1- такырып. Әкімшілік мәжбүрлеу



бет1/5
Дата14.06.2016
өлшемі374.5 Kb.
#135134
  1   2   3   4   5
1- такырып. Әкімшілік мәжбүрлеу

1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.

2. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.

3. Әкімшілік алым алу шараларының түсінігі және тағайындалуы.     
1.Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері. Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мөжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі больш табылады, оның міңдеті көпшілігіңде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатъш қоғамдық қатынастарды қорғау. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесіңде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі больш табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән. Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының (мысалы, карантин қоюдың, кедеңдік тексерудің) мәжбүрлеу сипаты мойыңдамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, қүқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Қоғамдық қатынастардың және осы өатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективті сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:   әкімшілік-алдын алу шаралары;   әкімшілік-жолын кесу шаралары;   әкімшілік жазалау шаралары
2. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы.  Әкімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік басқару сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу шаралары Әкімшілік – ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары: - тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін; - құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру; - мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау; - көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде); - желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу; - тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу; - эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу); - бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау; - мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу).

3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы. Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының ( полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады.

2- такырып. Әкімшілік жауапкершілік

1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері.

2.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.

3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.

4.Әкімшілік жазаларды тағайындау.

5.Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.       

1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері. Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.       
2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы. Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Әкімшілік құқықта да қылмыстағы құқық сияқты қылмыс құрамы болады. Олар: субъект, субъективті жағы, объект, объективті жағы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект - әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері.  Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар: жалпы объект,  текті объект , түрлі объект, тікелей объект.  Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады:

1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;

2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану);

3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);

4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық шараларын қолдануды анықтайды);

5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған құралдар (көлік құралы, ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ). Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың субъективті жағының міндетті белгісі - кінә. Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.
3.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.      Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:  ескерту жасау;  әкімшілік айыппұл салу;  әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;  әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;  арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;  жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;  заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;  әкімшілік қамауға алу;  шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
4. Әкімшілік жазаларды тағайындау. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады: 1) кiнәлi адамның өкiнуi; 2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; 5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы; 6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау; 7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау; 8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады: 1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру; 2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы; 3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; 4) кiнәлi адамның бiле тұра  ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы; 5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы; 9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.

5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі.     Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін.

3 -тақырып. Әкімшілік процессуалдық қызмет

1.Әкімшілік үрдіс: мәні және түрлері.

2.Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.

3.Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.        

4.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс). 1.Әкімшілік үрдіс: мәні және түрлері. Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі. Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.

Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері:

1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі;

2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс, рұқсат берушілік өндіріс, жеке құрамды жинақтау бойынша өндірісі);

3) Әкімшілік – юрисдикциялық процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік, акімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша өндіріс, тәртіптік іс жүргізушілік).
2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы. Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады. Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс; қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану; әкімшілік кесу шараларын қолдану; арыздар, шағымдар; ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу; өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер; бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз; даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару; жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу.
3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.

Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:

1)  Заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.   

2) Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді.

3) Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы.

4) Жариялық қағидасы – ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар.

5) Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы.

6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы.

7)Процестің безвозмездности қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген.

8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы.

4.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс). Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:

1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;

2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;

3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту. Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді. Кезең (стадия) дегеніміз – процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері. Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді: - оның алғашқы сәттері; - аралық бөліктері; - процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі. Әрбір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.  

4- такырып. Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау

1. Басқару аясындағы заңдылық.

2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі.

3.Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. 4.Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері.

5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.  

6. Прокурорлық қадағалау.

7.Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі.

1.Баскару аясындағы заңдылық. ҚР-сы Конституциясының 34-6. сәйкес мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар және олардың бірлестіктері Конституция мен заңдарды сақтауға міндетті. Конституцияның 4-6. 2-т. бойынша оның ең жоғары заңдық күші бар, соңдықтан республикада қабылданатын заңдар және өзге де құқықтық актілер елдің Ата заңына қайшы келмеуге тиіс. Әрине, заңға тәуелді актілер де Конституция мен заңдарға, соңдай-ақ ҚР-сы Президентінің және жоғары тұрған атқарушы билік органдарының актілеріне сәйкес болуы керек.
2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі. Атқарушы билік органдары қызметінің тиімділігі тек заңдылықтың дәрежесіне ғана емес, басқарушылық процеске қатысушылардың тәртібіне де байланысты. Мемлекеттік тәртіп деп барлық азаматтардың мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тағайындаған тәртіптері мен ережелеріне саналы түрде бағынулары, мінез-құлық нормаларын қатал сақтаулары, іс-әрекеттерінің келісімділігі, мемлекеттік қызметшілердің жалпы және лауазымдық міндеттерін және басшыларының өкімдерін орыңдаулары түсініледі. Заңдылықты қамтамасыз ететін шаралар тәртіпті нығайтуға мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге атқарушы билік органдарының қызметінде зан-дылық пен тәртіпті сақтау мен нығайту жөнінде міндет жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі бар. Қорытып айтқанда, олардың қолданатын әр түрлі қүқықтық жөне үйымдастыру қызметінің нысандары мен әдістері, практикалық іскерліктері, іс тындырулары заңдылықты қамтамасыз етудің тәсілдері деп аталады. Бүлар — бақылау жөне қадағалау. Негізінде мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері айырылады:  Президенттік бақылау;  Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы;  Атқарушы билік органдарының бақылауы.
3.Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. ҚР-сы Президентіне, мемлекет басшысы ретінде, атқарушы билікті жүзеге асыру аясында Конституциямен бірқатар маңызды бақылау өкілеттіктері берілген. Олар ең алдымен оның, Конституцияның 40-6. бойына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқ-ындау өкілеттігінен көрініс табады, оларды жүзеге асыру тиісті атқ-арушы билік органдарына жүктеледі.  Президент бақылау өкілеттіктерін сондай-ақ Үкіметті, ҚР-сы Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілеген және өзге де орталық атқарушы билік органдарын құрған кезде, бұдан басқа да, лауазымды адамдарды, атап айтқанда ҚР-ның Премьер-Министрін, оның орынбасарлары мен министрлерді, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін тағайындаған кезде, Қауіпсіздік Кеңес пен Президенттің Әкімшілігін құрған кезде, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындаған кезде жүзеге асырады.
4.Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері. Сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде тек нақты сот істерін қарауға ғана апарып тіреуге болмайды. Сот билігі -қүқықтық мемлекеттің ажыратылмас элементі. Ол өрі күшті, өрі тәуелсіз болғандықтан әркімнің қүқықтарының кепілі болып табы-лады және оларға кім болса да қолсүғатын болса, ол қүқықтарды қорғай алатын болуға тиіс. Сонымен бірге сот билігінің бүдан да кем емес маңыздылығы - бүл әрі атқарушы биліктің қалыпты жүмыс істеуінің де кепілі. Сот билігі тек сот төрелігімен ғана емес, соны-мен бірге атқарушы биліктің шешімдері мен іс-әрекеттеріне белсенді ықпал ету мүмкіндігімен де сипатталады.
5.Әкімшілік қадағалаудың түсінігі.   Әкімшілік қадағалау - бұл құқық бұзушылықтың ал-дын алу, табу және жолын кесу, бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып, атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан ба-ғынышты емес органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауа-зымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нор-маларды, ережелерді, стандарттарды, талаптарды орындаулары тура-лы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі. Негізгі қызметі әкімшілік қадағалау болып табылатын орталық атқарушы билік органдарына: Тау-кен қадағалау, ядролық жоне радиация қаупсіздігі жөніндегі қадағалау, министрліктердегі және өзге орталық атқарушы билік органдарындағы әр түрлі инспекциялар (ветеринарлык, балық, өрт, геодезия, т.б.), сондай-ақ аумақтық қадағалау органдары (мысалы, энергетикалық) жатады. 6.  Прокурорлық қадағалау. ҚР-ның прокуратурасы - мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының жөне өзге де нормативтік құкықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуытна жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстсм тұруын, заңдылықтың бірыңғайлығы мен нығайтылуын , адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын  сондай-ақ мемлскеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етеді.  7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.     Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет