0000Бекітемін: Пән мұғалімі: Уақыты: Сынып 6



бет2/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4



Сынып

6













Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы







Сабақ №

7







Тақырып

§ 6 Мыс-тас ғасыры (Энеолит)







Сағат саны

1







Мақсаты:

1. Білімділік

Мыс-тас ғасырының ерекшелігі жайлы түсіндіріп оқушылардың білімдерін арттыру.







2.Тәрбиелік:

Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.







3.Дамытушылық

Мыс-тас ғасырының еңбек құралдары, ескеткіштері төңірегінде айта отырып ой-өрістерін дамыту.







Көрнекілік

Карта, кітап, карточка







Әдіс-тәсіл:




Аралас сабақ




Сабақтың барысы:










1.Ұйымдастыру кезеңі











ІІ. Үйге берілген тапсырма:

1. Сұрақтар

1. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?

2. Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрағын сипаттап бер.?

3. Оқулықтағы суретті әңгімелеп бер.


2. Тест жұмысы

1.Тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жеткен кезең

а) палеолит в) мезолит с) неолит д) мусьте
2. Неолит адамдарының мекенжайлары уақытша болды,себебі

а) аңшылар аңдардың соңынан жылжып көшіп отырған в) климат өзгерді

с) табиғи жағдайы қолайсыз болды д) терімшілікпен айналысты
3.Неолитті кейде қалай атаған

а) «микролит жасау кезеңі» в) «бақташылық» с) «қыш құмыралар заман»

д) «теміршілік дәуірі»
4.Адамдар тасты кесу, жону, жалтырата тегістеу, бұрғылауды қай кезеңде ойлап тапты

а) энеолитте в) кейігі палеолитте с) неолитте д) ерте палеолитте


III. Жаңа сабақ

  1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі. Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды.: еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың –егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады.

Үй құрылысында төбесі ағашпен жабылып, жартылай жерден қазылған көп бұрышты немесе шеңберлі құрылыстар салу басым болды. Энеолит кезеңінде қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратта жалғыз зиратта, сонымен қатар қайтыс болған адамның бейнесін (маска) жасау дәстүрлері кездеседі. Мұндай бейнелерге қарап энеолиттік адамның түр-сипаты еуропалық нәсілге жататынын байқауға болды.

  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі. Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті.

Сол кезеңдерге металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл-мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.

  1. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші-Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің қабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған.

Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де жолықты. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар сазбалшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді.Ыдыстарды әшекейлеу үшін тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланылған.

Шебір тұрағының тұрғындары моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Моншақтардың жиектері мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.













IV.Сабақты бекіту :





І.Сұрақ-жауап.

1.Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

2.Энеолит дәуірінің ерекшелігін сипатта.

3.Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірінің ескерткіштерін ата.

4.Ең бірінші қолданылған металл?

5. Ботай тұрағының табылған жері.

6.Мыс-тас ғасырының ескерткіштері






Сабақты бағалау



















V. Үй жұмысы


  1. § 6 Мыс-тас ғасыры (Энеолит)

  2. Кестені толтыру

Тас дәуірінің кезеңдері





Кезеңнің хронологиялық ауқымы

Жаңалықтар мен өнертабыстар

Әр кезеңде өмір сүрген адамдар

Қоғамдық құрылымы


Ерте палеолиттің мустье кезеңі Кейінгі палеолит

Мезолит

Неолит


Энеолит
































VІ. Сабақты бағалау :

Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау




Сабаққа қатысып,сұрақтарға жауап берген балаларды бағалау



Пән:

Сынып:

Сабақ №

Тақырып:

Сағат саны

Мақсаты:

1. Білімділік
Тәрбиелік:

Дамытушылық:

Көрнекілік:

Әдіс-тәсіл:

Сабақтың барысы:

Ежелгі Қазақстан тарихы.

6

8



§7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.

1
Ежелгі адамдардардың діни түсініктердің пайда

болуы мен өнердің шығуы туралы түсіндіру.

Ертедегі адамдардың діни наным-сенімдері өнердің пайда болуы

рухани мәдениеттің қалыптасуы әсер етті.Оқушыларды эстетикалық өнерді бағалауға тәрбиелеу

Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Оқулық, кесте, суреттер, карта.

Аралас сабақ









1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын сұрау:



1.Сұрақтар

1.Энеолит дәуірінің ерекшелігін сипаттама бер.

2.Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірінің ескерткіштерін ата?

3.Мыс-тас ғасырындағы еңбек бөлінісі.

4.Маңғыстау жеріндегі энеолиттік Шебір елді мекеніндегі ескерткіш туралы жазып келу

2. Тест жұмысы

1.Ең бірінші қолданылған металл

а) темір в) күміс с) мыс д) қалайы
2. Адамдардың металдан жасалған құралдары игере бастаған кезеңі

а) кейінгі палеолит в) энеолит с) неолит д) темір дәуірі

3.Ботай тұрғынының табылған жері

а) солтүстік қазақстан в) шығыс қазақстан с) орталық қазақстан д) жетісу жері


4.Энеолит сөзінің үғымы

а)ерте палеолит в)қола дәуірі с)мыс-тас ғасыры д)темір дәуірі


Жаңа тақырыпты түсіндіру


  1. Білімнің дамуы. Еңбек ету барысында адамдардың ақыл-ойы жетіле түсті. Қарапайым еңбек құралдарын жасау ұжымдық ойлау және сөйлеу қабілетін арттырды. Адамдар өз білімдерін суретті хат-пиктография арқылы хабарлаған. Адамдар жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылай жүріп өздірінің тәжірибесімен білімін келесі ұрпаққа саналы түрде мұраға қалдырып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуын есте сақтап, егінді жинау уақытын анықтаған .

  2. Діни көзқарастартың қалыптасуы. Ертедегі адамдар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен қылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Найзағайдың баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей

  3. аң-таң болған. Әрине бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген.

Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын бір қырынан жатқызып бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген.Өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Мұндай сенімді анимизм.

Сабақты бекіту :















1.Қазақстан аумағына қазақтардың қалай орналасқанын және олардың жалпы саны қанша болғанын

сипаттаңдар

2. Хан сайлаудың дәстүрлі тәртібі мен әдет-ғұрпы қалай өткізілді?

3. Сұлтандар тобының әлеуметтік артықшылықтарын атаңдар.

4. Қожалардың қазақ қоғамындағы орны қалай болған?

5. Құрамалар туралы айтып беріңіз.

6. Қазақтар тархан деген құрметті атақты қандай қызмет сіңіргені үшін алды?

7. Би дегеніміз кім?

8. Батыр атағын қалай алуға болатын еді?

9. Емін-еркін көшіп жүретін қатардағы қандас қауымдастардың жағдайы қандай болды?

10. Төлеңгіттер тобы қалай құрылып, қалай қалыптасты?

11. Құлдарға сипаттама беріңдер




Сабақты бағалау:

Сабаққа қатысып, жауап берген оқушыларды бағалап, атап көрсету.

Үйге тапсырма: §7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.








1.§ 1. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. «Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғасыр – 1914 жыл», Жалпы білім беретін мектептердің 8 сыныбына арналған оқулық, Алматы, «Атамұра», 2008, 6-13 беттер.

2. Мазмұны хандардың, сұлтандардың, батырлардың, билердің, құлдардың қызметін бейнелейтін қазақ мақалдары мен мәтелдерін теріңдер.

3.Оқулықтың 12-ші бетінде берілген жаңа терминдердің түсінігін жаттап келу.





Сынып

6







Пән

Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақ №

9

Тақырып

§ 8. Дәуірдің негізгі сипаты.

Сағат саны

1

Мақсаты:

1. Білімділік

Оқушыларға қола дәуірінің жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алғандығын, және мәдениеттегі жетістігін түсіндіру.

2.Тәрбиелік:

Қола дәуіріндегі Қазақстандағы алғашқы мәдени ескерткіштерді айта отырып оқушыларды мәдени ескерткіштерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық

Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілік

Карта, оқулық,

Әдіс-тәсіл:

Аралас сабақ






Сабақтың барысы:




1.Ұйымдастыру кезеңі




2.Үй тапсырмасы.

1.Сұрақтар.

1.Білімнің дамуы мен діни көзқарастың қалыптасуы.

2.Өнердің пайда болуы, өнердің қай түрі жақсы дамыған.

3.Қазақстандағы ертедегі жерлеу ғұрыптары.



2.Тест жұмысы.



Жаңа сабақ:




1.Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі. Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл –мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар: біздер, жебе ұштары, мыс тілікшілер энеолит дәуірінен кездеседі. Ал тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қола дәуіріндне басталды.

Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді. Ол негізінен мыс пнен қалайының қосындысынан алынады. Металл кеніштер қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И. Сәтбаевтің есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында 1100 қалайы шығарылған.

Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын орналасты. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылған.

Б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді.

Мыс өндіру әдісі былай орындалған: кен орнының алдына от жаққан, кен қызғаннан кейін оған су құйған. Осының нәтижесінде тас шытынап, уатылған, сөйтіп біршама босаған. Бұдан соң тас қайланың немесе ағаш сынаның көмегімен кенді опырып алып, тас балғамен ұсақтаған. Мыс кенін отқа өртеген, содан кейін барып арнаулы пешке қорытқан. Еңбек құралдары немесе сазбалшық қалыптарға құйылып, өңделген. Қоланы одан жасалатын құралдың қайда қолданылатынына байланысты әр түрлі құрамда балқытқан. Одан балта, пышақ, қанжар, шаппашот, жебенің және найзаның ұштары, қайла, орақ, әр түрлі әшекейлер жасалған. Қоладан жаалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталады.

2.Андрон мәдениеті туралы мәлімет. Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқвы ескерткіштері Андроново деген селоның маңынан табылған бұл село сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан.Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті «Андрон» мәдениеті аталып кетті.

Андрон тектес қола мәдениетіОрал(Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.

Ғалымдар солтүстік және батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге келеді. Мысалы, Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қола дәуіріндегі қалаға ұқсатады.

Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка мен Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай-ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зеттеді.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы Таңбалы-тас пен Қаратау жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Арал теңізінің шығыс жағындағы қола дәуірі ескерткіштері жақсы зерттелген. Соның бірі-Сырдарияның төменгі ағысындағы қола дәкірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі. Кесене күйдірілмеген кірпіштен салынған. Оның ішіндегі айналма дәліздер мен тамның ортасына ыдыстар, қоладан жасалған құралдар мен қарулар, алтын әшекейлер қойылған.

Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар еуропеоитерге ұқсаған. Олардың бойы онша биік емес беті жалпақ. Маңдайлары тайқылау келген. Сырт бет-бейнесін академик В.П. Алесеев былай сипаттайды:

«Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған»


  1. ББеғазы-Дәндібай мәдениеті. Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі байланысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, басқаша тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте, үйлердің қабырғалары бір-біріне балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.

Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі обалар. Андрондықтардан ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақ тастармен бекітілген.

Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді. Беғаза-Дәндібай құмыралары әр түрлі өрнекпен безендірілген.Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист- ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х.Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.



Сабақты бекіту :




1.Қола дәуірінің ерекшелігі.

2. Андрон мәдениеті туралы не білдің?



3. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің епекшелігі?


Сабақты бағалау:













Үйге жұмысы:

1.§ 8. Дәуірдің негізгі сипаты.














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет