1 – д ә р І с дәрістің мақсаты



бет10/21
Дата03.01.2022
өлшемі197.5 Kb.
#450797
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
1-дәріс

V(л) = ν (моль) ∙ Vм(л/моль)
Идеал газ күйі теңдеуіндегі моль зат мөлшерінің орнына m/M қатынасын қою арқылы теңдеуді былайша түрлендіруге болады.
немесе
Егер бірінші газдың молярлық массасы мен тығыздығын сәйкесінше М1, , ал екінші газдың осы мәндерін М2, деп белгілесек, онда идеал газ күйі теңдеуін пайдалана отырып, бірдей жағдайдағы ( температурасы мен қысымдары тең ) осы екі газдың молярлық массаларының қатынасы олардың тығыздықтарының қатынастарына тең екеніне көз жеткізуге болады.

Сонда, мұндағы D бірінші газдың екіншісімен салыстырғандағы тығыздығы болып табылады. Сонымен қорыта айтқанда, белгісіз гадың белгілі газбен салыстырғандағы тығыздығын анықтай отырып, белгісіз газдың молярлық массасын табуға болады.

Авогадро заңы мен газдардың молярлық көлемі туралы түсінікті басшылыққа ала отырып, эвдиометриялық әдістің көмегімен белгісіз газдың формуласын анықтауға болады. Ол үшін белгісіз газды оттегінің артық мөлшерінде жағып, сонан соң реакция өнімдері талданады.



Мысалы. I. Көлемі 10 см3 , молекулалық формуласы С3Hx белгісіз газ күйіндегі көмірсутекті 110oC температура мен 1,0 атм қысымда оттегінің артық мөлшерінде жаққанда, реакция нәтижесіндегі газдың көлемі 5 см3 артқан. Х мәні қандай?

Шешуі: Жану реакциясының теңдеуі:
C3Hx(г) + (3+x/4) O2 → 3CO2(г) + x/2 H2O(г)
Егер көмірсутектің көлемі 10 см3 болса, онда:



Оттегінің артық мөлшерінің көлемін n деп белгілей отырып, реакциядан кейін көлемнің 5 см3 шамаға артқанын ескерсек, онда реакция нәтижесіндегі газдар қоспасының көлемі 15 см3 болатыны анықталады. Осы жағдайларды ескеру арқылы төмендегі теңдеуді құруға болады.
30 + 5x + n = 5 + 10 + 30 + 5x/2 + n; 5x/2 = 15

x = 6

Белгісіз көмірсутектің молекулалық формуласы C3H6, яғни пропен.



II. Көлемі 10 см3 белгісіз CxHу газ күйіндегі көмірсутек оттегінің артық мөлшерімен қопарылыс бере әрекеттескенде, нәтижесінде түзілген газ қоспасының көлемі 25 см3 шамаға кеміген. Барлық газ көлемдері бөлме температурасында өлшенген. Реакция өнімдерін натрий гидроксиді ерітіндісімен өңдегенде көлем 20 см3 шамаға кеміген. Көмірсутектің формуласы қандай?
Шешуі: Жану реакциясының теңдеуі:
CxHу (г)+ (x+y/4) O2 (г) → x CO2 (г) + y/2 H2O (ж).
Бұдан:

Жану реакциясының теңдеуін және газдар қоспасын натрий гидроксиді ерітіндісімен өңдеген жағдайларды ескерсек , онда және x = 2 екені анықталады.

Егер оттегі газының артық мөлшері n көлем деп белгіленсе, онда реакциядан кейінгі көлем бастапқы көлемнен 25 см3 көлемді шегеру арқылы табылады. Газдардың көлемдері бөлме температурасында өлшенгендіктен судың көлемі ескерілмейді.

Сонымен, белгісіз көмірсутектің формуласы мына теңдеу арқылы анықталады.



y = 6
Белгісіз көмірсутектің молекулалық формуласы C2H6, яғни этан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет