1 – тақырып«Математиканы оқыту әдістемесі»-бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым Мақсаты


Математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі26.91 Kb.
#458271
1   2   3   4   5   6
1 – та ырып«Математиканы о ыту дістемесі»-бастауыш мектептегі м

Математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мектеп математикасының оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланыстарды зерттеумен анықталады. Негізгі компонеттер дегеніміз: математиканы оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, түрі және құралдары.
Математиканы оқыту әдістемесінің пәніне математикалық білімнің мақсаты, мазмұны әдістері, құралдары және оқыту формасы жатады.
Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері:

  • математиканы оқытуда сыныпқа сәйкес тақырыбын және сабақтың нақты мақсатын анақтау;

  • оқу пәнінің мазмұнын сәйкесінше мақсатын оқушылардың танымдылық мүмкіндіктеріне қарай таңдау;

  • қойылған мақсатқа жетуге бағытталған оқытудың тиімді әдістері мен оқыту формасын қарастыру; қажетті оқыту құралдары мен әдістерін тандап алу, оларды математика мұғалімінің жұмыс тәжірибесіне енгізу.

Математиканы оқыту әдістемесі төмендегі үш сұрақтарды қарастырады: Математиканы не үшін оқыту керек? Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек?
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін»,- деп мектеп реформасында жазылған.
Оқушының математикалық сауаттылығы біріншіден, мұғалімнің математика пәні бойнша теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұймдастыра және басқара білуіне; екіншіден білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне; үшіншіден мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты, яғни дамыта оқыту бүгінгі күннің мәселесі болса мұғалім кеңесші, жол сілтеуші ретінде оқушымен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет.
Математиканы оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге математикалық білім беру міндеттерін шешу.
Математиканы оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі.
Математиканы оқыту әдістемесінің құрылымы төмендегідей үш бөлімнен тұруы мүмкін:

  • Жалпы (мысалы, математиканы оқыту әдістері);

  • Арнайы (бастауыш мектеп математика курсындағы теріс емес бүтін сандарға амалдар қолдануды оқыту);

  • Нақты («Теңдеу» тақырыбын оқыту әдістемесі).

Жалпы математиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты – сіздерді бастауыш мектеп жасындағы балаларға математиканы оқытып, үйрету.
Әдістемелік білім және дағды психологиялық және арнайы (математикалық) біліммен тығыз қатынаста. Мұғалім осы осы ара қатынасты жете түсінген жағдайда оның әдістемелік дайындық деңгейі де жоғары болып, әдістемелік шығармашылық іс-әрекетіне де жол ашылады.
Күнделікті мұғалім тәжірибесінен мысал келтірелік.
Сіз балаларға мынандай тапсырма бердіңіз: «5 және 7 сандарын салыстырыңыз» немесе «5 және 7 сандарының арасына <, >, =белгісінің бірін дұрыс таңдап қойыңыз». Осы нақты жағдайдағы сіздің әдістемелік іс әрекетіңіз қандай?
Айталық, оқушы дұрыс жауап бермеді, яғни 5 > 7 деп жазды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз? Басқа оқушылардан сұрар ма едіңіз немесе жіберілген қатенің себебін анықтар ма едіңіз?
Бұл жағдайда әдістемені таңдау үшін бірқатар педагогикалық-психологиялық факторларға сүйенесіз. Олар: оқушының жеке дара тұлғасы, оның математикалық дайындығы, берілген тапсырманың мақсаты, т.б. Айталық, сіз екінші жағдайды таңдадыңыз, яғни жіберілген қатенің себебін анықтағыңыз келді дерлік. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен оқушыны жазғанын оқыту керек. Егер оқушы «бес кем жетіден» деп оқыса, онда қате жіберу себебі ол математикалық таңбаны меңгермегендігі, себебі қате жазғанымен бала дұрыс оқып тұр Балалар «<» және «>» белгілерімен бір мезгілде танысады, сондықтан таңбаларды шатастыруы мүмкін.
Қатені жіберу себебімен танысқан соң, жұмысты ары қарай жалғастырамыз. Ол үшін төменгі сынып оқушыларының қабылдау ерекшелігін ескеруіміз қажет. Төменгі сынып оқушыларының көбіне көрінектілік арқылы қабылдау ерекшеліктеріне байланысты, математикалық таңбаларды мысалдар арқылы көрсетіп түсіндіру абзал. Мысалы, (5 < 7, 7 > 5) таңбаның үлкен ашылған жағы үлкен санға қарайды және кішкене үшкір жағы кіші санға қарайтындығы түсіндіріледі. Осы жағдайда ғана оқушы таңбаны меңгеруі мүмкін.
Егер оқушы «5 > 7» жазуын «бес артық жетіден» деп оқыса , онда қате жіберудің себебі басқаша болмақ. Бұл жағдайда не істер едіңіз? Бұл жағдайда мұғалім математикалық білім, оның ішінде «математикалық ұғым», «сандық сандар», «өз-ара бір мәнді сәйкестікті тағайындау» және «артық», «кем» ұғымдарын жиындар теориясы тұрғысынан беру сияқты білімдерді қайталаудан айналып кетуі мүмкін емес. Бұл жоғарыдағы тапсырманы дұрыс орындау үшін оқушының іс әрекетін ұйымдастыруға жол ашады.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттері көрінектілік - әрекеттік негізге байланыстылығын ескере отырып, жұмысты да осы бағытта ұйымдастырамыз. Мұғалім бір оқушыға партаның үстіне 5 дөңгелек, ал екінші оқушыға 7 төртбұрыш қойып, қайсысының фигуралары көп немесе аз екендігін ойлап айту керектігі туралы тапсырма беруіне болады. Бала өзінің күнделікті тәжірибесіне байланысты өз бетімен іс әрекет жасауы мүмкін немесе мұғалімнің көмегі арқылы, яғни берілген жиындар элементтері арасында өз-ара бір мәнді сәйкестікті тағайындау арқылы табуы мүмкін.
о о о о о
□ □ □ □ □ □ □
Бұл жағдайда бала тапсырманы орындай отырып сандарды салыстыруды да меңгеретіндігін байқауға болады. « Неге 5 кем 7-ден?»деген сұраққа жауапты оқушы қаншалықты саналы орындағанын мұғалім оның «санау», «натурал сан қатары» т.с.с. математикалық білімі негізінде байқайды. «Санау барысында бұрын аталған сан кез-келген келесі саннан кем болады» деп негіздеуі қажет.
Келесі бір таңбалы санға жазбаша бөлу жағдайын қарастыралық. Мысалы: 3915 : 3 = 1305*3 = 3915
Бұл тапсырма студенттер үшін оңай тапсырма болғанымен бастауыш сынып оқушысы қате жіберуі мүмкін.
3915Ŀ3
3 1305
9
9
15
Айталық, оқушы жауабын 1305 емес 135 деп жазды делік, яғни бөліндіде нөлді қалдырып кетті (бұл типтік қате). Оқушының бұл қатені жіберуі оның не аңғармай қалуынан немесе математикалық білім мен дағдының жоқтығынан болуы мүмкін.
Оны қалай түсінуге болады? Мүмкін бірінші жағдайдағы сияқты оқушы өзі орындаған амалдарын дауыстап айтып шығуына болатын шығар. Әдістемеде бұл тәсіл «комментирлеу» немесе «қайталап айту шығу» тәсілі деп аталады. Амалды орындау алгоритмі бойынша оқушы жауабына қарап мұғалім қай жерде қате жібергенін бірден аңғарады. Ол үшін жазбаша бөлу амалының тізбектей орындалу ретін мұғалім өзі жақсы меңгеруі керек, яғни мұғалімнің математикалық сауаттылығы қажет. Мұғалім бөліндіде неге нөл жазылатындығын оқушыға түсіндіреді. Мысалы, «1 саны 3-ке бөлінбейді. 1-дің жанына 5-ті түсіреміз. Екі сан қатар түскендіктен нөл жазамыз».
Бастауыш мектеп жасындағы мектеп оқушысы математиканы жақсы меңгеруі үшін, ең алдымен мұғалімнің математикалық білімі терең болуы міндетті. Мұғалім өз біліміне нық болса, балаға түсіндіру үшін кез-келген әдістемені ойлап табуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет