1 – билет. Дағдарыс ж/е оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі.



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі322 Kb.
#138201
1   2   3   4   5

7 – билет.

9. Экономикалық дағдарыстар түрі.

Дағдарыстар біртекті немесе кезеңдік,Бір заңдылықпен қайталанатын және біртексіз болады.Қайта өндірудің біртекті дағдарыстары жаңа циклдің басын білдіреді,яғни, экономика төрт фазадан өтіп жаңа дағдарысқа дайындалады.Ол бүкіл экономика сферасын қамтитындығымен сипатталады.Реттелмейтін экономикалық дағдарысқа аралық, салалық және жартылай, құрылымды.Аралық дағдарыс жаңа циклдың басталуына жол бермейді.Кезеңдікке қарағанда ол тереңірек,локальды сипатқа ие.Жартылай дағдарыстың аралықтан айырмашылығы ол барлық экономиканы қамтымайды,ол б.б қоғамдық өндіріс сферасын қамтиды.Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын қамтиды.Бұл дағдарыс сала дамуының тепе теңсіздігінен құрылымдық қайта құруда қайта өндірісте пайда болады.Құрылымдық дағдарыс қоғамдық өндіріс дамуының пропорционалды заңының бұзылуы болып табылады.Бұл салалар арасындағы тепе теңсіздіктен көрінеді.



26. Ұйымның циклдық даму тенденциялары және циклдың әрбір кезеңін бағалау.

Қазіргі уақытта әдебиеттерде әлеуметтік экономикалық жүйенің даму кезеңдерін бөлгенде әр түрлі көзқарастар бар.Олардың ішінде бес кезең рационалды болып саналады.Әрбір кезеңге әлеуметтік экономикалық жүйенің б.б. ерекшеліктері сәйкес келеді.

1кезең.эксплерент . Ол фирманың алғашқы құрылымының қалыптасуын сипаттайды.Фирма толық қалыптаспаса да нарыққа экспериментті үлгілер, жаңа идеялар немесе қызметтер ұсынады. Бұл тәртіп бойынша тәуеклді қызмет.Сонд. мұнда дағдарыс қауіптілігі , яғни жойылып кету қауіптілігі бар.Эксплерентті ұйым коллективті инициативті адамдардан тұрады.Бұл коллективтің лидері беделге ие, жаңа қызмет атқара алатын және оның экономикалық перспективалылығын сезінетін адам. Қызметті бастау өиын және қауіпті.Мұнда ерік, сенім, сый, белсенділік қажет. Табысты даму жағдайында ұйым әрі қарай өседі және жаңа кезеңге кіреді.(патиент) Өсу тенденциясына байл. Ол құрылымды қайта құруды, басқару функцияларын әртараптандыруды, қызмет тиімділігін өседі. Көп жағдайда бұл кезең сандық өсу ретінде қарастырады. Бұл кезеңдеде дағдарыс қауіптілігі бар.Бірақ ол білінбейді.Себебі ішкі даму тұрақты тенденциямен сипатталады. Фирмаға негізінен сыртқы себептер , саяси себептер қауіпті.Бұл кезеңде фирма мың адамға өсуі мүмкін және бұл өсім өзін ақтайды, ол даму қажеттілігін туындатады. Ұйым дамуының үшінші кезеңі виолентті деп аталады. Бұл кезеңде ұйым нарықта тұрақты жағдайға ие болады. Бәсекеге қабілеттілігі жоғары болады, өзіне сенімді.Виолент фирмалар күшті стратегиясы бар, үлкен бизнеспен жұмыс істейтін бірнеше өнім шығаратын фирма. Төртінші кезең коммутант деп аталады. Ол фирманың құлдырау, ескіру кезеңін көрсетеді. Коммутанттар қандай да бір өнім түрінің шығару циклының құлдырау кезеңінде жұмыс істейді.Бұл фирмалар жартылай ескірген немесе аймақтық нарықта шектеулі сұранысқа ие өнім немесе қызмет ұсынады. Бесінші кезең леталент деп аталады. Бұл фирмалар тиімді қызмет ете алмауымен байлнаысты немесе қызмет профилінің толық өзгеруімен және технологиялық процестердің толық немесе жартылай өзгеруіжәне персоналды өзгерту. Мұндай өзгерістер әртүрлі сипаттағы қиындықтар алып келуі мүмкін.

48. Дағдарысқа қарсы менеджментіндегі тәуекелден қорғану шаралары.

Менеджер тәуекел шешімді жасаған кезде өзінің біліміне, тәжірибесіне, интуициясына сену керек. Қорғаныс шарасы және компенсация шарасы ретінде сақтандыру жүреді. Мүлікті сақтандыру мүлік иесінің материалдық құндылықтарын ойран (гибель) және бүлдіру тәуекелінен сақтайды. Коммерциялық тәуекелді сақтандыруға арендалық төлем тәуекелі, алдын ала төлеу, төлемді кешіктіру немесе төлемеу, құрылтайшылар тәуекелі, тауарды уақытында түсірмеу немесе тауарды толық әкелмеу тәуекелдері. Компания басшысы өзінің автобустарын сақтандыру немесе сақтандырмау шешімін жасау керек. Ол өзінің автобустарының аварияға түсетінін немесе түспейтінін білмейді. Статистикалық мәліметтер бойынша жылына бір рет 10 автобустың біреуі аварияға түседі және авариядан кейінгі орташа шығын 200 доллар. Егер 500 автобус болса, онда 50 автобус аварияға түсуі мүмкін және авариядан кейінгі шығын орташа 10000 доллар болады. Шынында авария көп болуы мүмкін және шығында одан көп болуы мүмкін және керісінше. Егер басшы автобустарды сақтандыру туралы шешім қабылдаса, онда ол 11000 доллар шығынданады.



8 – билет.

8. Циклдер фазасы және олар қалай көрінеді.

Қоғамдық қайта өндірудің классикалық циклы төрт фазадан тұрады.

1фаза.Дағдарыс.Өндіріс көлемі, іскерлік белсенділік қысқарады, баға төмендейді, жұмыссыздық өседі және банкротқа ұшырау саны өседі, күнделікті сұранысқа ие тауарларды шығаратын салалар өндірісі салыстырмалы түрде аз мөлшерге қысқарады.Сонымен қатар, қолайсыз экономикалық жағдайда тұтынушылар тұрмыстық техника, құрал жабдықтарды сатып алуды тоқтатуы мүмкін.Соған сәйкес металургия, ауыр машина жасау өндірісінде, машина өндіретін салаларда жоғары болды, жеңіл тамақ өнеркәсібіне қарағанда.Экономиканың монополиялы және монополиясы жоқ секторлардың дағдарысқа деген реакциясы әртүрлі болды, яғни монополдия өзінің экономикалық билігіне сүйене отырып дағдарысты аз шығындармен өткізуі мүмкін.

2фаза.Депрессия.Жарты жылдан үш жылға дейін созылады.Оған сенімсіздік, реттелмеген іс әрекеттер тәнБұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының төмендеуімен сипатталады.

3фаза.тірілу.Бұл қайта қалпына келтіру фазасы.Капитал салымы басталады, баға өседі, өндіріс, жұмыспен қамту, пайыздық ставкалар.Жаңа кәсіпорындар құрылады.

4фаза.өсу. (бум). Бұл фазада еңбекақы,тауарлық қор өседі,жаңа тауар,жаңа кәсіпорын пайда болады.Экономиканы жаңа деңгейге апаратын өсім оны жаңа кезеңдік дағдарысқа дайындайды.Кезеңдік дағдарыстың себебі болып жиынтық сұраныстың қысқаруы, өндірістің құлдырауы, табыстың азаюы, шығынның өсуі болып табылады.



14. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мелекеттің рөлі.

Нарықтық экономика – бұл өз қамы емес, ол құрал. Сондықтан да мемлекет жігері ғылыми-техникалық және өндірістік шамаларды барынша қолдану, адам капиталын сақтап қалу, реформалардың кең әлеуметтік қолдауын қамтамасыз етуге бағытталу керек.

Осыған сәйкес белсенді өндірістік жәнеәлеуметтік саясатты өткізудің нақты әдістері әзірлену қажет, көптеген институттардың қалыптасу мәселесіне ерекше назар аудару қажет, онсыз нарықтық экономика қалыпты жұмыс істей алмайды. Соңғысы өте маңызды. Себебі, егер нарық - өзін өзі реттеу жүйесі деп алсақ, бұл қатал жағдайларда ғана дұрыс болуы мүмкін, онда ол бәрі бір де ешқашан өзін-өзі қалыптастыру жүйесі бола алмайды.

Дамудың негізгі мәселесі – бұл үкімет пен нарық арасындағы әрекеттесу. Бұл мемелекетттің экономика жұмыстарын араласу керек пе, жоқ па деген сұрақ емес. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, бәсекелес сатушылардың нарығы тауарлар мен қызметтерді өндіру мен таратудың қазіргі күні ең әсерлі түрлі болып табылады. Бірақ нарық вакуумда дами алмайды, ол заңдық және реттеу негізіне мұқтаж.

Ал мемлекет даму үшін, мүлік құқықтарын қорғап, жаңа құқықтық және реттеу жүйелерін әзірлеп, азаматтардың кәсіпкерлік жұмыстарына ықпал жасап және қоршаған ортаны қорғап осындай негізді қалыптастыруда. Нарық оның түрлерінен айырмашылықтарымен ажыратылса, мемлекет те өзі туралы түрлі әдістер мен түрлер арқылы білдіреді.

Мемлекеттің араласуы міндетті түрде бір істі жасауда ғана көрінбейді. Ол жеке белсенділікті реттеу, қаржылық көмек түрінде және т.б. болуы мүмкін.



81. Ұйымның дағдарысқа қарсы кадрлық саясатына сипаттама.

Кадрлық саясат –бұл ұйымның тіршілік әрекетінің әртүрлі кезеңдеріндегі персоналды басқарудың түрлерін мазмұнын анықтайтын әдістер,принциптер,қажеттіліктер басымдылықтары бағыттары мақсат міндеттеріне негізделген ғылыми жүйе.Кадрлық саясат ұйым персоналын таңдау дайындау қайта даярлау бағдарламаларының негізгі мазмұнын анықтайды.Дағд.қарсы кадрлық саясат ұзақ мерзімді және ағымдағы болжау қызметтерін яғни нақтырақ айтқанда жетістікке жетудің болашақтағы научному предвидению.Тек саясат қана мәселелерге назар аударуды шоғырландырады және оның басымдылықтары мен бағыттарын анықтайды.Тиімді кадр саясатын әзірлеудің маңызды шарты ұйымдағы персоналмен қызметтің отандық және шетел тәжірибелерін қорытындылау.Персоналды дағд.қарсы басқарудың кадрлық саясаты ұйымның тұрақты дамуына,қызметке кәсіби дайындықтағы,тапқыр,қабілеті мол қызметкерлерді тартуға бағытталған нақтылы мазмұнды болу керек.Басқарудың дағд.қарсы кадрлық саясаты мәні болып нақтылы еңбек жанжалдарын алдын алу мен дағдарыстық жағдайларды болдырмауға бағытталған озық сипаттағы нақтылы және алдын алушылық табылады.




9 – билет.

11. Шаруашлық жүргізетін субъектілер, олардың мақсаттары мен міндеттері.

Менеджмент тұрғысынан кәсіпорын – бұл техникалық, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, есептік және әкімшілік операцияларды жүзеге асыратын басқару нысаны. Акционер тұрғысынан кәсіпорын қызметі, ең алдымен, ақшаның қозғалысымен байланысты.

Мемлекет үшін кәсіпорын – бұл елдің микроэкономикалық потенциалы (әлуеті). Үй шаруашылықтары арқасында қоғамдық өндірістің әлеуметтік мақсаттары жүзеге асады. Бұл, әсіресе, жаңа ұрпақты тәрбиелеуге кететін отбасының тұтыну бөлігіне қатысты.

Кәсіпорын мен үй шаруашылығына тұрақты даму, кедейлікті төмендету, жақсы білім алу, азықтанудың және денсаулықсақтаудың жоғары дәрежесі, таза қоршаған орта, жеке тұлғаның мүмкіндіктері мен еркіндігінің тепе-теңдігі, мәдени өмірдің байлылығы ортақ болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында меншік иесі мен менеджменттің басты назары олар қабылдайтын шешімдерді оңтайландыруға аударылған.

Осылай, кәсіпорындар пайданы барынша жоғарылатуға, ал үй шаруашылықтары өз табысын тиімдірек пайдалануға ұмтылады.



41. Дағдарысқа қарсы стратегия. Кәсіпорын құрылымы ж/е басқарушылық мәдениет.

Жалпы кәсіпорын стратегиясына басқарушылық құрылым ж/е жүйе; басқарушылық мәдениет; дағдылар ж/е ресурстар әсер етеді ж/е б.б. шектеулер қояды.

Кәсіпорынның құрылымы көп жағдайда оның сыртқы орта өзгерістеріне әсер ету мүмкіндігін анықтайды. Егер кәсіпорын қатаң ұйымдастырушылық құрылымға ие болса, онда ол жаңа нақты жағдайға икемді бейімделу жолында кедергі болу мүмкін, жаңа мәселелерді және міндеттерді шешудің творчестволық тәсіліне кедергі болады және инновациялық үдерісті тежейді. Негізінен менеджерлер персонал жағынан, әдетте, риза болмаушылық, түсінбеушілікпен ілесетін құрылымдық өзгерістерді болдырмауға тырысады. Соның нәтижесінде қайта құру максималды ұзақ кезеңге қалдырылады.

Басқарушылық мәдениет елеулі қозғаушы күш болуы мүмкін. Бірақ кәсіпорынның басқарушылық мәдениеті ұзақ тарихы бар дәстүрдің нәтижесі ретінде пайда болуын және бір мезетте өзгере алмайтындығын ұмытпау керек. Егер басқарушылық мәдениет кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясымен қарама-қайшылықта болса, онда мәселелер туындау мүмкін.

Дағдылар және ресурстар да дағдарысқа қарсы стратегияға үлкен әсер етеді, себебі оларды дұрыс қолдану кәсіпорын қызметінің жетістігі үшін маңызды болып табылады. Менеджер кәсіпорын ресурстарын ең жоғарғы дәрежеде жұмылдырып және оларды нәтижелі етіп бөлу керек. Кәсіпорынның ресурстық әлуетін қолдану тетігі жүзеге асырылып жатқан дағдарысқа қарсы стратегиясымен сәйкес келтіріледі. Кәсіпорын ішінде ресурстар қозғалысының басшылығын жүзеге асыратын функционалды бөлімшелерге жаңа міндеттер хабарлану керек. Сонымен қатар, жаңа стратегияны жүзеге асыруда тиімді қатысу қажеттілігіне сендіріп, олардың жағынан кедергілерді жою үшін сәйкес дайындық жұмыстарды өткізу қажет.

Басқару жүйесі стратегияны жүзеге асыруға себепші болады немесе оған бөгет жасайды. Бір жағынан, басқарудың бюрократиялық стилі көркейетін кәсіпорындарда төменгі деңгейдегі персоналдың күрделі емес шешімдері және шығындары жоғарғы топтың менеджерлерімен мақұлдану керек



68. Инвестициялық жобаны бағалау әдісі.

Инвестиция мәселесі бойынша басқару негізінен жобаны жүзеге асырғаннан кейінгі, жылына түскен ақшаның көлемін салыстыру құрайды.Инвестиция көлемі мен болашақтағы түсім ақша көлемін салыстыру үшін, жобаны жүзеге асырудағы келетін және кететін ақша әр түрлі уақытын есепке алу керек,осы мақсатта ақша түсімін дисконттауға болады.Инвестициялық жобаны салыстыру әдісі әр түрлі информацияға сүйенеді.



  • ең алдымен ұсынылған жобадан түсетін ақша көлемін анықтау.Болашақта түсім ақшасының дисконттау (вексельді есепке алу) көлемін негіздеу.Әрбір дисконттық құнды есептеу арқылы, жинақталған дисконттық пайданы анықтау

Әсіресе экономикалық тұрақсыздық және инфляцияның жоғары деңгейде болуы бизнес –жоспарда қаржы бөлімін құру қиынырақ болады.Бизнес жоспарды өңдеуде міндетті түрде саланың даму тенденциясын, өнеркәсіптің нарық жағдайына байланысты өзгеру мүмкіндігі,әріптердің қаржылық өзгерісінің мүмкіншілігі т.б. факторларды есепке алу қажет.Инвестициялық саясатта шешім қабылдау методы:

  1. инвестицияның қайтарылым мезгілін анықтау.

  2. инвестицияның орта табысын есептеу

  3. таза құн есебі

ішкі табыс нормасын анықтау.
10 – билет.

13. Дағдарыс жағдайлардан шығудың негізгі белгілері

1) Экономикалық өсудің тәсілдерінің өгеруіне ықпал ететтін инновацияларды ізлеу. Бұл бұрынғы экономикалық өсу әдісінен шығу талаптануға мүкіндік беретін жалдау қатынастары саласындағы өзгерістер. Сонымен бірге бұл кәсіпорындардың ұмтылатын ішкі ұйымдастыру мен бәсекелестік түрлері.

2) Инновацияны тарату жағдайларын іздеу. Инновациялар (жаңартпа), микро- және макродеңгейдегі жағдайлар оларды қабылдауға бейімделмеген болса, инновациялар қажетті және қажетсіз, сонымен бірге ерте болуы мүмкін. Сондықтан да дағдарыс жағдайында инновацияларды таратуды анықтайтын факторлар жайлы сұрақтар өте маңызды.

3) Жергілікті және ғаламдық өзгерістер арасында айырмашылықтарды анықтау. Жаңа енгізілім қисыны шеңберінде қосымша жаңартпалар (инновация) мен құрылымдық өзгерістер арасында айыра білу қажет.

4) Бірмезетте өтіп жатқан өзгерістердің құрылымдық үйлесімділігін орнату. Бұл дағдарысты жғдайларын реттеу үрдісінің қисынан туындайды. Қаблданайын деп өзгерістер мақсатқа әкелмеуі немесе болжамдалмаған салдарға әкелуі мүмкін.

5) Ұйымдастырушылық-құрылымдық жаңалықтар. Бұл аспект әкімшілік механизмді нығайтуда көрінеді. Мемлекет тарапынан тұрғындарға жағдай туғызу барысында, мемлекет пен тұрғындар арасында тығыз байланыс пайда болады. Мемлекет дағдарыс жағдайын ретеу тиімділігін, халықтың өмір сүруіне әсер тигізуімен бағалайды.



32. Дағдарысқа қарсы басқарудың тиімділігі. 1) Дағдарысқа қарсы басқару профессионалдылығы және арнайы дайындық. Мұнда басқару профессионалдылығымен қатар профессионалды білім қажет. 2) Табиғаттан берілген және арнайы дайындық процесінде жинақталған басқару өнері. Көптеген дағдарыстық жағдайда жекелеген басқару өнері дағдарыстан шығудың шешуші факторы болып табылады. 3) Тәуекелдік шешімдерді өңдеу әдістемесі. 4) Жағдайды ғылыми талдау, тенденцияларды болжау. 5) Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің маңызды факторы болып корпаративтілік табылады. Корпаративтілік бұл ішкі потриотизм және энтуазизм. 6) Лидерлік бұл тек менеджердің жеке қасиеті емес, ол бүкіл басқару жүйесінің сипаты. 7) Оперативтілік және басқару икемділігі. 8) Дағдарысқа қарсы бағдарлама сапасы және стратегия. 9) Адам факторы. Мониторинг жүйесі. Ол дағдарыс төнуінің ықтималдылығын анықтау бойынша арнайы ұйымдасқан қызметті білдіреді.

Дағдарысқа қарсы басқару тиімді және тиімділігі төмен болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі мақсатқа жету деңгейімен сипатталады



71. Дағдарысқа қарсы басқару технологиялық сызбасы.

Дағдарысқа қарсы басқарудың технологиялық кестесі 8 блоктан тұрады.



1 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде мамандандырылған жұмысшы тобы құрылады. Мамандар дағдарыс теориясын,болжау, басқару шешімін өңдеу, басқару жүйесін зерттеу, макроэкономика, микроэкономика т.б. білімді игеру қажет мамандар сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқару процесінде мәселелерді шеше білу және басқаруға байланысты арнайы дайындығы болуы , аймақтық және салалық инфрақұрылымдық өнеркәсіп жұмысының ерекшелігін, қаржы, жеке тұлғаларды, технолоргияларды басқару ерекшелігін түсінуі қажет.Бұлар басқару аппаратында жеке құрылымдық бірлік және консультанттық статусы болады.

2блок.Дағдарысқа қарсы басқаруға байланысты шаралардың мақсатқа лайықтылығы және уақытысымен өткізуі тексеріледі.Мақсатқа лайықтылық кезеңінде бастапқы жағдайға оралу қажет-жаңа мақсат іздеу, соған байланысты жаңа шараларды жоспарлау.

3блок.Бұл кезеңде дағдарысқа қарсы басқару шешімін жетілдіру,бірнеше кезеңнен тұрады.Оның негізгілері:мекеме жағдайы туралы бастапқы мәлімет жинау, жағдайды құрылымды-марфологиялық талдау,қажетті ресурстарды анықтау, қойылған мақсатқа жетудің мүмкіндігін тексеру.

4блок.Бұл кезеңде мекемені дағдарыстық жағдайдан шығарудың басқару шешімдерін жүзеге асыру құрылады.Осы кезде осы шешімді қабылдаған мамандар тобынан нақты орындаушы анықталады.Атқарушы дағдарысқа қарсы басқару шешімін орындау үшін қажетті және жеткілікті ресурстарды орналастыру қажет.

5 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру жүзеге асады.Бұл нақты тәжірибелік шаралар, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

6 блок.Ұйымның қызметіне қарай басқару шешімінің орындалуын бағалау және сапасын талдау қажет.Егер шешімді орындау ешқандай өзгеріс көрсетпесе, шешімнің орындалмаған себептерін қарайды.Себебін анықтағаннан кейін басқару шешімін орындау қанағаттанарлықсыз болса, онда дағдарысқа қарсы басқаруға байланысты өткізген шаралардың есебі дайындалады.Басқару шешімін орындау дұрыс нәтиже берсе, онда фирмада шаруашылық саласында жоғары тенденция, бірақ қажетті көлемде болмаса онда басқару шешімін жүзеге асыру жүйесіне өзгеріс енгізеді.

7 блок. Мекемені дағдарыстан шығару жұмысын жалғастырудың пайдалылығы тексеріледі.

8 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде болашақ дағдарыстық жағдайды болжау шаралары жүзеге асады.

Бұл дағдарыстық жағдайға дайындалуға мүмкіндік береді.Маңыздысы бақылау және дағдарыстың болу белгілерін табу жүйесі болып табылады.Өнеркәсіптің болашақтағы нашар хал ахуалынан сақтануы бизнес бойынша әріптестердің , кредиторлардың, банктердің ,өнімді тұтынушылардың кері әсері болуы мүмкін.Бұл жердегі көрсеткіштер өнеркәсіпті қайта ұйымдастыру жаңа нарыққа шығу,т.б.



11 – билет.

12. Қазіргі кездегі «реттеуіш теориясы» бойынша дағдарыстың классификациясы және дағдарыстың анықтамасы.

Тепе-теңдіктің бұзылуы дағдарысқа әкеледі – бұл өз мәні бойынша бұрынғы реттеу тәсілінің ішінде қарама-қайшылықтардың өзіндік шегі мен шиеленісуін көрсететін құбылыс.

Дағдарыс классификациясының жіктелуі:

1) «ішкі» талдырудың дағдарыстағы нәтижесі негізінде. Бұл жағдайда дағдарыс түсінігі, экономикалық-шаруашылық жалғасы, ол географиялық болып табылады.

2) Дағдарыс кезеңі: экономикалық көтерілу механизмі мен әлеуметтік процесс.

3) Құрылымдық дағдарыс: экономикалық және жалпы динамикашаруашылыққа кіру дағдарысында тұрақты импульс береді;

4) Өндірістік дағдарыс тәсілі қарама-қайшы дағдарыс сипаттарының шиеленісуі. Белгіді француз экономисті Добер Буайе 4 негізгі дағдарыс типологиясын тапты:

Дағдарыстың бірінші типі – сипатты бұзу; Екінші типі – жүйе реттеудегі ішінара бұзу; Үшінші типі – жүйе реттеу дағдарысы; Төртінші типі – жүйе реттеу және қор жинаудағы дағдарыс тәртібі.

Бұл типтік дағдарыстардың ішіндегілерін жіктесек: бірінші типі – «ішкі шоқ» дағдарыс нәтижесіне сәйкес; екінші типтік дағдарыс – құрылымдық кезеңге сәйкес; үш пен төртінші типтік дағдарыстары басқа да кезеңдерге сәйкес.

36. Дағдарысқа қарсы басқаруда маркетингтік стратегиялардың түрлері.

Белгілері

Стратегияның түрлері

1. Маркетингтік орта

Интеграциялық стратегиялар: макроэкономикалық, сыртқы экономикалық, аймақтық, сала аралық ж/е салалық.

2.Функционалды тағайындалуы

Өндіріс факторларының стратегиясы: өндірістік, инвестициялық, инновациялық, қаржылық, ақпараттық.

3. Ұйым дамуы

Дағд-қа қарсы стратегиялар: төлем қабілетсіздіктің алдын алу, дағдарыстан шығу, оның салдарын жою.

4. нарықтың түрі ж/е ауқымы

Нарықтық стратегия: нарықтың кеңеюі, нарықтың тереңдігіне ену, жаңа нарықтарға тауардың жылжуы, бәсекелік басымдылықтар.

5. Маркетинг құралдары-ң басымдылығы

Тауарлық стратегия: тауарлардың саралануы, әртараптандыру.

Бағалық стратегия: баға-ң жоғарылауы, төмендеуі, бағалық жағдаят.

Фирмалық стратегия: фирмалық тауар, имидж, қызмет көрсету, стиль, дизайн.

Жарнамалық стр-я: тауардың басымдылықтары тур. ақпараттандыру, ынталандыру, ескерту.



6. Нарықтық жағдаят

Ұсыныс ж/е сұраныс стратегиясы: ынталандырушы, қолдаушы, қарсы әрекет етуші.

7. Нарықтық мінез-құлық

Шағын ұйым-ң стратегиясы: жетекші фирмалардың өнімдерін көшіру, қажеттіліктерге бейімделу, ірі ұйымдармен бірігу.

Орта ұйым-ң стратегиясы: патенттік, инновациялық, қарқынды маркетингтік.

Ірі фирмалардың стратегиясы: кең ауқымды дендеп ену, «қаймағын қалқу»


74. Дағдарысқа қарсы басқару технологиясындағы дағдарыстық жағдайды бақылау.

Мекемені дағдарыстық жағдайдан алып шығу жолының бірі бастапқы жағдайы туралы және оның қызметінің алғашқы талдауы.Мұндай бағытқа жататын талдаулар:



  • оның кадрлық құрамының потенциалы; ұйымдасқан құрылымның өзгерген жағдайға үйренуі; оның қаржылық жағдайы; әріптестердің мәліметтік мәдениеті; ұйымның және саланың ғылыми- техникалық потенциалының өзгеруі; экологиялық жағдайдың өзгеруі және оның мекеме қызметіне әсері; қауіпсіздік мәселенің шешілуі; мекемедегі экономикалық жағдай;

Барлық бағыттағы жұмыс барысында ең басты қаржылық- шаруашылық бағытына талдау жасау.

Қаржы жағдайының басты бағытына мыналарды жатқызуға болады.



  • мекеменің мүліктік құрлымын және динамикалық құрамын талдау. Қаржыландыру көздерінің қозғалысын бағалау. Запас және шығын жағдайын талдау. Қаржы коэффициентін талдау.

Өнеркәсіптің нарықтық жағдайдағы қаржылық жағдайы толық индикатор жүйесі бойынша бағаланады.Мекеменің ақша құралдарының орны және нақты мөлшері туралы мәлімет, мына дерекетерге сүйенеді: баланс, басты кітап, келісім-шарт.

Дағдарыстағы өнеркәсіптерде көбінесе ұрлық және қымқыру болады. Қымқыру жолының мүмкіндігі және оның документте көрсетілуі былай:



  1. Жүйелі түрде ақшаны қымқыру.Тауарсыз келісім жасалады.Қызмет көрсету өзіндік құнға жазылады.

  2. Тауар келісім шарт бойынша ақша кету.Тауардың складқа түсуін міндетті түрде тексеру қажет.

  3. Жаңа фирмаларды құру және оған ақша аудару.Фирманы құрушыларды толығымен тексеру.

  4. Жалған жұмысшыларды жалдау және т.б.

Жоғарыда көрсетілген тәртіп бұзушылықты анықтау үшін, өзіндік құн калькуляциясын талдау қажет.

Бухгалтерлік есеп нәтижесімен танысу кезеңінде бухгалтерлік есептің қажеттігі және мақсатқа пайдалылығын оқу түсінігі қалыптасады, оны жүргізу бағаны қосады: - жұмысшылар саны, жалпы сипаттама (жасы, жұмыс стажы, білімі); - міндет пен жауапкершілікті бөлу; - жалпы бухгалтерлердің жұмыс сапасы , сонымен қатар бас бухгалтердің жұмыс сапасы; - бағыну иерархиясы (жүйесі); - басқа бөлімдер мен жеке адамдармен өзара байланыс;- бухгалтерге жеткізілетін документ

Бағалаудың мақсаты;

1ден өнеркәсіпте қандай есеп игеруіміз қажет,соны анықтау.

2ден бухгалтерия құрылымын өзгерту қажет пе, өзгерткен жағдайда бұрынғы есептеу жүйесіне сүйене алатындай, ал бір жағынан өнеркәсіптің бухгалтерлік есептеу талабына сәйкес болуы қажет. Бухгалтерия жұмысына талап мынадай:салық органына уақытысымен қаржылық есепті жеткізу.

Бухгалтерия жағдайы мына бөлімдерді қосуы қажет:



  1. жалпы: нақты атауы (толық және қысқаша); басқару жүйесіндегі орны. Жалпы түрде қызметтің мақсаты мен міндеті. Кім басқарады. Қызметке тағайындау және босату тәртібі. Қызметтің атауы және саны, ішкі құрылымы. Жалпы құрылымдағы бағынушылық және өзара әрекет; Құрылымды және штатты бекіту тәртібі

  • Кімнің ауызша және жазбаша бұйрығын орындайды.

2.Негізгі міндеті:

3. қызметі.

4.Құқықтық және жауапкершілік

5.басшылық

6.өзара қарым-қатынас,байланыс,ішкі және сыртқы

7.бақылау, тексеру және ревизия

8.еңбек ақы жағдайы.Жұмыс сапасын бағалау көрсетілімі.

9.әрекет мезгілі.

Басқару есебі- мекеме басқару аппараты, мекеме қызметін басқару және бақылау үшін мәліметпен қамтамасыз ету.

Басқару есебінің бақылау технологиясы мынадай:

Мекеме басшылығына басқару мәліметінің жетуі қалай ұйымдастырылғанын анықтау:


  • дағдарысқа қарсы басқару маманына жеткілікті ме?басшылықты оперативті басқаруға мәліметпен қамтамасыз етеді ме? соны анықтау.Егер жоқ болса. Онда анықтау қажет. Оперативті басқаруды нәтижелі жүргізу үшін қандай мәлімет қажет. Мәлімет деректері. Мәліметтің уақытылы жетуі мәселесін шешу.

Өнеркәсіптік экономикалық басқару- мәні бойынша өзіндік құнын басқару.Өзіндік құнын басқару-бұл оны жоспарлау және бақылау, сонымен қатар маркетинг, бизнес –жоспар, өнеркәсіпте жаңа әдістерді өңдеу, персоналдарды басқаруда қажетті әрекеттерді қабылдау.

Өзіндік құнмен жұмыс кеэеңде мына ұсыныстарды пайдалануға болады: Компанияның бизнес процесін 3 бөлікке бөлу: 1.жеткізіп тұрушылық 2.өндіріс 3.өтімі. мекемеде өзіндік құнды мыналар арқылы төмендету бағдарламасы барма? соны анықтау. сатып алу жүйесін жақсарту өндіріс шығындарын төмендету



  • өтім және маркетинг нәтижелілігін көтеру

3.өзіндік құнды есептеуде уақытша факторларды есепке алу.

4.Маржиналды пайдаға есеп, бақылау және калькуляция жасау.

5.жұмсалған ақшаны артық шығынды тұрақты түрде қайта есептеуді, еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеуді ұйымдастыру.

6.өндірістің негізгі өнімнің қанша аймақты алатындығын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет