$$$001-000-000 1 Глоссарий Санкция


Нормативтік қайнар көздер



бет3/7
Дата23.02.2016
өлшемі1.3 Mb.
#3125
1   2   3   4   5   6   7

Нормативтік қайнар көздер:

1.           «Діни наным бостандығы және діни ұйымдар туралы» ҚР заңы. 15 қантар 1992 ж. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ведомстері. 1994 ж. № 4

2.           «Қоғамдық ұйымдар туралы» ҚР заңы 31 мамыр 1996 жылы. Алматы: Жеті жарғы 1996 ж.

3.           «Саяси партиялар туралы» ҚР заңы 15 шілде 2002 жыл.

4.           ҚР-да «Жиналыс, митингілер, пикеттер, шерулер және демонстрациялар ұйымдастыру және өтқізу тәртібі туралы» заң күші бар ҚР Преғзидентінің Жарлығы. 17 наурыз 1995 ж. Әділет Министрлігінің Жаршысы 1995 ж. № 4

 

Негізгі әдебиеттер:

1.           Булатов С.Я. Ответственность за преступления против политических, трудовых и иных прав граждан по УК КазССР. Алма-Ата, 1962.

2.           Лоновенко И.П., Чангули Г.И. Уголовно – правовая охрана трудовых прав граждан. Киев, 1989.

3.           Шахунянц Е.А. Уголовно – правовая охрана конституционных прав и свобод граждан РФ. М., 1993.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.           Кузнецова Н.Ф., Аргунова Ю.М. Об эффективности уголовно – правовой охраны трудовых прав граждан //Государство и право. - 1996.- № 10.

2.           Мухамеджанов Э. Научно-практический комментарий ст. 146 УК РК//Закон и время. –1998. -№3.

3.           Мухамеджанов Э. Научно-практический комментарий ст. 147 УК РК//Закон и время. –1998. -№4.

4.           Петрова Г. Защита неприкосновенности частной жизни //Законность. –2003. -№6.

 

5 ТАҚЫРЫП. БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі – жалпы қоғамның және жеке адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын қазіргі өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылықтарының бірі. ҚР-ның қылмыстық кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттық қылмыстық заңдылықты халықаралық конвенцияларға сәйкес сипатқа келтіруі болып танылады. Бұл тарауға 9 қылмыс құрамы енгізілген. Соның ішінде алтауы ҚР ҚК 156, 158-161, 163 баптар жаңалық болып табылады. ‡ш қылмыстың құрамы бұрыннан ҚазССР Қылмыстық кодексінде белгілі болған.

Соғысты насихаттау, жалдамалылық, ұлттық және нәсілдік теқ құқықты бұзу құрамдары жаңа редакцияда енгізілген. Бұл тараудың бөліну негізі ретінде бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігі, яғни, халықаралық құқық нормаларын сақтау нәтижесінде қалыптасатын және мемлекет пен халықтардың өмір сүру негізін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалар құрайтын қол сұғушылықтың жалпы топтың объектісі болып табылады. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың құрамдарының барлығы формальды. Олардың объективтік жағы міндетті белгі ретінде тек қана қоғамға қауіпті әрекетті жасауды жатқызады. Ал қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы құрамның шегінен тыс.

Жалдамалылық (ҚК 162 б) халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 163 б) және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК 164 б) құрамдарының сараланған түрлері ерекше.

Араласқан конструкциясы бар қылмыс құрамы экоцид (ҚК 161 б), онда заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын сипаттай отыра, егер әрекеттің нәтижесінде экологиялық апат туғызылған немесе туғызылуы мүмкін жағдайда жазаланушылық шартын бекіткен.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады. Қылмыстың жасалу тәсілі соғыс жүргізудің тиым салынғал құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК 159 б), геноцид (ҚК 160 б) айқындалған. ҚК-нің ерекше бөлімінің 4 тарауындағы қылмыстардың экоцидтен басқасы субъективтік жағынан кінәнің тікелей қасақаналығымен сипатталады. Кейбір қылмыстар үшін заң шығарушы субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстың жасаулының арнайы мақсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттық этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішщінара жою мақсаты, халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды ишеленістіру мақсаты көздейді.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар субъектісі есі дұрыс 16 жасқа толған адам. Кейбір қылмыстар арнайы субъектіні таниды, мысалы, мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам (ҚК 157 б 2 б), қоғамдық бірлестіктің жетекшісі немесе дінің қызмет жағдайын пайдаланатын адам (ҚК 164 б 2 б).

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды төмендейдей сараптауға болады:

1.        Бейбітшілікке қарсы қылмыстар (ҚК 156-158 бб)

2.        Әскери қылмыстар (ҚК 159 б)

3.        Адамзатқа қарсы қылмыстар (ҚК 160, 161 б)

4.        Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 162-164 б)

Бейбітшілікке қарсы қылмыстарға басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру, жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Басқаншылық немесе агрессия (латыннан аударғанда «шабуыл жасау») халықаралық құқық көзқарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне қарсы заңсыз күш қолдануы, әсіресе, басқа мемлкетке оның аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери шабуыл жасау.

ҚК 156 б 1 б көзделген қылмыстың объективтік жағы 3 балама қоғамға қауіпті әрекеттерден тұрады:

1. басқыншылық соғысты жоспарлау, басқыншылық соғысқа дайындалу, басқыншылық соғысты тұтандыру

ҚК 156 б 2 б осы қылмыстың сараланған құрамы басқыншылық соғысты жүргізу үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайды. Сонымен қатар басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру үшін қылмыстық жауапкершілік ҚК 157 б 1 б көрсетілген. Бұл қылмыстық сараланған белгісі деп бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған немесе мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған әрекет танылады. ҚК 158 б. көзделген қылмыстың заты химиялық, биологиялық және ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруы табылады. Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы: а) жаппай қырып-жою қаруын өндіру, яғни кез-келген тәсілмен дайындау (қолдан, лаборанториялық жолмен заводта дайындау); б) жаппай қырып-жою қаруын табу (сатып алу, айырбастау, сыйға алу, ұрлау); в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, яғни қылмыс затын қайтарымды немесе қайтарымсыз өзінің иелігінен басқаға беру, сату, айырбастау, сыйлау т. б.

Келесі қылмыс құрамы соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК 159 б). Әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұрғындарға қатал қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану қол сұғушылықтың объективтік жағын құрайды. ҚР-ның халықырылық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану ҚР ҚК 159 б 2б бойынша сараланады.

Адамзатқа қарсы қылмыстар тобын геноцид (ҚК 160 б) және экоцид (ҚК 161 б) құрайды. Геноцидтің қоғамға қауіптілігі оны құрайтын қылмыстық әрекетті жасаунәтижесінде белгілі бір ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтың адамдары толық немесе ішінара құртылады немесе құртылып кетуі мүмкін қаупінде. Бұл қылмыстың құрамы Нюрнберг және Токио әскери трибуналдарының жарлығы мен 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын-алу және ол үшін жазалау жөніндегі Конвенциясы негізінде қалыптасқан.

Аталған топтардың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бреуге беру осы топ мүшелерін қырып-жоюға бағытталған басқа да тіршілік жағдайларын туғызу. Субъективтік жағы тікелей қасақаналық және ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың толық немесе ішінара жойылуын көздейтін арнайы мақсаттан тұрады. Аталған мақсатты анықтау геноцидті соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары мен әдістерін қолданудың кейбір нысандары және кейбір жалпы қылмыстардан (кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру) ажыратуға мүмкіндік береді.

Экоцид (ҚР ҚК 161 б) адамның өзінің өмір сүруі, қоршаған ортаға қайтарымсыз зиян келтіретін адамның табиғат ортасына қылмыстық әсері. Бұл қылмыстың заты- өсімдік және жануарлар әлемі, ауа, жер, су ресурстары.

Халықаралық қылмыстардың объективтік жағы заңда көзделген нысандар:

а) өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай жою

б) ауа, жер, су ресурстарын улау

в) экологиялық апат туғызатын әрі туғызу қаупі бар өз ге де әрекеттер және көрсетілген әрекеттер мен зардаптар арасындағы себептік байланыс.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы өзге де қылмыстар: жалдамалылық (ҚК 162 б); халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 163 б); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты қоздыру (ҚК 164 б).

Жалдамалалақтың объективтік жағы ҚК 162 б 1б диспозициясында көзделген әрекеттердің бірі: а) азғырып көндіру, б) оқытып-үйрету, в) жалдамалыны қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, г) оны қарулы жанжалда немесе соғыс әрекеттерінде пайдалануды жүзеге асырудан тұрады.

ҚР ҚК 162 б 1 б бойынша қылмыс субъектісі кез-келген есі дұрыс, 16 жасқа жеткен адам, 2 б бойынша өзінің қызметтік жағдайын пайдаланатын адам. Сараланған түрі кәмелетке толмағанға қатысты жасалған осы әрекеттер.

Қарастырылып отырған баптың 3 б жалдамалының әскери жанжал немесе соғыс әрекеттеріне жеке қатысуын сипаттайды. Ерекше саранған белгісі жалдамалының әрекеттері адам қазасы немесе өзге де ауыр зардап туындатса деп танылады. Халықаралық қорғау аясындағы адам немесе ұйымға жабуыл жасау (ҚР ҚК 163 б) келесі әрекеттер:

1)          Шет елдік мемлекет өкіліне немесе халықаралық қорғау алсындағы халықарылық ұйым қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне шабуыл жасау;

2)          Аталған адамдардың қызметтік не тұрғын үй-жайларына, көлек құралдарына шабуыл жасау;

3)          Осы адамдарды ұрлау немесе күштеу арқылы бостандығынан айыру.

Бұл қылмыстың аяқталу уақыты-заңда келтірілген әрекеттердің бірін жүзеге асыру, бірақ соғысты ұшықтыру немесе халықаралық қатынастарды құлдырату мақсатына жету ниеті жүзеге асса болғаны.

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР ҚК 164 б) қылмысы құрамы 1965 ж. «Нәсілдік шектетудің барлық нысандарын жою туралы» Халықаралық Конвенция негізінде құрастырылған.

Қылмыстың объективтік жағы а) әлеуметтік, нәсілдік, рулық, ұлттық және діни араздық немесе ошпенділікті өршіктіруге, б) ұлттық ар-ождан, қадір-қасиетті немесе азаматтардың діни сезімін қорлауға, в) азаматтардың дінге қатыстылығы, әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатынастылығы белгісі бойынша азаматтың басымдылығы, артықшылығы, кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер құрайды.

 

Нормативтік қайнар көздер:

1.        ҚР Конституциясы Алматы 2002 ж

2.        Халықаралық Әскери трибуна Жарғысы. А. 2002.

3.        Халықаралық Әскери трибуна Жарғысы. А. 2002.

4.        «¦жымдық қауіпсіздік жөнінде келісім шартты жұртшылық тану туралы» ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 23. 12. 1992 ж ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ведомстері 1992 ж. № 4

5.        «Ядерлық қаруды таратпау жөніндегі келісім шартқа қосылу туралы» ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысы 13. 12. 1993 ж. // ҚР Жоғары Кеңесінің Ведомстері 1993 № 23-24

6.        14. 12. 1973 жылы қабылданған «Халықаралық қорғауға ие болатын, адамдар ішінде дипломаттық агенттерге қарсы жасалатын қылмыстарды жазалау және алдын алу конвенциясына ҚР-ның қосылуы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы 23. 01. 1996 ж.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.           Алексеев Н.С. Злодеяния и возмездие: преступления против человечества. М., 1986.

2.           Рахметов С.М., Кременцов С.А. Преступления против мира и безопасности человечества. Алматы, 1998.

3.           Шахунянц Е.А. Международно–правовые обязательства и внутригосударственное уголовное законодательство. М., 1993

 

Қосымша әдебиеттер:

1.           Адельханян Р. Агрессия как преступление против всеобщего мира. //Законность.2003.-№6.

2.           Наумов А. В. Преступления против мира и безопасности человечества и преступления международного характера //Государство и право. - 1995. - №6.

3.           Ромашев Ю.С. Концептуальная модель преступлений международного характера, совершаемых на море. //Государство и право.–1999. - №12.

4.           Сагандыкова Н. Преступность, которая не знает границ. //Ваше право. – 1998. - №40.

 

6 ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ Қ¦РЫЛЫМЫ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 5 тарауы «Мемлекеттің конституциялық құрылымы негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» үшін жауапкершілікті көздейді. Бұл тарауға 05. 05. 2000 ж. және 09. 12. 2004 ж ҚР Заңдарымен өзгертулер енгізілген.

Қарастырылып отырған қылмыстарды бөлудің негізін конституциялық құрылыс негізі және мемлекеттің қауіпсіздігін құрайтын қолсұғушылықтың жалпы топтың объектісі береді.

Қазіргі әдебиеттерде мемлекеттің конституциялық құрылысының негізі деп конституциялық құрылыстың жеке жүйлерінің құқықтық реттелу негізін қалаушы болып конституцияда анықталған, конституциялық құқықтың реттеу объектісі боп табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін, анықтайтын қағидаларды түсіндіреді. Конституциялық құрылыс негіздері қоғамдық құрылыс, мемлекеттік билік, басқару нысандыры, саяси режимнің негізгі қасиеттерін шарттайды, Конституция мен заңдардың даму шығармашылығының логикалық, заңдық мазмұнын бағындырады.

Топтық объектінің екінші бөлігін құрайтын қауіпсіздік деп тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің маңызды мүдделерін сыртқы және ішке қауіптіліктенқорғау жағдайы танылады. ¤мірлік маңызды мүдделер дегеніміз қанағаттануы тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмір сүруі, дамуы қалыбын қамтамасыз ететін қажеттіктер – жиынтығы. Қауіпсіздіктің осы қылмыстарға қатысты негізгі объектілері: мемлекеттің конституциялық құрылыс, егемендік, қорғаныс қабілеті, территориялық тұтастығы.

Қолсұғушылықтың заты кейбір құрамдарда негізгі белгі болып танылады (ҚК 166, 170, 171, 173 бб).

Мемлекеттің конституциялық құрылысы және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың барлығына жуығының объективтік жағы бойынша әрекетпен сипатталады. ҚК 172, 173, 174 б. қылмыстар құрамы іс-әрекет пен қатар әрекетсіздіген жасалады.

Мемлекеттік құпияны жария ету, мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жоғалту және диверсияның үш нысанының конституциясын заң шығарушы материалды, қалғандарын формальді, яғни ол әрекеттер заңда сипатталған іс-әрекеттер жасалған уақыттан бастап, зиянды зардаптар туындауына тәуелсіз аяқталған деп есептеледі.

Қарастырылып отырған қылмыстардың субъективтік жағы кінәнің қасақана нысаны, соның ішінде тікелей қасақаналықпен орындалады. Мемлекеттік құпияны жария ету қасақаналықпен қатар, абайсыздықпен жасалады, мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды жоғалтудың субъективтік жағы тек абайсыздық пен ерекшеленеді. ҚР ҚК 165, 167, 170, 171 б. субъективтік жағының міндетті белгісін арнайы мақсат құрайды. Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне қастандық жасау (ҚК 167 б) құрамында заң шығарушы субъективтік жағының конструктивтік белгісі ретінде қылмыс ниеті, жәбірленушінің мемлекеттік немесе басқа саяси қызметі үшін кек алуды енгізген.

Мемлекеттің конституциялық құрылысы және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі – 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Кейбір қылмыстар арнайы субъектілерді ажыратады: ҚР азаматы (ҚК 165 б), шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам (ҚК 166 б), мемлекеттік құпия сеніп тапсырылған немесе қызметі болмаса жұмысы барысында мәлім болған адам (ҚК 172 б), мемлекеттік құпияға қатысы бар адам (ҚК 173 б), ҚР-ның Қарулы Күштерінің запасындағы адам (ҚК 174 б), т. б. танылады. Мемлекеттің конституциялық құрылысының негізі және қауіпсіздікке қарсы қылмыстар тікелей объектісі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1.        ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 165, 166 б)

2.        ҚР-ның саяси жүйесіне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 167-170 бб)

3.        ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі және қорғаныс қабілетіне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 171-174 бб)

4.        Мемлекет құпияларының соқталуына қолсұғатын қылмыстар (ҚК 172-173 бб)

ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстар – мемлекеттік опасыздық және шпионаж. Қылмыс заты мемлекеттік опасыздықтың екі нысаны: шпионаж және мемлекеттік құпияларды беруге тән (05. 05. 2000 жылғы ҚР заңының редакциясында).

Шпионаж үшін мемлекеттік құпияны құратын мәліметтер және ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру үшін қолдануы мүмкін шет ел барлауының тапсыруымен (жиналатын, орындалатын) өзге де деректер, ал беру үшін тек қана мемлекеттік құпияны құратын мәліметтер тән. Мемлекеттік құпиялардың түсінігі 15. 03. 1999 жылғы «Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы» ҚР заңында берілген. Заң опасыздық әрекеттерінің шектелген тізімін береді, олардың барлығы тек қана белсенді әрекеттермен жасалады:

1.        соғыс немесе әскери жанжал кезінде жау жағына өтіп кету

2.        шпионаж

3.        мемлекеттік құпияны беру

4.        Қр-на қарсы дұшпандық әрекет өткізу үшін шет мемлекет немесе шет ел ұйымы олардың өкілдеріне басқадай көмек көрсету.

Мемлекеттік опасыздықтың субъективтік жағы тікелей қасақаналық және ҚР сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігін жою және әлсіретуді көздейтін арнайы мақсаттан тұрады.

Мемлекеттік опасыздық субъектісі 16 жасқа толған ҚР-ның азаматы бола алады. Мемлекеттік опасыздықтың бір нысаны ретінде мемлекеттік құпияларды беру, өзінің жұмысының барысында мемлекеттік құпияға ие болатын арнайы субъектінің болуын бекітеді. Қылмысқа қатысушылар болып орындаушыдан басқа ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші шет ел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар бола алады. ҚК-нің 165 бабының ескертуінде ҚР ҚК-нің 165, 166, 168 б. көрсетілген қылмыстар жасаланғаннан кейін қылмыстық жауапкершіліктен босату шарттары аталған.

Шпионаж (ҚР ҚК 166 б) дегеніміз – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдін ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адамның жасауы.

Шпионаж субъектісі – шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам. Қарастырып отырған тараудың екінші тобын ҚР-ның саяси жүйесіне қарсы қылмыстар құрайды.

ҚР ҚК 167 бабы (19. 02. 2002 жылғы ҚР заңының редакциясында) ҚР-ның Предидентінің өміріне қастандық жасау үшін жауапкершілікті бекітеді.

ҚР ҚК 168 бабы (09. 12. 2004 жылғы ҚР заңымен жаңа редакцияда жазылған). Келесі іс-әрекеттер қылмыс болып табылады: өкіметті күшпен басып алу немесе өкілетті күшпен ұстап тұру ҚР ҚК 169 б. көзделген қылмыстың объективтік жағын қарулы бүлікті ұйымдастыру немесе қарулы бүлікке белсенді қатысу құрайды. Қарулы бүлік деп ҚР конституциялық құрылысы, заңды билігі, территориялық тұтастығына қарсы бағытталған, ұйымдасқан қарулы көтерілісті айтамыз.

Қылмыстың субъективтік жағын тікелей қасақаналық және ҚР конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп конституциялық құрылысын немесе территориялық тұтастығын өзгерту мақсаты құрайды.

Келесі қылмыстың (ҚР ҚК 170 б) объективті жағын а) күштеп басып алуға жария түрде өкіметті шақыру, б) өкілетті күштеп ұстап тұруға жария түрде шақыру, в) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге жария түрде шақыру, г) мемлекет қауіпсіздігін күштеп жоюға жария түрде шақыру, ҚР территориялық тұтастығы мен бірлігін күштеп бұзуға жария түрінде шақыру, е) жоғарыда көрсетілген шақырудан тұратын материалдарды тарату құрайды.

Осы қылмыстың сараланғаны деп сол әрекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, немесе ұйымдасқан топпен жасалған, сол сияқты бұрын осы бап бойынша сотталған адам жасаған түрі танылады.

19. 02. 2002 ж. ҚР Заңымен бұл баптың санкциясы күшейтілген.

Қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетіне қолсұғатын қылмыстардың келесі түрі диверсия (ҚК 171 б) және жұмылдыруға шақырудан жалтару (ҚК 174 б).

Диверсияның объективтік жағы адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың ден саулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігіне қамтамасыз ету объектілерін қиратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизотиялар таратумен сипатталады.

ҚР-ның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен құрамалары қатарына жұмылдыру бойынша (одан босатуға заңды негізі жоқ болғанда) қызметке шақырудан жалтару жұмылдыру пунктіне себепсіз келмей қалу. Жұмылдырудан құтылған құтылмағанына қарамастан жұмылдыруға шақырудан жалтаруды құрайтын кез-келген әрекетті жүзеге асырған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі.

ҚК 174 б 2 б бойынша ҚР-ның Қарулы Күштерін толықтыру үшін шақырудан жалтару әрекеті сараланады. Мемлекеттік құпияның қорғалуына қол сұғатын әрекеттер мемлкеттік құпиясы құрайтын құжаттар мен заттарды заңсыз алу, оларды жария ету және құжаттарды жоғалту. 05. 05. 2000 ж. ҚР заңының редакциясындағы ҚР ҚК 172, 173 бб.

Құжаттарды ұрлау, мемлкеттік құпияларды білетін адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсіру, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сол сияқты өзге де заңсыз әдіспен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жинау мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгілері болмаған жағдайда ҚК 172 б. 1 б. сараланады.

Адамның өзіне сеніп тапсырылған немесе қызмет не жұмыс бабымен мәлім болған мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету мемлкеттік опасыздық белгілері болмаған жағдайда осы қылмыс құрамымен сраланады. Егер осы әрекеттер ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, ҚК 172 б 3 б сараланады.

ҚР ҚК 173 б бойынша қылмыс заты 1 б бойынша мемлкеттік құпиядан тұратын құжаттар, мемлкеттік құпияны құрайтын деректер құрайтын заттар 2 бөлімі бойынша қызмет құпияларын құрайтын деректері бар құжаттар мен заттар.

Негізгі әдебиеттер:

1.        «ҚР-да жұмылдыру және жұмылдыруға дайындалу туралы» ҚР Заңы 16 маусым 1997 ж.

2.        «Мемлекеттік құпиялар туралы» 15 наурыз 1999 ж.

3.        Рахметов С.М., Кременцов С.А. Преступления против основ конституционного строя и безопасности государства. Алматы, 1997.

4.        Ерманова А.Б. Особо опасные государственные преступления: Учебное пособие. М., 1982.

5.        Дьяков С.В., Игнатьев А.А., Карпушин М.П. Ответственность за государственные преступления. М., 1988.



6.        Смирнов Е.А. Особо опасные государственные преступления (вопросы квалификации в связи с применением уголовно – правовой нормы): Учебное пособие. Киев: ВШ МВД СССР, 1974.

 

7 ТАҚЫРЫП. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР



Адамның құқытары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан олардың атқаратын міндеті көп.

Жылжитық және жылжимай мүліктерге иелену, пайдалану, билік ету құқықтарына ие болуды реттейтін ҚР-ның ҚК мен заңдары кезкелген меншік түріне қарамастан теңдік соған сәйкес тең қорғалу құқығын береді.

ҚР ҚК 6 тарауында қарастырылған қылмыстардың тектік объектісі меншік болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Тікелей объекті болып мемлекеттік және жеке меншік танылады.

Барлық меншікке қарсы қылмыстар субъективтік тұрғыдан пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстар болып бөлінеді (ҚК 187-188 баптары).

Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі-пайда табуды көздеу немесе сондай тектес себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алумен ұрлау деп аталатын (ҚР ҚК 175-180 б) қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес (ҚР ҚК 181-186 б) қылмыстарға бөлуге болады.

¦рлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптаның немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып кою және (немесе) айналдыру танылады (ҚР ҚК 175 б-на ескерту). Істелген қылмыстың әрекет ұрлық болып танылу үшін заң шығарушы анықтаған барлық белгілер болуы керек.

¦рлық қылмысының заты болып айыптының меншігінде болып табылмайтын бөттеннің мүлкін танылады. ¦рлық заты белгілі бір анықталған экономикалық, физикалық және құқықтық сипатта болу керек.

Сонымен қатар ұрлық түрлерге және ұрлық мөлшеріне бөлінеді. ¦рлық түрлері мүлікті алу тәсіліне байланысты ұрлау, иемденіп алу немесе ырысап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ал ұрлық мөлшеріне байланысты: кіші және ірі мөлшерде ерекше құнды заттарды ұрлау болып бөлінеді .

¦сақ-түйек ұрлау (кіші мөлшерде) және ірі мөлшерде ұрлау түсінігі ҚР ҚК 175 б. Баяндалған (05.05.2000 ж. редакциясында).

¦рлықтың келесі кесте бойынша тізімделуі ұрлау қылмыстарының барлық түріне қатысты болып келеді:

-          топ адамның алдын ала сөз байласып жасауы;

-          бірнеше мәрте;

-          ұйымдасқан топ;

-          ірі мөлшерде;

-          ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған адам жасаған ұрлық.

Нақты қылмыс құрамдары бар осы қылмыстарды саралау барысында 19.12.2003 ж. өзгертулер енгізілген № 8 11.07.2003 ж. «Бөтен мүлікті ұрлауды саралауды кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттық нормативтік қаулысымен міндетті түрде танысу қажет. Онда бөтен мүлкін ұрлау қылмысы түрлерін, сондай ақ ұрлықтың ауырлататын мән-жайларын саралау мәселелері толығымен қарастырылған.

¦рлық (ҚК 175 б.) – бөтен мүлікті жасырып ұрлау. ¦рлықты жасырып тәсілмен жасауды екі тұрғыда - объективті және субъективті қарастыруға болады. Объективті түрғы дегеніміз мәнінде тұлға ешкімге байқатпай әрекет етеді. Ал субъективті тұрғы бойынша – болып жатқан жағдайды тұлғаның өз қабылдауы бойынша түйсіну. Егер тұлға қоршан ортаға білдіртпей әрекет істеп жатырмын деп ұғынса, онда қылмыс ұрлық деп саралану қерек. Бұл ретте меншік иесі немесе басқа тұлғалардың болған оқиғаны көріп түруы есепке алынбайды. Сонымен қатар, бөгде адамдардың көзінше жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін, сол адамдардың айыптының әрекетінде қылмыстық сипат бар екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс.

¦рлық, тонау және қарақшылық қылмыстары үшін жауапкершілік 14-жастан басталады.

Тонау (ҚК 178 б) меншік иесінің немесе бөгде адамдардың мүлік қорғауға берілген тұлғаның көзікше ашық ұрлау. Субъективті тұрғыдан қарастырсақ айыпты өзінің ашық әрекет жасап тұрғанын, меншік иесін немесе өзге адамдардың бар екендігін елемей тұрғандығын ұғынуы. Егер айыпты мүлікті алуды жасырын бастап, онысы әшкереленген кезде өз әрекетін ары қарай жалғастырса, онда ұрлық тонау деп сараланады.

¦рлаудың тек тонау сияқты нысанына ғана тән саралаушы нышанға жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпты емес күш қолдану не сондай күш қолданамын деп қорқыту жатады. Жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті емес күш қолдану деп кішігірім жарақат, қанталау, дене тырналуы түрінде жалпы еңбекқабілетілігін жоғалтпайтын денсаулыққа келтірілген жеңіл зиянды түсіну керек.

¦рлық, тонау, қарақшылық қылмыстарының ортақ сараланатын белгілеріне тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға ие қоймаға заңсыз ену жатады. Ену дегеніміз – ешқандай құқығы болмаса да тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға жасырын немесе ашық заңсыз басып кіру немесе өтіп кету. Сонымен қатар өзін үкімет адамына теліп немесе жалған құжат көрсету арқылы ену-заңсыз ену болып табылады және де бұл бөлімдер ҚК-тің тиісті баптарына сәйкес лауазымды иелену және заңсыз құжаттар дайындау баптарымен қоса сараланады. Сонымен қатар бұндай белгілер үй-жайға белгілі бір техникалық құралдарды қолданып кіргенде де ескеріледі. ‡й-жайға кіру ниеті енуден бұрын пайда болуы қажет.

Алаяқтықтың объективті жағы (ҚК 177 б) бөтен мүлікті талан-таранжыға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу болып табылады.

Алдау дегеніміз – шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органдары қызметкері етіп көрсету, етіп көрсету, әр түрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе құқықта алу болып табылады.

Сенімге қиянат жасау деп кінәлі адамның меншік иесімен немесе мүліктің өзге де заңды иеленушісімен пайда болған әртүрлі сенімге негіз боларлық қатынастарды пайдалану арқылы олардың мүлкін заңсыз иеленуі немесе иеленуге құқық алу болып табылады.

¦рлық, алаяқтық, қарақшылық қылмыстары кінәлі адамның бөтен мүлікті алып, өз бетінше иеленуге және пайдалануға мүмкіндігі пайда болғанда қылмыс аяқталды деп есептеледі.

Бөтен мүлікті иелену мен ысырап ету қылмысының (ҚР ҚК 176 б) объективті жағы субъектісімен ерекшеленеді. Бұл субъекті түріне мүлік сеніп тапсырылған адам жатады.

Иеленіп алу дегеніміз - белсенді қызмет жасай отырып субъектінің өзіне сеніп тапсырылған тауарлық-материалдық құндылықты алуы, оған заңсыз иелік орнатуы. Ысырап ету – сенім тапсырылған мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы айыптаның өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз және қайтарымсыз айналдыруы.

Иеленіп алу аяқталды деп есептеледі тұлға ол мүлікті меншік иесінің басқа заттарынан алып шығып, өзінде ұстағанда. Ал, ысырап ету аяқталған қылмыс деп есептеледі, егер субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты мүмкіндік алған болса.

Иеленіп алу, ысырап ету және алаяқтықтын ерекше сараланатын белгісі тұлғаның аталған әрекеті өзінің қызмет бабын пайдаланып жасауы.

25.09.2003 ж. ҚР заңына сәйкес ҚР ҚК 176 бабы – «Иеленіп алуды немесе ысырап етуді мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер олардың өзінің қызмет бабын пайдалану мен қатар жасаса» - деген саралаушы белгімен толықтырылды.

¦рлау қылмыстарының ішіндегі қылмыс құрамы формалді деп есептелетіні бұл – Қарақшылық (179 б). Оның міндеті саранушы белгісі іс-әрекет пен қол сұғу әдісі болып табылады. Мүлікті қылмыстардың иеленген – иеленбегеніне қарамастан, жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұласқан шабул жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

Объективті жағынан қарақшылық шабул немесе зорлық жасау арқылы жасалады. Шабул термині жәбірленушіге кенеттан, ойламаған жерден психикалық қысым жасаумен байланысты. Зорлық жәбірленушіге кенеттен ашық түрде зорлық келтіру.

Жәбірленушіге өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық әрекет жасау ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру (денсаулығына) немесе уақытша денсаулыққа зақым келу не уақытша жалпы еңбекке бекіттілгін жарамсыз ету сияқты зардаптар болғанда есептелінеді. Сонымен қатар бұндай зорлыққа денсаулыққа зиян келтірмесе де жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зорлықты тікелсі қолдану қауіпімен ұштасқан іс-әрекеттер жатады.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін есенгіретін, ұйқтатып тастайтын, уландыратын, қатты әсер беретін заттарды қолдану зорлық жасағандыққа жатады.

Қарақшылық қылмысы бойынша психикалық зорлық дегеніміз – жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіремін деп қауіп төндіру (қорқыту). Сонымен қатар қауіп төндіру нақты, шынайы және болу қауіпі болу керек.

Тек қарақшылық қылмысына тән болатын саралаушы нышандарға мыналар танылады.

-          қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған;

-          денсаулыққа ауыр зиян келтіріп қарақшылық жасау;

-          денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан (05.05. 2005 ж. № 47 заңымен) іс-әрекеттер жасау.

Қарақшылықты қорқытып алушылықтан және бандитизмнен айыра білу керек.

ҚР ҚК 180 бабының ерекшелігі бұл – ерекше тарихи ғылыми көркемдік немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау. Бұл қылмысты саралау барысында ұрлық жасау тәсілі мен меншік түрі ескерілмейді.

Ерекше тарихи, ғылымы, көркемдік немесе мәдени құнды заттар оның тарихи, ғылыми, мәдени ерекшеліктері мен бағалануын ескере отырып, шығарылған сараптама қорытындысы-ұрланған заттардың құндылығын анықтайды.

Сараланытын нышанына адамдар тобы ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасауы, бірнеше рет бұл қылмыстың жасаулы, аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бузылуына немесе бүлінуіне әкеліп соғуы жатады (ҚК 180 б. 2 б).

Меншікке қарсы қылмыстардың келесі тобы-ұрлықпен байланысты емес пайда табу мақсатындағы қылмыстар.

Қорқытып алушылық (ҚК 181 б) қылмысы құрамын зерттеу барысында Жоғарғы Соттың 1995 ж. 22 желтоқсандағы «Қорқытып оқушылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы қаулысымен танысу керек».

Басқа меншікке қарсы қылмыстардың айырмашылығы бұл жерге мүлік қана емес, сонымен қатар мүлікке құқық және мүліктін сипаттағы әрекеттер қылмыстың пәні болып табылады.

Объективті жағынан қорқытып алушылық бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе а) күш қолданумен; б) бөтен мүлікті жою немесе бүлдірумен қорқыту; в) жәбірленушіні немесе оның туысқандарын масқаралайтын мәліметтерді тарту; г) жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау, сол сияқты мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету.

Қорқытып алушылықта мүлікті алу немесе айналымда қолдану болмайды, тек болашақта осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезделеді. Қорқытып алушылық күш қолдану арқылы талап қойылғанда аяқталды деп есептеледі.

Сараланатын нысандарына: күш қолдану, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жасалған қоқытып алу, ұйымдасқан топ, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру, ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасау жатады.

ҚК 182 бабының объективтік жағы алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге ұрлық белгілерінсіз, мүлікті залал келтіру болып табылады.

Істелу тәсілі бойынша (алдау немесе сенімге қиянат жасау) аталған әрекет қорқытып алушылыққа ұқсас, алайда заңсыз түрде мүліктік пайда табуды алу механизімі басқаша. Аталған қылмысты істеу барысында кінәлі қор иесінің немесе өзге де меншік иесінің есеп-шотына, пайдасына заң немесе нормативтік акт немесе шарт негізінде түсуге тиісті, бірақ әлі түспеген ақша немесе өзге де мүліктерді өз пайдасына жаратуы. Соған сәйкес залал ұрлық қылмысында сияқты тікелей зиян келтіру түрінде емес, тиісті заттарды ала алмауы немесе пайда табу көзінен айрылып қалуы түрінде келеді.

Саралаушы нысандарына мүліктін залалды келтіру адамдар тобының алдын алу сөз байласуы бойынша, бірнеше рет, қызмет бабын пайдаланып жасау, ұйымдасқан топ жасаған, ірі зиян келтірген әрекеттер арқылы жасаулы танылады.

ҚР ҚК 183 бабы бойынша жауапкершілік көрінеу қылмыстық жолымен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей сатып алу-әрекеттері болғанда жүктеледі. Негізгі белгісі болып - мүліктің қылмыстық жолмен келуі болып табылады.

Көрінеу қылмыстық жолмен мүлікті иелену - ол дегеніміз мүлікті шын мәнінде иелену және оған құқықты иелену. Ал беру дегеніміз согған сәйкес мүлікке құқықты немесе мүлікті басқа тұлғаға беру. Қылмыс жоғарыда аталған әрекеттер жүзеге асырылғанда аяқталды деп есептеледі.

Егер тұлға алдын ала мүлікті иеленіп сосын беруге уәде берсе немесе өз іәрекеттері арқылы жоғарыда айтылған іс-әрекеттерді істейтінін білдірсе, бұндай жағдайда қылмыс - қылмысқа қатысу деп саралану керек.

Аталған қылмыстың саралаушы нышанына

-          автомобиль немесе ірі мөлшердегі өзге мүлік жөнінде

-          адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса

-          ұрлық, қорқытып алу, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны үшін бұрып сотталған адам жасаса

-          сирек немесе жоғалып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар, сол сияқты аулауға тиым салынған жануарлар мен олардың өсімдеріне қатысты (9.12.2004 ж. заң негізінде)

-          ұйымдасқан топ

-          адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасауы жатады.

Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (ҚК 184 б) қылмысының пәнін анықтау үшін ҚР 1996 ж. 10 маусымындағы «Авторлық және сабақтас құқтар туралы» Заңымен танысу керек.

Объективті жағынан қылмыс авторлық құқық және сабақтас қылмыстар объектілерін заңсыз пайдалану: өнер табысты, пайдалы үлгінің немесе өнеркәсіптік үлгіні заңсыз пайдалану; ғылыми жаңалықтың өнертабыстын, пайдалы үлгінің немесе өнеркәсіптік үлгінің мәнін олар туралы мәліметтерді ресми жариялағанға дейін автордың немесе жариялаушының келісімінсіз жұртқа жаю; авторлықты иеленіп алу; қосарлас авторлыққа мәжбүр ету болып табылады міндетті белгісіне сондай-ақ ірі зиян келтіру және аталған әрекеттер мен пайда болған зиян арасында себепті байланыс болуы жатады.

Субъективті жағы-тікелей қасақаналықпен және арнайы мақсатына-пайда табумен сипатталады.

Жоғарыда аталған әрекеттер бірнеше рет адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса ҚК 184 бабының 2 бөлімі бойынша саралану керек.

Келесі қылмыс құрамының (ҚР ҚК 185 б.) құрылымдық белгісін қылмыс пәні-автомобиль немесе өзге де көлік құралдары құрайды. Қылмыстық жауапркершілікке айдап кеткен яғни автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленген түлға тартылу керек. Иелену бұл жерде – көлік құралын меншік иесінінен немесе өзге иеленушіден алу, сол арқылы оның уақытша қылмыскердің иеленуіне және пайдалануына көшуі танылады. Қылмыс кез келген тәсіл арқылы көлік құралының орнынан козғалуымен аяқталды деп есептеледі.

ҚК 185 б. 1 бөлімінің субъектісі болып 16 жасқа толған тұлға танылады. Аталған баптың 2,3,4 бөлімдері бойынша жауаптылық 14 жастан басталады. Яғни нақ осы әрекеттер: адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша; бірнеше рет; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы, ұйымдасқан топ, ірі зиян келтірген; өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған болса.

2004 9 желтоқсандағы ҚР заңына сәйкес ҚК 186 б. «Жерге заттай құқықтарды бұзу» жаңа нұсқада берілген. ҚК 186 бабының 1 бөлімі келесі негіздер бойынша сараланады: Азаматттардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеліп соққан күш қолдану немесе оны қолдану қауіпімен немесе топтың немесе заңсыз тінтумен ұштасқан бөтен жер учаскесін заңсыз басып алу.

ҚК 186 бабының 2 бөлімі, аталған әрекеттерді адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасағанда қолданылады.

Пайда табу мақсатынсыз жасалған меншікке қарсы қылмыстардың құрамын бөтен адамның мүлкін қасақана және абайсызда жою не бүлдіру құрайды. Аталған қылмыстың заты болып кез келген мүлік танылады.

Жою – ол заттың әрекет ету аясынан шығуы яғни физикалық жойылуы немесе заттың бұрынғы күйінен кетіп, мақсатына сай пайдалануға жарамауы немесе қалпына келтіруге жарамауы. Бүлдіру ол мүлікті жарамсыз күйге түсіру. Бұл жағдайда мүлік мақсатына сай қолдануға келмейді және қалпына келтіруге жатады.

Қарастырылған қылмыстар едәуір (ҚК 187 б) немесе ірі (ҚК 188 б) зиян келтірілгенде аяқталған болып есептеледі.

Аталған қылмыстардың құрамы субъектісі, субъективті жағы және саралаушы нышандарына байланысты айрылады.

ҚК 187 б. Жауапкершілікті мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жүктейді. 2,3 бөлімдерінің субъектісі – 14 жасқа талған тұлғалар.

Саралаушы нысандарына өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті әдістермен жасау; абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғу; жәбірленушінің өзінің қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты немесе өзінің жақын туыстары жөнінде нақ сондай себептермен жасау; әлеуметтік, ұлттық, кәсіпдік немесе діни араздық себептер бойынша жасау; абайсызда адам өліміне;тарих, мәдени ескерткіштерін, табиғат кешендерін немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бұлдіруге әкеп соққан әрекеттер жатады.

Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК 188 б.) меншікке қарсы қылмыстар ішіндегі жалғыз ғана кінәнің абайсыздық формасымен жасалатын қылмыс. Қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.

Саралаушы нышандарын: аталған әрекеттерді отпен немесе өзге де аса қауіпті көздермен абайсыз жұмыс істеу немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер құрайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет