1.2. Г А З З А Ң Д А Р Ы
1.2.1. Бойль - Мариот заңы. ( 1662 ж )
Массасы тұрақты газдың тұрақты температурадағы V көлемі, осы газдың Р қысымына кері пропорционал болады.
Бұл заңдылқтың математикалық өрнегі: PV = const. ; P1V1= P2V2
Осы заң ашылғаннан кейін, газдар үшін Бойль-Мариот заңы әрқашанда орындала бермейтіндігі тәжірибелік жұмыстар барысында анықталған. Бұл заң орындалу үшін газдардың тығыздығы төмен, яғни бөлшектері бір бірімен соқтығыспайтын, әсерлеспейтін идеал газдар күйінде болу қажеттігі белгілі болды.
1.2.2. Шарль заңы. ( 1787 ж )
Француздың Шарль (1787 ж) және Гей-Люссак (1802 ж) атты ғалымдары бір біріне байланыссыз:
Қысымы тұрақты жағдайда массасы тұрақты газдың Т Kельвин температурасын арттырғанда, ол газдың V көлемі сызықтық тәуелділікпен ұлғаятынын, яғни газдың Кельвин температурасы мен көлемі бір біріне тура пропорционал екенін дәлелдеген.
Бұл заңдылықтың математикалық өрнегі: P = const. ; V1T2 = V2T1
Кез келген газдардың көлемі мен температурасы арасындағы тәуелділікті көрсететін түзу сызықты абцисса өсімен қиылысқанша созғанда, қиылысу нүктесі ─273,15oC температураны көрсеткен. Яғни барлық жағдайда температура Т = ─273,15oC болса, онда газдардың көлемдері V = 0 болатын сияқты болады. Ал шын мәнінде, практика жүзінде газдардың көлемдері температура ─273,15oC жетпей жатып, сұйық немесе қатты күйге айналады да көлемі нольге тең болмайды.
Осы ─273,15oC температураны абсолюттік температуралық шкаладағы нольдік мән ретінде қабылдап, бұл шкаланы Кельвин шкаласы деп атаған. Сондықтан, Кельвин және Цельсий шкалалары арасындағы байланыс мынадай теңдеумен өрнектеледі:
Температура, К = Температура, оC + 273, 15
273, 15 K = 0oC
Бірақ барлық жағдайда температураны арттырғанда газдардың көлемдері сызықтық тәуелділікпен өзгермейді. Сондықтан, Бойль және Шарль заңдарына бағынатын газдарды идеал газдар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |