1 – Тақырып. Саясаттану ғылым ретінде «Саясаттану»


Орта ғасырлар мен Қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси ойлар



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата24.10.2023
өлшемі374.55 Kb.
#481508
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Саясаттану дәріс тезистері

2. Орта ғасырлар мен Қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси ойлар 
Орта ғасырлар (б.д. IV-XV ғғ.) адамзат тарихында ежелгі дүниемен салыстырғанда 
қоғамдық ойдың, әсіресе прогрессивті ойдың тоқырауымен сипатталады. Бұл саяси 
ілімдерге қатысты да айтылған. 
Саяси ойлардың айтарлықтай дамуы ортағасырлық Шығыс ойшылдарының 
еңбектерінде кӛрініс тапты. Оның аса кӛрнекті ӛкілдері болып әл-Кинди, Бируни, әл-
Фараби, Ибн-Сина, Омар Хайям, Ганджеви Низами, Әлішер Науаи және басқалары 
саналды. Енді осылардың кейбіреулерінің ғана саяси кӛзқарастарын қарастырамыз. 
Кіндік Азияда, Шығыста, Еуропада ғылымның, философиялық және әлеуметтік-
саяси ойдың дамуында үлкен рӛл атқарған Сырдариядағы (Қазақстан) Фараб қаласында 


туған ұлы ғалым Әбунасыр Мұхаммед әл-Фараби (870-950) болды. Оның саяси 
кӛзқарастарына «Қазақстандағы саяси ойлар» деген параграфында жеке тоқталамыз. 
Әзірбайжандық прогрессивті қоғамдық-саяси және философиялық ойдың кӛрнекті 
ӛкілі ойшыл Ганджеви Низами (1141-1203) болды, ол феодалдық ақсүйектердің зорлық-
зомбылығына қарсы шығып, езілген халық бұқарасына жанашырлығын танытты. Оның 
негізгі шығармасы – «Хәмсә» («Бес қазына») бес поэмадан тұрады. Олар: «Құпиялар 
қазынасы», «Хорстар және Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті сұлу» және «Ескендір-
наме». 
Низамидың шығармалары ӛз дәуірінің энциклопедиясы іспетті болды. Онда 
әлеуметтік-саяси материалмен қатар философия мен жаратылыстанудан, психология мен 
педагогикадан, тарих пен филологиядан, этика мен эстетикадан, экономика мен діннен 
ауқымды материалдар берілді. Оның шығармашылығы одан кейін де Шығыс пен 
Батыстың алдыңғы қатарлы әлеуметтік-саяси ойының дамуына үлкен ықпал жасады. 
Орта Азия мен Шығыстағы қоғамдық-саяси ойдың дамуында ӛзбектің кӛрнекті 
ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаидың (1441-1501) шығармашылығы зор прогрессивтік рӛл 
атқарады. Науаи тарихпен, философиямен, кескіндемемен, сәулетпен, музыкамен 
айналысты, мәдениет қайраткерлеріне қамқорлық жасады. 
Науаидың шығармашылығы Мауереннахр мен Алдыңғы Шығыстың кӛп ғасырлық 
мәдениеті мен қоғамдық-саяси идеяларын сіңірді. Ол «Шардиван» (Тӛрт лирикалық 
жинақ), «Хәмсә» (Бес поэма), «Махбуб әл кулуб» (Ғашық жүректер), «Мухакамат әл 
лугатайн» (Екі тілдің салмағы) және басқа да қызықты шығармалар жазды, олар орта 
азиялық және дүниежүзілік мәдениет, сонымен қатар қоғамдық-саяси ой қазынасына 
қосылған құнды үлес болды. 
Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойдың тарихи дамуы тек Шығыстың ғана емес, 
Еуропаның, жалпы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-саяси іліміне қосылған үлкен үлес болды.
Еуропаның орта ғасырлық саяси ойының ӛзіндік ерекшелігіне, ең алдымен, 
батыстың саяси ойына негізінен христиан діні мен Рим шіркеуінің күшті ықпалы себепші 
болды. Сол тұстағы саяси ойдың орталық мәселелерінің бірі қандай билік басым болуы 
керек – рухани-діни (шіркеу) немесе зайырлық па (мемлекет), деген мәселе болды. 
Шіркеудің саяси талаптарын негіздей келіп, оның идеологтары билеушілердің 
куаттылығы шіркеуден шығады, ал шіркеу ӛзіне беделді тікелей Христадан алады деп 
сендірді. Осыдан христиандық ел билеушілерінің сӛзсіз міндеті – христиан шіркеу басына 
бағынатындығы болып шығады. 
Христиандық саяси теорияны жасаушылардың бірі епископ Иппонийский Аврелий 
(Блаженный) Августин (354-430) болды, оның ілімі католицизмнің негізін қалады. Оның 
саяси кӛзқарастары «Құдайдың мемлекеті туралы», немесе «Құдайшыл қоғам туралы», 
«Еркін ерік туралы» атты еңбектерінде және басқа да шығармаларында баяндалған. 
Августиннің мемлекеттің орны мен рӛлі туралы идеялары келесі бір ірі христиан 
ойшылы – доминикан монахы Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектерінде нақтыланып, 
одан әрі дамытылды. Ол томизмді негіздеуші және оның дүниетанымындағы бастапқы 
тезисі: «Философия – дін ілімінің қызметшісі». Оның ең маңызды еңбектері: 
«Билеушілердің басқаруы туралы», «Теология жиынтығы», «Пұтқа табынушыларға қарсы 
жиынтық». 
Неміс ойшылы, августин монахы Мартин Лютер (1483-1546) орта ғасырдағы 
протестантизмнің ірі идеологы болды. Ол діндар ғалым, Германиядағы Реформацияның 
кӛрнекті қайраткері, Германия, Балтық жағалауы, Скандинавия елдеріне кеңінен тараған 
лютеран (протестант) діни сенімін негіздеуші. Оның «Неміс ұлтының христиан 
дворяндарына», «Шіркеудің вавилондық тұтқындалуы туралы», «Христианиннің еркіндігі 
туралы», «Қайырымды істер туралы сермон» және т.б. еңбектері бар.
Қайта ӛрлеу дәуірінің жарқын саяси ойшылдарының бірі итальяндық Николло 
Макиавелли (1469-1527) болды. Ол – антикалық әдебиеттің үлкен білгірі, дипломат және 
саясаткер. Н.Макиавелли ӛзінің жүйеге келтірілген саяси идеяларын «Мемлекет», «Тит 


Ливидің бірінші тоқсан туралы пікірлері», «Флоренция тарихы», «Князь», «Соғыс ӛнері» 
атты еңбектерінде баяндады. 
Ол ұсынған саяси шыншылдық принципі Маквиавеллидің саяси кӛзқарастарындағы 
ең бастысы болып табылады. Онда ойша схемалар жасаудан бас тартып, саясатта нағыз 
ақиқат жағдайларды, саяси әрекеттердің практикалық мүдделерге бағындырылуын есепке 
алу кӛрсетілген. 
Қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси ойдың кӛрнекті ӛкілдерінің бірі, француз ойшылы 
Жан Боден (1530-1596). Ол бірнеше еңбек жазды, соның ішінде ең бастысы – «Республика 
туралы алты кітап». Онда Ж.Боден мемлекеттің шығуы, оның функциялары, мемлекеттік 
басқарудың формалары, сонымен қатар сол замандағы қоғамның саяси ӛмірінің басқа да 
проблемаларына ӛзінің кӛзқарастарын жан-жақты баяндады. 
Ж.Боденнің саяси теорияны дамытудағы негізгі үлесі оның мемлекеттік егемендік 
мәселесін кӛтеріп шешуінде. Ол «егемендік» ұғымын саяси ғылым айналымына енгізді 
және қазірге дейін саяси пікір-сайыс тудырып, саяси практикада қолданыста жүрген 
егемендік теориясын жан-жақты жасап шықты.
Боденнің және оның із ашары Макиавеллидің саяси кӛзқарастарын кӛптеген 
ойшылдар қабылдады, Еуропа мен Америка елдерінде саяси ой дамуына белгілі бір 
дәрежеде ықпал етті. 
Қайта ӛрлеу дәуірінде саяси ойдың дамуы – бұл Т.Мор, Т.Кампанелла және басқа да 
ӛкілдерден тұратын утопиялық социализмнің пайда болу уақыты еді. Ағылшынның 
кӛрнекті ойшылы, саяси қайраткері Томас Мор (1478-1535) англияның лорд-канцлері 
болған. Ол 1516 жылы «Мемлекеттік жақсы құрылыс туралы және жаңа Утопия аралы 
туралы, соншалықты пайдалы да қызықты Алтын кітап» деген еңбекті жарыққа шығарды.
Ағылшын ойшылдары Т.Гоббс пен Дж.Локк та қайта ӛрлеу дәуіріндегі саяси ілімнің 
дамуына айтарлықтай үлес қосты. 
Томас Гоббс (1588-1679) ӛзінің саяси ілімін «Азаматтық туралы» және «Левиафан, 
немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі» 
еңбектерінде баяндады. Макиавелли мен Гроциден кейін Гоббс мемлекетті құдай 
жаратпағандығын, оның адамдар тіршілік әрекетінің нәтижесі екендігін кӛрсетуге 
талпыныс жасады. Оның пікірінше, мемлекетке дейінгі кезеңде адамдар «барлығына 
қарсы бәрінің соғысы» жағдайында ӛмір сүрді.
Ағылшын ағартушыларының арасында Джон Локктың (1632-1704) алғашқы ұлы 
тұлға екенін айтуымыз керек. Оның саяси кӛзқарастары «Мемлекеттік басқару туралы екі 
трактат» еңбегінде мейлінше толығырақ баяндалған. Адам құқының бірлігі мен ӛзара 
тәуелділігін дәлелдеу Локктың саяси тұжырымдамасының мәнін құрады. Гоббс сияқты 
Локк та мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде пайда болады деп ұйғарды.
Саяси идеялардың айтарлықтай дамуы француз ойшылдарының еңбектерінде жүзеге 
асты. Оның аса кӛрнекті ӛкілдері Ш.Л.Монтескье мен Ж.Ж.Руссо болып табылады. Шарль 
Луи Монтескье (1689-1755) – кӛрнекті саяси ойшыл. Ӛзінің еңбектерінде ол мемлекет, 
азаматтық қоғам, саяси режимдер туралы, басқару формалары мен мемлекеттік құрылыс 
формалары жӛніндегі ілімдерді анықтап дамытты. Монтескьенің «Римдіктердің ұлылығы 
мен құлдырауының себептері туралы ойлар» (1734 ж.) және «Заңдар рухы туралы» (1748 
ж.) негізгі кітаптары оны саяси ойдың беделді классиктерінің бірі етті.
Жан Жак Руссо (1712-1778) – кӛрнекті философ әрі саяси ойшыл. Руссоның саяси 
ілімі оның «Қоғамдық келісім» (1762 ж.) атты негізгі трактатында мейлінше толық 
баяндалған.
Иммануилл Канттың (1724-1804) саяси теориясының басты принципіне әрбір адам 
абсолютті құндылықты иеленеді және қандай да бір мақсатты жүзеге асырудың құралы 
бола алмайды деген қағида алынған. Кант ӛзінің «Мәңгілік бейбітшілікке» атты ізгілікті 
трактатында ӛз дербестігін сақтаған тең мемлекеттердің бәрін қамтитын федерация құру 
жолымен «мәңгілік бейбітшілік» орнату жобасын жасады.
Әлеуметтік-саяси мәселелерге И.Кант «Бүкіл дүниежүзілік-азаматтық тұрғыдағы 


жалпы тарих идеясы» (1784 ж.), «Мәңгілік бейбітшілікке» (1795 ж.) атты еңбектерін, 
сонымен қатар «Әдет-ғұрыптар метафизикасы» (1797 ж.) атты үлкен трактатын арнады.
Саяси режимді либерализациялаудың ӛткір қажеттігі, сословиялық жеңілдіктерді 
жою, қатаң заңдылықты орнату, бұқара халықты қызу қолдау керектігі сенімі Иоган 
Фихтені (1762-1814) ешқашан бейжай қалдырған емес. Ӛмірінің соңғы күніне шейін ол 
Ағартудың гуманистік идеологиясына берілгендігін сақтады. 
Немістің классикалық философиясының кӛрнекті ӛкілі Георг Гегель (1770-1831) 
дүниежүзі тарихы дамуының іргелі принциптерін жасады және буржуазиялық қоғамның 
саяси ойын дамытты. Оның негізгі жұмыстары: «Рух феноменологиясы» (1807 ж.), 
«Құқық философиясы» (1821 ж.). «Азаматтық қоғам» және «мемлекет» категорияларын 
жасау мен шектеу оның еншісіне тиесті нәрсе. Ол саяси мемлекет пен азаматтық қоғамды 
бір-бірінен ажырата отырып, соңғысын жеке тұлғаның ерекшелікті дара мақсаттары мен 
мүдделерін жүзеге асыру саласы ретінде анықтады.
Анри Сен-Симон (1760-1825) қоғамның мақсатына бір орталықтандырылған 
жоспарлы шаруашылық жүйесін құрумен қол жеткізіледі, жаңа құрылыста адамдарды 
бұрынғы басқару жүйесінің орнына ӛндіріс заттары мен процестері басқару жүйесі келеді 
деп болжады.
Буржуазиялық революцияның нәтижелерін, капитализмнің саяси және құқықтық 
жүйесін ӛткір сынаған Шарль Фурье (1772-1837) болды. Шешуші рӛлді ақыл-парасатқа 
берген Сен-Симонға қарағанда Фурье бірінші орынға адамның мәңгі және ӛзгермейтін 
табиғаты идеясын ұсынды.
Ӛзінің саяси кӛзқарастарында Роберт Оуэн (1771-1858) жаңа құрылыстың 
қалыптасуын – жалпы заңдар жинағы негізінде бірдей басқару тәртібі бар коммуналар 
құруды қамтамасыз ететін мемлекетке үлкен сенім артты. Бұл қоғамдық меншікке және 
коммуна мүшелерінің ортақ еңбектеріне, олардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігіне, 
гуманистік тәрбие жүйесіне, жоғары ӛнегелікке негізделген ұжымдық қоғам болуы тиіс.
1775-1783 жж. Америка халқының ӛз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғысы ішкі 
қайшылықтардың және метрополиямен болған қайшылықтардың күшеюінің салдары еді. 
Ол Америка халқының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс «Америка Құрама Штаттарының 
тәуелсіздік Декларациясында» саяси түрде бекітілді. (1776 ж. 4 шілдеде бекітілді – бұл 
күн АҚШ –тың ұлттық мерекесіне айналды). 
Тәуелсіздік үшін соғыстың жеңісінен кейін АҚШ-тағы саяси ойда екі бағыт 
қалыптасты. Прогрессивті саяси идеяларды Т.Джефферсон және Т.Пейн жақтады. Томас 
Джефферсон (1743-1826) – америка халқының азаттық жолындағы күресінің кӛрнекті 
қайраткерлерінің бірі және кӛрнекті саяси ойшыл. Ол «АҚШ-тың тәуелсіздігі 
Декларациясының» авторы, онда адамның теңдігі, бостандығы ажырамас табиғи құқығы 
жӛнінде және оны халықтан ешбір билік тартып ала алмайтындығы жӛнінде айтылған.
«Дүниеде адамның табиғи құқығынан басқаның бәрі ӛзгереді», – деп жазды 
Джефферсон. Ол адамға құқықты мемлекет бермейді, олар адамның ажырамас, табиғи 
құқығы ретінде ӛмір сүреді деп негіздеді. Мемлекет соны қамтамасыз ету үшін ӛмір 
сүреді.
Бұл кезеңде АҚШ-тың саяси ойының басқа бағытының ӛкілдері ірі сауда-ӛнеркәсіп 
буржуазиясының және плантаторлар-құлиеленушілердің мүдделерін қорғады. Осылардың 
бірі Александр Гамильтон (1757-1804) болды. Ол АҚШ-та күшті орталық билік құруды 
жақтады, демократияны меншік құқығын жоюды мақсат еткен «қаралардың үстемдігі» 
ретінде бейнеледі. Гамильтон билікті ұйымдастыру адамдардың мүліктік жағдайына 
сәйкес олардың құқығын бӛлуге негізделуі тиіс деп сендірді.
Еуропалық либерализмнің отаны – Англия ХIХ ғасырда әлемге оның кӛптеген 
беделді ӛкілдерін әкелді. ХIХ ғасырдағы Еуропа либерализмнің қайраткерлерінің 
қатарында И.Бентам (1748-1832), Д.С.Милль (1806-1873) ерекше кӛзге түседі.
Француз буржуазиясының ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы антифедералдық 
идеологиясын кӛптеген либералдық саяси ойшылдар білдірді. Солардың арасынан 


Б.Констан (1767-1830) Еуропа құрлығындағы либерализмнің рухани атасы саналған және 
демократияның кӛрнекті теоретигі және бір мезгілде табанды либералы болып есептелген 
А.Токвиль (1805-1859) – айтарлықтай кӛзге түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет