###007 (номер вопроса) Кристалл құрылымының ақаулары. Ақаулардың түрлері, олардың жіктелуі, қасиеттеріне әсері



бет3/5
Дата05.08.2022
өлшемі350.57 Kb.
#459892
1   2   3   4   5
ответы

###011 (номер вопроса)
Кристалдану параметрлері: кристалдану орталықтарының саны, орталықтардың өсу қарқыны. Кристалдану параметрлерінің гипотермия дәрежесіне (салқындату жылдамдығына) тәуелділігі және олардың астық мөлшері мен материалдардың қасиеттеріне әсері.
Қорытпаның кристалдануы таза металдың кристалдану заңына сәйкес жүреді. Қорытпаның кристалдануында диффузиялық процестің атқаратын ролі үлкен. Себебі сұйық фазада бірбеткей орналасқан қорытпаны құраушы әртекті атомдардың қайтадан орын ауыстыруларын қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа да қатты күйдегі қорытпада оны құраушы компоненттердің полиморфты өзгеруі немесе қатты ерітіндінің ыдырауынан туған қайта кристалдану процесі жүруі мүмкін. Мұндай өзгеру қорытпаның қатты күйіндегі фазаларының өзгеруі деп аталады. Диффузия арқылы жүретін бұл процесс температура төмендегенде баяулайды. Сол себепті кристалданған қорытпаның тепе-теңдік күйінен айырылуы жиі кездеседі.
Қатты қорытпаның қайта кристалдану реті кристалдану орталықтарының пайда болып, температураның төмендеуіне қарай олардың өсіп дамуымен жүреді. Әдетте кристалдану орталықтары тор құрылысындағы ақауы бар жерлерге орналасады немесе жаңа кристалдар орталықтары болуға жарайтын кірмелер бар жерде ескі фазалардың түйіршіктері шекарасында пайда болады.
Деформациялау температурасы мен қайта кристалдану температурасының ара қатынасына қарай деформация салқын және ыстық болып ажыратылады. Салқын деформация қайта кристалдану температурасынан төменгi температурада жүредi. Cондықтан салқын деформацияланған металдың берiктiгi артады.
Қайта кристалдану температурасынан жоғары температурада жүретін деформация ыстық деформация деп аталады. Ыстық деформация кезінде металдың берiктiгi көтеріледi, бiрақ бұл температурада жүретін қайта кристалдану процесi оны жартылай немесе толығымен жойып отырады.
Ыстық деформация температурасы қорытпаның құрамына қарай (0,7-0,75)Тпл өрнегiмен анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет