01. Орхон жырларының негізгі ойын анықтаңыз. A отаршылдықты сипаттау



Дата11.06.2016
өлшемі41 Kb.
#128739
01. Орхон жырларының негізгі ойын анықтаңыз.

A) Отаршылдықты сипаттау

B) Табиғатты қорғау

C) Елдің тәуелсіздігін сақтау

D) Отаршылдықты дәріптеу

E) Мақал-мәтелдерді талдау


02. «Дүниеде не өлмейді?» деген шешендік сөздің авторын анықтаңыз.

A) Бөлтірік шешен.

B) Қазыбек би.

C) Байдалы шешен.

D) Төле би

E) Жиренше шешен.


03. “Ай, Қартқожақ, Қартқожақ!

Атыңның басын тарт, Қожақ!

Алғанымнан айырма,

Мені өзіңе қайырма!”

Үзінді қай арудың сөзі екенін көрсетіңіз.

A) Құртқа.

B) Ақжүніс.

C) Айман.

D) Гүлбаршын

E) Қарлыға.
04. Аласапыран заман тіршілігін сөз етіп, екі кезеңді жыр өрнегіне түсірген, халқының тағдырына ортақтасқан жырауды анықтаңыз.

A) Қазтуған жырау.


B) Бұқар жырау.

C) Доспамбет жырау.


D) Шалкиіз жырау.

E) Жиембет жырау.


05. «Зар заман», «Бала зары» өлеңдерінің авторын анықтаңыз.

A) Абай Құнанбайұлы.

B) Шортанбай Қанайұлы.

C) Абыл Тілеуұлы.

D) Қашаған Күржіманұлы

E) Бұқар жырау.


06. Ы.Алтынсариннің аудармасын көрсетіңіз.

A) «Азған елдің байлары».

B) «Бұл кім?»

C) «Алтын шеттеуік».

D) «Байұлы».

E) «Әділдік».


07. Абайдың “Он тоғызыншы сөзінен” алынған үзіндіні көрсетіңіз.

A) Жас бала да – анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады..

B) Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен-өзің есеп ал!

C) Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

D) Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек...

E) Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.


08. «Ақық», «Теміртас» деген өлеңдерінде Біржан салдың қандай көңіл күйі баяндалғандығын анықтаңыз.

A) Қатты күйзелісі

B) Қуаныш сезімі

C) Жолдастарына ризашылығы

D) Өмірге құштарлығы

E) Сүйіспеншілік сезімі


09. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында Ақбілектің атастырған күйеуінің есімін белгілеңіз.

A) Мұқаш.

B) Балташ.

C) Бекболат.

D) Жылтыр.

E) Мамырбай.


10. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.

A) «Көкшетау»

B) «Сұлушаш»

C) «Оқжетпестің қиясында»

D) «Мансапқорлар»

E) «Толғанай»


11. Шәкәрім қажының Меккеге барып, Стамбұл кітапханасымен танысқан жылдарын анықтаңыз.

A) 1902-1903 жылдар.

B) 1903-1904 жылдар.

C) 1904-1905 жылдар.

D) 1905-1906 жылдар.

E) 1906-1907 жылдар.


12. І.Жансүгіровтің тұңғыш баспа бетін көрген өлеңдер жинағын белгілеңіз.

A) «Өткен күндер»

B) «Шолпан»

C) «Үлгілі бала»

D) «Дариға жүрек»

E) «Сағанақ»


13. Жамбыл Жабаевтың дастанын белгілеңіз.

A) “Патша әмірі тарылды”.

B) “Едіге батыр”.

C) “Июнь жарлығы”.

D) “Өтеген батыр”

E) “Ленинградтық өренім”.


14. Ел өміріндегі күрделі кезең мәселелерін көтерген М.Әуезовтің шығармасын анықтаңыз

A) «Қорғансызыдң күні» .

B) «Қилы заман».

C) «Сыбанның молдасында».

D) «Текшенің бауырында».

E) «Ескілік көлеңкесінде».


15. «Абай жолы» роман-эпопеясын «ХІХ ғ. қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы» деп бағалаған кім екенін көрсетіңіз.

A) Л.Арагон.

B) К.Федин.

C) Н.Погодин.

D) Қ.Сәтбаев

E) Ш.Айтматов.


16.Ғ.Мүсіреповтің “Ұлпан” романындағы Біжікеннің күйеуінің есімін белгілеңіз.

A) Шәйгөз.

B) Еменалы.

C) Торсан.

D) Тілеміс.

E) Құнияз.


17. ХІХ ғасырдың басында Мағжанды, Сұлтанмахмұтты үлгі тұтып, құрметтеген қазіргі татар әдеби тілінің негізін салушы, көсемсөзші, аудармашы ақынды көрсетіңіз.

A) Садриддин Айни.

B) Ғабдолла Тоқай.

C) Тоқтағұл Сатылғанов.

D) Мұса Жәлел.

E) Ғафур Ғұлам.


18. Метафораны табыңыз.

A) Көк темірді киініп,

Шықты батыр жекеге.

B) Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,

Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.

C) Орта жүздің көркі едің,

Қоңыраулы бұйра нарындай.

D) Балқытып гүлді деміне

Сүйді жаз әбден беріле.

E) Қабағын түйіп құз тас тұр,

Төңірегіне парық сап.
19. Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясындағы Еламанның қайын атасының есімін көрсетіңіз.

A) Судыр Ахмет.

B) Тәңірберген.

C) Сүйеу.

D) Мөңке.

E) Кәпен.


20. Заманында қарақшы атанып, елден жырақ, таудағы үңгірді мекен еткен Құрман атты кейіпкері бар М.Мақатаевтың поэмасын көрсетіңіз.

A) «Бала шақтан болашаққа».

B) «Райымбек».

C) «Ару-ана».

D) «Мұзбалақ».

E) «Ақ қайың әні».




[Страница из ]


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет