілер өз полотналарында табиғат сұлулығын бейнелеген, алдамшы картиналар салу арқылы көрер көзге участок кеңістігін үлкейту арқылы жоспардағы бақ пен саябақты салған. Мәселе екі өнерде де бірдей заңдылық бар, ол – перспектива, колористика, композициялық құру. Латын тілінен аударғанда «принцип» (principium) деген «начало – бастауы», «основа – негізі». Ландшафтық дизайнда қағида деген сөздің астарында, қоршаған кеңістікті табиғат заңдылығына қарай ұйымдастыру.
Композиция (латын composito – «связь – байланыс»,
«соединение – үйлесу», «составление – құрастыру») – бұл әртүрлі пішіннің кеңістікте ең жоғарғы деңгейінде бірігіп астасуы. Басқа сөзбен айтқанда участокты жобалауда міндетті түрде
ландшафтың кейбір элементтерін тек көрер көзге емес, жанға тыныштық беретіндей құру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |