1 – д ә р І с дәрістің мақсаты


Идеал газдар күйінің теңдеуі



бет7/21
Дата03.01.2022
өлшемі197.5 Kb.
#450797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
1-дәріс

1.2.3. Идеал газдар күйінің теңдеуі

Бойль-Мариот және Шарль заңдарының теңдеулерін біріктіргенде, идеал газдар күйін сипаттайтын мынадай теңдеу пайда болады.


P1V1/T1 = P2V2/T2

Идеал газдардың күйін сипаттайтын теңдеу арқылы, температура мен қысым өзгергенде газдың көлемін есептеп табуға болады. Егер газдың берілген массасының Т1 және Р1 жағдайдағы көлемі V1 болса, онда T2 және P2 жағдайдағы V2 көлемін есептеп табуға болады.

Газдардың көлемдері көбінде қалыпты жағдайда, яғни 0оС температура мен 1,0 атм қысым жағдайында салыстырылады. СИ жүйесінде қысым 1,0 м2 ауданға түсірілетін 1,0 H күш (Н∙м-2), яғни Паскаль (Па) деп аталатын өлшем бірлікпен өлшенеді. Қысымның өлшем бірліктерінің арасындағы байланыс:
1,0 атм = 1,0132∙105 Н∙м-2 = 1,0132∙105 Па = 760 мм.сын.бағ.
СИ жүйесіндегі көлемнің өлшем бірлігі ретінде 1,0 м3 алынған. Сонымен қатар 1,0 дм3 , 1,0 cм3 және 1,0 л бірліктері де қолданылады. Осы өлшем бірліктердің арасындағы байланыс:
1,0 м3 = 103 дм3 = 1063; 1,0 дм3 = 1,0 л
Идеал газдар күйін сипаттайтын теңдеудегі температура Кельвин шкаласымен алынады.

Мысалы. Температура 60oC, қысым 1,05∙105 Н∙м-2 болғанда газдың алатын көлемі 60 cм3.Осы газ қалыпты жағдайда қандай көлем алады?

Шешуі: Есептің берілгеніндегі мәндер: P1 = 1,05∙105 Н∙м-2 ;

T1 = 273+60 = 333K;

V1 = 60 cм3.

Ал стандартты жағдайдағы қысым мен температура мәндері:

P2 = 1,01∙105 Н∙м-2 ;

T2 = 273K

Сонымен, P1V1/T1 = P2V2/T2 теңдеуі бойынша стандартты жағдайдағы газдың көлемі төмендегі өрнекпен анықталады:
V2 = = 51 cм3
Температураны 60oC – тан 0oC – қа дейін төмендеткенде, газдың көлемі де осы пропорция бойынша азаяды. Бұл пропорция заңдылығы сақталу үшін температура Кельвин шкаласымен алынуы қажет; -273/(273+60):
V2 = 60∙ = 51 cм3
Газдардың көлемі мен тығыздығы бір-біріне кері пропорционал шама екенін ескерсек, онда мына теңдік орындалады.
V1/V2 =
Осы теңдікті қолдану арқылы, идеал газ күйінің теңдеуін былайша жазуға да болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет