1. 1 Жаза ұғымы және оның түрлері



бет5/5
Дата07.07.2016
өлшемі415 Kb.
#182839
1   2   3   4   5

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуды алты айдан екі жылға дейінгі мерзім біткеннен кейін ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтау қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейінгісінен аспауы керек.

Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының тәртібі мен ережелері заңдармен белгіленеді.(ҚР ҚК 83-бап).

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға:


  1. кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;

  2. ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен бірін;

  3. адам өміріне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

  4. адам өміріне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 84-бап).

ҚК-ң 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады.(ҚР ҚК 85-бап).

Он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін ҚК-ң 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше:



  1. бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға;

  2. кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға;

  3. ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады.(ҚР ҚК 86-бап).

Он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің сипатын және жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда, оларға кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады.(ҚР ҚК 87-бап).

ІІ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


2.1 Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі
Қазіргі таңда өлім жазасын орындауға мораторий енгізілген елдерде жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстар саны қатты көбейіп кетті. Бұл қылмыстар өздерінің мазмұны мен сипаты жағынан әр түрлі, және әрқайсысы жан түршігерліктей асқан қаталдықпен жасалған болып келеді. Осы қылмыстардың кең етек жайып кетуінің басты себептері:

  1. мораторийдің енгізілуі;

  2. қолданылатын жазаның жеңіл болуы.

Мысалы, Ресейде 2010 жылы он тоғыз жасар жас азаматты ұлтшыл скинхэдтар аяусыз соққыға жығып, қырық жерден пышақтап, бауыздап өлтірді. Бұл – қылмыскердерлің жасап отырған бірінші қылмысы емес болып шықты. Олар дәл осындай әдіспен барлығы сегіз адамды өлтірген екен. Ал бұл қанішерлерге қолданылған жаза – әр қайсысын бар-жоғы сегіз жылға бас бостындығынан айыру болды. Ал, ұлтшылдық – ұлтаралық арандатушылықты тудыратын басты фактор болып табылады. Мұндай қылмыс жасаған адамдарға сегіз жылға бас бостандығынан айыру жеткілікті дәрежедегі жаза болып табылмайды. Онымен қоса, қайтыс болған адам біреудің жалғыз баласы болып шықты. Марқұмның анасы: «қылмыскерлерге қатысты қолданылған жаза әділетсіз» – деп ашынып жылап отыр. Бір емес, бірнеше адамның өмірін қиған адамдар сегіз жылдан кейін шыққан кезде әділеттілік орнайды ма? Олардың осы сияқты қылмысты жасамайтынына кім кепіл бола алады? Өмірі енді ғана басталған жас жігіттің өмірі қиылғанда, қалай ғана қылмыскерлер жер басып жүреді? Ал, қоғам қайда қарап отыр? Мұндайға жол бермеу керек! Ол үшін жазаны қатайту керек, яғни ату жазасын тағайындау керек. Бұл арада өмір бойы бас бостандығынан айыру қолданылмауы тиіс. Себебі:

  1. Бұл оқиғада қылмыскерлер бір емес бірнеше адамдарды өлтіріп отыр;

  2. Оларды тегіннен-тегін мемлекеттік бюджеттің есебінен асыраған жағдайда мемлекет үшін артық шығын болады;

  3. Бос жатқан тұтқындалғандардан «бір тиын» пайда жоқ.

Сәйкесінше, аса ауыр қылмыс жасағандарға келесідей жазаларды тағайыдауға болады:

  1. Мораторийдің күшін жедел жою;

  2. Ату жазасын тағайындау;

  3. Денсаулыққа аса қауіпті, мемекет үшін пайдалы болып келетін ауыр жұмыстарды жасату(АЭС-да ауыр жұмыстарды жасату, уран өндірісі саласындағы ауыр жұмыстарды жасату).

Бұл арада ең басты ескеретін жағдай – бірінші рет аса ауыр қылмысты жасаған адамға өлім жазасын бірден қолдануға болмайды. Себебі, бұл талион қағидасына ұласып кетуі мүмкін.

Талион қағидасы – бұл мемлекет пен құқықтың дамуындағы алғашқы кезеңдерде орын алған, өзінің асқан қаталдығымен ерекшеленетін «қанға-қан», «жанға-жан», «көзге-көз» қағидаларына негізделген жазалаудың түрі.



Бізге талион қағидасын қоғамға қайта енгізудің қажеті жоқ. Себебі, бұл қоғамның қатыгезденуіне, және қоғамдағы дау-дамайлардың көбейіп кетуіне әкеліп соғады. Бірақ, егер қылмыскер адамды асқан қаталдықпен, зорлықпен өлтірген жағдайда өлім жазасын қолдануға болады. Яғни, өлім жазасын тағайындау келесідей жағдайларда орындалуы керек:

  1. екі немесе одан да көп адамдарды қасақана өлтіру;

  2. бір адамды асқан қаталдықпен, зорлықпен өлтірген жағдайда.

Менің жоғарыда ұсынып өткен проблемаларды шешу жолдарыма болуы мүмкін қарсылықтар:

  1. Біреудің өмірін қиюға біздің құқығымыз жоқ, Алла өзі жазасын беру керек;

  2. Құқықтық мемлекет қағидасына қайшы келеді.

Болуы мүмкін қарсылықтарға жауап:

  1. Шариғат бойынша Алла әділеттілікті өзі орнатады: «Адамның біреуге істеген жамандығы өзіне қайтып келеді немесе сол жамандығы қайтып келіп ұрпағына тиеді». Ал енді осыдан мынадай сұрақ туындайды: «неге әкесінің істегені үшін баласы жауап беруі керек?». Бұл орайда қылмыскер өзі істеген қылмысы үшін өзі жауап беруі тиіс. Сонда ғана толық әділеттілік орнайды. Бірақ, өмірде қылмыскер әрқашанда өз қылмысы үшін өзі жауап бере бермейді. Сондықтан да мұны мемлекет ұйымдастыруы керек. Және де басты назар аударатын жағдай – мемлекет адамды өлім жазасына кескенде, «ол әрекетті Алланың әмірімен жасап жатыр» – деп түсінуіміз керек. Яғни, Алла мемлекеттің, әділетті заңның қолы арқылы әділеттілік орнатады деп ұғуымыз қажет.

  2. Қазақстан Республикасында өлім жазасын тағайындауға мораторий енгізілгенімен, мемлекетке қауіп төндіретін қылмыстар үшін (терроризм) өлім жазасы бәрібір де қолданылады. Терроризм деп отырғанымыз адамдарды жаппай қырып салуға әкелетін қылмыстық әрекет. Яғни, бұған сәйкес, бірнеше адамды бір уақытта өлтірген адамды сот өлім жазасына кесе алады. Ал бірнеше адамды әртүрлі уақытта өлтірген қылмыскерді өлім жазасына кесуге болмайды ма? Менің ойымша, терроризм мен бірнеше адамды өлтірудің аса қатты айырмашылықтары жоқ. Сол себептен екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтірген адамды ату жазасына кесу – құқықтық мемлекеттің қағидасына еш қарсы келмейді. Тек заңдарға кейбір өзгерістер енгізу қажет. Екіншіден, басқа адамның өмірін бағаламаған қылмыскердің өмірін неге мемлекет бағалауы тиіс? Басқа адамды қасақана өлтірген адам – адам емес – хайуан. Адам жануардан ақыл-оймен, санасымен ерекшеленеді. Ал, адамды қасақана өлтіруші адамда ақыл жоқ. Сол себептен ол – адам кейпінен кеткен мақұлық. Тіпті жануарлар да бірін-бірі қорғайды ғой! Сонда кісі өлтіруші адам жануардан да санасы төмен мақұлық болғаны. Ондайларды аяудың қажеті жоқ. Яғни мемлекеттің өзін, оның қоғамын, адамдарын, олардың құқықтарын, өмірлерін қадірлемеген адамның өмірін мемлекет қадірлеуге тиіс емес.

Жоғаруда айтылған шешу жолдарын мемлекет қолданған жағдайда алынатын нәтиже:

  1. тағайындалатын жаза күшейе түседі;

  2. қылмыс саны азаяды;

  3. елде тәртіп орнайды;

  4. қоғамда әділеттілік орнайды.

2.2 Есі дұрыс емес деп танылған бірнеше адам өлтірушіге тағайындалатын жазаның жеңілдігі


Маньяк, кісі өлтіуші жауыздарды есі дұрыс емес деп анықтап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жазасы толық әділетті жаза ретінде есептеле алмайды. Себебі, ол адам қаншалықты жынды болса дағы ол адамды аяудың керегі жоқ, тіпті кейбір жағдайларда аяу мүмкін де емес.

Мысалы, әлемге аты шулы маньяк, қасапшы каннибал Николай Жумагалиевті аяуға болады ма? Оның жасаған қылмысы осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын бүкіл Кеңес Үкіметін, тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Алматы облысының Ұзынағаш ауылының қарапайым тұрғыны туралы бүкіл әлемнің ақпараттық агенттіктері хабарлап, барлық континенттің газеттері жазды. Оның жасаған қылмыстары барлық криминалистика бойынша оқулықтарға енгізілді.

Ол өзінің тоғыз әйелді қалай өлтіргендігін, адамның етін қалай еттартқыш арқылы өткізіп, одан қандай дәмді котлеттер даярлағандығын асқан салқынқандылықпен, тіпті сүйсініп, рахаттана үлкен мақтанышпен баяндап берді.

Ол жақсы, бірнеше балалардан тұратын толыққанды отбасынан шыққан. Әскерге барып келген соң өз ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің командирі болып қызмет атқарған. Үлгілі жігіт кейпін жамылып алып, ол өзінің ең алғашқы құрбанын 1979 жылы өлтірген. Сөйтіп, жалғаса келе, барлығы тоғыз әйелдің өмірін өз қолымен үзген. Өлтіріп қана қоймай, мүрделерін қорлаған – мүшелеген, котлет жасап жеген, өзі ғана жемей достары мен таныстарына да жегізген.

Оны Мәскеудегі В.П. Сербскийдің атындағы соттық психиатрия институтында зерттеп, есі дұрыс емес деген қорытынды шығарған соң, әлеуметтік жабық психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі емдеуге жіберді. Қазір ол сол ауруханада емін алып, тып-тыныш өмір сүруін жалғастыруда. Ал оның құрбандарының туыстары оны өлтіріп тастауға дайын. Бұл арада әділеттілік туралы сөз айтуға да келмейді. Әрине бұл қолданылған жаза әділетсіз.

Және де мұндай адамдарды емдеудің еш мағынасы да жоқ. Себебі оларды емдеу мүмкін емес, олар өмір бойы есі дұрыс емес болып қала береді. Мұны психотерапевт Антонин Бурлаченко айтқан: «Бұл маньяк кезінде қасапшы болып жұмыс істеген болуы керек. Оның жасаған қылмыстарының сипатына қарағанда, ол адам қанын көргенде ләззат алған, қанағаттанған көрінеді. Біреуді өлтіргенде оның жаны уақытша тыныш табады, біраз уақыт өткен соң «қанды сезу» құмарлығы қайта оянады. Ең басты ескеретін жағдай, оның ауруының қозуы, барлық аурулардыкіндей көкткем-күз мезгілдерінде болған. Сонымен қатар оның көйлегі мен етігінің үсі сары болған. Бұл барлық жындылардың сүйікті түсі. Бұл ауруды емдеу мүмкін емес».

Олай болса оларға бостан-босқа шығын шығарып емдеп, асыраудың қандай қажеті бар? Оларды өлім жазасына кесу керек.
2.3 Өлім жазасының әйелдерге және 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмауы
ҚР ҚК-ң 49-бабының 2-тармағында өлім жазасы әйелдерге және 65 жасқа толған еркектерге қолданылмайды деп жазылған. Мен мұнымен мүлдем келіспеймін. Қылмыс болған соң міндетті түрде оның зардаптары және сол қылмысты жасаушы тұға болады. Және жапа шегушіге қылмыскердің еркек немесе әйел болғаны маңызды емес. Жасалған қылмыс үшін қылмыскер міндетті түрде жауап беруі тиіс. Заң алдында барлығы да тең. Аса ауыр қылмыс үшін жазаны тағайындаған кезде қылмыскердің жыныстық белгісіне назар аударудың керегі жоқ. Барлығы да бірдей жауап беруі тиіс. Яғни өлім жазасы әйелдерге де қолданылуы керек.

Алпыс бес жасқа жеткен адам мемлекетке қауіп төндіретін аса ауыр қылмыс жасаса неге оны өлтіруге болмайды? Мүмкін оны қарт адам ретінде сыйлағандықтан болар. Бірақ, осындай үлкен жасқа келе отырып мемлекетке қауіп төндіретін аса ауыр қылмыс жасаған адамның несін сыйлаймыз? Сондықтан да алпыс бес жасқа жеткен адамдарды да ату жазасына кесу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап қылмыс онымен бірге қатар өмір сүруде. Қылмыс ежелгі дәуірде де, орта ғасырларда да болған, және казіргі заманда да бар. Тіпті, сәби дүниеге келісімен-ақ оның бойында қулық-сұмдықтың негізі қалыптаса келеді. Яғни қылмыс адамзат баласының өмірінің бір бөлшегі болып қалмақ.

Өкінішке орай адам баласы қылмыс жасауға бейім болып келеді. Және сол қылмыстың алдын алу үшін мемлекет тиімді жұмыс істеу керек. Егер адам қоғамы мәденитті болса, моральдық құқық формальдық құқықтан жоғары болса, адамдардың адамгершілік қасиеті басқа барлық құндылықтардан жоғары тұрса ондай қоғамда қылмыс та орын ала алмайды. Яғни қылмыс болмау үшін адамдар «Біреуге не істесең, басқалар саған соны істейді» деген қағидамен адамдар өмір сүрулері керек. Бірақ мені қатты өкіндіретін жағдай, қазір таңда адамдар жоғарда атаған қасиеттерді жоғалпын бара жатыр. Соған сәйкес қылмыстың да саны артуда және сипаты жағынан да қатыгездікке толы болып барады.

Сол себептен мемлекет қатаң тәртіп орнатуды бақылау керек. Және қылмысқа тағайындалатын жазаны күшейту керек.

Егер адамдардың әрқайсысы өз-өзіне ие болып басқаға қастанық жасамаса бір-бірін сыйласа, бір-біріне өзіне сенгендей сене алатын болса ешқандай да қылмыс туралы сөз болмас та еді. Мұндай қоғам «Алтын қоғам» деп аталар еді. Бірақ, бұл тек менің арман қиялым.

Кейде мен ойлаймын: «Неге адамдарды біреу басқару керек? Неге оларды біреу тәртіпке салу керек? Адамдар мал емес қой, әркімнің өз басы бар. Неге адамдар біреуден қорыққандықтан ғана тыныш жүруі тиіс? Мемлекет аппараты, дін, діни және құқықтық нормалар осы адамды басқарып, оның мінез-құлқын қадағалап отыру үшін адам баласының өзімен ойлап табылған институттар болып табылады. Сонда адам өзінен өзі қорғайтын болып шыққаны ма?». Өкінішке орай, ол солай. Қазіргі кездегі адамдар азып бара жатыр, бүкіл моральдық құндылытарын жоғалтып бара жатыр. Яғни адам, адам болуынан қалып барады. Сол себептен, оларды мемлекет үнемі қадағалап, реттеп отыруы керек. Яғни, адамдар мемлекеттен, оның қолданатын шараларынан қорыққандықтан қылмыс жасамайтын болады. Ол үшін мораторийдің күшін жойып, өлімге кесу жазасын енгізу керек. Жазаның сипатын қатаңдату керек. Нәтижесінде қылмыс мүлдем жойылып кетпеседе, мейлінше азайып кететініне кәміл сенемін. Себебі Араб елін, Қытай мемлекетін үлгіге алып отырмын. Араб елі діни нормаларға сүйенетіндіктен, бұл елдің жазасы қатаң, сәйкесінше қылмыстың саны да аз. Қорыта келгенде, жаза қатаң болса, қылмыстың саны да аз болады. Сөйтіп, қылмыссыз қоғам атауына мейлінше жақындай түсеміз.

Қолданылған әдебиеттер




  1. Беляев Н.А.  Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.

  2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые   и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б.

  3. Тарбагаев А.Н. Понятие   и   цели  уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б.

  4. Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б.

  5. Карпец И.И. Көрсетілген жұмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. – М., 1973.- 6 б.

  6. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б.

  7. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.

  8. Карпец И.И. Индивидуализация наказания/ И.И. Карпец. – М., 1962.-  27 б.

  9. Ефимов Е.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания/ Е.А. Ефимов. - М., 1963. – Б. 6.

  10. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский. – М., 1958. – Б. 156-157

  11. Ломако В.А. Применение угловного осуждения/ В.А. Ломако. – Харьков,   1976. – 27 б.

  12. Ткачевский Ю. М. Освобождение от отбывания наказания/ Ю. М. Ткачевский. – М., 1970.- 20 б.

  13. Анашкин Г.З. Условное осуждение и практика его примененш/ Г.З.     Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. – М., 1981, 116.

  14. Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетілген жұмыс. – Б.6.

  15. Кейбір мәліметтерге қарағанда шартты түрде соттаудың 1972 жылғы өзіндік үлесі 23-25% болған. Караңыз:  Наказания, не связанные с лишением свободы. – М., 1972. - 21 б.

  16. Эффективность применения уеоловного закона. – М., 1973. - 124 б.

  17. Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская.  В.С.  Минская. Көрсетілген жұмыс. – Б.  24.

  18. Хламов П.И. О некоторых особенностях применения наказания  военнослужащим/ П.И. Хламов. – Правоведение. 1964.- N4. –Б. 74-88.

  19. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетілген шығарма. — Б. 16.

  20. В.А.  Ломако. Көрсетілген жұмыс. – Б. 73.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет